Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Годонимдер — халық өмірінің тарихи, мəдени жəне ақпараттық коды

Тілдік бірліктердің үлкен шоғыры — жалқы есімдерді зерттеумен айналысатын дербес ғылым саласы ономастиканың жалпы ғылым көкжиегінде иеленетін орны сүбелі, себебі тілдік бірліктердің арасында жалпы есімдер немесе аппелятивтерге қарағанда саны біршама көп онимдер тек лингвистика саласының ғана нысаны емес, пəлсапа, əлеуметтану, тарих, жағрапия секілді ғылымдар үшін де айрықша маңызға ие. Аталған лексемаларды зерттеп-зерделеу бірталай ғылымдар үшін ортақ іс болып табылады. Бұл турасында, ертеде айтылса да, өз маңызын əлі де жоймағандықтан, белгілі лингвист Б.В.Горнунгтың төмендегідей пікірін келтіре кеткен артық емес: «В целом все собственные имена являются частью словарного состава языка и предметом лексикологии как лингвистической дисциплины. Как же можно отрицать исключительное и безраздельное право лингвистов изучать то- понимы? Как можно от словарного состава языка отсечь какую-то часть и говорить: лингвистика мо- жет изучать одни части лексики и не должна изучать других ее частей... Право лингвистов на изуче- ние топонимов как одной из категорий языка не снимает специфики развития топонимов, их смены, специфики географического распространения типов и т.д. Все это настолько зависит от внеязыковых факторов, что заставляет топонимиста быть не только лингвистом. Вместе с тем это дает право и ис- торику, и географу, и этнографу заниматься топонимикой, но только при условии полного владения лингвистическими методами» [1].

Жалқы есімдердің қызметін формальді түрде идентификациялау не индивидуализациялау жəне дифференциациялау деп ажырататын болсақ, онимдердің ғалам не универсумды танытудағы танымдық немесе гносеологиялық қызметі мəселесінің иірімі əлдеқайда кең жəне ономастикалық бірліктердің ментальді-когнитивтік сипаттарын айқындау қазақ тіл білімінің күн тəртібіндегі өзекті мəселелердің бірі болып табылады деп айтуға болады.

Өткенді зерделеу, тарихи, ұлттық ескерткіштер мен жəдігерлерді, ғасырлар тоғысында тірнектеп жиылған тарихи жəне мəдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау жəне тарихта есімдері алтын əріптермен қашалған қайраткерлердің есімдерін халық жадында қайта жаңғыртып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру жəне ұмыт қалдырмау бүгінгі күн, бүгінгі ұрпақ үшін ең маңызды басымдықтардың бірі болып табылатыны сөзсіз. «Сөз де сырсандық тəрізді. Сəті түсіп, кілті табылғандай болса, көп нəрсені баян етіп, халықтың өткендегі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады», — деп ғалым Н.Уəли айтқандай, лингвистика пласттарының бірі ономастиканы бірден-бір таным құралы, ал онимдерді тарихи, мəдени, əлеуметтік ақпараттарды өз бойына жинақтаған кодтар деп атаудың толық негізі бар. Ресейлік ономаст, белгілі лингвист В.А.Никонов бұл турасында:

«Первый закон антропонимики, как и всей ономастики, — историзм», — деген екен [2; 7]. Бұл өз кезегінде жалқы есімдердің тарихилық аспектісін тағы бір мəрте айғақтай түседі.

Жалқы есімдердің сипаты мен құрылымына географиялық, идеологиялық, тарихи, дүниетанымдық, əлеуметтік, мəдени, экстралингвистикалық факторлар əсер етеді. Тілдік нəтижелер

— жалқы есімдерде көрініс тапқан экстралингвистикалық факторлардың бірі — билингвизм, немесе қостілділік. Жалпы Қазақстан Республикасы, соның ішінде Қарағанды қаласы полимəдениетті аймақ болып табылатындықтан, номендердің тұлғасы мен семантикасына тарихи жағдайлар мен  глобализацияның жемісі болып табылатын билингвизм жəне көптілділік құбылыстары əсер ететіні ақиқат.

