Экономика

Инвестиция нарығында нарық конъюнктурасын зерттеу маңыздылығы көрсетілген. Əлеуметтік экономикалық тиімділік кез келген формада шетел инвестицияларын тартудың міндетті шарты екендігі пайымдалған. Шетел инвестициялары қатысатын инвестициялық жобалардың алынатын қарыз бен несиелердің экономикалық лайықтылығы қағидасы қарастырылған. Шетел инвестицияларын тартудың маңызды қағидасы жобалар мен келісімдердің өзара тиімді болуы негізделген. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдеріне инвестиция тартудың ерекшеліктері келтірілген.
2012

Мақалада кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің нарықтық механизмдері зерттелген. Қазіргі экономикада кəсіпорындардың қайта құрылу да сапалы жаңа талаптарға сай қаржылық тұрақтылықты басқару əдістеріне негізделген. Қолжетімді ақпараттар негізінде кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау əдістері қарастырылған. Кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер анықталған. Кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығына əсер ететін факторлар зерттелген. Қазіргі кезеңде кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау ерекшеліктері анықталған.
2012

Мақалада «лизинг» түсінігі, Қазақстанның лизинг нарығының жағдайы, лизингтік операциялардағы тəуекелдердің түрлері қарастырылып, жоба тəуекелдердің көрсеткіштерін есептеу əдістемелері ұсынылды. Лизингтік мүлікпен ұштасатын тəуекелдікті басқару қазақстандық лизинг нарығындағы мəселелерді шешудің жəне оны дамытудың бір жолы болып табылады. Қазақстандық лизингтік бизнестегі тəуекелдерді азайтудың объективті мəселелері айқындалып, қазақстандық лизинг нарығы үшін тəуекелдеді басқарудың жаңа мүмкіндіктері көрсетілген.
2013

 Мақалада кəсіпорынның айналым капиталын құрудың қаржылық көздерінің жиынтығы қарастырылған. Кəсіпорын қызметінің нəтижесіне əсер ететін коэффициенттер анықталған. Айналым капиталына байланысты шығарылатын өнім құрылымының өзгерісін бағалауға əсер ететін əдістемелік аппарат пен құралдар дайындалды. Кəсіпорынның айналым капиталы құрылымының өзгеруі бойынша басқару шешімдеріне əсер ететін басты факторлар анықталды. Кəсіпорынның айналым капиталын басқаруға байланысты тəжірибелік ұсыныстар келтірілді.
2013

Фирманың қаржы жағдайын бағалау жəне болжамдау əдістері суреттелген. Мақалада түрлі авторлармен ұсынылған қаржылық модельдеу техникасына талдау жасалған. Компанияның банкроттығын модельдеудің белгілі бір жағдайлары барысындағы төмендегідей əдіснамалық тəсілдер, атап айтсақ, нейрожелілі талдау; өміршеңдікті талдау; көптеген дискриминанттық талдау сияқты салыстырмалы артықшылықтар дəлелденді. Дж.Олсон кəсіпорындары тəуекелділігінің диагно- стикалық моделін жасауға арналған батыс логистикалық регрессия əдісі жəне С.Г.Савицкая, Г.А.Хайдаршинаның ресейлік логит-регрессиялық моделі көрнекілік ретінде келтірілген. Əр түрлі қаржыны модельдеу техникасына талдау жасалды. Ұйым мен аймақтық ерекшеліктердің аграрлық өзгешелігін ескеретін «Сбербанк России» АҚ жұмыс тəртібінің негізінде регрессиялық жəне логит- регрессиялық моделі жасалды. Түрлі саладағы қазақстандық фирмалардың қаржылық көрсеткіштері негізінде жəне қарызгер шамасына қарай скорингтік модель құру қажеттігі атап көрсетілді
2013

Мақалада Қазақстанның туристік нарығында орындар маркетингін қалыптастыру жəне дамыту мəселелері қарастырылған. Осы тұрғыда территориалдық туристік өнім территорияның туристік ұсы- нымы болып табылады, яғни осы территорияға келетін туристер тұтынатын туристік құндылықтар мен қызметтер жиынтығы. Туристік өнім-орынның құраушылары келтірілген. Мұра — туризмнің да- муымен байланысы жоқ территориалдық ресурстар. Туристік өнім-орын мен территориалдық туристік өнімнің төрт негізгі баламалары қарастырылған. Сонымен қатар туристік өнім-орынның иерархиялық деңгейлері сурет түрінде келтірілген. Əлемдік туризмнің дамуына, оның қоғамдық маңызды əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне экологиялық феноменге айналуына қарай туристік қызметті тиімді реттеу мен басқару проблемалары қарастырылған.
2013

