Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тіл дыбыстарының стилистикалық қызметі

Функционалды стильдерді жіктеу сөйлеудің ауызша жəне жазбаша формаларымен тығыз байла- нысты. Функционалды стильдер мен сөйлеу формалары — бір-бірімен тығыз байланысты, ұштасып жатқан, алайда əр түрлі ұғымдар. Расында да, функционалды стильдер мен сөйлеу формалары ара- сында жақын ұқсастықтар бар: бірінші, екеуі де қатынас саласына тəуелді болғандықтан, стилистикалық категориялар болып табылады; екінші, стильдер мен сөйлеу формалары араласып жа- тады: стильдің басым бөлігі жазбаша формада берілсе, ауызекі сөйлеу стилі — ауызша формада беріледі. Алайда функционалды стильдер мен сөйлеу формалары басқа да əр түрлі негіздерге сүйеніп айқындалады: ең алдымен, ол қоғамдық қызметтің түрі мен таным формасы, содан кейін, сөйлеу актісінің жағдайы.

Сөйлеудің ауызша формасы жазбаша формасынан екі негізгі өлшеммен ажыратылады. Бірінші ерекшелік — қатынастың материалдық құралдарында. Ауызша сөйлеу — үнді, айтылатын сөйлеу, ол дыбыстар арқылы жүзеге асырылады; жазбаша сөйлеу — жазылатын, ғаріппен бекітілген форма, ол əріптер арқылы беріледі. Ауызша сөйлеуде интонация ерекше мəнге ие болады, сөйлем мағынасының құбылысы, оның тоналдылығы мен эмоционалдық бояуы интонацияға бағынышты болады. Бір фразаның интонация арқылы қарама-қарсы екі мағына беруі мүмкін. Бұл туралы Бернард Шоу өзінің таңдамалы пьесаларына жазған алғы сөзінде тамаша айтқан: «Есть пятьдесят способов сказать слово «да» и пятьдесят способов сказать слово «нет», а для того, чтобы написать эти слова, есть только один способ».

Жазбаша сөйлеуде интонация тікелей көрінбейді. Ол сөйлемнің құрылымы, сөздердің орын тəртібі, тыныс белгілері, лексика арқылы беріледі, дегенмен, оны дəл түсіну əрдайым мүмкін бола бермейді де, ол жанды жəне мəнерлі сипатынан айрылады. Ауызша сөйлеуде интонация ой мен сезімнің нəзік реңктерін жеткізе алады: «Вся сложность, тонкость, все разнообразие чувств, внутрен- них переживаний, намерений и настроений имеет свое внешнее выражение в интонациях человече- ского голоса» [1].

Тіл білімінде мелодия (негізгі тонның қозғалысы), кідірістер (дыбысталу үзілістері), жекелеген сөздердің дыбысталу күштері (ерекше фразалары мен логикалық екпіні бар сөздер), сөйлеудің темпі мен тембрі арқылы жүзеге асырылатын күрделі тілдік-сөйлеу құбылысын интонация деп түсіндіреді. Интонация сөйлеу тіліне мəнерлегіштік жəне бейнелегіштік қасиет беріп, бейтарап сөздерді ауыспа- лы мағынадағы бейнелі сөздерге айналдырады. Лексикалық стилистикаға қарағанда фонетикалық стилистиканың негізгі ерекшелігі — стилистикалық реңктің басқа сөзбен емес, сол сөздің дыбысталу интонациясын өзгерту арқылы берілуінде. Ол сөз болатын зат не құбылысқа сөйлеушінің жағымды не жағымсыз көзқарасын білдірудің таптырмас құралы болып саналады. Сөйлеу тілінің эмоционалдық қасиеті басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жиі қолданылады. Төмендегі екі сөйлемнің мағыналық ерекшеліктерін салыстырып көрелік:

  • Туу, ит-ай.......Сонша ұмытпай жүр бəрін (С.Сейфуллин)
  • Алда көргенсіз ит-ай. Нəрестедей жаныма аузы қалай барды екен. Тұра тұр, бəлем, ит аяқтан сары су ішкізермін (Ғ.Мұстафин). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің 4-томында ит сөзінің ауыспалы мағынада оңбаған, жауыз, надан, топас мағыналарды білдіретіні көрсетілнен [ҚТТС, 4-т., 471-б.]. Жалпы тілдік қолданыста ит сөзі жағымсыз бағалауыштықты білдіреді, əдетте, нашар, өзіне ұнамаған, мінезі шəлкес адамдарды итке теңейді (екінші сөйлемдегі мағына), ал бірінші сөйлемде айтушы интонация арқылы ит сөзінің бойына барынша жағымды бағалауыштық реңк қосып отыр. Оның бойынан ырзалықты, сүйіспеншілікті, ерекше ілтипатты көреміз. Осылайша интонация бір сөздің бойына екі түрлі мағына, екі түрлі стилистикалық бояу жамап отыр.

Ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеуден екінші айырмашылығы қабылдаудың түрлі мүмкіндіктеріне байланысты көрінеді. Жазбаша мəтінді түсіну үшін оны бірнеше мəрте оқып шығуға болады, ал ауызша мəтін айтылу барысында бірден қабылданылуы тиіс. Бұл — ауызша сөйлеудің заңы. Тіпті, кейін қайта тыңдау үшін магнитофон таспасына жазып алу да бұл заңды жоя алмайды.

Ауызша сөйлеудің қолданылу аясы өте кең. Ол тек тұрмыстық қатынаспен шектелмейді, үгіт- насихаттық (ақпараттар, сұхбаттар, лекциялар жəне т.б.), ресми-өндірістік (нұсқаулар, тапсырмалар, мəлімдемелер, есептер, міндеттемелер т.б.), қоғамдық (есептік мəліметтер, жарыссөздер т.б.), ғылым (баяндамалар, сөз сөйлеулер), оқу (лекциялар, түсіндірулер, жауаптар т.б.), театр мен эстрада (спек- такльдер, оқулар), мəдени-танымдық жəне ойын-сауықтық салаларда да жиі қолданылады. Ауызша сөйлеу формасы, əсіресе радио мен теледидарда жан-жақты көрінеді. Бұлар ауызша сөйлеудің қолданылу аясына емес, одан жоғары тұратын категория, өйткені олар жоғарыда аталған салалардың көпшілігін бірден қамтиды. Радио мен телевидениенің арқасында: «...не только перегнала письмен- ную по возможностям фактического распространения, но и приобрела перед ней преимущество — моментальность передачи информации...» [2].

Тіл дыбыстарының стилистикалық ресурстарын қарастыруды үш бағытта жүргізуге болады: 1)дыбыстау стилі; 2) дыбыстардың стилистикалық қызметі; 3) дыбыстық символизм, немесе дыбыстың поэтикалық қызметі. Сондай-ақ Л.Г.Барлас дыбыстаудың үш негізгі стилін де көрсетеді: жоғары, бейтараптық, ауызекі сөйлеу [3]. Бұл функционалды-сөйлеу тұрғысынан емес, тілдің фонетикалық парадигматикасына байланысты тілдік жіктеу болып табылады. Сахна тілі бұл стиль- дерге қарағанда ерекше, өйткені театр дыбыстау нормаларына қатаң қарайды, тарихи қалыптасқан нормаларды бекем ұстайды жəне сөйлеушілердің тікелей қоғамдық практикасында дыбыстаудың біртіндеп қалыптасатын жаңалықтарын қабылдамайды. Р.И.Аванесов бейтараптық стильді екі түрге бөлгенді дұрыс санайды: қатаң, бұл — толық нормаланған стиль жəне жартылай нормаланған еркін стиль [4].

Көркем əдебиетте ерекше стильдік бояуға ие болатын тілдік бірліктердің бірі — дыбыстар. Əдеби шығармада дыбыстар қайталанып келуі арқылы түрлі стилистикалық бояулар, эмоционалды- экспрессивтік реңктер, бағалауыштық мəндер жасауда жиі қолданылады.

Дыбыстық қайталамалардың өнімді қолданылатын жері — поэзиялық шығармалар. Қарасөз шеберлеріне қарағанда ақындар өз шығармаларында дыбыстың көркемдік мүмкіншілігін барынша пайдаланады. Əдетте поэтикалық мəтіндегі дыбыстар стильдік қызмет атқарып, көркемдегіш құралға айналуы үшін олар белгілі дəрежеде қайталанып қолданылуы шарт. Дыбыстың қайталануы сөзге əсерін тигізіп, соның нəтижесінде олардың арасында тығыз байланыс орнайды. Дыбыстық қайталаманың негізгі стильдік мақсаты мəтіннің жағымды естілуімен ғана шектелмейді. Поэтикалық мəтіннің ұқсас дыбыстар арқылы берілуі оның эмоционалды бояуын əрлендіріп, өлең өрімінің мəнерлілігін де арттыру қызметін атқарады.

Дыбыстық қайталамаларды қарастырған еңбектердің басым көпшілігі оларды поэзиялық шығармалар тіліне тəн тəсіл ретінде алады. Алайда дыбыстардың қайталануы көркем прозада да, публицистикада да бар. Əрине, олардың қолданылу жиілігін өлең өрімімен салыстыруға болмайды. Дыбыстық қайталаманың озық үлгілерін қазақ ертегілерінен, шешендік сөздерден, мақал- мəтелдерден, қазіргі қазақ прозасының аға буын өкілдері М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, Ə.Кекілбаев, М.Мағауин, Ə.Тарази, Д.Исабеков, О.Бөкей жəне т.б. жазушылардың шығармаларынан көптеп кездестіре аламыз. Мұның өзі дыбыстық қайталаманың жанрлық сипатының шектеусіз екендігін жəне олардың қазақ қара сөзінде де толық орныққан тəсіл екендігін растайды.

