Филология

Мақалада Орта ғасырлардың ұлағатты ұстазы, түрік əлеміндегі сопы поэзиясының негізін қалаушы, Күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы жəне көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен қызметі бейнеленген. Автор Ясауи шығармалары қазақ поэзиясының хрестоматиялары мен антологияларында берік орын алуы тиіс екендігі туралы, ал оның шығармашылық мұраларын оқыту мектептер мен жоғары оқу орындары бағдарламасына енуі қажеттігі жайлы тілек білдірген. Түркістандағы барлық түрік халықтарының қажылық ету орталығына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туралы деректер келтірген.
2014

Мақалада функционалдық стильдер мен сөйлеу формаларының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қарастырылды. Автор тіл дыбыстарының стилистикалық ресурстарын қарастыруды үш бағытта қарап, дыбыстық қайталамалардың ассонанс, аллитерация, дыбыстық анафора, ұйқас, ырғақ, консонанс, ішкі ұйқас сияқты бірнеше түрлеріне ғылыми талдау жасаған. Зерттеуде мəтінде ұқсас дыбыстардың бірдей позицияда қайталанып берілуі, олардың семантизациялануы болатыны оның фоностилистикада паронимиялық аттракцияның дауыссыз дыбыстардың позициялық қайталануы екені дəлелденген.
2014

Мақалада көне түркі тіліндегі сөйлем мүшелерінің көрінісі сөз болды. Түркі тілдеріндегі сөйлемнің құрылымдық заңдылықтарын анықтап, жекелеген түркі тілдеріндегі сөйлем құрылысының, мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастық жақтарын ажырата білуде Орхон-Енисей ескерткіштері тілінің маңызы зор. Осы жазбалар материалы негізінен байқалғандай, қазіргі қазақ тіліндегідей, көне түркі тілінде де сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып бөлінгендігі, олардың сөз таптарына қатысы салыстырыла қарастырылды.
2014

Еңбек ғылыми-теориялық жəне ғылыми-танымдық тұрғыдан жазылған. Жұмыстың ең басты құндылығы — бүгінгі таңдағы тілтаным ғылымының жаңа талаптарының бірі антропоцентристік бағытта зерттеу дегенге сай келеді, яғни сезім жəне оны білдіру адамға ғана тəн, сондықтан зерттеуші осы сезімді адам тіл арқылы қалай білдіреді деген үлкен проблеманың бір пұшпағын таңдап алған. Оны фактілермен нақтылау үшін ұлы жазушы М.Əуезовтің драмалық шығармаларының тілін (дəлірек айтсақ, сөз қолданысын) талдаған. Мұның да орынды уəжі бар: адам өзінің əр алуан сезімін бір-бірімен жүзбе-жүз сөйлескенде немесе шаршы топ алдында сөйлегенде айқынырақ, жиірек көрсетеді, демек, эмоциялы, экспрессивті элементтер осы тұстан табылады. Ал мұндай мүмкіндік драма жанрында болатыны мəлім.
2014

Адамзат баласының тарихи жолына зер салсақ, əлемдегі бірде-бір ел басқамен экономикалық, интеграциялық байланысқа түспей тұра алмайтынын көреміз. Экономиканың тиімді салаларын айрықша дамыту үшін озық технологияға негізделетін түрлі аппарат, жабдық т.б. өзгеден сатып алуға болады, ал, өз еліңде игеріліп, əбден сенімге енген өнімді немесе технологиялық тұрғыдан жетілген жабдықтарды өзге елге сатуға болады. Бұрын да солай болған, ал, қазіргі нарық заманында тіпті дамуда, болашақта да солай болатыны анық. Демек, олқы тұсыңды толықтыру үшін қаржы керек, ол болса, бəрін де сатып алуға болады.
2014

Дарынды ғалым, дүйім елге танымал білікті зерттеуші, публицист, шежіреші атақты алаштанушы, ұлағатты ұстаз Р.С. əл-Карени (Каренов) 70 жасқа толып отыр. Рашит Саттарұлы — ғылыми, педагогтік, ұйымдастырушылық, қоғамдық қызметті ғылымның бірнеше салаларымен шебер ұштастыра білген ғұлама ғалым. Күнделікті қат-қабат əкімшілік жұмыстар мен қыруар тірліктің қайнаған ортасында жүрсе де, бойына біткен таланты мен ізденгіштік, еңбекқорлық қасиеттерінің арқасында ғылымның бірқатар саласында зерттеулер жүргізіп, үлкен жетістіктерге жетті. Оның қаламынан туған 1500-ге тарта ғылыми, ғылыми-əдістемелік, ғылыми көпшілікке арналған еңбектері көтерген мəселелерінің өткірлігімен, нақтылығымен, жаңалығымен ерекшеленеді. Оның ішінде ғалымның жеткілікті дəрежеде көп айналысқан саласының бірі – қазақ əдебиеті жəне оның тарихы мəселелері, ондағы кейбір «ақтаңдақтарды» тың тұрғыдан зерттеп қарастыру.
2014

