Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік казахстан облысы ауылдык елді мекендеріндегі онкогинекологиялық қызметтщ жағдайын бағалау

Денсаулық көрсеткіштерінде қатерлі ісік, қан жүйесі аурулары мен жарақаттардан кейінгі үшіңші орынды алады. Қазақстан Республикасында жалпы өлгендердің әрбір жетіншісі рактан қайтыс болған. Мемлекетттің онкологиялық мекемелерінде есепте 120000 астам адам түрады, жыл сайын 28000 жуық қатерлі ісік ауруы бар науқас тіркеледі және олардың 20000 жуығы қайтыс болады. Онкологиялық аурулардың қырық пайызы белсенді жүмысқа жарамды жастағы азаматтар. Қатерлі ісіктерден туындайтын шығын осы патологияларды әлеуметтік түрғыда маңызы жоғары аурулардың қатарына жатқызуға себеп болып отыр. Онкологиялық аурушаңдықтың жоғарылауы науқастарға жүргізілетін диагностикалық және емдік шараларға жүмсалатын қаржы көлемін дже арттыруда.

ОҚО аймағында науқастарға ерте диагностиканы үйымдастыру және онкологиялық көмек беру шаралары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 26.05.1994жылы жарық көрген №206 «Қазақстан Республикасының түрғындарына онкологиялық көмек көрсетудің жағдайы және оны жақсарту шаралары», 15.10.2007ж. №607 «Егде жастағы жеке категориялар арасында профилактикалық медициналық тексерулерді күшейту», 30.03.2008ж. №164 бүйрықтарына сүйене отырып жүзеге асырылады. ҚР ДСМ №607 бүйрығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің тапсыруымен «2007-2010 жж. онкологиялық науқастарға ерте диагностиканы және арнайы медициналық көмек сапасын жақсарту» атты аймақтық мақсатты бағдарлама жасалып жүзеге асырылды. 2002 жылдан бастап ауылды жердің түрғындары арасында профилактиканы, ауруларды ерте анықтау және динамикалық бақылауға алуға бағытталған скринигтік тексеру жүмыстары жүзеге асырылды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2005 жылдан бастап репродуктивті жастағы әйелдер арасында кешенді профилактикалық тексеру жүмыстары қолға алынды. Қатерлі ісікті ерте кезеңнен анықтау және алдын- алу шараларын тиімді етіп жүзеге асыру үшін денсаулық сақгау мекемелерінің барлық салалары бірігіп жүмыс арқаруы тиіс және сол мақсат арнайы жоспарлар мен бағдарламалар бойынша жүзеге асврылуы тиіс. Облыс бойынша 2009 жылы қатерлі ісктер бойынша аурушаңдық 100000 түрғынға балап есептегенде 92,8 оқиғаны, қүраса, оның 20,5% ушыққан түрлері болып шықты. Сондықтан да туындайтын өлім оқиғалары 54,10/0000 жетіп отыр. Гениталды жүйедегі рак ауруларын ерте кезеңнен анықтау шаралары өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолға алына бастады және қазіргі таңға бүл шаралар қызу жүзеге асырылуда.

ОҚО 27 онкологиялық және 32 тексеру бөлмелері, жүмыс жасайды, 22 акушер-гинеколог кольпоскопия бойынша мамандандырылудан өтті, жатыр мойны патологиясы бөлмелері үйымдастырылған, олар 28 кольпоскоппен, 23 диатермокоагуляциямен жабдықталған. Бүл медициналық бөлімдердің міндеті - әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктері мен оған алып келетін ауруларды дер кезінде анықтау болып табылады. Жүйелі жүргізілген жүмыстарға қарамай репродуктивті жүйенің рак аурулары жоғарылауда, оған келесі кестеде көрсетілген мәліметтер куә бола алады.

ОҚО қатерлі ісіктермен аурушаңдықтың интенсивті көрсеткіштері (100000 түрғынға алғанда)

Нозология

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Жатыр мойнының рак ауруы

3,4

3,7

3,3

5,4

4,6

5,0

4,2

4,7

5,7

Жатыр денесінің рак ауруы

2,5

7,1

2,1

2,3

2,2

1,6

2,3

1,5

1,9

Аналық бездерінің рак ауруы

2,1

16,3

2,3

3,2

3,5

3,5

2,8

3,3

2,9

Соңғы он жыл ішінде ОҚО жатыр мойны мен аналық бездерінің қатерлі ісіктерінің саны артуда. 2001-2009 жж. аралығында жатыр мойнының рагы (ЖМР) 3,40/0000 -ден 5,740/0000 дейін артты, ал аналық бездерінің рагы- 2,140/0000 - ден 2,940/0000 дейін артты. Крісінше жатыр денесінің рагы -2,540/0000 -ден 1,940/0000 дейін төмендеді. 2009 жылы ОҚО ООД репродуктивті жүйелерінің қатерлі ісігімен 245 әйел диспансерлік тізімге алынған. Кестедегі мәліметтерде рак ауруының даму кезеңдері, шаралармен қамтамасыз етілу деректері келтірілген.