«Информация каждого имени «добывается» с помощью лингвистических средств», — дейді белгілі тілтанушы А.В.Суперанская. Сол себепті онимдер ең алдымен лингвистикалық ілімнің нысаны деп айтып өткен жөн [3].

Жалпы ХХ ғасырдың 30-жылдарында ғылыми мəртебе иеленген, ал ХХ ғасырдың 50–60- жылдарында қазақ тіл білімінде кеңінен зерттеле бастаған ономастика көп қырлы, көп қабатты сала. Атаулар адам өмірінің барлық аяларын қамтиды жəне олардың саны апеллятивтерге қарағанда басым түседі. Онимдер екі негізгі топ — антропонимдер жəне топонимдер деп жіктелсе, ал олардың өз ішінде жік-жікке тарамдалу үдерісі байқалады. Мысалы, егер тау, таулы алқаптардың аттары — оронимдер не елді мекендер атауларын қарастырумен айналысатын ойконимия саласында біршама зерттеу еңбектері бар болса, ХХ ғасырдың соңғы ширегінде əлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге орай, коммерциялық ұйымдардың көбеюі нəтижесінде ономастикалық кеңістікке жиі, белсенді түрде кіріге бастағанына байланысты микротопонимия құрылымдары эргонимия жəне урбанонимия секілді онимдік категориялар зерттеле бастаса да, өз ішінде жіктелу тəн ономастикалық кеңістік құраушылары əлі де болса келелі еңбектерге, тың жаңалықтарға зəру. Урбанонимнің бір түрі болып табылатын, қала ішілік желілік (линейные) нысандар — даңғыл, көше, бульвар, т.с.с. атаулары годонимдер, қоғамдық тамақтану мекемелерінің аттары менсонимдер не орден, медаль жəне түрлі төсбелгілер атаулары біріктірілетін фалероним терминіне қатысты ақпарат қатары мардымсыз, сондықтан жан-жақты зерттеуді қажет етеді деуге болады.

Негізінде, «қазақ топонимиясы — географиялық жалқы атаулардың жай ғана жиынтығы емес, ол ментальдік факторларды көрсететін ономастикалық деңгейдің лексикалық бірліктерінің жүйесі. Мəселен, көшпелі қазақ пен малшы табиғатқа жəне географиялық ортаға өзінің шаруашылық қажеттілігіне қарай қалыптасады, сондықтан да топонимдерде тек табиғат пен географиялық орта ғана емес, осы табиғат пен оның объектілерінің қабылдануы бейнеленеді» [4; 20] деп көрсеткен қазақстандық ғалымның пікірінше, қазақ ономастикалық кеңістігінің концептілік жүйесінде «кеңістік» концептісі ерекше мəнге ие, яғни ол (кеңістік) адам өмір сүретін негізгі орта əрі адам санасында өмір сүріп, бейнелетін ментальді бірлік, сондықтан онда диахронды, синхронды тұрғыда сан алуан өзгерістер болып жататыны сөзсіз. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесіндегі мифтік кезең тарихи ойлау жүйесімен алмасқандықтан, шаруашылық пен қоныстану түрі өзгергендіктен, кеңістік басқа формаға ие болады, яғни Е.Керімбаев айтқандай, ұзақ уақыт бойына «табиғи түрде қалыптасқан Қазақстанның тарихи топонимикалық жүйесі жаңа дəуірде «жасанды» атаулар əсерін бастан кешіруде, ал мұның салдары теріс жағдайларға жиі əкеліп соқтырады» [5].

Қазақ халқы да урбанизация үдерістерін бастан кешіріп жатқандықтан, көптеген топонимдер жасанды болды. Бұл жағдайда халықтың тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімі, дүниені қабылдауы, құндылықтары мен географиялық ортаның түрлі белгілері ескерілуі қиын еді. Мəселен, Қазақстан картасында бертінге дейін көрсетіліп тұрған Ермак топонимі, картаға енбеген жүздеген Петровка, Миньковка, Сочи сияқты елді мекендердің атаулары осындай жасандылықтың көрінісі.