Мақалада өзбек жазушысы Ш.Рашидовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған Ə. Сатыбалдиевтің аудармашылық шеберлігі, өзбек тіліндегі нұсқасымен салыстырыла отырып, зерттелді. Аудармашы түпнұсқа авторының жазушылық стилін сақтай отырып, əр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін түпнұсқаға сəйкес тəржімалады. Түпнұсқадағы мəтін ырғағы, интонациясы сақталатындығына назар аударылды. Аудармашының аудармасында қолданылған лексикалық трансформацияларға талдау жасалды.
2014

Бүгінгі таңдағы қазақ тілі, діні мен салт-дəстүр, əдет-ғұрыптың қаншалықты деңгейде сақталғанын немесе ұлт санасының қаншалықты тазалығын қазіргі кездегі кино өнерінен көруге болады. Себебі кино халыққа ақпарат берудің ең тиімді, қолайлы тəсілдерінің бірі болып табылады. Кино аудару тəжірибесі Қазақстанда ұзақ жылдар бойы дамып келе жатқанымен де, оны зерттеу мəселесі əлі жолға қойылмаған. Теориясы əлі жасалмаған. Мақалада автор осы мəселені тереңірек қарастыруға тырысады. Киномəтінінің жəне киноаудармасының ерекшеліктері айқындалып, киноаудармасы түрлерін пайдаланудың тиімді, тиімсіз тұстары сараланып көрсетілді.
2014

Мақала қазіргі ұлттық əдебиеттануда өзекті де, жаңашыл проблема болып табылатын мəселеге арналған. Авторлар зерттеу нысанында сирек сөз болып жүрген жанр теориясы аталатын өзекті тақырыпты жан-жақты зерделеуді мақсат тұтады. Ұлттық əдеби сын жанрларын бір жүйедегі классификацияда қарау мен зерттеудегі жаңашыл көзқарастар мен пікірлерді салыстырмалық тұрғыдан қарастыру арқылы бүгіндегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қол жеткізе алған жетістіктерін саралайды. Сын жанрларының өзіндік ерекшеліктері мен басты сипаттары ғылыми- теориялық тұрғыдағы талдаулар арқылы зерделенеді. Сол арқылы сын тарихы мен теориясын зерттеген Т.Кəкішұлы мен Д. Ысқақұлының еңбектеріне баға беріледі.
2014

Мақалада эпикалық шығармалардағы бейнелеу құралдары жан-жақты талданды. Сонымен қатар автор эпостағы батыр бейнесінің жасалуындағы сөз көркемдігінің атқаратын қызметі айрықша екендігін айқындаған. Сондай-ақ эпикалық жырлардағы ажарлаудың аса пəрменді көркемдеу, бейнелеу құралы екендігіне көңіл бөліп, осы мəселелердің негізінде ажарлаудың ассоциациялық мүмкіндіктері мен тұрақтылық сипатын, дыбыс үндестігі мен бояу үйлесімдігін анықтап, ажарлаудың семантикалық құрылымы қандай, стильдік вариациялары мен эмоционалдық-экспрессивті сапасына назар аударған.
2014

Мақалада Шоқан Шыңғысұлы Уəлихановтың өмірі мен қызметі жан-жақты, жүйелі зерттелген. Оның қазақ ұлттық əдебиеттану ғылымының іргетасын қалаудағы білімпаздығы көрсетілген. Ғалымның елінің тарихын, ауыз əдебиетін, этнографиясын, саясатын жетік білгені туралы айтылған. Кемеңгер ойшылдың əр түрлі қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындықты ашуға мүмкіндігі болғаны жайлы қорытынды жасалған.
2014

Мақалада Таңжарық ақын өлеңдерін өзінің өмірінен, бастан кешірген тағдырымен бірлестікте қарау басты мақсат ретінде алынған. Ақын туындыларының тарихи негізі, туу себептері өз өміріне, көріп- білген оқиғаларына барып тірелетіні жүйелі түрдегі бір сабақтастықта қарастырылады. Қытайдағы қазақ əдебиетінде Таңжарық Жолдыұлының өршіл де өміршең тұлғасы көркем туындыларын əдеби- теориялық тұрғыда талдаулар жасау арқылы бағаланады. Күрескер ақынның тар жол, тайғақ кешулі қысқа ғұмырында қалдырған мұрасы зерттеу мəселелері нақты сөз болады.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.