Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық тəуекелдердің жалпы сипаттамасы

Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды жəне адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сəйкес жауапкершілікке əкеп соғады деп мемлекет əр азаматтың құқығын сақталуын кепілдеп отыр[1]. Қоршаған ортаға қатысты қандайда болмасын ақпаратты, онын жай-күйіне жəне адам өмірі мен денсаулығына тигізу мүмкін зиянды  білуіне  құқығынының бар екендігін қаматамасыз етіп отыр.  Бұл норма Экологиялық  кодестің  163-бабында орын алған. Экологиялық ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады. Жалпыға бiрдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты құрайтын жекелеген мəлiметтер мен деректерге қол жеткiзу оларды жеке жəне заңды тұлғалардың сұратуы бойынша беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда тарату, Интернетте орналастыру арқылы,  сондай-ақ өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық коммуникациялық құралдар қолданыла отырып жүзеге  асырылады.

Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына (ақпараттық деректер базасына)  қол  жеткiзу жалпыға  бiрдей  қолжетiмдi  тiркелiмдердi жəне экологиялық ақпарат кадастрларын қалыптастыру мен сүйемелдеу арқылы жүзеге асырылады. Қол жеткiзу шектелген мəлiметтер мен деректердi қамтитын құжаттарға жəне ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуге рұқсат беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен жүзеге асырылады [2]. Экологиялық ақпарат: қоршаған ортаның жəне оның объектiлерiнiң жай-күйi; қоршаған ортаға əсер ету факторлары, оның iшiнде оның ластануы туралы; қоршаған ортаға əсер ететiн  немесе əсер ете алатын бағдарламалық, əкiмшiлiк жəне өзге де шаралар; экологиялық нормативтер мен шаруашылық жəне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар; қоршаған ортаны қорғау жөнiнде жоспарланатын жəне iске асырылатын iс-шаралар жəне оларды қаржыландыру; қоршаған ортаға əсер ететiн немесе əсер ете алатын қызмет жəне өзге де мəлiметтер мен деректердi қамтиды.

Қоршаған ортаға қатысты ақпаратты білу біздің құқығымыз болса, қоршаған ортаны қорғау міндет болып табылады. Қоршаған ортаға қандайда болмасын  зиянды  əсерін  тигізетін кез келген құрылыс пен өндірісобъектілері жайлы толық қанды мəлімет алуға жəне оның талықылануна қатысуға əр азаматтың құқығы бар. Қоршаған ортаға жəне адамның өмірінің сапасын төмендететін жағдайлар қауіпті өндіріс орындарының құрлысы мен іске қосылғанан кейінде орын алу мүмкін апатты орны толмас жағдайларға ұшыратады. Мысалы ретінде, Чернобыль Атом электр станциясындағы (АЭС) апаттан кейiн 25 жыл өткенде, технологиялары жоғары деңгейде дамыған, барлық қауiпсiздiк талаптарына  жауап  бередi  деген  Жапонияның «Фукусима-1″ АЭС-iндегiтабиғи зіл-заланың салдарынан орын алған апат əлемдi атом энергиясын пайдалану тұрғысынан тағы да ойлануға мəжбүрлеуде.Бүгінде Қазақстаннның Батыс өңірінде АЭС құрлысна қатысты мəселе өршіп тұр. Мамандардың айтуынша, станция салынған жағдайда алдымен электрқуаты арзандайды. Екіншіден, газдың көлемі артып, оны экспорттауға мүмкіндік туады. Қазір əлем нарығында газдың бағасы шарықтап барады. Осыдан 6-7 жыл бұрын 1000 текше метрге 9 доллар төленсе, қазір 60 доллар шамасында [3].

Адамзат əзiрге атом энергиясына балама боларлық энергия көзiн таппай отыр. Жобадаға атом электр  станциясының  көлемі  кіші болады, оның реакторы өзгеше, сол себептi де экономикалық тұрғыдан  атом  станциясынан бас тарту тиiмсiз. Атом энергиясы күнi бүгiнге дейiн дəстүрлi болып келген жылу энергиясын алмастыратын бiрден бiр энергия көзi. Атом станциясын пайдалану зиянды радиоактивтi заттардың жиналуына алып келетiнiн ұмытпау керек. АЭС қызметініңнəтижесіндеқалдықтарды зиянсыз көму мəселелерi де туындайды. Сол үшiн əлем радиоактивтi қалдықтарды көметiн ұзақ мерзiмдi қоймалар жасауды қолға алған. АЭС-тi пайдалану қауiптi радиоактивтi қалдықтармен қатар қоршаған ортаға басқа да зиянды энергия бөлiп шығарады. Ал бұл қоршаған ортанның жай күін нашарлататын факторлар.