Қала кеңістігі шектеулі болғандықтан, ондағы нысандар бір бағытта, белгілі бір желі бағдарында салынатыны белгілі. Бұл ретте ономастиканың динамикалы əрі нəзік ярусы урбанонимдерді белгілі бір дəуір символы болып табылады деп айтуға болады.

В.А.Никонов: «Личные имена существуют только в обществе и для общества, оно и диктует не- умолимо выбор их, каким бы индивидуальным он ни казался. Личные имена социальны все и всегда», — дей отырып [2; 7], тіл білімінде «жалқы есім — əлеуметтік таңба» деген постулат ұсынған, яғни онимдік қабаттардың біршамасы, əсіресе мақаламыздың өзегі болып отырған годонимдер (гр. hodos — «көше» жəне onyma — «есім», «ат») — қалаішілік желілік объектілер: көше, даңғыл, гүлзар атаулары қоғамның талап-тілектері, сұраныс-сұранымдарына сай өзгеріп, құбылып, түрленіп отырады.

Қазақ ономастикасының, Қазақстан ономастикалық кеңістігінің практикалық тұрғыда əлі жетілдіруді қажет ететін, сын көтермейтін тұстары аз емес. 1990 жылы құрылған, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы жəне соған қарасты жергілікті органдардың еңбек-əрекеттерінің нəтижесі бұл саладағы біршама алға басу, ілгерілеулерден көрінеді, алайда қазақ ономастикасындағы өзгерістерді бір ыңғайға келтіру, белгілі бір талаптарға сəйкестендіру əлі де болсын тың реформаларды қажет етеді. Осы орайда Қарағанды топонимикалық аймағының годонимдері біраз ой-тұжырым жасауға, пікірге негіз бола алады.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында Ресейдің отаршылдық саясаты қазақтың апайтөс сахарасында құлашын кеңінен сермеп, тамырын тереңге жайған тұста қала статусын иеленіп, масштабты индустриялық аймақ болуға бет бұрған Қарағанды қаласының годонимдерін кеңестік дəуірдің символы, россияцентристік идеологиялық көзқарас кодталған таңбалар деп əбден айтуға болады. Осы ретте белгілі топонимист Э.М.Мурзаевтың кеңес дəуіріндегі Орта Азия республикалары топонимдерінің жасалу жолдары туралы: «Следует сразу же отметить, что идеологической и политической информативностью обладают в большей или меньшей степени все без исключения колониальные топонимы» [6], — деген орынды пайымы ойға оралады.

Кеңестік дəуір топонимдерін жасауда негізгі тұрғындар (қазақтар) өздері өскен ата-жұртында жаңадан ұйымдастырылып жатқан елді мекендерге ат, атау беруден сырт қалды. Атаулардың басты тобын колониалды топонимдер құрады, ал ана тілінде қойылған атаулардың өзі белгілі бір идеологиялық мақсаттан асып кете алмады.

Қарағанды қаласының ономастикалық (топонимиялық) кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылатын годонимдерге назар аударып, зер салып, аталмыш номинациялардың символикалық, семантикалық, лексикалық, стилистикалық қырларына талдау жасайтын болсақ, субъективизм жемісі, «үйретінді» менталитет құралы болып табылатын коммунистік рухтағы атауларға тап болатынымыз жасырын емес. Еліміз егемендік алып, мемлекетіміз өз алдына жеке отау құрып тəуелсіздік алып отырған заманда жалғыз Қарағанды емес, бүкіл мемлекетіміздің ономастикалық ландшафты егемендікке лайық ұлттық бейнеге ену жолында біршама қадам ілгері басуы керек, əлі де болса.

