Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы сарапшыларының мәліметі бойынша әлемдегі барлық аурулардың 80% ауыз су сапасының нашарлығымен және сумен қамтамасыз етудің санитарлық нормаларының бүзылуымен тікелей байланысты. Бүкіләлемде жасалып жатқан шараларға қарамастан, жүқпалы емес және жүқпалы аурулардың су арқылы таралуы жоғары деңгейде қалып отыр. Бүгінгі таңда суға байланысты туындаған аурулардан 2 млрд. адам зардап шегіп отыр. Аса қауіпті жағдай ауылдық елді- мекендерде қалыптасып отыр, себебі ондағы түрғындардың 1/3 ғана қауіпсіз сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылған.
Халықты шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және жергілікті (орталықтандырлмаған) жүйелер пайдаланылады. Өрталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі ірі және көлемі орташа қалалар мен елді мекендерде пайдаланылады, ал көлемі шағын елді мекендерде жергілікті сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдаланған тиімді. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі - тазартылған ауыз суды қүбырлар жүйесі арқылы түтынушыға жеткізеді. Жергілікті сумен қамтамасыз ету жүйесінде түтынушы жер асты суын тікелей оның шығатын жерінен алып 8олданады.
Облысымызда халықты сапалы қауіпсіз ауыз сумен қамгамасыз ету мақсатында 2002-2010 жылдарға арналған Республикалық «Таза су» бағдарламасының орындалуы аясында жыл сайын біршама жұмыстар атқарылуда. Бұл мақсатқа республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден қомақты қаржылар бөлінуде. Атап айтқанда, 2009 жылы санитарлы8 8адағалауда 355 ауыз су жүйесінің нысаны болса, 2010 жылдың 8ортындысы бойынша 20 ауыз су жүйесі жаңадан іске 8осылып, 375-ке арт8ан. Халы8тың орталы8тандырылған ауыз су жүйесімен 8амтамасыз ету көрсеткіші 2009 жылы 76,4 пайыз болса, 2010 жылы 81,6 пайызды қүрап отыр. Облыс көлемінде 898 елді мекен болса, соның 504-і орталы8тандырылған ауыз су жүйесімен 8амтамасыз етілген ол көрсеткіш 2009жылы 457 болған.
91
ОҚО бойынша бүгінгі танда 311 елді мекен немесе халықтың 13,6 пайызы қүдық және өзі ағатын ағынды суынан пайдаланады, 31 елді мекен немесе халықтың 1,1 пайызы ашық су көздерінен, 52 елді мекен немесе 3,5 пайызы тасымалды суды пайдаланады. Халықтың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі облыс аумағында келесідей: Арыс қаласы - 80,4%, Қазығүрт -82,4%, Мақтаарал -91,3%, Кентау қаласы - 84,2%, Отырар -76,7%, Бәйдібек - 67,9%, Шардара - 49%, Сарыағаш - 46,1%. Жоғарыда берілген көрсеткіштерден кейбір аудандарда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету күрмеуі шешілмеген мәселеге айналып отырғанын көреміз.
2010 жылы облыс аумағында 176 ауыз су жүйесінде қүрылыс жүмыстары жүргізілген, оның 6- қалалық, 170- ауылдық жерлерде. Оның ішінде 120 су қүбыры жүйесінде қайта және ағымдағы жөндеу жүргізілген, 56 - ауыз су жүйесінде қүрылыс жүмыстары жүргізілген. ҚР ДСМ МСЭҚК ОҚО бойынша департаментінде жүргізілген ауыз суды жүйелеріне жүргізген мониторингі бойынша 2010 жылы бактериологиялық көрсеткішке 10839 су сынамасы алынып, оның 247-ы санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмеген, яғни 2,3 % қүрап отыр. Химиялық көрсеткіштерге 6112 су сынамасы алынып, оның 150-ы санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмеген, яғни 2,4 % қүраған. Жыл басынан бері ауыз су жүйелеріне 198 қүрылысқа жер теліміне санитарлық-гигиеналық қортынды берілсе, соның ішінде 41 скважинаны қазу жүмыстарына берілген. Салынатын ауыз су жүйелерінің 176 жобалары қаралып, 15 салуға келісім берілмеген. Себебі сәулеттік-жобалық тапсырыстың болмауына және санитарлық қорғау аймағының сақталмауына байланысты келісім берілмеген.
Санитарлық қадағалау жүмыстары барысында 2010 жылы 349 ауыз су нысандары тексеріліп, нәтижесінде 314 санитарлық үсыныстар беріліп, оның 285 орындалған. Тексерулер барысында 78 хаттама түзіліп, 78 айыппүл салынса, 3 нысанды жабу туралы қаулы шығарылып, іс-қағаздары экономикалық сотқа жолданған, 33 адам жүмыстан уацытша шеттетілді. Барлық аудан, қала әкімдеріне аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жүмыстарын күшейтуге атсалысу жөнінде хат жолданған.
Сонымен қортындылай келе, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы Елбасы Н.Назарбаевтың 2010 жылғы қаңтар айындағы Жолдауында айқындағандай халқымыздың денсаулық жағдайын арттыруға өз үлесімізді қосайық.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Б.А. Неменко., У.И. Кенесариев. Коммунальная гигиена. Алматы, 2003.
- У.И. Кенесариев, Н.Ж.Жақашов. Экология және халық денсаулығы.Алматы, НИЦ «Ғылым», 2002.
- Охрана окужающей среды. Сборник нормативных правовых актов. Алматы, 2003.
- «Су көздеріне, шаруашылық- ауыз сумен жабдықтауға, мэдени-түрмыстық су пайдалану орындарына жэне су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы ҚР ДСМ 28.07.2010ж. №554 бүйрығы.