Стадиялары, емделгені, арнайы еммен қамтамасыз етілуі көрсетілген кесте

Нозология

Есепке алын- ған

Стадиялары бойынша бөлінуі

Екіншілік клиника- Лық топ

Арнайы еммен қамты- луы

Емді аяқтаған- дар

Бір жыл ішінде қайтыс болған- дар

I-II ст

III ст

IV ст

Жатыр мойны-

ның рак

ауруы

132

111

18

3

129

93

93

3

Жатыр денесі- нің рак

ауруы

44

33

8

3

41

31

31

1

Аналық бездері-нің рак ауруы

69

30

29

10

59

54

54

1

Бастапқыда көзге анық байқалатын немесе диагнозы нақты белгілі болған қатерлі ісіктер анықталған. 2004 жылмен салыстырғанда соңғы жылдары жатыр мойнының рагының есепке асқынған түрі көбейген. Бірақ арнайы еммен қамтамасыз етілу 88,7% жетіп, 82% науқастар емді аяқтаған. Алғаш анықталған науқастардан - 3 қайтыс болған. «Д» есепке - 44 науқас алынған. Олардың ішінен 31 науқас (немесе аурулардың 94%) екіншілік клиникалық топқа жатқызылады, 29 науқас (немесе аурулардың 83%) арнайы еммен қамтамасыз етілген, олардың ішінде 24 науқас 2008 жылы емін толық аяқтаған, қалған 5 науқас емдеуді жалғастыруда. Аналық безінің рагымен «Д» есепке 69 науқас алынған. Арнайы еммен қамтамасыз етілу 78,3% қүрайды. Олардың ішінен 54 науқас емін аяқтады, қалған 5 науқас ем қабылдауды жалғастыруда.

Кесте 2009-2009 жж. аралығында ОҚО қатерлі ісіктердің асқынған түрі (%)

Нозология

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Жатыр мойнының рак ауруы

10,2

3,7

4,3

26,5

26,5

11,9

23,1

12,0

15,9

Жатыр денесінің рак ауруы

2,0

7,1

2,3

-

-

-

5,8

5,8

6,8

Аналық бездерінің рак ауруы

14,2

16,3

31,9

24,0

24,0

10,3

26,5

19,7

14,1

Соңғы он жылда Оңтүстік Қазақстан облысында жатыр мойнының рагы мен жатыр денесінің рагының асқынған түрінің 10,2 - 15,9% дейін және 2,0 - 6,8% дейін, өскенін байқауға болады. Аналық безі рагының асқынған түрінің - 14,2% - дан 14,1%-ға дейін төмендегенін байқауға болады. Жоғарыда айтылған көрсеткіштер катерлі ісіктерді дер кезінде анықтауға бағытталған профилактикалык тексерулердің дурыс уйымдастырылмауын көрсетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылы 120608 әйелдің 59905 (49,7%) ғана профилактикалык тексеруден өткен болып шықты. Профилактикалык тексеру барысында 2999 әйелде катерлі ісік және катерлі ісік алдындағы патологиялар анықталған, олардың ішінен 2615 әйелде осы патологиялар алғаш рет анықталған. Арнайы мәліметтер бойынша кайта есепке алынғандардың 1505 рак ауруынан сау болып шықты.

Біз Оңтүстік Қазакстан облысында алыс шалғай аудандарында (Сарыағаш, Мактаарал, Шардара) әйелдің репродуктивтік жүйелерінің рак алды және катерлі ісіктерін ерте анықтау жумыстарын уйымдастыру барысында талдау жүргіздік. Төмендегі кестеде тексерілген аудандардағы әйелдер саны мен оның қурамындағы фертильдік жастағы тулғалардың үлес салмағы келтірілген.

