Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Эстетикалық тәрбие мен халық дәстүрінің сабақтастығы

Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты - әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, шығармашыл, эстетикалық талғамы биік, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп қалыптастыру. Бұл - мектеп, отбасы, қоғамдастық, ең алдымен оқушының бірлескен әрекетінің арқасында ғана өз нәтижесін береді.

Адамның эстетикалық мәдениеті – оның жалпы мәдениетінің жарқын бір көрсеткіші. Бұл – туған, өскен ортаға, табиғат құбылыстарына, алған білімге, тәлім-тәрбиеге, қоғамда атқаратын қызметке, тұрмыс жағдайында және тағы басқа толып жатқан себеп, факторға байланысты қалыптасады.

Ұлы сыншы В.Г. Белинский былай деп жазған: «Әсемдікті сезіну – адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл- парасат болуы мүмкін..., тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбандық ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, оның бар ауыртпалығына белі қайыспайды».

Есімі әлемге әйгілі, екінші Аристотель атанған Әл-Фараби өзінің ғылыми еңбектерінде «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, оның барлығы апат әкеледі» десе, ұлы Абай кезінде «Атаның баласы болма, адамның баласы бол! Әкенің баласы – дұшпаның, адамның баласы – бауырың» деген еді.

Ұлы Абай балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін жоғары бағалаған. Ол эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне халықтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздері мен салт- дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы балалар мен жеткіншектердің болмысқа деген эстетикалық көзқарасының, талғамының, сезімінің қалыптасуына ықпал етті.

Абай «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген оймен балаларды өз халқының өнерін меңгеріп қана қоймай, басқа халықтардың да өнер-білімін, ғылымы мен тілін үйренуге шақырады. Әрбір халықтың «тілін меңгерген, өнерін білген кісі онымен бірдейлік» пікір таластыра алады, оған жалынышты болмайды, өзінің тұрақты көзқарасы, ой-пікірі болады, әрбір халықтың өнеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажырата біледі деп өз пікірін «Жиырма бесінші сөзінде» одан әрі жалғастыра түседі. Сөйтіп, ғылым мен өнердің мазмұнын, қажеттілігін талдап түсіндіре отырып, оған балаларды тартып, қызықтыруға, «барыңды салсаң да... балаң бала болсын десең – оқыт», «көкірек – көзі ашылады» деп, ғылым мен өнердің бала болашағы үшін қажет екендігіне ата-аналардың көзін жеткізуге ұмтылады.

Балалар мен жастардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқанындай, оның өлеңдері туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамдардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген.

Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі ғұлама ағартушы идеясының, ой-пікірі мен ақыл-өсиетінің өміршеңдігін, жаңашылдығын көрсетеді. Олар әсіресе бүгінгі таңда, қоғамның жаңаруы, демократиялануы үрдісінде, еліміздің егемендік алып, тарих қайта құралып жатқан кезде жеткіншек ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рөлін түсінуге тиіс.

Әсемдікті ұнататын табиғи сезім адам баласында туа пайда болғанымен, ол жүре келе дамиды. Оған әсер ететін факторлар көп жақты.Сондықтан да оның дамуы біреуде жоғары, біреуде төмен болуы адамның эстетикалық мәдениетінің қалыптасу дәрежесіне де әр түрлі септігін тигізеді. Әсемдіктің адамға тигізер әсері туралы Н.Г.Чернышевский былай дейді: «Әсемдіктің адамға ететін әсері – ол бейне бір сүйкімді кісінің қасында отырғанда бөлінетін жарқын қуаныш сезіміне барабар. Әсемдік атаулыны есепсіз жанымыз сүйеді, біз оған сүйсінеміз, ең жақын адамымызды көргендей рахаттанамыз».

Тәрбиенің қай саласы да негізінен балаларға, жас өспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады. Жастарға эстетикалық тәрбие беруді халқымыздың дәстүрлерімен сабақтастыра жүргізе білу бүгінгі күн талабы. Осы орайда «Эстетикалық тәрбиенің мақсат-міндеттері қандай?», «Сабақтастық дегеніміз не?» деген сұрақ туады.

