АННОТАЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысы балаларының арасында қалыптасқан аурушаңдық пен өлімді зерттеу, бұл көрсеткіштердің әлі күнге үлкен деңгейде қалып отырғандығын көрсетті. Сондықтан осы аурудың ерте кезеңнен алдын алу шараларының алгоритмі жасалып, оның медициналық-демографиялық тиімділігі тәжірибеде дәлелденді.
Кілт сөздер: балалар, туберкулез, аурушаңдық, өлім, ерте кезеңнен алдын алу, алгоритм, тиімділік.
Мәселенің өзектілігі. Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) және туберкулезге қарсы күрестің Ұлттық орталығының ресми мәліметтеріне сүйене отырып, өзіміздің қол жеткізген ғылыми нәтижелерімізді бетке ұстай отырып балалар арасындағы қалыптасқан туберкулез ауруының жалпы тұрғын халықтың денсаулығына үлкен қауіп-қатер төндіріп отырғандығын айта кеткенді жөн санап отырмыз. Сондықтан біздің еліміздегі эпидемологиялық жағдайдың жақсаруына қарамастан соңғы жылдары туберкулез ауруы аса өзекті әлеуметтік-медициналық мәселе күйінде қалып отыр деуге болады. Осыған байланысты туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған елеулі шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Біздің республикамызда туберкулез көп тараған әлеуметтік маңызы үлкен ауру ретінде халық денсаулығына, экономикасына және қорғанысына едәуір зиян келтіруде.
Қазақстан Республикасындағы тұрғындар арасында, оның ішінде балалар арасында туберкулез ауруына қарсы күрестің, профилактиканың өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, көне дәуірден Орталық Азияның тұрғылықты халықтары арасында туберкулез кеңінен таралған инфекция және бұл ауруға қарсы отбасылық профилактика түрінде жүзеге асырылуы тиімді; екіншіден, біздің еліміздегі экономикалық, географиялық-табиғи, этнографиялық, әлеуметтік-гигиеналық және экологиялық жағдайлар туберкулез ауруының кеңінен тарауына барынша жоғары дәрежеде ықпал етеді; үшіншіден, ауыл шаруашылығының және мал шаруашылығының еліміздегі тұрғын халықтары арасында негізгі күн көріс көзі болуына байланысты және малдардың осы ауруды тарату ошағы ретінде атқаратын ролі өте жоғары болып отыр[1,2].
Сондықтан ОҚО туберкулезге қарсы күресті осы ерекшеліктерді есепке ала отырып жүзеге асыру қажет. Демек, туберкулезге қарсы күресете санитарлық-ағарту және насихат жұмысы кеңінен жүргізілуі керек. Сонымен бірге денсаулық сақтау мекемелері науқас адамды тек емдеп қана қоймай, дерттің сау адамға жұғуына немесе оның асқынып кетуіне жол бермес үшін тиісті профилактикалық шаралар қолдануы қажет. Демек, бұл істе бүкіл жұртшылық қөмек қөрсетуі тиіс. Ең бастысы, туберкулезге шалдыққан адам дер кезінде дәрігерге қаралып, ұқыпты емделсе,одан құлантаза айығып кететіні сөзсіз. Ол үшін бұл аурудың ерекшеліктерін, жұғу жолдары мен себептерін, емдеу тәсілдерін, профилактикалық және сақтану шараларын білуі қажет. Сондықтан біз жұртшылыққа жалпы туберкулез ауруының гигиенасы, арақ-шараппен темекінің зияндығы, т.б. туралы азды-көпті кеңес беруді жөн көрдік. Туберкулезге қарсы күрестің Ұлттық бағдарламасы қайта қаралып, әрі аймақтың ерекшелігін ескере отырып жасалған бағдарламалары жүзеге асырылуда. Республика көлемінде аурудың профилактикасының, туберкулезбен ауыратын науқас балаларды емдеу мен диагностикалаудың әлеуметтік-гигиеналық мониторингінің бірегей жүйесі жасалып, тәжірибеге еңгізілді.
