Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық қолайсыз аймақтардың режимін құқықтық реттеудің кейбір мəселелері

Табиғи апаттар, орасан зор өндірістік апаттар, күрделі индустрияның дамуы көп жағдайда жекелеген аймақтардың экологиялық жағдайының нашарлауына əкеп соқтырады. Олар табиғи объектілердің, тұтастай экожүйенің жағдайының айтарлықтай бұзылуынан көрініс табады, бұл өз кезегінде адамдардың денсаулығының, рухани жəне материалдық жағдайының нашарлауымен, тіпті олардың өліміне дейін алып келуімен сипатталады. Табиғи ортаның жағдайының мұндай бұзылулары көп жағдайда бүтіндей бір экожүйені қамтиды жəне тұрақты сипатқа ие болады, яғни оларды түзету, сауықтыру мүлдем мүмкін емес жағдай орын алады немесе ол салдарларды жою үшін үлкен мерзім мен орасан зор материалдық шығын қажет болады. Олар көбінесе адамдар мен басқа да тіршілік иелерінің жаппай қырылуына əкеп соғады, не болмаса, адамдардың  денсаулығына, материалдық жəне рухани құндылықтарына барынша теріс əсерін тигізеді. Сипатына қарай бұл аймақтық экологиялық апаттар болып табылады.

Экологиялық əсердің объектісі ретіндегі адамзаттың жағдайы ұзақ уақыт бойы заңды талдаудан тыс болып келді. Соған қарамастан, тұрғындардың 20%-дан астамы экологиялық апат аймақтарында өмір сүруде. Мұндай аймақтардың бірі – Арал теңізінің бассейні. 1,4 млн адам өмір сүріп отырған Қызылорда облысының территориясын толығымен, Ақтөбе, Жезқазған, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бір бөлігін алып жатқан Арал апат аймағын əлемдік қауымдастық жаһандық экологиялық апат деп танып отыр [1].

Əрине, əрбір аймақтық экологиялық апат орын алған сайын жергілікті жəне орталық билік органдары, мемлекет жəне барлық қоғам қандай да бір əрекет жасауы тиіс: апаттың өзінің жəне олардың экологиялық қауіпті салдарларының алдын алу мен жоюдың, адамдар мен жануарларды құтқарудың, азаматтардың жеке жəне мүліктік құқықтарының қорғалуының, халық шаруашылығының объектілерін, табиғи жəне мəдени құндылықтарды қорғаудың жəне соңында зиян шеккен территорияларда жақсы жағдайға қол жеткізудің шұғыл жəне ұзақ мерзімді шараларын қолдану қажет.

Мұндай жағдайда арнайы шараларды қолданудың, қаржыландыру, құқықтық, əлеуметтік жəне материалдық-техникалық қамтамасыз етудің күрделі мəселелерін шешу қажеттілігі экологиялық мəселелердің ішінен экологиялық апат аймақтарының мəселесін ерекше бөліп көрсетеді.

БҰҰ-ның Конвенциясының қоршаған ортаны қорғау мен дамыту туралы құжаттары мен материалдарында (1992 жылғы 3-14 шілде, Рио-де-Жанейро қаласы) əлемнің əртүрлі аймақтарындағы төтенше экологиялық жағдайлардың қауіптілігінің өскенін ерекше атап  көрсетті. Əсіресе өнеркəсіптік апаттардың орын алу мүмкіндігін азайту немесе болдырмау үшін өндірістің барлық салаларында жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу айрықша атап өтілді.

Шет мемлекеттердің құқығында осы саладағы экологиялық заңнаманың дамуы экологиялық апаттардың қауіптілігі мен салдарларын жою мен алдын алу шараларын ұйымдастырудың барынша тиімді үлгісін орнатуға бағытталған.

Мұндай міндет біздің мемлекеттің де күнтізбесінде орын тепкен. Арал дағдарысының салдары, ластанған, өмір сүруге қауіпті аймақтар тиісті шараларды қолдануды талап етеді. Табиғи объектілерді қорғау мен пайдалануды реттеу үшін басқарудың көптеген арнайы əдістерін қолдану қажет. Бұл жағдайда туындап отырған заңи мəселелер экологиялық апат аймақтары туралы кешенді құқықтық актілер қабылдау қажеттілігін көрсетіп отыр. Алдын алушы жəне түзетуші шараларды реттеу туралы, оның шекарасын бекіту жəне табиғат пайдаланудың арнайы режимін енгізу туралы, зиян шеккен территорияның құқықтық режимі, шаруашылық жəне басқа да əрекеттерді басқару туралы заңнамалық жəне туынды құқықтық нормалар қажет.