Кеңес өкіметі заманында көшелерді алып державадағы үкімет басшылары мен большевиктер партиясы көсемдерінің есімдерімен атау, яғни мемориалды атаулар, белең алған. Сол себепті Қарағандының лингвомəдени кеңістігінен орын алған годонимдердің дені қызыл көсемдердің атымен аталды. Трансантропонимизация үдерісі арқылы жасалған бұндай номинациялар годонимдік кеңістіктің 30 пайызын құрайды. Жəне осы көрсеткіштің едəуір бөлігін жоғарыда аталған идеология жаршыларының есімдеріне телінген атаулар иеленіп отыр. Қаламыздың түкпір-түкпіріндегі бұндай атаулар төмендегідей: Алалыкин, Белинский, Вавилов, Гапеев, Карбышев, Костенко, Кривогуз, Лебедев, Мичурин, Нахимов, Суворов, Чкалов көшелері, т.т. Қала тұрғындарының бірен-сараны болмаса, бұл тұлғалар жайында қандай да бір ақпары бар деп ойлауға бола қоймас. Тек жіті назар салып, ой елегінен өткізіп, энциклопедия не үйреншікті «көмекшімізге» айналған Wikipedia-ға жүгіну арқылы ғана көше атауының мотивациясына көз жеткізе аламыз. Белинский, Достоевский, Менделеев, Вавилов, Мичурин сынды əлемдік ғылымға үлес қосқан тұлғалар есімдерінің қаламыздың ономастикалық кеңістігінен орын тепкені үлкен наразылық тудыра қоймас, алайда Гапеев, Костенко жəне қала тарихына ешбір қатынасы жоқ Лебедев, Карбышев, Кривогуз, Чкалов сынды атаулардың не керегі бар деген заңды сауал туындайды осы тұста. Ал Кривогуз көшесінің атауында тіпті тұлғаның инициалдары көрсетілмеген. Бұл көше қазақ даласында советтік билікті орнатушылардың бірі, большевик Феодосий Кривогуздың есімімен аталса керек. Теміртау қаласында да осы секілді факт тіркелген. Тұрғындар көшелерінің аты Екінші дүниежүзілік соғыстың Лебедев текті 20 жауынгерінің қайсысының құрметіне қойылғанын білмейді екен. Қарағандыда да Лебедев көшесі бар. Ол ЕДС жауынгері, ұшқыш Семен Лебедевтің атымен аталады. Герман Алалыкиннің Қарағанды қаласындағы алғашқы дəрігер болғандығынан, Александр Гапеев Қарағанды көмір кендерінің шекараларын анықтап берген геолог, О.Карбышев əскери инженер, профессор, əскери ғылымдар докторы болғанынан, ал Костенконың біраз жылдар бойы Қарағанды көмір тресінде басшылық қызмет атқарғанынан қала тұрғындарының көпшілігі бейхабар. Халықтық атауларға үңілер болсақ, қазіргі Əлімхан Ермеков атындағы көше бұрын кеңестік билікті орнатушы, революционер Феликс Дзержинскийдің атында болған, Бұқар жырау даңғылы Совет, оған дейін Сталин даңғылы деп аталса керек, ал С.Ерубаев атындағы көше бұрын С.М.Кировтың құрметіне қойылса, қазіргі кездегі Аманжолов көшесі Силовтың атын иеленген екен. Тіпті С.Ерубаев көшесінің бір бөлігі кезінде Корчагиннің атында болған екен. Ал Корчагин — орыс жазушысы Н.Островскийдің «Как закалялась сталь» романының кейіпкері. Осы ретте жат жұрттық шығарма кейіпкерінің атымен көшені атау ақылға қонымсыз факт екендігін атап өткіміз келеді.

