Экология

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік- құқықтық реттеудің мəнін ашып, талдау болып табылады. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеуде мынадай міндеттерді алға қояды: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеуге əртүрлі ғалымдардың бер- ген анықтамаларын саралап, қорытындылау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреттеріне тоқтала отырып, олардың дұрыс ұйымдастырылуының маңыздылығын ашып көрсету.
2012

Дүниежүзін толғандырып отырған сұрақтардың алдынғы қатарында экология мəселесі тұр. Қазіргі таңда қоғамды, экономиканы экологияландыру қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында қоғамды экология- ландыру деп – адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру процесі, ал экономиканы экологияландыру өндірістің табиғатты қажетсінуін төмендету жəне зат пен энергия алмасу биосфералық процестеріне экономиканың əсер етуін азайту арқылы тұрақты экологиялық қауіпсіз табиғат пайдалануды жəне ресурстық экологиялық тепе- теңдікті қамтамасыз ету, құқықты экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі экожүйе қағидатын ескеру болып табылады жəне заңнамасын жетілдіру, жүйеге келтіру жолымен жүзеге асырылады [1].
2012

Бұл ғылыми мақалада автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объективтік жағы бойынша саралау мəселелерін ҚР күшіндегі жəне жобаланып жатқан қылмыстық заңнамасы негізінде қарастырған. Автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарды объективтік жағынан жаңа редакцияда толықтыруға тырысқан: ҚР ҚК-нің 277,278,279,294 баптары жəне ҚР ҚК-нің (жобасы) 329,330,331,348 баптары. Автор зерттеудің нақты нəтижелерін ҚР бағдарламалық құжаттарымен, отандық жəне шетелдік ав- торлар пікірлерімен, шетелдік қылмыстық заңнаманы қолданудың практикасымен жəне эмпирикалық мəліметтермен анықтаған.
2013

Экологиялық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету мəселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ əрі күрделі тарихы бар. Мемлекетімізде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі – ол тиісті ортаның антропогендік жəне басқа да факторлардың қатерлі əсерінен қорғалуының жай-күйі. Со- нымен қатар қоршаған ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік табиғатты тиімді, кешенді пайдалану жəне қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нəтижесін құрайды. Тиісті нəтижеге жету немесе адам баласының талабын қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің сақталуы, осы бағыттағы заң нормаларының тиімді болуымен тікелей байланысты.Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихы көрсетіп отырғандай кез келген мемлекеттің қатардағы адамдарының əл- ауқаты, ең алдымен, оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дəрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр.
2013

Осы мақалада экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін анықтау мəселелері талданған. Автор хронологиялық тəртіппен қылмыс объектісінің теориясын мүдделерді экологиялық- құқықтық қорғау сипатында талдаған. Автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың тікелей жəне топтық объектісін талдауға жəне жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға тырысқан. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін ҚР ҚК-не əрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға нұсқама берген.
2013

Баяндамада экологиялық зиян ұғымының теориялық мəселелері қарастырылады. Сонымен бірге экологиялық қауіп түсінігі зерттеле отыра Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасындағы мəселелер талқыланады.
2013

Бұл мақалада авторлар жер қойнауын пайдалану құқығын берудегі ҚР қоғамдық экологиялық сараптаманың рөлі мен оны жүзеге асыру мəселелері жəне шешу жолдарын ұсынады. Жер қойнауын пайдаланудағы қоғамдық экологиялық сараптаманың орны жəне жүзеге асыру тетігімен, оның құқықтық реттелуі мəселесі қарастырылған.
2013

Баяндамада жердің қолайлы пайдалану және жер қойнауына қатынасты экологиялық қорғау талаптары қарастырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша бекітілген экологиялық талаптар талданады.
2013

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық бақылаудың қағидаларын жалпы және арнайы, ал арнайы қағидалардың өзін ішінара бақылау жүйесін ұйымдастыру қағидалары және бақылау органдардың қызметінің қағидаларына жіктеуге болады. Мақалада автор мемлекеттік экологиялық бақылаудың қағидаларын анықтап, олардың түсінігі мен мазмұнын аша отырып, олардың жіктемесін береді.
2014

Бұл мақалада қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасында экологиялық ақпаратқа азаматтардың қолжетімділік құқығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері қарастырылған. Автор жаһандану заманында халықтың экологиялық мәселелер туралы хабардар болуының экология саласындағы міндеттерді шешу үшін маңыздылығын атап көрсетеді. Экологиялық ақпаратқа жол жетімділікті қамтамасыз етуге байланысты конвенция мен отандық заңнамалардың кейбір нормаларына талдау жасаланады. Әрі қарай аталған нормалардың тәжірибеде жүзеге асырылу мәселелеріне тоқталып өтіледі. Сонымен қатар, автор мақаланың соңында қалыптасқан жағдайға байланысты өзінің ойымен бөліседі.
2014

Бұл ғылыми мақалада авторлар экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі мен затын теориялық тұрғыда қарастырып, саралау мәселелерін қарастырған. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың затын жіктеудің авторлық көзқарасы берілген. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін толық жіктеп, оның топтық объектісі – экологиялық қауіпсіздік берілген. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі бойынша дұрыс саралаудың кемшіліктері көрсетіліп, қылмыстық заңды жетілдіру жолдары берілген.
2014

Баяндамада Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу басымдықтары қарастырылады. Автор баяндамада табиғатты пайдалану саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасын қарастырған. Сонымен қатар, төтенше экологиялық жағдайлар болғанда халықаралық көмек көрсету және өңірлік экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талқылайды. Автор халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын қолдану және орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу басымдықтарын  зерттейді.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.