Кесте Аудандар бойынша әйелдер саны

ОҚО аудандары

Әйелдер саны

Соның ішінде фертильдік

жастағы әйелдер

абс. саны

%

абс. Саны

%

Мактаарал

141917

11,7

67040

47,2

Сарыағаш

127487

10,5

64809

50,8

Шардара

38572

3,2

17535

45,5

ОҚО бойынша барлығы

1206080

100.0

633432

52,5

Кестеде берілгендей, жері ауқымды Мактаарал ауданында әйелдер саны көп, соның ішінде фертильдік жастағылар (141917 және 67040, сәкес) және әйелдер санының 47,2% курайды. Мактаарал ауданында әйелдердегі онкопатологияны ерте аныктау және профилактисының кызметі мынандай: кольпоскопия бойынша мамандандырудан өткен 1 акушер-гинеколог, 1 дәрігер - цитолог, цитологиялык лабораторияның 3 лаборанты, жатыр мойны патологиясының 4 бөлмесі, 4 кольпоскоп, диатермокоагуляцияның 4 аппараты. Мактаарал ауданындағы аурушаңдыктың интенсивті көрсеткіші коркынышты жай жылдан жылға арту үстінде (кесте).

Кесте 2001-2009 жж. аралығына Мактаарал аулаында әйелдердің аурушандығының интенсивті көрсеткіші ( 100000 турғынға)

Нозология

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Жатыр мойнының рак ауруы

2,0

2,8

1,6

1,7

1,9

3,0

3,3

5,9

Жатыр денесінің рак ауруы

2,0

0,8

0,8

1,7

1,1

2,2

0,7

1,4

Аналык бездерінің рак ауруы

0,8

1,2

0,8

2,6

-

0,7

4,1

1,8

Соңғы он жылда визуальды локализациядағы аурушаңдык көрсеткіші, жатыр мойнының рагы 2,95 ретке дейін; аналык безінің рагы - 2,25 ретке дйін жоғарылаған, сонымен катар, жатыр денесінің рагымен аурушаңдык көрсеткіші -2,0-ден 1,4 дейін төмендеген. Аудандарда берілген мәліметтерге карағанда (кестеде), катерлі ісікпен аскыну көрсеткіштері мынандай: жатыр мойны рагының деңгейі 18,9% төмендеген, бірак облыстағы көрсеткішке карағанда (15,9%) жоғары, ал жатыр денесінің рагының аскынған түрі аныкталған жок.

Кесте 2001-2008 жж. аралығында Мактаарал ауданында әйелдердегі катерлі ісіктің аскынған түрлерінің таралуы (%)

Нозология

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Жатыр мойнының рак ауруы

-

-

-

20,0

62,5

-

18,7

Жатыр денесінің рак ауруы

-

-

-

-

-

-

-

Аналык бездерінің рак ауруы

-

-

30,7

-

-

9,0

20,0

2010 жылы Мактаарал ауданы бойынша профилактикалык тексеруден 6010 фертильдік жастағы әйел өткен, олардың арасында 308 әйел тереңдете тексерілді және 145 әйел емдік шаралармен камтылды. Сарыағаш ауданында кольпоскопия бойынша мамандандырылудан 3 акушер - гинеколог өткен, 1 дәрігер-цитолог, 2 цитологиялык лабораторияның лаборанты, 2 кольпоскоп, 1 диатермокоагуляциялык аппарат бар. Кестедеберілгендей 2000 - 2008 жыл аралығында осы аудандағы әйелдер арасында жатыр мойнының және аналық бездерінің рактарымен аурушаңдық 2,4 -тен 3,9 дейін өскен, ал жатыр денесі рагы 3 есе төмендеген.

Кесте 2001-2008 жж. аралығыда Сарыағаш ауданында әйелдердің аурушаңдығының интенсивті көрсеткіші
(100000 түрғынға)

Нозология

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Жатыр мойнының рак ауруы

1,8

5,5

0,4

1,7

4,3

2,9

4,5

4,3

Жатыр денесінің рак ауруы

0,9

0,9

3,6

1,7

0,4

0,4

0,4

0,3

Аналық бездерінің рак ауруы

0,9

0,9

0,4

2,6

2,6

1,6

1,2

3,5

Сарыағаш ауданында екі жыл ішінде қатерлі ісікпен аурушаңдықтың асқынған түрлері жатыр мойнының рагы бойынша 6,7%-ға, жатыр рагы бойынша 10,5%-ға жоғарыласа, аналық бездерінің рагы бойынша асқыну өз деңгейінде қалып отыр.

