Экономика

Мақалада қаржылық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайына баға берілген. Мемлекеттік қаржыларды басқаруда мəселелер анықталды. Мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне, сыртқы қарыз бен ұлттық валюталық резервке салыстырмалы талдау жүргізілді. Ерекше мəн қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаржы секторын тұрақтандыру қадамдарына бөлінді.
2016
Қазақстан Республикасының қаржылық қауіпсіздікті   қамтамасыз ету факторы ретінде мемлекеттік қаржыларды басқару

Мақалада отандық жоғары мектептің ағымдық дамуының мониторинг нəтижелері келтірілген, оның негізгі элементтерінің кезеңдік трансформациясы қарастырылған. Зерттеу үрдісінде сипаттау жəне салыстырмалы талдаулары, оның себептері, тарихи, функционалдық жəне жүйелік келісімділіктері пайдаланылды. Бұл мақала деректерін сараптамалық мақсаттарда пайдалануға болады. Жұмыс негізгі статистикалық деректерді тапсыру Қазақстандағы жоғары білім беруді дамыту мен ағымдағы жағдайын туралы толық талдау болып табылады. Жоғары білім беру жүйесіне енгізілген жаңалықтардың барлығы тек əлемдік білім беру кеңістігіне кіру үшін ғана еместігі сөзсіз. Бұл жаһанданудың əлемдік үрдісінің салдары болып табылады.
2016
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесіндегі білім беру қызметінің нарығы: даму мониторингі

Авторлар кəсіпорынды басқару ілімі мен тəжірибесінде пайдаланатын экономикалық талдау түрлеріне айрықша көңіл бөлген. Мақалада қаржылық жəне басқарушылық талдаудың өзара əсерлесу тұстары қарастырылған. Қаржылық талдау тəжирибесінде қолданылатын негізгі тəсілдер суреттелген. «Кəсіпорынның қаржылық жағдайы» ұғымына анықтама берілген жəне ұйымның қаржылық жағдайын талдау мəні пайымдалған. Кəсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты жəне негізгі міндеттері ашылып көрсетілген.
2016
Есеп берудің халықаралық стандарттарына сəйкес кəсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ғылыми-əдістемелік негіздері

Авторлар дамыған мемлекеттердегі мемлекеттік басқару ерекшеліктерін қарастырған. Мемлекеттік органдардағы басқару тиімділігінің негізгі түрлері көрсетілген. Мемлекеттік шығындардың тиімділігін басқарудың құралы ретінде бюджеттеудің тəжірибесіне жетілдіру бойынша көп көңіл бөлінген. Мемлекеттік басшылықтың жұмысын жетілдіру əдістері ұсынылған: бенчмаркинг, реинжиниринг, жобаларды басқару, стратегиялық басқару, ұйымдастырушылық даму.
2016
Мемлекетті басқарудағы тиімділікті басқару механизмін жүзеге асырудың шетелдік тəжірибесі

Мақалада мемлекеттік басқарудың жаңа сипаты қалыптасқан заманауи үрдістер жағдайында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру сұрақтары қарастырылды. Мемлекеттік қызмет жүйесін тиісті нəтижелі, ашық жəне тиімді ұйымдастырудағы мемлекеттік қызметшілер корпусының ұтымды жабдықталуының рөлі анықталды. Мемлекеттік қызметті білікті, құзыретті жəне кəсіби мамандармен қамтамасыз етудің кəсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы сипаты зерттеліп, мемлекеттік қызметшілердің бəсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы ретінде кəсібилік мəселесі ерекшеленді. Қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне байланысты мемлекеттік қызметшілердің кəсібилігіне қойылатын талаптардың да өзгеру тұрпаты мен қазіргі кездегі қалыптасқан ағымдардың ерекшеліктері сипатталды. Мемлекеттік қызметшілердің кəсібилігі мен құзыреттілігіне қатысты институттық реформалардың негізіндегі тың өзгерістер мен жаңалықтарға зерттемелік талдау жасалды.
2016
Кəсібилік мемлекеттік қызметшілердің бəсекеге қабілеттілігінің маңызды заманауи факторы ретінде

Мақалада экономика үшін инновацияның алатын орны мен аймақтың дамуына əсері анықталған. «Əлеует» ұғымының теориялық мəні ашылған. Қазақстан экономикасында əр аймақ өзіндік ерекшеліктер тəн, сондықтан инновациялық əлеуетті бағалау үшін негізгі көрсеткіштер жиынтығы қарастырылған. Аймақтар ғылыми жəне техникалық əлеуеті бойынша талданған. Елдегі негізгі қорлардың тозуы болғанымен, жаңаруы қарқынды түрде өсіп келе жатқаның байқауымызға болады. Қазақстан аймақтары əлеуетінің жағдайына қарай төрт топқа бөлінген. Аймақтардың инновациялық əлеуеті бағаланып, елдің басты мəселелері мен алда тұрған міндеттері анықталған.
2016
Қазақстан аймақтарының инновациялық əлеуетін бағалау