Эстетикалық тәрбие – бұл өнер шығармалары және шынайы құбылыстарды эстетикалық түйсіну қабілетінің, сонымен бірге өмір жолындағы өз шығармашылық қабілетін арттырудың мақсат-бағдары, даму жолы.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – оқушының бойында көркем- эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіре білу.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

  • Әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік-құлықтылығына игі әсер ету;
  • Халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқи отыра, халықтық дәстүрлердің қыр-сырын түсінуге, табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс- әрекетінің әдемілігін бағалай білуді үйрету.
  • Әдеби шығармалар, өнер құралдары арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
  • Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
  • Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
  • Қоғамдағы, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу және оларда байқай білу қабілетін дамыту;

Ал, сабақтастық дегеніміз – білім беруде оқу пәнінің әр түрлі бөлімдері арасында қажет байланыстарды белгілеу, оқытудың әр түрлі кезеңдерінде сол байланыстардың қатынасын дұрыс орнату болып табылады. Сабақтастық ұғымы оқушылардың білімі мен икеміне қойылатын талаптарды, оқыту әдістері мен тәсілдерін, жаңа оқу материалдарын түсіндіру мен оны толық меңгеруге жүргізілетін жұмыстарды да қамтиды. Сонымен оқытуда сабақтастық орын алу үшін ғылымның мазмұндық көлемі, баяндау логикасы, орналасу жүйесінің жас ерекшелікке сәйкестігі айқындалуы керек.

Оқытуда сабақтастық талаптарын ескеру білімді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан беріп, оның өмірдегі әсерін кеңейтеді.

Білім берудегі сабақтастықтың осы қағидаларын тәрбиелеу ісінде қалай қолданамыз? Ол үшін, ең алдымен, адамның білімі, ақыл-парасаты оның мінез-құлқының, тәрбиесінің қалыптасуына өз үлесін қосатынын ескеріп білім беру мен тәрбиелеуді ұштастыра жүргізу қажет.

Бастауыш сынып оқушыларымен эстетикалық тәрбиені халқымыздың озат дәстүрлерін ескере отырып жүргізу бастауыш сынып мұғалімдерінің мәртебелі міндеті.

Өйткені, балалық сезім - саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмір негізін қалауда қандай да берік, сенімді тірек қажет болатыны түсінікті. Демек, бала эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін, тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау керек.

Бұл туралы белгілі мүсінші С.Г. Коненков: «Бала күндегі эсер кімнің де болса келешегіне көп себін тигізеді... Бала шағыңда алған әсерің, сол сияқты ғылым жолындағы кезеңдерің мәнді өміріңнің негізі және де осы мөлдір таза да жарқын күндердегі есіңде қалғандар - өміріңде ұмытылмайтын естеліктеріңді сақтайтын қойма ролін атқарады» - дейді. Сондықтан әр оқушының өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалап үйренуге талпынуы сол баланың бүкіл жан-дүниесіне эсер етеді. Дегенмен адамның көркемөнерге деген қабілетінің дамуы, қабілетінің шығармашылықпен ұштасуы, оның бала кезінен тэрбиенің осы түрлерімен қамтылуына жэне эр оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тэрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.

Эстетикалық тэрбиені жасөспірім балалармен, олардың ата- аналарымен бірге бастауыш сынып мұғалімдері де жүргізеді. Сондықтан да бастауыш сынып оқушылары эстетикалық тэрбиені кітап оқу, музыка тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино арқылы, көркемөнерге тарту арқылы, т. с. с. басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тэсілдерін де меңгеруі керек.