Қоршаған ортаның, халық денсаулығының, кəсіпорынның қызметінің жағдайына жағымсыз салдарға ие оқиғаның басталуы жəне төтенше табиғи жəне техногендік сипаттағы қоршаған ортаны   ластау, экологиялық  талаптарды бұзу ықтималдығын бағалау мен анықтау мəселесі тундайды. Яғни, экологиялық тəуекел жалпы мойындалған қағидалар мен  адамның, шаруашылық субъектілерінің, қоғамның жəне мемлекеттің қоршаған ортаға, сонымен қатар олардың арасында пайда болатын əлеуметтік қатнастардың нормаларынан ауытқушылық ретінде сипатталады.

Абсолютті қауіпсіздік тұжырымдамасы осы уақытқа дейін əлемдегі нормативтер жасалған іргетас болып келді. Апаттарды болдырмау үшін қосымша техникалық жабдықтар – тəртіптің жоғары деңгейін қамтамасыз етеін қауіпсіздіктің инженерлік жүйесі енгізілді, жұмыстың қатаң регламенті, ұйымдастырушылық шаралар қабылданды.

Мұндай инженерлік, детерминистік тəсіл халық пен қоршаған орта үшін кез келген апатты болдырмайды жəне шексіз қауіпсіздікті, яғни нолдік тəуекелді қамтамасыз етеді деп саналды. Материалды игілік  жасауға  бағытталған адамның  кез келген қызметі   энергияны пайдаланумен, оның күрделі  техникалық жүйелермен өзар əсерімен  байланысты, ал оны  қорғау  мен  қоршаған ортаның  жағдайы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның сапасы көрсеткіш болып табылмайды, керісінше қауіпсіздіктің техникалық жүйелерінің тиімділіг мен   сенімділігімен өлшенеді  жəне  салалық,инженерлік сипатқа ие.

Егер апатты болдырмаудың техникалық жүйелеріне үсті үстіне қаражат сала берсек, əлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды қысқартып тастауға мəжбүр боламыз жəне адам өмірінің орташа ұзақтығы мен оның сапасын қысқартамыз.

Оның қолайлылығы экономикалық жəне əлеуметтік түсінктермен негізделген болуы керек. Бұл шаруашылық қызметіне негізделген қауіптілік  факторынан тəуекелдің дəрежесі «қолайлы» болып келеді, оның көлемі жүзеге асыру мүмкіндігі мен мүмкін болатын зиянның белгісіздігі соншалықты, тұтасымен алғанда адам мен қоғам материалдық жəне əлеуметтік игілік түріндегі алынатын табыстар үшін осындай тəуекелге баруға дайын.

Ерікті тəуекел бұл адам оған келтіретін зиянды біле отыра саналы түрде баратын тəуекел. Сонымен  қатар,  бұл  индивидте   тəуекелге бару немесе бармау таңдауының болумен сипатталады.

Өндірістік қатынастардағы дамыған елдердің барлығында қолайлы тəуекелдерді қолданудың тұрақты     тенденциясы     бар.     Қазақстанның саясаты басқа елдерге қарағанда абсолютті қауіпсіздік тұжырымдамасына негізделуі керек. Сондықтан, бірінші кезеңде əртүрлі деңгейіндегі экономикалық тəуекелдерді қолдануды бағалай келе, тəуекелдіқарастырутекзияндысалдарымен шектелуі жəне соңында өлім нəтижесіне алып келуі мүмкін, сондықтан бұл көрсеткіш үшін сенімді статистикалық мəліметтер жеткілікті.