Туберкулез ауруы алғаш рет анықталған науқастар толыққанды әрі ақысыз емделеді. Аудандар- дың аумағындағы туберкулезге қарсы күрес диспасерлері жаңа немесе жөнделген ғимарраттарға көшіріліп, олардың материалдық техникалық қорлары толығынан жетілдірілген. Алынған ғылыми нәтижелер туберкулезді ерте анықтау мен алдын алу шараларын ұйымдастыруды жетілдіру алгоритмін құрастыруға мүмкіндік берді. Туберкулез патологияларын ерте анықтау алғашқы медициналық- санитарлық көмек беретін (АМСК) ұйымдардың, оның ішінде, отбасылық дәрігерлік амбулатория, емхана, отбасылық медицина орталықтары, медициналық-санитарлық бөлімдердің педиатр дәрігерлерімен, жалпы тәжірибедегі және отбасылық медицина қызметкерлерінің белсенді қатысуымен іске асады. АМСК дәрігерлері туберкулез ауруының даму қаупі бар балаларды анықтау әдістерін сапалы меңгерген болуы тиіс. Олар адам ағзасының негізгі мүшелерінде туберкулез дамуының кезеңдері мен алғашқы белгілерін скринингтік диагностикалау сұрақтары бойынша дайындылығы жоғары болуы қажет. Олардың ішінде ерекше орын алатындар флюорографиялық тексеріс, рентген диагностикасы, биологиялық тесттер болып табылады. Алынған нәтижелер дұрыс және толыққанды тексеріліп, фтизиатрдың диагностикасының негізі болуы тиіс. Туберкулез дамуына ықпал ететін жекелеген нақты себептерді кешенді зерттеу, олардың әсер ету деңгейін жалпылай бағалауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан олардың әсерін кешенді бағалау мен интеграциялық сараптау жұмысын жүргізу қажет.
Зерттеудің мақсаты ретінде мектеп жасындағы балалар арасында туберкулездің алдын алу және ерте кезеңнен анықтау шараларын ұйымдастыруды жетілдіру алгоритмін жасау мәселесін қарастырдық.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Жұмыстың бастапқы кезеңінде туберкулездің дамуына ықпал ететін қауіптілік себептердің деңгейін есепке ала отырып, олардың зияндылық дәрежесіне интеграцияланған бағалау жүргіздік. Бұл үшін көрсеткіштердің қалыптасқан жүйесі мен Байестің ықтималдық әдісі қолданылды. Осы қағидаларды негіз етіп ала отырып, мектеп жасындағы балалар арасында туберкулездің алдын алу және ерте кезеңнен анықтау шараларын ұйымдастыруды жетілдіру алгоритмі жасалды.
Негізгі нәтижелер. Туберкулез мәселесі бойынша дені сау және туберкулезбен ауыратын тұлғалар арасындағы санитарлық білімнің салыстырмалы талдауы осы мәселе бойынша науқастардың едәуір хабардарлығын көрсетті. Туберкулез мәселесі туралы ауылдық жерде тұратын дені сау тұрғындардың сауаттылығын зерттеу, білімі төмен 30 жасқа жетпеген жұмыссыздар, оқушылар, ауыл жұмысшылары өте нашар ақпараттандырылғандығын байқатты. Мектеп жасындағы балалардың арасында туберкулезге алып келетін негізгі қауіп-қатерлердің салыстырмалы қуатын анықтадық. Туберкулез дамуына әсер ететін едәуір маңызды себептердің бірі науқастың иммунитетін төмендетуге әкелетін созылмалы ауруларының болуы деп саналады (СҚ=23,35). Туберкулезбен ауыру ықтималдылығын жоғарылататын келесі маңызды себептің бірі өндірістік зияндылықтардың болуы, олардың біріге тигізетін әсері болып табылады (СҚ =11,6). Туберкулезге көбінесе білімі төмен тұлғалардың шалдығатындығы, біздің алған нәтижелермен де расталып отыр (СҚ=6,4), ересектердің туберкулезбен ауыруының салыстырмалы мүмкіндігі балаларға (СҚ=4,9) қарағанда 5 есеге дейін жоғары болып шықты. Туберкулездің дамуына алып келетін себептердің ушығуы осы мәселе бойынша санитарлық-гигиеналық ағарту жұмысының және медициналық белсенділіктің төмендігінде екендігі белгілі.
Туберкулез ауруынан мүгедектіктің және өлім-жітімнің туындауына алып келетін себептердің салыстырмалы қауіптілігін сараптадық. Оның барысында аса маңызды себептерге диспансерлік бақылау жүйелілігін сақтамау (СҚ=46,2), бактерияға қарсы терапия тәртібінің бұзылуы (СҚ=27,9), аурудың кеш анықталуы (СҚ=22,5), аурудың деструктивті түрлерінің қалыптасуы (СҚ=19,1), ілеспелі ауруларының болуы (СҚ=9,4) жататындығын көрсетті. Туберкулезден мүгедектік себептерінің ішінде еңбек ету жағдайының гигиеналық талаптарға сай келмеуі І орынды алады (78,2%), науқастың біліктілігінің төмендігі (66,3%), олардың жұмыспен қамтылуын қиындатады. Туберкулез бойынша қауіп факторы болып табылатын тұлғалар АМСК мекемелерінде жалпы тәжірибе және отбасылық медицина дәрігерлерінің диспансерлік есебінде болуы тиіс.
