ТҮЙІН
Диспансеризацияның әлеуметтік-медициналық мәселелерін кешенді тексеру, бұл шараның әлеуметтік маңызы үлкен аурулардың деңгейін төмендетуге қосатын үлесінің төмендігін көрсетіп отыр. Отбасылық дәрігерлердің диспансеризацияны тиімсіз деп көрсетсе, респонденттердің 29,7% аса тиімді емес, ал 12,4% мүлдем тиімсіз деп көрсетіп отыр. Бұл жағдай, диспансеризацияны басқаруды одан ары жетілдіру керектігін көрсетеді.
Кілт сөздер: Отбасылық дәрігер, диспансеризация, сұрақнама, бағалау, тиімділік.
Зерттеудің өзектілігі. Тұрғындар арасында кеңінен тараған аурушаңдық, мүгедектік және өлім көрсеткіштерінің түзелуіне ерекше үлес қосатын әлеуметтік маңызы үлкен бейэпидемиялық аурулардың алдын-алу ісін ерте кезеңінен бастау және диспансеризациялау шаралары ауылдық елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитарлық ұйымдардың аса маңызды қызметінің бірі болып табылады.
Елдің еңбек ету қабілетін сақтау және одан ары арттыру ұлттық «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы маңызды міндет болса, оны жүзеге асырудың негізгі және тиімді әдісі диспансеризациялау деп есептеледі.
Сондықтан ірі әлеуметтік топтарда іске асырылып жатқан, оның ішінде ауыл тұрғындары арасындағы скринингтік және диспансерлік шаралардың бүгіңгі таңдағы медициналық-санитарлық жүиенің жұмысына сай қалыптастырылған алгоритімдері ғылыми тұрғыда негізделіп, оның тиімділігіне тәжірибеде баға берілуі тиіс.
Зерттеудің мақсаты: ретінде ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған диспансеризациялау жұмысының рөлін арттыруға және оны жетілдіруге бағытталған ғылыми тұрғыда негізделген тәсілдерді тәжірибеге ұсынуды қолға алдық.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Ғылыми зерттеу жұмысы Байдыбек ауданында орналасқан амбулаторлық-емханалық ұйымдарда жүзеге асырылды. Негізгі зерттеу базасы ретінде аудандық емха- на алынды. Емхана орта есеппен 53522 аудан тұрғындарына отбасылық медициналық көмек береді. Осы медициналық-амбулаториялық ұйым аудан тұрғындарына емдеу-прорфилактикалық көмек беруде жетекші орын алады. Диссертациялық еңбекті орындау барысында сараптамалық, медициналық-ста- тистикалық, социологиялық әдістер қолданылды. Зерттеу материалдары ретінде денсаулық көрсеткіш- тері, оның ішінде аурушаңдық туралы есеп беру материалдары, сұрақнамалар, диспансеризация мате- риалдары қолданылды.Зерттеу нысандары ретінде Байдыбек ауданы тұрғындары мен аудандық емха- налық ұйым қарастырылды. Зерттеу бірліктері ретінде әлеуметтік маңызы үлкен ауру, диспансерлік бақылау бойынша тексеру оқиғасы алынды.