Қаламыздың онимдік кеңістігі ресей көсемдері, революционер-бүлікшілері есімдерінен толық арылмаса да, халқымызға елеулі, елімізге белгілі бір шоғыр жақсылар аттарының годонимдерге атау болып телінгендері, көшенің елдігімізге лайық атауды иеленгені көңіл қуантады. Ғасырлар бойы аңсаған тəуелсіздік уысымызға тиіп, халқымыздың тарихи жады қайта оралып, өскелең ұрпақта өткен күнге, тарихқа бұрылып қаратпайтын нигилистік көзқарастың тууына жол берілмеді жəне ұлттық сана мен мемлекеттік сəйкестіктің біртіндеп қалыптасу үдерісі орын тапқан жай бар. Бұл үрдіс годонимдерде де көрініс тапқан.

Қала картасында тоталитарлық атаулардың əлі де болса мызғымай тұруы елдігімізге сын. Көшелерді қазақ халқынан шыққан қоғам қайраткерлерінің есімдерімен атау тəуелсіздік жылдарының еншісіне тиді. Кеңес үкіметі кезеңіндегі бұндай атауларға 1938 жылы салынғаннан бастап атын өзгеріссіз сақтап келген Ж.Жабаев, 1964 жылы Дошкольнаядан Сəрсеков көшесіне ауысқан жəне 1967 жылы Сəтбаев есімі берілгені секілді бірен-саран годонимдерді атап өтуге болады. Қазіргі таңда қаланың лингвистикалық ландшафты Бұқар жырау, Əлиханов, Аманжолов, Əуезов, Байжанов, Доскей, Жəнібеков, Иманжанов, Бөкетов, Бокин, Мұқанов, Мұстафин, Сейфуллин секілді халықтық рухтағы мемориалды годонимдермен толыққан.

Қала ономастиконының тілдік тұлғалары ең алдымен өлке тарихынан сыр шертуі керек. Бұл принцип годонимдерге тəн. Арқа даласы халқы үшін басын бəйгеге тіккен жəне қалтқысыз адал еңбек еткен тұлғаларға қашанда кенде болмаған. Алайда əлі күнге дейін қаншама асыл азаматтарымыз ескерусіз қалып келеді. Көшеге мемориалды атау бергенде тұлғаның қайтыс болғанына 10 жылдан кем уақыт өтпеу керек деген шартты, тəртіпті ескере отырып, жоғарыда аталған Кривогуз көшесі не басқа толып жатқан «қызыл террор елестері» Ж.Бектұров, Б.Бұлқышев сияқты айтулы тұлғалардың есімдеріне ауыстырылса деген ұсыныс айтқымыз келеді.

Қала годонимдерінің ішінде қайта атауды қажет ететіндері — апеллятивтердің жалқы есімге трансформациялануы, яғни онимизацияның нəтижесінде пайда болған онимдік бірліктер болып табылады. Олар кеңестік ойлау стереотипімен ассоциацияланатын, дəуір символдары болып табылатын колониалдық сипаттағы 2-пятилетка, Партсъезд, Артельная, Коммунистическая, Коммунальная, Пионерская, Октябрьская, Зональная, Социалистическая секілді номинациялар. Бұл атаулар тарихымыздың белгілі бір кезеңіне тəн болғанмен, қала өмірінде соншалықты маңызға ие болған оқиға, құбылыстың таңбасы емес деуге толық негіз бар.

Тілдің даму процесіне əсер ететін елеулі факторлардың бірі — тілдераралық коммуникация. Ешбір тілмен байланыссыз, томаға тұйық өмір сүретін тіл болмайды. Тілден тыс экономикалық, əлеуметтік, саяси т.б. экстралингвистикалық факторлар тілден көрініс табады. Мəдениетаралық интеграция, басқа да жаһандық үдерістер, соның ішінде өткен ғасырда халқымыздың мойнына ілінген бодандық қамыты еліміздің ономастикалық кеңістігіне əсер етті. Ондай номинациялардан біз əлі күнге дейін арыла алмай келеміз. Түрлі тарихи жағдай-себептерге байланысты, тілдердің интеграциясы мен интерференциясы үдерістерінің нəтижесінде Ресейдің, соның ішінде Мəскеу қаласының ономастикалық ландшафтында да этимологиясы мен семантикасы бойынша тюркизмдер болып табылатын годонимдер бар. Оған Э.М.Мурзаев өзінің «Очерки топонимики» еңбегінде келесідей мəліметтер келтіреді: «В Москве общеизвестны тюркизмы среди названий улиц, но их немного. Обычно вспоминают Балчуг и Арбат. Действительно, происхождение этих имен не вызывает споров. Балчуг — «грязь, болото». Арбат производят от арабского рабад. Это арабское слово было занесено в Москву восточными гостями, видимо через татарское посредничество» [7; 166]. Дəл осы годоним туралы қазақ қаламгері С.Сматаев «Қош бол, Мəскеу!» деген өлеңінде былай дейді:

Қош бол, Мəскеу!

... Өзіңде өткен от жастығым, Арбатым!

Көк түріктің иеленген арба-атын.

Ал бүгінде сол түріктің əулетін Жатсынасың,

Тіреп əкеп жарға тым.

Байқап отырсақ, көше атауының этимологиясы туралы пікір екі түрлі.

Қалаішілік желілік объектілерді номинациялау үдерісінде атаулар негізін трансонимизацияланған онимдер, яғни меморативтер құрайды. Мəскеу қаласының түркілік меморатив-годонимдері жөнінде Э.М.Мурзаев: «Названия некоторых московских улиц берут начало от тюркских антропонимов. Среди них Черкизовские улицы и проезды, происхождение которых связывают с именем С.Черкизова, принадлежавшего татарскому царевичу Серкизу. К этой же категории относятся названия улиц: Наримановская, Мантулинская, Молдагуловой, Мансуровский пер.», — деп жазады [7; 167]. Демек, тілдік бірліктердің жиынтығы болып табылатын ономастикалық жүйе халықтың тарихымен астасып, қоғамда болып жатқан өзгеріс, реформаларға сəйкес құбылып, өзгеріп отырады жəне аталмыш процестерден ешбір тіл шет қала алмайды.

Əрине, əлемде урбанистік үдерістердің ерекше қарқынмен дамып отырғанына байланысты жекелеген мегаполистердің дүниежүзілік деңгейде белгілі болып отырғаны, олардың кейбіреуіндегі көшелердің экономика, мəдениет, өнер, сəнге ықпалы жағынан тек сол қалада ғана емес, жаһандық дəрежеде өзіндік орны бар екені қалың жұртшылыққа белгілі. Мысалы, осы орайда масс-медиа арқылы атақты көшелердің түрлі ТОП ондығы жасалып жүргенін, оған мына годонимдердің кіргенін атап өтуге болады: Ломбард көшесі (Сан-Франциско), Abbey Road (Лондон), Голливудтың Даңқ аллеясы (Лос-Анджелес), La Rambla (Барселона), Orchard Road — Бақтар жолы (Сингапур), Khao San (Бангкок), Wall Street (Нью-Йорк), Via Dolorosa (лат. Қасірет жолы, Иерусалим), The Strip (Лас- Вегас), Champs-Elyses (Париж). Бұлардан басқа Унтер ден Линден (Берлин), Оксфорд Стрит (Лондон), Бродвей (Нью-Йорк), Гранд-канал (Canal Grande) (Венеция), Злата улочка (Zlata Ulicka) (Прага), Арбат (Москва) сияқты годонимдер де көпке белгілі.

Осы қатардағы Abbey Road — өнерсүйер қауымға артоним ретінде кеңінен таныс, өйткені осы көшенің оңтүстік-шығысындағы музыкалық студияда атақты «Битлз» өз шығармаларының 90 пайызын жазған жəне олардың 1969 жылғы ең соңғы күйтабағына (пластинкасы) осы годоним атау болған. Ал қаламыздағы жоғарыда көрсетілген годонимдерде тек идеологиялық ақпарат қана бар əрі оның маңызы соншалықты жоғары, құнды емес.