Онда экологиялық тəуекел мыналар кіріуі мүмкін: мүмкін залалдар көлемінің бұл фактордың интенсивтілігі көлемі нормаланған көлемінде белгілі уақытта зиянды экологиялық факторлардың əсерінен өлім нəтижесінің санынан көрінетін қатынасы. Осылайша, экологиялық  тəуекелді   анықтауда   басты назар зиянды өлім нəтижесіне алып келетін экологиялық салдардың жəне экологиялық əсердің, оның компоненттерінің сапалық бағасына қатынасын талдауға бағытталуы керек. Əртүрлі қызмет түрлерімен байланысты экологиялық тəуекелдің қоғамдық қолайлылығы экономикалық, əлеуметтік жəне психологиялық факторлармен анықталады.

Тəуекелді басқару қағидасында стратегиялық жəне тактикалық мақсаттар салынуы керек. Стратегиялық мақсаттарда қоғамның жалпы алғанда игілікті жағдайға ұмтылысы көрінуі керек, ал тактикалық мақсаттар – халықтың қауіпсіздігін ұлғайтуға ұмтылыс. Онда тұрғындардың топтарының мен əрбір тұлғаның мүдделерін төтенше тəуекелден қорғау айтылады.

Басты қағида тəуекелді басқаруға қоғамдағы бар қауіптердің барлық спектрі қосылу керек, жəне олардан жалпы тəуекел қоғам үшін де кез келген адам үшін де жалпы алғанда «қолайлы» дəрежеден асып кетпеуі керек. Соңында, тəуекелді басқару саласындағы саясат экожүйеге көтере алатындай экологиялық ауырлықтың көлемін жоғарылатпау талаптарынан тұратын, табиғи экожүйеге əсерді қатаң шектеу қою аясында құрылуы керек.

Адамдар үшін тəуекел екі санатта көрініс табады: жеке тəуекел, адам өз қызметінде белгілі əсерді сезінуінің мүмкіндігі ретінде анықталса, əлеуметтік тəуекел апаттан қаза тапқан адамдардың саны мен ол апаттың болу мүмкіндігінің арақатынасымен анықталады.

Бүгінгі таңда тəуекелді бағалау адам денсаулығына тəуекел факторын, жəне оның арақатынасын   анықтауға   мүмкіндік    беретін, тəуекелді төмендетуде осы базада қызметтің басымдығын көрсететін жалғыз аналитикалық жабдық болып  табылады.  Тəуекелдерді басқару  – тəуекелді  жағдайдың  талдауы, тəуекелді төмендетуге бағытталған құқықтық акт   нысанындағы басқару шешіміне  негіз. Тəуекелдерді  бағалау мен басқару  тəртібі төмендегіше:

1)қауіптің анықталуы, тəуекелдің қайнар көздері мен факторларын, сонымен қатар олардың потенциалды əсер объектілерін, осындай əсердің негізгі нысандарын бекіту.

2) адам мен қоршаған ортаға тəуекел факторының шынайы əсерге бейімділігін бағалау.

3)тұрғындар мен қоршаған ортаға тəуекел факторының əсерін бағалау,  экожүйе  мен адамдардың  анықталған тұрақсыздандырушы факторға тұрақтылығын анықтау.

4)сапалы жəне сандық өлшемдерді пайдаланумен тəуекелдің толық сипаттамасы[4].

Экологиялық тəуекелдерді бағалау: мүмкін экологиялық тəуекелдерді анықтау, жою жəне азайту; жағымсыз салдардың басталуын болжау, алдын алу немесе басталу мүмкіндігін азайту; жағымсыз салдардан сапалық жəне сандық көрсеткіштер алу; апаттардың тұрғындардың денсаулығына, қоршаған орта компоненттеріне, кəсіпорынның беделіне  зиян  келтірудің алдын алуға көмектеседі.Осыған байланысты тəуекелдерді  бағалау шешім қабылдаудың құралына айналды.

Апаттылық пен жарақат алуды талдау негізгі себептеріне технологиялық жабдықтардың физикалық жəне коррозиялық бұзылуынан (47%), технологиялық ақаулармен байланысты персоналдардың қате əрекеттері (21%) жəне өндірістік тəртіпті (7%), қанағаттандырылмаған ұйымдастырушылық жəне қауіпті жұмыстарды жүргізуді (13%) жатқызады. Апатты жағдапйлардың бес проценті бақылау, басқару жəне дабыл беру жабдықтарының жұмыс істемеуінен болады[5].