Мақалада франчайзингтік бизнестің теориялық негізі мен қалыптасуындағы ерекшеліктері жəне оның жүйе тұрғысындағы көрінісі мен үрдістеріне зерттеулер жасалған. Франчайзингтік бизнесті құрудағы ерекше үлгі ретіндегі ұғымдары мен маңызды құрылымдары, басқа бизнес түрлерімен салыстырғандағы айрықшылықтары қарастырылған. «Франчайзинг» түсінігіне эволюциялық зерттеулер мен сипаттамалар жасалынып, қазақстандық бизнес жүйедегі «франчайзингтік бизнес» ұғымдарына сипаттамалар мен талдамалық, салыстырмалық түйіндер көрсетілген. Франчайзингтік бизнестің қызмет атқаруындағы негізділікті қамтамасыз етуші терминологиялардың сипаты топтастырылып, автор тарапынан зерттеушілік танытылған. Франчайзингтік кəсіпкерлік саладағы жан-жақтылықты танытатын қызметтің ерекшеліктері көрсетілген.
2013

Мақалада өңірлік инновациялық саясаттың жүзеге асырылу мəселелері қарастырылған, сонымен қатар облысымызда инновациялық белсенділік бойынша жасалынып жатқан шаралар талданған. Облысымызда индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобалар мəні толығымен ашылған. «Инновациялық даму» түсінігіне анықтама берілген. Өңірлік инновациялық жүйе арқылы өңірге инновацияны енгізудің шаралары айқындалып, осы шараларға қол жеткізу үшін өңірлік инновациялық жүйенің құрамындағы элементтер көрсетілген. Қарағанды облысы өңірлік инновациялық жүйесінің құрам бөліктері сурет түрінде келтірілген.
2013

Мақалада «тұрғын үй» түсінігінің мəні ашылған, тұрғын үй нарығының қалыптасу шарттары берілген, тұрғын үй нарығының ел экономикасында алатын орны мен тұрғын үй нарығы дамуының циклдік сипаты көрсетілген. Қазақстан Республикасының тұрғын үй нарығының негізгі даму кезеңдері мен қазіргі тенденциялары сипатталған, құрылыс саласындағы жағымды жəне дағдарыс салдарынан пайда болған жағымсыз тенденциялары құрылыс ұйымдарының санының өзгеруі, құрылыс саласына бөлінген инвестиция көлемі жəне баға динамикасы арқылы көрініс тапқан. Тұрғын үй құрылысына əсер ететін факторлар талданған.
2014

Мақала өңірлік инновациялық жүйені (ӨИЖ) қалыптастырудағы маңызды факторлар — білім-ғылым жəне инновациялық белсенділікті зерттеуге арналған. Осы аталған мəселенің тəжірибелік аспектісін қарастыруда ӨИЖ қалыптастыру мен оны дамытудағы қазіргі кезеңде Қазақстанда жасалып жатқан іс-шараларды, сондай-ақ үкіметпен қолға алынып жатқан кешенді жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктерінің статистикасын пайдалану көзделген. Оның ішінде инновациялық жүйе құрудағы ғылым мен инновациялардың маңыздылығы зерттелген. Ғылым мен инновациялық белсенділік жан- жақты талданған. Корреляция-регрессиялық жəне салыстырмалы талдаулар негізінде ӨИЖ тиімділігін бағалаудың танымал жəне тиімді қолданыстағы əдістердің кешені көрсетілді.
2014

Мақалада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мəселесі қарастырылды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің тиімді жақтары талданып, ел экономикасы дамуы, отандық салалардың шетелмен бəсекелестігі туралы сөз болады. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі мақсат-міндеттері белгіленіп, Ұйымға енудегі маңызды мəселелер талданып, негізгі бағыттары да айқындалған. Жалпы, жаһандану заманындағы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуының маңыздылығы, ел үкіметінің осы орайда атқарып жатқан бірқатар жұмыстары, олардың елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басты бағыттары аталып көрсетілген.
2014

Мақалада «инновация» ұғымына қатысты əр түрлі авторлардың көзқарасы қарастырылған. Автор оның өзінің эволюциялық дамуында алуан түрлі мазмұны мен нысандары болғандығына назар аударған. Сонымен бірге инновацияның түрлері мен оның белгілері бойынша жіктелуі, функциялары, инновациялық қызметке қандай қызмет түрлерін жатқызуға болатындығы көрсетілген. Инновациялық үдеріс кезеңдеріне назар аударылған. Автордың «инновация» ұғымына қатысты өзіндік пікірі келтірілген.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.