Қазақ халқы ұрпақ тэрбиесіне ана құрсағында жатқаннан-ақ қамқорлық жасап, бесікке салу, шілдехана, ат қою, қырқынан шығару т.б. толып жатқан өмір кезеңдерін тойлап, өлеңмен жырмен өрнектеген. Сұлулыққа жаны үйір халқымыз ғасырлар бойы жас ұрпақтың сымбаты, келбеті мен мінезіне, ақылына, өнегесі мен өнеріне дэстүрлі талғам қалыптастырған. Эстетикалық тэрбиенің қалыптасуына отбасының алатын орны ерекше. Ата-аналар баланың эрбір іс-эрекетіне, көңіл күйіне, көзқарасына терең үңіліп қарау, келешекте олардың өз орнын, теңін тауып, отбасының тірегі болуға тэрбиелеген. Әсіресе қыз баланы ибалы тэртіпті етіп тэрбиелеу отбасының нысанасы болған. Эстетикалық жэне этикалық тэрбиенің маңызы жаман эдетті тыю, сыпайылық, эдепсіздік жасамау, қонақ күту эдебі дастархан басындағы эдепсіздікті тыюға баулиды. Ырым мен тыйым сөздердің эстетикалық тэрбиеге беретін мэні өте зор.

Жалпы эстетикалық тэрбие - ата-аналармен бірге ұстаздар қауымына ортақ болғандықтан, негізгі мақсаты - балалардың бойына адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін дарыту. Өнегелі отбасынан нэр алған баланың болашағы жарқын эстетикалық тэрбиенібойына жақсы сіңірген жас ұрпақ өмірдің қыр-сырын білуге тырыса отырып, әдепті азамат болып қалыптасады, тән мен жан сұлулығының сезімдерін дұрыс түсіне біледі.

Егер ойланып көрсек, музыкасыз, әнсіз ешбір үй жоқ десе де болады. Бірақ онда өсіп келе жатқан балалар қандай музыка тыңдайды, қалай әндетіп, би билейді? Осыларды анықтау, бала сезімін дөп баса білу - аса қиын да күрделі үрдіс.

Эстетикалық таным бір күнде пайда бола қалатын, өздігінен туындайтын нәрсе емес, ол мысқалдап жиналатын адам бойындағы асыл қасиеттерді аялап тәрбиелеу негізінде қалыптасады. Соның нәтижесінде адам бойындағы кейбір касиеттерді сонау арыдан, ата-бабадан тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра деуге де болады. Мысалы, жасы үлкен адамды сыйлау, қарияның әлеуметтік орнын коғамдық иерархияның ең басына қою - ұлттық этиканың мақтанышы. Бұл жағдайда жасы үлкен адам моральдық адамгершілік қасиеттердің иесі ретінде саналады.

Эстетикалық тәрбиені мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-аналар оқу үрдісінде, оқудан тыс іс-әрекеттерде, отбасында белгілі бір жүйеде жүргізіп отырады. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің біріккен іс-әрекеті нәтижесінде эстетикалық мәдениеті қалыптасады. Эстетикалық тәрбиенің сипаты өзгеше - ол тек адамгершілік, еңбек, ақыл-ой, дене дамуымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асып, оқушылардың қоршаған дүниеге деген сезімін оятады.

Халықтың этикалық дәстүрлері ұлтымыздың қағазға түспеген өмір заңы. Жасы үлкенге инабаттылық, құрмет, сый көрсету - жас адамды нұрландыра, сұлуландыра түсетін қасиет, сирек кездесетін қазына. Мәдениетті адамның көңілінің түбіне түйген мейірім нұрын шашпай тұрмайды. Сонымен бірге эстетикалық тәрбие, өнеге, тәрбиенің барлық саласымен тығыз байланысты. Ол өмір бойы қалыптасып, дамып отырады.

Өзге халықта жоқ, тек қазақ халқына ғана тән ерекшеліктерді көрсететін көзі - тірі халық тарихы. Бұл ерекшелік ұлтымыздың салт- дәстүрін дәріптеуші, алға таратушы үлкен-кішіге ой салмай, жүрегінен орын алмай қоймайды.