Апаттың көп кездесетін себебі техникалық жабдықтардың  ішінара   герматизацияланбауы, фланцтік жалғастырулар, дəнекерленген ойықтардан кішігірім ағылулардың(1м3 көп емес) орын алуына алып келеді. Үлкен сандағы қауіпті салдарға алып келетін қауіпті заттардың тасталуының негізгі себебі жабдықтардың толығымен қиратлыуы болып келеді.

Техногенді төтенше жағдайлардың себептері:

1) негізгі өндірістік қорлар мен апатты қадағалау жəне төтенше жағдайдың алдын алу жүйесінің тозуы;

2) жабдықтарды өз уақытысында жəне сапалы жөндеуден өткізбеу;

3) апаттың алдын алатын (технологиялық үрдістердің апатты жағдайы, апаттың көздерін) қауіпті объектілерді жарықтандырумен байланысты мəселелердің ұзақ шешілуі;

4) атмосфераға өрт жарылыс қауіпті жəне токсиндік заттардың таралуы, өндірістікмақсаттағыжəнебасқадағимараттарда жəне насос айдауда өрт қауіпсіздігі, құбыр жəне жабдықтардың жағдайына жеткіліксіз қадағалау;

  • Технологиялық жабдықтарды эксплуатациялау тəжірибесінен:
  • теміржол цистернасы тепловоз машинистінің қате əрекеті нəтижесінде цистерналар қирап, ойық  пайда  болып,  жолдан  тайып кетіп аударылуы мүмкін; 7) цистерналардың герметикасының бұзылуы жəне құбырлардың фланцтік бірігулердің жəне тот басу немесе гидравликалық соққыдан арматураның герметизацияланбауы нəтижесінде; 8) авто цистерналардың герметикасының бұзылуы жəне құятын шлангтердің фланцтік  бірігулердің жəне тот басу немесе гидравликалық соққыдан арматураның герметизацияланбауы нəтижесінде болуы мүмкін деп бекітілді [5].

Экологиялық тəуекелдерді бағалау шеңберінде мамандар: қызметті жүргізу мен жобасын жүзеге асыру барысында пайда болатын экологиялық тəуекелдердің тізімін анықтайды; экологиялық, экономикалық, құқықтық, əлеуметтік жағымсыз салдардың басталу мүмкіндігін  анықтайды;  жағымсыз  салдарды азайту немесе жоюға күтілетін шығындарды бағалайды; тəуекелдерді азайту немесе жою үшін ктілетін шығыстарды есептейді; экологиялық тəуекелдерді жою жəне жағымсыз салдардың басталу мүмкіндігін азайту тəсілдерін ұсынады [6].

Мұнай тасымалдаушы құралдарды эксплуатациялау кезінде табиғи техникалық жүйе жағдайына, экологиялық жағдай динамикасы мен табиғат қорғаушы жəне қорғаушы шаралардың тиімділігіне экологиялық бақылау ұйымдастыру керек.

Сонымен қатар, жобалау кезінде мұнайдың апатты төгілуінің алдын алу жəне ликвидациялау кезінде келтірілетін зиянды экономикалық бағалауды ескеру керек. Яғни өндірісте болған апаттан қоршаған табиғи ортаның ластануы жəне кейіннен ықтимал зиянды  болдырмау үшін жауапкершілігін  сақтандыру қажет.

Бұл экологиялық тəуекелді сақтандыру болып табылады. Мұндай апаттың салдары еңбек етуге қабілетті азаматтардың өміріне, денсаулығынан айрылуына, еңбек қабілетігіне жоғалтуына, мүлкінен айрылуына, табыс-пайданы кем алуына, өзге де залал шегуіне себеп болады. Апаттық ластануға əдетте апаттық оқиғалардың салдарынан атмосфераға  (гидросфераға) зиянды заттектердің шығарылуы (сарқындының ағызылуы), бұл заттектердің топыраққа жайылып сіңуі   (суға   жайылып   араласуы),   шуыл, діріл, радиация, температураның өзгеруі, басқа да жайсыз əсерлер жатады. Экологиялық тəуе келді сақтандырудың мақсаты – сақтанушылар мен сақтандырушылардың өзара қоршаған ортаны апаттық сипатта ластау қатерін азайтуға экономикалық мүдделілігін қалыптастыру жəне табиғат қорғау шараларын қаржыландырудың қосымша көздерін іздестіру.