 Авторлар ішкі сауданың макроэкономикалық көрсеткіштеріне, сауда инфрақұрылымына, сауда бизнесі мен ішкі сауданың өзге де мəселелеріне ерекше назар аударған, сондай-ақ өңірлер арасында бөлшек сауда тұрғысынан олардың алатын орындары сараланған. Мақала қорытындысында олар мемлекет деңгейінде сауда бойынша жасалатын бірқатар қадамдар мен іс-шараларды ұсынды. Олардың қатарында 2016–2019 жж. бөлшек саудаға мемлекеттік қолдау көрсетудің қаржылық шараларын енгізу, банкілердің/ Даму банкінің жаңа сауда нысандарын салу мақсатындағы несиелеріне 50 % дейін жартылай кепілдік беру, бөлшек сауда желілерінің франшизасын сатып алуға жəне пайдалануға бағытталған бір мəртелік жəне ұдайы төлемдерінің 50 % субсидиялау, ақысыз пайдалануға немесе ұзақ мерзімге жалға беру мақсатында мемлекеттік резервтен жер телімдерін бөлу жəне басқалары бар.
2016
Қазақстан ішкі саудасының жай-күйі жəне оның заманауи үдерістері

Мақалада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары, нысандары мен əдістері қарастырылған. Интеграциялық үдерістерді кеңейту жəне тереңдету үшін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының əлеуеті бағаланған. Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы шығарылымы Қазақстанның түрлі аймақтары бойынша, шаруашылықтардың санаттары мен түрлері бойынша талданған. Қазіргі заманғы экономикалық құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдірудің негізгі бағыттары анықталған.
2016
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылығының əлеуметтік-экономикалық мəселелері

Мұнай-химия өндірісі мен Қазақстандағы терең өңдеуді қалыптастыру жəне дамыту мəселелерін зерттеу, қолданыстағы өндірісті кеңейту жəне жаңа мұнай-химия өндірісі құрылысы бойынша іс- шараларға негізделген. Қазақстандағы синтетикалық каучук, резеңке-техникалық бұйымдар мен шина өнiмдерiн өндіру келешегі талданған. Авторлар мұнай-химия тауарлық өнімдерін экспортқа шығару жəне өндіріс көлемінің болжамды көрсеткіштерін анықтап, Атырау облысының аймақтық даму стратегиясы шеңберінде «Атырау облысындағы ұлттық индустриялы мұнай-химиялық технопаркі» арнаулы экономикалық аймағын қалыптастыру міндеттерін мен оларды жүзеге асыру стратегиясын нақтыланған.
2016
Мұнай химиясы мен шикізаттарды терең өңдеу құрылымдарын Қазақстанда дамытудың мəселелері мен тиімділігі

Мақалада Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесінің қазіргі даму үрдістері оның қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің динамикасы арқылы көрсетілген. Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі өзара байланысты жəне ғылыми білімдер мен технологияларды ұлттық шекараның аумағында өндірумен жəне коммерциялық жүзеге асырумен айналысатын ұйымдар мен құрылымдардың жиынтығы ретінде сипатталып, инновациялық процесті дамытудың негізгі нəтижелері мен көрсеткіштері талданған. Бағаланған көрсеткіштердің ішінде елдегі инновациялық белсенділіктің қарқыны, инновациялық өнімді шығару қарқыны, ЖІӨ құрамындағы инновациялық өнім үлесінің қарқыны мен жалпы технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындардың қарқыны тəрізді басты көрсеткіштердің соңғы жылдардағы динамикасы келтірілген. Талдау нəтижесінде негізгі көрсеткіштердің оң даму үрдісіне қарамастан, олардың индустриалды-инновациялық даму талаптарына əлі де қанағаттандырмайтыны жəне осы бағыттағы мемлекеттік саясатты əлі де жетілдіру қажеттігі негізделген.
2016
Қазақстан Республикасы ұлттық инновациялық жүйесінің негізгі даму үрдістері мен көрсеткіштерін талдау

Мақалада мемлекеттің əлеуметтік саласының құрамдас бөлігі болып табылатын əлеуметтік инфрақұрылым дамуының теориялық негіздері зерттелген. Авторлар əлеуметтік инфрақұрылым қызметтерін топтастырған. Əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты дамуын қоғамның экономикалық заңдылықтарына, əлеуметтік үдерістерге жəне адам өмірінің нақты жағдайына орай қарастырған. Елдің əлеуметтік инфрақұрылымының тұрақты даму механизмінің теориялық-əдістемелік жəне əдістемелі-тəжірибелік негіздері ашылған. Сонымен қатар əлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бағыттары жəне оның тұрғындардың өмір сүру сапасын жетілдіруге əсері анықталған.
2016
Əлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты даму механизмдері

Мақалада нарықтық экономика жағдайындағы екінші деңгейлі банктердің халықты несиелендірудегі ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар екінші деңгейлі банктердің несие қоржыны құрылымын талдаған. Мақалада тұрғындарды несиелендіру түсінігінің жүйесі, оның элементтері мен құрылымдары, ұйымдастыру қағидаттары анықталған. Тұрғындарды несиелендірудің ұйымдастыру жүйесі мен банк қызметін ынталандырудың жетілдіру жолдары əзірленген. Тұрғындарды банктік несиелендірудің түрлері мен нысандарын жетілдірудің бағыттары көрсетілген.
2016
Тұрғындарды екінші деңгейлі банктердің несиелендіруінің ерекшеліктері