Тіл білімінде дыбыстық қайталамалар ассонанс, аллитерация, дыбыстық анафора, ұйқас, ырғақ, консонанс, ішкі ұйқас сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді де, көркем шығармаларда, əсіресе поэзияда жиі қолданылады. Енді солардың бір-екеуіне тоқтала кетсек. Дыбыстық қайталамалардың көпшілікке танымал түрі — аллитерация мен ассонанс. Аллитерация өлең жолдарының бірдей дауыссыз дыбы- стармен қайталанып басталуы болса, ассонанс — бірыңғай дауысты дыбыстармен қайталанып баста- луы. Өлең ырғақ арқылы жасалып, аллитерация мен ассонанс арқылы əшекейленіп, бейнелі түрге енеді. Өлеңнің музыкалық шығармадай құлаққа жағымды естілуі оның мəтіндегі дыбыстық қайталаманың осы түрлерімен тығыз байланысты.

Аллитерация мен ассонанс дыбыстық қайталамалардың басқа да түрлері секілді поэзиялық мəтіндерде еркін қолданылып, осы жанрдағы көркемдік əдіс ретінде кеңінен таралған. Олар тұрмыс- салт жырларында, батырлар жырында, ХV–ХVІІ ғасыр ақын-жырауларының поэзиясында, одан кейінгі дəуірдегі ақындардың өлеңдерінде, əсіресе Абай мен оның дəстүрін жалғастырушы ақындар шығармаларында кеңінен қолданыс тапқан. Мысалы:

Самородный сары алтын,

Саудасыз берсең алмайды,

Саудыраған жезіне.

Саудырсыз сары қамқаны,

Садаға кеткір сұрайды,

Самарқанның бөзіне.

Кеселді түйін шешілсе

Кердең мойын кесілсе,

Келмей кетпес кезіне (Абай).

 Немесе

Қара басқан, қаңғыған,

Қас надан нені ұға алсын?

Көкірегінде оты бар

Құлағын ойлы ер салсын (Абай).

 Атаны бала аңдиды, ағаны — іні,

Ит қорлық немене екен сүйткен күні?

Арын сатқан мал үшін антұрғанның

Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.

Алыс, жақын қазақтың бəрі қаңғып,

Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып (Абай).

Кейбір өлең шумақтарында дауысты немесе дауыссыз дыбыстар тіркес күйінде абсолют пози- цияда қайталанып келетін кезі болады. Бұл қолданысты дыбыстық анафора деп атайды [5].

Дыбыстық анафораның озық үлгілерін Абай өлеңдерінен молынан кездестіруге болады. Мысалы:

Сені жақсы көрмесе,

Сенер ме еді сөзіңе? (Абай).

 Ақ тамақ, қызыл жүз Қарағым,

бетіңді аш! Қара көз, имек қас,

Қараса жан тоймас (Абай).

 Жайнаған туың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай,

Жасаулы жаудан бұрылмай,

Жау жүрек жомарт құбылмай,

Жақсы өмірің бұзылмай,

Жас қуатың тозылмай,

Жалын жүрек суынбай,

Жан біткеннен түңілмей,

Жағалай жайлау дəулетің –

Жасыл шөбі қуармай,

Жарқырап жатқан өзенің –

Жайдақ тартып суалмай,

Жайдары жүзің жабылмай,

Жайдақтап қашып сабылмай,

Жан біткенге жалынбай,

Жақсы өліпсің, япырмай (Абай).

Бұл өлең жолдарында сен-, қара-, жа- дыбыстар тіркесімін түрлі стильдік бояулармен шебер қиюластырылған.

Дыбыстық эпифора — сөйлемнің əсерлілігін күшейту үшін белгілі бір сөз, сөз тіркесі жол (тармақ) аяғында қайталанады. Мысалы:

Мұнар да, мұнар, мұнар күн

Бұлттан шыққан шұбар күн.

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атанға шөккен күн.

Бұлықсып жүрген ерлерден

Бұрынғы бақыт тайған күн, —

деген өлең жолдарында Махамбет қайталаудың анафора мен эпифора түрлерін бір-бірімен шебер қиюластырып, айтар ойына оқырман (тыңдарман) көңілін еріксіз аудартып тұр.

Поэтикалық мəтінде ұқсас дыбыстардың бірдей позицияда қайталанып берілуі олардың семантизациялануына себепші болады. Оны фоностилистикада паронимиялық аттракция деп атай- ды. Паронимиялық аттракция — дауыссыз дыбыстардың позициялық қайталануы. Екінші сөзбен ай- тар болсақ, паронимиялық аттракция — параллелизмнің фонетикалық деңгейдегі көрінісі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Топорков В. О слове // Советское искусство. — 1952. — 30 янв. — С.
  2. Костомаров В.Г. Насущные задачи учения о культуре речи // Русский язык в школе. — 1965. — № 4. — С. 5–8.
  3. Барлас Л.Г. Русский язык. Стилистика. — М.: Просвещение, 1978. — С.
  4. Аванесов Р.И. Русское литературное произношение. — М., 1972. — С.
  5. Бүркітов О. Қазақ тіліндегі қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесі: Филол. ғыл. д-ры... дис. автореф. — Ал- маты, 2002. — 17-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.