Зерттеу нәтижелері. Ауыл тұрғындары арасында қалыптасқан біріншілік аурушаңдық ер кісілер арасында 898,7 %о-ді, ал әйелдер арасында 903,4 % құрады. Оның негізгі себептерін әлеуметтік маңызы үлкен тыныс алу жүйесі аурулары (260,8-262,3%), нерв жүйесі патологиялары (149,6-151,4%), эндокриндік жүйе аурулары (98,6-103,2 % ), психикалық патологиялар (68,7-71,8 %) және қан айналу жүйесі аурулары (59,4-64,3 %) түзейді. Ер кісілердің әлеуметтік маңызы үлкен аурулардан туындаған өлім-жітімі әйелдердің көрсеткіштерінен анағұрлым жоғары. Әсіресе қатерлі ісіктер бойынша (301,2%00-283,7%00), жүрек-қан айналу жүйесі аурулары бойынша (789,2 %00-778,6%00) осындай айырмашылық анық байқалады. Алынған статистикалық деректерге қарағанда тұрғындарды диспан- серлік бақылауға алу деңгейі өзгеріссіз бір қалыпта қалып отыр. 2006 жылдан 2014 жылға дейіңгі аралықта жаңадан диспансерлік есепке алынғандардың үлес салмағы 12,4%-дан 12,2%-ға дейін, ал диспансерлік бақылауға келмеген аурулардың үлес салмағы 4,6%-дан 3,8%-ға дейін төмендепті. Жыл соңына дейін өлімге немесе толық жазылуына байланысты диспансерлік есептен шығарылғандардың үлес салмағы зерттелген жылдары 0,1% артқан. Бір диспансерлік топтан екінші топқа өту жиілігі 0,4% кемісе, аурудың қозу жиілігі 8,7%-дан 7,9%-ға дейін азайған. Диспансеризацияның тиімділігін госпитализация жиілігі байқата алады. Бұл көрсеткіш 11,9%-дан 10,3%-ға дейін төмендепті. Осы сұрақтарға жауап алу үшін, отбасылық дәрігерлер арасында сұрақнама өткізілді.
Бірінші кезекте дәрігерлердің жалпы диспансеризацияның атқаратын ролін қалай бағалайтындығына зер салдық. Респонденттердің 9-ы немесе 60% диспансеризацияны профилактиканы жүзеге асырудың бірден-бір жолы деп бағалаған. Ал , сұрақнамаға қатысқан отбасылық дәрігерлердің 4-еуі немесе 26,7% диспансеризацияның профилактикалық әдістеме ретіндегі ролін шамалы деп бағалаған. Отбасылық дәрігерлердің 2-еуі немесе 13,3%-ы бұл әдістемені профилактикалық шара ретінде қолданудан түк те пайда жоқ деп көрсеткен. Осы нәтижелерге қарағанда ауылдық отбасылық дәрігерлердің профилактика саласынан теоретикалық білімдерінің төмен және диспансеризациялау ісінен оңды тәжірибелері аса жоғары еместігіне көз жеткіздік.
Диспансеризациялау нәтижесін қалай бағалайсыз деген сұраққа отбасылық дәрігерлердің 8-і немесе 53,3%-ы денсаулық көрсеткіштерінің, оның ішінде аурушаңдық немесе мүгедектік көрсеткі- шінің динамикасына сүйене отырып бағалаймын деп жауап берді. Ал қалған респонденттер диспан- серлік топтардың қозғалыстарына қарай деген жауапты құптаған (7-еуі немесе 46,7%). Диспан- серизациялау барысында қол жеткізген нәтижелеріңіз қандай деген сұраққа респонденттердің 7-еуі немесе 46,7%- ы нәтижелеріміз жақсы деп жауап берген. Оның ішінде диспансерлік есепте тұрған аурулардың өлім-жітімге ұшырау оқиғаларының азайып, мүгедектігінің төмендегендігін немесе жеңіл топқа ауысқандығын, олардың арасында уақытша еңбекке жарамсыздық оқиғаларының сирегендігін нұсқаған. Сұрақнамаға тартылған отбасылық дәрігерлердің басым бөлігі (8-і немесе 53,3%-ы) ешқан- дай динамика байқаған жоқпыз деп атап көрсеткен. Осы жауаптарға қарағанда отбасылық дәрігер- лердің басым бөлігі диспансеризацияның нәтижесін мүлдем сараптамайды және оны керек деп есепте- мейді.
Тұрғындар арасында скринингтік тексеруге кімді тартасыз немесе қалай ұйымдастырасыз деген сұраққа : қатерлі топтың арасында деп 9 отбасылық дәрігер жауап берді (60%). Респонденттердің 40% - ы әлеуметтік маңызы үлкен ауруларды анықтау үшін жалпы тұрғындардың арасында деп жауап қайтарған.