Территориясының 60% шөл жəне шөлейтті аймақ болып табылатын Қазақстан үшін  су ресурстары аймақтық дамудың маңызды факторы болып табылады. Территорияның үлкен су қорына орналасқанына қарай, республика территориясын бірнеше эколого-экономикалық аймақтарды бөліп көрсетуге болады. Олар: Каспий бойы, Арал-Балқаш аймағы, Ертіс аймағы, Теңіз-Сарысу аймағы, Есіл-Тобыл аймағы жəне Торғай-Ырғыз аймағы. Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы жəне Талдықорған облыстары мен Ақтөбе облысының Шалқар ауданын, Жезқазған жəне Семей облыстарының бірнеше аудандарын қамтитын Арал-Балқаш аймағы ерекше күрделі əлеуметтік жəне эколого-экономикалық мəселелермен ерекшеленеді. Олардың орын алуының негізгі себебі  аймақтық дамудың  экологиялық факторларын  ескермеу, экологиялық  саясаттың  болмауы,қарқынды шаруашылық жəне табиғат қорғау заңнамасын орындауды төмен дəрежеде бақылау болып табылады. Су ресурстарының жетіспеушілігі шөлді жəне шөлейтті аймақтардағы əлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды шектеушісі болып табылады. Су ресурстарының жетіспеушілігінің санды өлшемдері  шөл  жəне  шөлейт  аймақтардағы  көп  жылғы  өзендердің  ағысының, жерасты сулары қорының өзгеруі жəне сушаруашылық балансының жетіспеушілігімен сипатталады.

Cу мəселесінің жағдайы бойынша Арал-Сырдария территориясын үш учаскеге бөліп көрсетуге болады:

  1. Су мəселесі дағдарысты жағдайда болып отырған Қызылорда облысының Арал, Қазалы аудандары жəне Ақтөбе облысының Шалқар ауданы.
  2. Су дағдарысының сəл-ақ алдында тұрған Қызылорда облысының қалған территориясы.
  3. Су мəселесінің қолайсыз жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы [2, 17-бет].

Қазақстан Республикасының 1997 ж. 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» бұрынғы Заңының 68-бабына сəйкес, төтенше экологиялық ахуал дегеніміз – адам қызметiнiң немесе табиғаттың дүлей күштерiнiң салдарынан белгiлi бiр аумақта пайда болған, қоршаған ортаның, адамдардың өмiрi мен денсаулығы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау үшiн қауiптi, терең жəне тұрақты терiс өзгерiстерiмен сипатталатын қолайсыз экологиялық ахуал.

Осы Заңның 69-бабында экологиялық апат аймақтарына мынадай анықтама берілген: егер қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi нұқсан келтiрiлсе жəне (немесе) табиғи экологиялық жүйелер бұзылып, өсiмдiктер дүниесi мен жануарлар дүниесi азып- тозса, экологиялық апат аймақтары деп жарияланады.

2007жылы 9 қаңтарда қабылданған қазіргі кезде күшіндегі Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексінде» [3] төтенше экологиялық ахуал жəне экологиялық апат аймақтарына 6- бөлім арналған. Экологиялық кодекстің бір ерекшелігі мұның алдындағы заңдарда қолданылып келген «экологиялық апат аймағы» деген ұғымды «экологиялық зілзала аймағы» деп атаған. Жалпы қазақ тіл білімінде «апат» деген сөзге қарағанда «зілзала» сөзінің мағынасы ауқымды əрі ауыр апат дегенді білдіреді. Индустрияның қарқынды дамуымен сипатталып отырған қазіргі заманда қоршаған ортаның орны толмас өзгеріске ұшырауын «зілзала» деп атау орынды деп есептейміз.

Экологиялық кодекстің 173-бабында төтенше экологиялық ахуал мен экологиялық зілзала аймақтарына тиісінше анықтама берілген: төтенше экологиялық жағдай – шаруашылық жəне өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестері нəтижесінде қоршаған ортада халықтың денсаулығына, табиғи экологиялық жүйелердің, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорларының жай-күйіне қауіп төндіретін тұрақты теріс өзгерістер болатын аумақ учаскесінде туындаған экологиялық ахуал.

Экологиялық зілзала – шаруашылық жəне өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестері нəтижесінде халықтың денсаулығының едəуір нашарлауына, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі жай-күйінің нашарлауына əкеп соқтырған қоршаған ортаның орны толмас, терең өзгерістері болған аумақ учаскесінде туындаған экологиялық ахуал.

Жалпы қабылданған көзқарастар бойынша, экологиялық апат аймағы дегеніміз – қоршаған ортаның адамның жайлы өмір сүруіне қолайсыз, тұрақты, қауіпті өзгеріске ұшыраған территорияның белгілі бір бөлігі.

Нəтижесінде мынадай сұрақтар туындайды: экологиялық апат дегеніміз не? Кім үшін апат болып табылады? Нақ осы сұрақтардың жауабы бізге экологиялық апат аймағының басты критерийін, яғни, адамзаттың жайлы өмір сүруіне қолайсыз деген ұғымды айқындап береді.