Ғасырлар бойы қазақ халқының санасында белгілі бір ұғым, наным, әдет-ғұрып қалыптасқан. Жер мен суға, отқа, көкке табыну, ырым, тыйым, тасаттық беру, көкке жалбарыну. Бұл жерде халқымыздың туған табиғаттың құдіретін ғана түсініп қоймай, оның сұлулығын сезінгендігін аңғарамыз. Қазақ халқы табиғатқа табына отырып, оны аялай білген. Халқымыз табиғатты өздерінің өмірін қорғаушы ретінде ардақтағанына күмән келтіруге болмайды

Эстетикалық тәрбие - адамгершілік тәрбиесінің ең маңызды саласы. Оны тәлім-тәрбиенің басқа түрлерімен байланыстыра, мейлінше шебер жүргізу - бастауыш сынып мұғалімдерінің үлесіндегі міндеті. Мысалы, балаларды еңбекке баулимыз. Еңбекке тәрбиелеу үрдісінде мәселенің эстетикалық жағына, оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына жетемән беруіміз керек. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмысқа ұмтылушылығы мектепке келген алғаш күндерінен-ақ байқалады. Олар сахнада ойнауға, айтуға бейімделген еркін сюжетті қысқа әдеби көркем шығармалардың кейіпкері болуға әуестенеді. Бір сөзбен айтқанда, бастауыш сынып балаларының әлі келетін шығармашылық жұмыстардың түрлері көп-ақ. Осыларды ескере отырып, бастауыш сынып мұғалімдері өте ыждағаттықпен әр оқушыға үлкен сеніммен, сүйіспеншілікпен қарап, баланың шығармашылық қабілетін дамытып, оның эстетикалық сезімінің өскенінің куәсі болуы керек.

Әсемдікті түсіне білу ешқашан да кеш болмайды. Асқан сұлулыққа жол ашатын жақсы талғамды тәрбиелеу үшін, бастауыш сынып мұғалімі өз бетінше үнемі еңбек етуі, ізденуі керек. Өзіне-өзі эстетикалық тәрбие берумен шындап шұғылданған мұғалім болашақта аса зор құрметке ие болады. Өйткені, адам әсемдікті ұғынумен бірге бірте-бірте өзінің рухани бейнесін де қайта жасайды. Оның санасы мен сезімі тереңдеп, байи түседі, жүрегі қайырымды бола бастайды. Сондықтан ондай адамға өмір де жарқын, қызғылықты, бақытты болады.

Аға ұрпақтан орта буынға, одан жас өспірім балаларға сабақтаса жалғасып келе жатқан эстетикалық тәрбиенің мәртебелі мерейлі мақсаты да осы бағытқа жетелеу, жеткізу.

Халық шығармашылығының «қай түрінде де табиғат құбылысының әсері болатыны анық. Халық табиғаттың әсем құбылыстарын жырға, күйге, ою-өрнекке түсіргенде, алдымен кәсіптік қажеттілігін ойластырып, сәнділік, жарастық әсемдік жағын да қарастырған. Әсемдік адам тұрмысына қажетті құбылыс болумен қабат, асқақ әсем сезім туғызатын, рухани күш екендігі анық».

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие үрдісінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:

Ана тілі – мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.

Музыка – сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.

География (дүниетану) – оқушылардың эстетикалық дүниетанымын дамытады.

Бейнелеу өнері – кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.

Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.

Эстетикалық тәрбие берудің жаңа мазмұны оқушы бойындағы мынадай мүмкіндіктердің дамуын қарастырады: қоршаған ортадан саналы әсер алу, әдемілікке деген байқампаздық көзқарасын, осы салада оларға білім беріп, тәжірибелік мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.

Эстетикалық тәрбие – көркем шығармашылық қызметтің әрбір қырын меңгертетін күрделі үрдіс. Оның тұжырымы төмендегідей:

А) қабылдау, сезіну, түйсіну, өнер мен өмірдің сұлулығын түсіну, мүмкіндіктер мен бейімділіктерін, ұмтылысын тәрбиелеу;

Ә) өз ойынан сұлулық, әдемі әлем ойлап табуға, оны өмірінің бірліктерге енгізуге ұмтылдырып тәрбиелеу;

Б) көркем-шығармашылық жұмысқа араластыру және көркем- шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Қорыта келе, бастауыш мектепте балалардың негізі әрекеттерінің ішінде жоспарлы, жүйелі, мақсатты жүргізілсе, олардың қоршаған ортаға, табиғатқа, адамдарға т.б. эстетикалық талғамы, көзқарасы, қызығушылығы дамып, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттері қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушыларына ақпараттық білімділік ресурс технологиясын пайдаланудың келелі мәселелері

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.