Экология

Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті құқықтық реттеу туралы айтқанда, алдымен Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сəйкес,  яғни  4-ші  баптың  3-ші  тармағына  сəйкес «Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады» [1].
2011

Дамыған қоғамда əрбір адам өз денсаулығына жағымсыз көптеген жағдайлармен кездеседі. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi бекітілген. Солардың бірі, адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi. Ал  Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының қағидаларының қатарында, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу жəне табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқаруды атап өтуге болады. Осы аталған негіздер мен қағидаларды ұстанып қоршаған ортаны қорғау үшін мемлекеттік экологиялық бақылау дұрыс жүзеге асуы қажет. Экологиялық бақылаудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының 09.01.2007 жылы қабылданған Экологиялық кодексі болып табылады [1].
2011

Жер жəне басқа да табиғи ресурстар бір адамның иелігінен басқа адамның иелігіне азаматтық құқықпен рұқсат берілген жолдар арқылы сатып алу-сату жəне де басқа да жолдар арқылы өте алады. Бұған сəйкес, табиғи ортаның компоненттері жалпы ереже бойынша шектеулі айналым қабілеттілігіне ие объектілер қатарына жатады, яғни азаматтық айналымдағы белгілі бір қатысушылардың немесе заңнамалық актілерде белгіленген тəртіпке лайық арнайы рұқсат негізінде жол берілген тараптардың иелігінде бола алады [1, 54-56 беттер].
2011

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз етілуіне кепілдік беріп отыр жəне бұл маңызды жəне міндетті элементі, ұтымды табиғат пайдалану мен экологиялық қауіпсіздікті басқару тетігінің стратегиясын жасау болып табылатын тиімді əлеуметтік-экономикалық саясаттың қажеттігін негіздейді [1].
2011

Табиғи апаттар, орасан зор өндірістік апаттар, күрделі индустрияның дамуы көп жағдайда жекелеген аймақтардың экологиялық жағдайының нашарлауына əкеп соқтырады. Олар табиғи объектілердің, тұтастай экожүйенің жағдайының айтарлықтай бұзылуынан көрініс табады, бұл өз кезегінде адамдардың денсаулығының, рухани жəне материалдық жағдайының нашарлауымен, тіпті олардың өліміне дейін алып келуімен сипатталады. Табиғи ортаның жағдайының мұндай бұзылулары көп жағдайда бүтіндей бір экожүйені қамтиды жəне тұрақты сипатқа ие болады, яғни оларды түзету, сауықтыру мүлдем мүмкін емес жағдай орын алады немесе ол салдарларды жою үшін үлкен мерзім мен орасан зор материалдық шығын қажет болады.
2011

Мониторинг дегеніміз не? «Мониторинг – бұл қоршаған ортаны қадағалау мен бақылаудың жүйесі. Ол үш сатыдан тұрады: қоршаған табиғи орта жағдайының, адамзат қызметінің əсерінен болатын қоршаған табиғи орта жағдайын болжаудың, бағалау жəне қадағалау жүйесі [2].
2011


Бұл мақалада экологиялық төлемдерді өндіріп алудың мемлекеттік тетіктері қарастырылған. Еліміздің аумағындағы орналасқан жер байлығын пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке түсетін міндетті төлемдерді төлеуге арналған арнайы мемлекеттік әдісі, мемлекеттік билік органдарының алдына қойған жобалары мен заңнамалық тұрғыдағы нормалардың қолданылуын дамытуға ұсыныс беруге арналған.
2012

Мақалада Қоршаған орта жəне қоршаған ортаны қорғау туралы ғылымдардың ой-пікірлері мен құқықтық тұжырымдамаларына анализ жасалған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мəселесіне қатысты құқықтық негіздер мен экологиялық қауіпсіздікті сақтауға байланысты шаралар жүйесі ұсынылған.
2012

Берілген мақалада табиғатты пайдаланудағы қауіпті басқарудың бір шарасы ретінде экологиялық сақтандырудың тиімділігі, табиғатты пайдалану қаупі, экологиялық сақтандырудың негізгі ерекшелігі қарастырылған,сақтандыру саласындағы тəжірибелік қызметтің қазігі кездегі əдістерін жетілдіруге арналған ұсыныстар берілген. Соның ішінде жер қойнауын пайдалану саласындағы экологиялық сақтандыруға назар аударылған.
2012

Қазіргі таңда Конституцияда бекітілген мемлекеттің экологиялық функциясын жүзеге асыру кең өріс алуда жəне экономикалық игіліктерді қанағаттандыру барысында өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды күшейту, қоршаған ортаны қорғауды неғұрлым толық əрі жан-жақты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүййесін қалыптастыру секілді процесстермен сипатталады.
2012

Бұл мақалада авторлар экологиялық қауіпсіздікті жəне экологиялық тəуекелдің түсінігін, түрлерін, экологиялық тəуекелді басқару жəне оның тəртібін қарастырған. Мəселенің шешу жолдарын ұсынуда.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.