Берілген анықтамадан көріп отырғанымыздай, экологиялық апат аймағы бірнеше объективті жəне субъективті белгілермен сипатталады. Ең алдымен, ол адамзат үшін қолайсыз тұрақты табиғи ортаның өзгеріске ұшырауын білдіретін Жер биосферасының бір бөлігі болып табылады. Планетаның барлық бөлігінде мұндай өзгеріс орын алған жағдайда экологиялық апат аймағын бөліп көрсету мүмкін болмас еді. Бұл жағдайда тек қана адамзаттың жаппай қырылуына əкеп соғатын əлемдік экологиялық апат орын алатын еді.

Біздің пікірімізше, төтенше экологиялық ахуал мен экологиялық апат аймағының арасындағы айырмашылық нақты реттелуі қажет. Егер, төтенше экологиялық ахуал – бұл мемлекеттің жедел қатысуы мен нақты процессуалдық режимді талап ететін табиғи апаттар мен дүлей күштердің нəтижесі болып табылса, ал экологиялық апат аймағы территорияға біртіндеп əсер етеді: тұрғындардың денсаулығына жəне табиғи экологиялық жүйе жағдайына, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық қорына қауіп төндіретін қоршаған ортаның тұрақты жəне өзгерісі орын алады, бұл өз кезегінде территорияның өндірістік күштерінің бұрыс, тиімсіз дамытуы салдарынан тұрғындардың денсаулығының нашарлауына, табиғи экологиялық жүйелердің, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық қорының бұзылуына, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына əкеп соқтырады.

Экологиялық апат аймағының критерийі есебінде, ең алдымен, тұрғындардың денсаулығының нашарлауы, нəрестелер мен балалар өлімінің көбеюі, сəбилердің жүрек ауруы болып іштен туылу санының артуы, адам организмінде токсиндік жəне химиялық заттардың артуы т.б. сипатталатын медицина-биологиялық критерийлерді пайдалану қажет. Бұл пікірді сондай-ақ Б.В. Виноградов, В.Н. Кузмич, В.Н. Назаревский т.б. қолдап отыр [4,3-бет].

Экологиялық апат аймағының критерийлері ретінде мыналарды қарастыруға болады:

  • табиғи ресурстардың өнімділігінің толық жоғалуы;
  • экологиялық жүйелердің толық бұзылуы жəне оның өзін-өзі қалпына келтіру қабілетін жоғалтуы;
  • қоршаған ортаны ластайтын заттардың рұқсат етілген нормативтен асып кетуі жəне оның мөлшері тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі.

Экологиялық дағдарыс аймағын анықтау критерийлеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • экологиялық жүйелерді қалпына келтірудің қиындауы;
  • табиғи ресурстардың өнімділігінің қатты төмендеуі;
  • табиғи ресурстардың тек кейбір түрлерін ғана шаруашылықта пайдалану мүмкіндігі;
  • қоршаған ортаны ластайтын заттардың рұқсат етілген нормативтен асып кетуі жəне оның мөлшері тұрғындардың денсаулығына зиян келтіруі.

Экологиялық дағдарысқа жақын аймақтарды анықтау критерийлері ретінде мыналарды қарастыруға болады:

  • деградацияға алып келуі мүмкін болып табылатын экожүйенің өнімділігі мен тұрақтылығының төмендеуі, бірақ қалпына келтіру мүмкіндігінің болуы;
  • қоршаған ортаны ластайтын заттардың рұқсат етілген нормативтен асып кетуі.

Жоғарыда аталған критерийлер бұл аймақтарда тиісті реабилитациялық шараларды қолдануды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл аймақтардың қайсысының экологиялық тұрғыдан қолайсыз болып табылады деген мəселе бойынша, экобиожүйелердің: өсімдіктер, жануарлар əлемі мен топырақ қабатының барынша сезімтал құрамдас бөліктерінің биотикалық критерийлері есепке алынады. Бұл əр түрлі сенімділігі, мағынасы жəне таралуы жағынан 60-тан жоғары көрсеткіш болып табылады. Биотикалық критерийлердің ауа қабаты, судың ластануы мен ресурстардың азаюы, су жүйелерінің деградациясы жəне геоэкологиялық бұзылуымен арақатынасы экологиялық қолайсыз аймақтарды нақты жіктеуге мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер

 

  1. Концепции сохранения и востановления Аральского моря и нормализация экологической, санитарно- гигиенической, медико-биологической, социально-экономической ситуации в Приаралье // Казахстанская правда. – 1990 г. - 10 июля.
  2. Исаева Ж.А. Проблемы правового регулирования экологического оздоровления Приаралья: дисс. … к.ю.н. /
  3. Кызылординский государственный университет, 1999 г.
  4. ҚР Экологиялық Кодексі 2007 ж. 9 қаңтар.
  5. Виноградов Б.В., Кузьмич В.Н., Назаревский В.Н. Определение зон экологического кризиса и бедствия на территории Российской Федерации и их законодательное оформление// Государство и право. – 1995 г. №4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.