Дәрігерлер тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларының өршуін ескертуге бағытталған алдын алу - емдік шараларын жүргізеді. Сонымен қоймай осы дәрігерлер туберкулез дамуы бойынша қауіп факторы болатын және созылмалы аурулары бар тұлғалардың жағдайына үнемі әлеуметтік- гигиеналық мониторинг жүргізіп отыруы тиіс, арнайы индикаторлар негізінде, фтизиатриялық қызметті қоса оның тиімділігіне бағалау жүргізілуі тиіс. Мұның барлығы туберкулез ошағы болып табылатын науқастарды сапалы емдеу мен уақтылы диспансердің стационарлық бөліміне жатқызуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, біз ұсынып отырған туберкулезді ерте айқындау мен алдын алудың жетілдірілген алгоритмі нақты ғылыми негізделген және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне жалпылама әрі белсенді ендіру үшін ұсынылады. Алынған статистикалық мәліметтер негізінде 1998/1999 - 2010/2013 жж. туберкулезден өлім-жітімнің төмендеуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының өміршеңдігі мен өмір сүру ұзақтығының артуы есептелді. Туберкулезден өлім- жітімнің төмендеуінің арқасында облыста 6 жасқа толған балалардың алдағы өмірінің орташа ұзақтығы 5,41 жасқа (9,393%), 60 жасқа жеткендерден 100000 туылғанның ішінде 6021 адам (14,3%) артқан. жетістігі облыстағы еңбек ресурстарының едәуір сақталуына алып келді.
Қорыта келе, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары арасында соңғы 9 жылдың ішінде аурушаңдық, мүгедектік және өлім-жітімнің едәуір төмендегеніне қарамастан эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр деп айта аламыз.
Аурушаңдық көрсеткішінің едәуір деңгейі 7-18 жастағы балалар топтарында қалыптасқан. Оның деңгейі 10,12-28,84%оОО аралығында болса, ал олардың арасындағы мүгедектік 2,18-3,83%оООжәне өлім көрсеткіштері 0,48-4,9%оООдеңгейінде түзелетін болып шықты..
Емдік - алдын алу шараларының жақсаруына байланысты өлімнің максималды деңгейі едәуір төмендеді. Туберкулездің алдын алу мен ерте анықтауды ұйымдастыруды жетілдіру алгоритмін қолданудың арқасында облыстағы 6 жасқа толған балалардың алдағы өмірінің орташа ұзақтығы 5,41 жасқа (9,393%), 60 жасқа жеткендер арасында 100000 туылғаннның 6021 адамға артқан (14,3%).
Адамдардың алдағы өмірінің жалпы саны әрбір 100 туылғанға 355 адам, сонымен қоса еңбекке қабілетті жаста (20-59 жас) 176 адамға артқан. Сонымен туберкулезбен күресу шараларының жетістігі облыстағы еңбек ресурстарының едәуір сақталуына алып келді. Дегенмен, бізді алаңдататыны халықтың туберкулездің дәріге төзімді түрлерімен аурушаңдығының күшею динамикасы. Бұл жағдай туберкулездің дәріге төзімді формаларының туындауының негізгі қауіпті факторы ретінде ұтымды тәсілдеме талап ететін туберкулезбен ауыратын науқастарға алдын алу мәселелері мен медициналық көмек ұйымдастырылу жағдайына аса назар аударуымызға мәжбүрлейді.
Тұжырым.
- Аурушаңдық көрсеткішінің басым деңгейі 7-18 жас аралығындағы балалар топтарында қалыптасқан және оның деңгейі 10,12- 28,84%ооотүзесе, мүгедектік көрсеткіші 2,18-3,83%оОО және өлім көрсеткіші 0,48-4,9%оООдеңгейінде түзелген болып шықты.
- Емдеу және алдын алу шараларының жақсаруына байланысты мектеп жасындағы балалардың туберкулездің асқынуынан туындаған өлімнің максималды деңгейі 0,51%о(Ю - ден 0,48%оОО - ге дейін төмендеді. Туберкулездің алдын алу мен ерте анықтауды ұйымдастыруды жетілдіру алгоритмін қолданудың арқасында облыстағы 6 жасқа толған балалардың алдағы өмірінің орташа ұзақтығы 5,41 жасқа ұлғайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- 1. Абсадыкова Ф.Т. Распространение и особенности течения туберкулеза у детей / Ф.Т. Абсадыкова, Е.Б. Морозько, М.К. Айбекова // Проблемы туберкулеза. 2003.-№ 1.-С. 11-13.
- 2. World Health Organization. Global Tuberculosis Control:WHO Report 1999. Geneva:WorldHealth Organization, 1999b.WHO/CDS/CPC/TB/99.259.