Қорытындылай келгенде, экожүйеге экологиялық қауіпсіздікті тиімді тəсілдермен минималды ауырлықты қамтамасыз ететін технология қолданумен қамтамасыз ету керек: мұнай қалдықтарын өндірісте компакті қойма негізінде табиғат қорғаушы нормаларға дейін залалсыздандырылған   жинақтау;   əрекет ететін қоршаған табиғи ортаның экологиялық мониторинг жүйесін ұйымдастыру.

Мұнай-газды пайдалану мен тасымалдауда негізгі тасымалдауға қоршаған табиғи ортаның барлық компоненттері  (атмосфералық  ауа, беткі жəне жерасты сулары, рельеф, жануарлар дүниесі) ұшырайды.

Осыған байланыстымұнай,газт асымалдаушы объектілерді жобалаған кезде территорияның табиғи жағдайларына экологиялық талаптарға жауап беретін, жобаланатын объектілердің эксплуатациялық сенімділігін жоғарылатуға бағытталған,  қоршаған  ортаға  жағымсыз əсерді азайтатын жəне болдырмайтын соңғы технологиялар мен техникалық жабдықтар пайдаланылуы керек. Құрылыс кезінде де, мұнай-газ кəсібі объектілерінде топырақ пен жерге əсер болуы мүмкін. Жер ресурстарының табиғи жағдайын сақтау мен техногендік əсердің жағымсыз салдарын төмендету үшін төмендегі іс шаралар ұсынылады: құбырларды төсеу кезінде негізгі құрылыс жұмыстарын жүргізу қысқы уақытта қатты қар жамылғысына бектіледі; бұталы алаңдарды гидроизоляциялау; топырақ жамылғысын  құрылыс  жұмыстарын  жүргізбес бұрын алып тастау; блоктік жəне блоктіккомплектік жабдықтарды қолдану; қорғалатын су аймақтарында жол жүргізу кезінде автожол суқойма жағынан жүргізіледі жəне апат кезінде құбырлардың жарылуы кезінде суқоймаға мұнайдың түсуіне кедергі болып дамба қызметін атқарады.

Экологиялық сақтандыру орын  алуы мүмкін апаттың тек қаржылық жағын қамтамасыз еткендіктен, экологиялық сақтандару сомасының ставкасын көбейту қажет. Экологиялық сақтандыру сомасы арнайы белгіліленеді. Ол қызмет түріне, орын алу мүмкін зиянның мөлшеріне жəне көлеміне сəйкес бекітіледі. Көбіне бұл сома орын алатын зиянның орнын толтыра алмайды. Қоршаған ортаға келтірілген зиян мен зардаптың орны табиғи жаңару бойынша ондаған, жүздеген жылдарды талап етеді. Экологиялық тəуекел қоршаған ортадан алынған пайданы қаржылау қайтару ретінде қарастырылды. 

Бірақ белгілі бір қызметтің атом электрстанциясының, мұнай, газ өндірісің шығындысы мен орын алу мүмкін аппатың зардабын салдарын қаржылай өлшеу, табиғаттың жүйелілігін бүгінде бағалау мүмкін емес. Қазақстан экономиканы дамытудың жəне энергияның балама көздерiн дамытуға күш салу керек.

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. – А: ЮРИСТ, – 2013
  2. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, 9 қаңтар 2007 ж., N 212 – А: ЮРИСТ,– 2013
  3. «Энергия ел игілігіне»(2.01.13ж.)htt:apta.kz (kaztrk.kz)
  4. Безопасность жизнедеятельности. Производственная экология: учеб. пособие для вузов / [сост. И.С. Майоров, Л.М. Царева] .— Владивосток: Изд-во ТГЭУ, – 172 c.
  5. Семенова, И.В. Промышленная экология: учеб. пособие для вузов / И.В. Семенова. – М.: Academia, 2009. – 528 c. – (Высшеепрофессиона льноеобразование)
  6. Буренин, В.В. Новые конструкции фильтров и устройств для очистки и обезвреживания сточных вод промышленных предприятий / В.В. Буренин // Безопасность жизнедеятельности: Научно-практический и учебно-методический журнал / 2009. – № – С.30-34 .

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.