Кесте 2001-2009 жж. аралығында Сарыағаш ауданында түрғындардың қатерлі ісіктің асқынған түрлерінің таралуы (%)

Нозология

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Жатыр мойнының рак ауруы

17,8

16,6

-

-

20,0

14,2

18,2

19,0

Жатыр денесінің рак ауруы

14,2

-

16,2

-

21,7

-

19,8

15,7

Аналық бездерінің рак ауруы

24,3

-

25,0

33,3

-

25,0

33,3

24,2

Сарыағаш ауданын профилактикалық тексеру нәтижелеріне қарайтын болсақ 2010 жылы 7644 әйел тексеруден өткен, ал олардың ішінен қатерлі топқа жатқызылғандар саны 340 адамды қүрайды (3,98%). Қатерлі топтардағылардың 121(35,6%) емдік шараларын қамтыды. Шардара ауданында жалпы әйелдер саны 38572 қүрайды, соның ішінде фертильді жастағаы әйелдер саны 17535. кольпоскопия бойынша мамандандырылудан өткен маман жоқ, цитологиялық лабораторияның лаборанты жоқ, 1- кольпоскоп, диатермокоагуляция аппарты жоқ. Әйелдердің арасында қатерлі ісіктермен ауру көрсеткіші әсіресе жатыр мойнының рагы бойынша 1,50/0000 -ден 5,30/0000 - ге дейін артса, өзге қатерлі ісіктердің деңгейі төмендеген.

Кесте 2001-2009 жж. аралығында Шардара ауданында қатерлі ісктер бойынша аурушаңдықтың интенсивті көрсеткіші (100000 түрғынға алғанда)

Нозология

2001

2002

2003

2005

2006

2007

2008

2009

Жатыр мойнының рак ауруы

1,5

1,5

2,9

5,7

1,4

6,9

1,3

5,3

Жатыр денесінің рак ауруы

3,0

-

1,4

-

-

-

-

2,6

Аналық бездерінің рак ауруы

1,5

7,5

2,9

2,8

5,6

2,7

1,3

1,3

Кесте 2001-2009 жж. аралығында Шардара ауданы бойынша әйелдердің арасындағы қатерлі ісік ауруының асқынған түрлерінің таралуы (%)

Нозология

2002

2003

2005

2006

2007

2008

2009

Жатыр мойныны= рак ауруы

-

-

-

-

20,0

-

-

Жатыр денесінің рак ауруы

-

-

-

-

-

-

-

Аналык бездерінің рак ауруы

-

-

50,0

50,0

50,0

-

-

2009 жылға әйелдің репродуктивтік жүйелерінің жоғарыда көрсетілген нозологиясының ешқайсысынан онкоүдерістің асқынған түрі анықталмады. Шардара ауданын профилактикалык тексеру нәтижелеріне келетін болсак 2010 жылы 1721 әйел тексеруден өткен, анықтау проценті 5,8% (абс. 100), есепке жүгінетін болсак 37 әйел немесе 37% толык емделген. Жүргізілген талдау бойынша мыналар анықтадды: Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында OAA басшылығы жағынан №607 бүйрықты орындау бойынша бакылау жок, Шардара ауданының OAA бас дәрігері жағынан бүйрықты орындау бойынша бакылау жок. Ешкандай аумақта бүйрықты орындау бойынша жауапты маман жок ОҚО ООД мәліметтерімен аудандык онколопардың есеп-кисаптары сәйкес келмейді (диспансерлік есепте түратын, ауру стадиялары, клиникалык топтары және аурудың аяқталуы сәйкес келмейді ). Акушер-гинекологтар рак алдындағы ауруларды анықтауды белсенді түрде бастаған, ешкандай жағдайда дәрігерлер диспансерге алу туралы және аурудан айығу туралы қүжаттар көрсете алмады, ал есеп бойынша ол жүмыс жүргізілген Шардара ауданында әйелдердің репродуктивті жүйелерінің рак алды ауруларын анықтау және айықтыру бойынша жүмыс жүргізіліп жатыр, бірак есеп-қисаптық қүжаттар жок, осыған карамастан акушер-гинекологтар жүмыстың нәтижесін көрсетті.

Сонымен, ОҚО шалғайдағы аудандарында (Сарыағаш, Мактаарал, Шардара) әйелдің репродуктивтік жүйелерінің рак алды және рагын анықтауға жағдай жасалынған, бірак ОҚО катерлі ісіктерді белсенді анықтау көрсеткіштері казіргі кездегі талаптарға сай келмейді және арнайы скринигті бағдарламаны және үйымдастыру- әдістемелік шараларды жетілдіруді талап етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Аксель Е.М., Двойрин В.В., Трапезников Н.Н.Заболеваемость и смертность от злокачественных новообразований населения России и некоторых других стран СНГ в 1996 г. - М., 1997.
  2. Поддубная И.В., Аксель Е.М., Иванов П.М. и др. // Соврем. онкол. - 2003.- Т. 5, № 4. - С. 170.
  3. Чисов В.И., Старинский В.В., Петрова Г.В. Злокачественные новообразования в России в 2002 г. (заболеваемость и смертность). - М., 2002.
  4. Канцер-регистр ООД ЮКО за 2000-2009 гг.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.