Еліміздегі тарихи, əлеуметтік, саяси, идеологиялық, мəдени өзгерістерге байланысты годонимдердің ұлттық меморативтер ретінде бекітіліп, қаланың ономастикалық кеңістігіне енуі олардың тұрғындар тарапынан бірден қабылданып кетуіне себеп бола алмады. Қалалық тұрғындар, мекеме басшылары əлі де ескі стереотиптерден аса алмағандықтан, адамдар арасындағы күнделікті тұрмыстық коммуникацияда, қоғамдық коммуникация құралы — көліктерде годонимдердің бұрынғы жəне жаңа нұсқалары жарыса қолданылып жатады.

Халықты танып-білудің бірден-бір құралы — тіл жəне оның құралдары. Оларды халықтың ментальді дүниетанымының репрезентациялары деп атауға болады. Сондай тілдік құралдарға онимдер де жатады. «Тарихи-мəдени ақпарат қалыптандырылған (кодталған) жалқы есімдер мəдениетаралық коммуникацияға жиі қосылады, өйткені біртекті емес тіл мен мəдениет, көбіне қазақ жəне орыс тілдерінің мəдениеттері байланысқа түседі. Аялық білімдерге (кодтық ақпаратқа) ие емес жалқы есімдегі өзге мəдени қабылдаушы өзге ұлттық жалқы есімде қалыптандырылған, кодталған, өзіне жат мəдениеттің құндылық тəжірибесін ұғынып, меңгере алмайды, осыдан келіп «мəдени үрей» пайда болады, одан шығу қажет», — деп жазады Б.Тілеубердиев [4; 55]. Тілді танымдық құрал ретінде пайдаланушы адам көше атауларынан екі түрлі идеология, екі түрлі эпоха көріністерін қабылдап, оның танымдық процесіне бөгет жасалып, жоғарыда аталғандай, «мəдени үрей» пайда болады, яғни бұл орайда қаламыздың лингвомəдени кеңістігі стандарттау мен нормалауды қажет етеді.

Ғалым Э.М.Мурзаев өзінің «Очерки топонимики» деген еңбегінде тіл білімінің ономастика саласы кез келген халықтың дүние танымын, ойлау қасиетін қамтиды деп көрсетеді. Ол өзінің зерттеуінде былай деп ой қорытады: «В онимической лексике любого языка можно обнаружить ее древнейшую часть. Онимическая лексика относится к продуктам наиболее древнего периода. В нем отражена специфика миропонимания и образа мышления, многообразия образных представлений, чувственных впечатлений» [7; 8].

Халықтың рухани жəне идеологиялық өміріндегі өзгерістер жалқы есімдер семантикасы мен типтерінде өзіндік бейнеге ие болады. Сондықтан жоғарыда аталған құбылыстардың орын алуының заңды себептері бар деп айтуға толық негіз бар. Алайда бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы — тəуелсіз мемлекет. Сол себепті халқымыздың ономастикалық кеңістігі де сол статусқа лайық сипатқа ие болуы тиіс. Ұлттық болмыстың тілдегі көріністері болып табылатын онимдер этникалық нақтылау функциясын атқарып, ұлттық сипатқа ие таңбалық кодтар болуы керек, демек, Қарағанды годонимдері де реконструкциялауды қажет ететіні даусыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Горнунг Б.В. Из предыстории образования общеславянского языкового единства // Принципы топонимики. — М.: Наука, 1964. — С.
  2. Никонов В.А. Имя и общество. — М.: Наука, 1965. — 179 с.
  3. Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. — М.: Наука, 1973. — С.
  4. Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері: филол. ғыл. д-ры ... автореф. —Алматы, 2006. — 46 б.
  5. Керимбаев Е.А. Казахская ономастика в этнокультурном номинативном и функциональном аспектах. — Алматы, 1995. — С.
  6. Мурзаев Э.М. География в названиях. — М.: Наука, 1979. — С.
  7. Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. — М.: Наука,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.