Біздің жүргізген сұрақнама барысында дәрігерлердің скринингтік тексеру қортындысына көзқа- расын анықтауға баса көңіл бөлдік. Респонденттер скринингтік тексеру нәтижесін қалай сараптайсыз және қандай нәтижелерге көңіл бөлесіз деген сұраққа көбнесе (11-і немесе 73,3%) біз туберкулез, қант диабеті және онкологиялық аурулардың симптомдарына көңіл бөлеміз десе, 4 респондент қосымша жүрек ишемиясына, өкпенің обструктивті ауруына және ас қорыту мен бүйрек ауруларына да көңіл бөлеміз деп жауап қайтарған. Скрининг барысында анықталған аурулар арасында қандай медициналық шаралар ұйымдастырасыз деген сұраққа респонденттердің 73,3% емдік шараларды деп атап өтсе, тек 26,7%-ы диспансерлік есепке алып бақылаймыз және профилактика шараларын жүргіземіз деп көрсеткен. Ұйым басшылары отбасылық дәрігердің жұмыс тиімділігін бағалауда диспансеризация нәтижелерін есепке ала ма деген сұраққа респонденттердің барлығы дерлік жоқ деп жауап берген (93,3%). Сұрақнамаға жауап берген өзге дәрігерлік мамандықтын иелері, оның ішінде хирургтар (3-еу), невропатологтар(2-еу), эндокринолог, уролог, кардиолог, гастроэнтеролог және ЛОР- дәрігердиспан- саризацияға ерекше көңіл бөлетіндіктерін айтқан (100,0%). Бұл мамандар скринингтік тексеру ауруларды дер кезінде анықтап, емдеу-профилактика шараларын сапалы ұйымдастыруға жол ашады деп көрсеткен. Скринингтік тексеру барысында анықталған аурулардың невропатологтар (92%) мен урологтар (89%), кардиологтар (84%), ЛОР мен эндокринологтар (100%) басым бөлігін диспансерлік есепке алған. Диспансеризация барысын барлық мамандар жақсы нәтиже береді деп есептейді. Мысалы, невропатологтардың ауруларды диспансеризациялауы оладың арасындағы созылмалы ауру- лардың қозуын 40%, кардиологтардың ауруларының арасында 30%-ға дейін төмендеткен. Ал эндокри- нологиялық аурулардың аурушаңдығы 27% төмендесе, лор аурулары арасында бұл көрсеткіш 45% дейін азайған. Социологиялық зерттеудің барысында отбасылық дәрігерлер мен бейінді мамандар арасындағы диспансеризацияға байланысты өзара қоян - қолтық атқаратын жұмыс тығыздығы туралы мәліметтер де жинастырдық. Отбасылық дәрігерлердің тек 33,35% бейінді дәрігер мамандармен тығыз қатынаста жұмыс атқаратындығын атап көрсеткен. Ал бейінді мамандардың арасында отбасылық дәрігерлермен тығыз байланыста жұмыс атқаратындардың үлес салмағы 80%-ды құрады. Бұл жағдай бейінді дәрігерлердің диспансеризация жұмысына айтарлықтай мән беретіндігін және сапалы атқара- тындығын байқатады. Біз ауыл тұрғындарының диспансеризацияның өз денсаулығына әсер ету дәрежесін қалай бағаланғандығына да көңіл бөлдік.
