Түркі тілдері

Көне түркі тілінде 16 дауыссыз дыбыс болған [1; 66]. Қазіргі түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың саны да, сапасы да көне ескерткіштер тілімен салыстырғанда ерекшеленетіні белгілі. Себебі өзгеріс тілдің даму, қалыптасу кезеңдеріне байланысты көрініп, дыбыстық алмасу, сөздің басы, ортасы, соңына қатысты дыбыстардың қолданылуынан да көрінеді. 
2009

Ғылымда «Орхон-Енисей жазба ескерткіштері» дейтін белгілі көне түркі тілінде 8 дауысты фонема болса (а, е, ы, і, о, у, ө, ү) [1; 35], қазіргі түркі тілдеріндегі дыбыстарға да қатысты ортақтықтармен қатар ерекшеліктері де бар. Ортақтық түбі бір түркі тілінің тектестігін көрсетсе, ол сөздің белгілі бір деңгейіндегі дыбыстардың өзгеріске түспей сақталуы ретінде көрініп, айырмашылығын дыбыстық сəйкестіктердің сипатымен, үндестік заңына қатысты ерекшеліктерімен, кейбір тілдердің өздеріне ғана тəн ішкі табиғатымен байланыстыруға болады.
2010

Тілдік мəліметтер арқылы генеалогиялық жағынан тектес тілдерді салыстырғанда оның қазіргі жайы өткендегі тарихымен байланыста қаралады. Салыстырмалы-тарихи зерттеудің негізгі мақсаты ретінде салыстырып отырған фонетикалық, лексикалық, грамматикалық т.б. ерекшеліктердің ең көне формасын анықтау екендігі белгілі. Осының негізінде қазіргі қолданылып жүрген форма мен ең көне деп саналатын форманың арасындағы даму процесін, қалыптасу, орнығуын немесе өзгеріске түсуін білуге мүмкіндік туады.
2012

Мақалада тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы қазақ тіліндегі ата, ана, ұл, қыз атауларына талдау жасалған. Талдау барысында бұл сөздердің көне түркі тіліндегі қолданысы, этимологиясы сөз болып, қазіргі түркі тілдеріндегі нұсқаларымен салыстырылған. Көне түркілік қолданысының қарлұқ, ұйғыр- оғыз тілдерімен ортақтығы, ал фонетикалық өзгеріске түскен тілдер ретінде қыпшақ тобындағы тілдердегі көрінісі мысалдармен дəлелденген. Əр сөздің қазақ тіліндегі қолданысы жеке қарастырылып, жалпы түркі тілдеріндегі ортақтықтары мен ерекшеліктері көне түркі тілінің жəне түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері негізінде сараланған.
2012

Мақалада көне түркі тіліндегі сөз тіркесінің қолданылу жайы сөз болды. Авторлар септік, тəуелдік, жіктік, көптік жалғауларының əр түрлі синтаксистік қатынасқа түсе отырып, сөз тіркесін тудыра алатындығына тоқталды. Сөйлемдегі сөздер орын тəртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысатындығы көне түркі тілінің фактілерімен дəлелденді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің байланысу түрлерінің ескерткіштердегі көрінісі тарихи-салыстырмалы əдіс арқылы жүзеге асырылды.
2013

Мақалада қазіргі түркі тілдеріндегі сын есімнің сипатын көрсетуде көне жазбалар тіліндегі сын есімнің көрінісі сараланып, аталған мұралардағы сындық мағынаны білдіретін сөздерге, сын есімнің жұрнақтарына сипаттама берілді. Сын есімнің қазіргі түркі тілдеріндегі сипатын ашуда жеке тілдерге тəн ерекшеліктер, көне түркі тілімен салыстырғандағы сабақтастық, қазіргі түркі тілдеріндегі ортақтықтар көрсетілген. Мақала авторлары бұл тұрғыдан көне түркілік сын есім жұрнақтарының түркі тілдерінде əр түрлі орнығуы, кейбір тілдің сын есім жасаудағы ерекше формаларының болуы сияқты нақты-нақты ерекшеліктерді дəлелді мысалдармен көрсеткен. Мысалдар көне жазбалардан, ал қазіргі түркі тілдеріндегі сипатын беруде қыпшақ, қарлұқ, бұлғар, оғыз, ұйғыр-оғыз, қырғыз-қыпшақ тілдерінің мысалдары пайдаланылған.
2014

Мақалада көне түркі тіліндегі сөйлем мүшелерінің көрінісі сөз болды. Түркі тілдеріндегі сөйлемнің құрылымдық заңдылықтарын анықтап, жекелеген түркі тілдеріндегі сөйлем құрылысының, мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастық жақтарын ажырата білуде Орхон-Енисей ескерткіштері тілінің маңызы зор. Осы жазбалар материалы негізінен байқалғандай, қазіргі қазақ тіліндегідей, көне түркі тілінде де сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып бөлінгендігі, олардың сөз таптарына қатысы салыстырыла қарастырылды.
2014

Мақалада қазіргі түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың сипатына тарихи-салыстырмалы талдау жасалған. Түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың өзіне тəн ерекшеліктері қарастырылып, мысалдармен дəлелденген. Түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың сипатын көрсетуде зерттеушілер еңбектері арқылы қыпшақ, оғыз, қарлұқ, бұлғар, ұйғыр-оғыз тобындағы тілдердегі дамуы мен қалыптасуы, жеке тілдерге қатысты өзгешеліктері қарастырылған. Түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын, ортақтықтарын көрсету барысында көне жазба ескерткіштері материалдарымен байланыста талдау жасалған, түркі тілдерінің тарихи грамматикасына қатысты мəліметтер келтірілген.
2015

Қазақ тілінің сөздік қорында тарихи даму барысында өзгерген қыры, сыры мол көп сөздер орын алған. Соның себебінде оның мағыналарын, түп-төркінін білу қиындық тудырады. Мақалада тілімізде қос сөздердің, сондай-ақ фразеологизмдердің құрамындағы мағынасы күңгірт, түсініксіз сөздердің мəні қарастырылды. Авторлар олардың о баста қай тілде, қандай мағынада қолданылғандығын, сөздердің бастапқы морфемалық құрамы мен семантикасын айқындады. Ол сөздердің көне түркі немесе басқа түркі тілдеріндегі қолданыстары мен мағыналық ерекшеліктері талданды. Қазақ тілінің сөздік қорының даму тарихы тіл дамуының түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратындығын дəлелдеді.т
2016

Мақалада ежелгі түркі бітіктас жырларындағы поэтикалық сөз өнерінің болмысын зерттеу басты нысан етіп алынған. Авторлар жыр мəтіндеріндегі лексикалық бірліктер мен сөз құбылту амалдарының əдеби көркем əлем жасаудағы көрінісін, поэтикалық қызметін тілге тиек етті. Сол арқылы ежелгі түркі бітіктас жырларындағы сөз өнерінің көркемдік сипатын, поэтикалық ой мен сезімнің дəл де образды түрде берілуіне салыстырмалық тұрғыда талдаулар жасады. Сонымен қатар олар көне түркі жазба ескерткіштерін қазіргі таңдағы жаңа ғылыми бағытта зерттеп, əдеби-теориялық тұрғыдағы мəтінтану саласындағы лексикалық бірліктер мен образдылықты нақты берген.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.