Амбулаторлық-емханалық ұйымға қаралатын респонденттердің өз денсаулық жағдайы туралы пікірлері мынандай болып шықты: олардың 61,5% өз денсаулығын қанағаттанарлық деп бағаласа, 13,5% - жақсы, 16,1% - нашар, ал 13,2 % қалай бағаларымды бімеймін деп жауап қатты. Респондент- тердің 43,8% 2010 жылы қабылданған «Саламатты Қазақстан» Ұлттық бағдарламасының қабылдаған- нан кейін денсаулығының өзгермендігін айтты, 43,2% денсаулығының нашарлағандығын атап өтті, ал респонденттердің 13,0% денсаулығымыз жақсарды деп жауап берді. Сұрақнамаға тартылған аурулар- дың 37,8% денсаулығының өзгергендігіне өзінің жауапты екендігін атап көрсетсе , 18,2% тұрмыстық- материалдық жағдайымен байланыстырды, 15,9% денсаулығының өзгеруіне қоршаған ортаның бұзылыстары әсер етті деп көрсетті, 14,1% жұмыс ортасының жағдайымен байланыстырды, ал 8,0% қоғамдағы моральдық- психологиялық климатпен байланыстыра отырып өз денсаулығының өзгерісіне көзқарасын білдірді. Сұрақнамаға тартылған респонденттердің 6% өз денсаулығының не себептен өзгергендігіне дұрыс жауап таба алмайтындығын атап өтті. Осыған қарағанда ауыл тұрғындарының басым бөлігі өз денсаулығына айтарлықтай жауаптылықпен қарайтын болып шықты.
Респонденттердің 10,0% өзінің денсаулығының өзгерістерін медициналық көмектің қол қолжетімділігімен байланыстырса, ал 8,0 % медициналық көмектің сапасымен байланысты екендігін атап көрсетті. Сұрақнамаға тартылған ауыл тұрғындарының 30,0% медициналық көмекті медицина бекеттерінде алатын болса, 52,9% ауылдық емханалар мен медициналық орталықтарда алатын болып шықты.
Респонденттердің 74,2 диспансерлік есептен тұратындықтарын атап көрсетті. Сұрақнама тартылған диспансерлік аурулардың 57,9% бұл шараларды өте тиімді деп бағалады, 29,7 % аса тиімді емес, ал 12,4% мүлдем тиімсіз деп атап көрсетті. Алынған зерттеу материалдары ауыл тұрғындары арасындағы диспансеризацияны оңтайландыру себептерін басқару алгоритмін жасауға көмектесті.
Тұжырым.
1. Ауыл тұрғындары арасында қалыптасқан біріншілік аурушаңдық пен өлім-жітім қөрсеткіштері ер кісілер арасында әйелдердің көрсеткіштерінен анағұрлым жоғары. Әсіресе қатерлі ісіктер бойынша (301,2%ооо-283,7%ооо), жүрек-қан айналу жүйесі аурулары бойынша (789,2 %ооо-778,6%ооо) қалыптасқан өлім көрсеткіштері деңгейіндегі айырмашылық анық байқалады.
2. Отбасылық дәрігерлер диспансеризацияның рөлін жоғары бағалаған (60%). Алайда оның рөлін дұрыс деп есептелмегендер де аз емес (40%) оның негізгі себебі ауруларды диспансерлік бақылаудың аса тиімді еместігінде жатыр. (53,3 %). Сұрақнама тартылған респонденттердің 57,9% бұл шараларды өте тиімді деп бағалады, 29,7 % аса тиімді емес, ал 12,4% мүлдем тиімсіз деп атап көрсетті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Булешов М.А., Булешова А.М., Талгатбек А.М., Ембердиев А.У. «Результаты оценки региональных различий в ожидаемой продолжительности жизни населения Южно-казахстанской област» // Сборник научных трудов по материалам IV Международной научно-практической онференции г. Белгород, 31 июля 2015 г. Ст. 95-99
2.М.А. Булешов., Г.К. Каусова., А.И. Нуфтиева., Ембердиев А.У., М.А. Одаманов., О.К. Жандосов. «К вопросу обращаемости и потребности в скорой и неотложной медицинской помощи в сельских районах ЮКО» // «Хабаршы» ОҚМФА Республикалық ғылыми журнал.№1 (70),2015. С.54-57