АННОТАЦИЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл жер шарында спирт ішімдіктерін тұтыну деңгейін айқындау үшін 188 елде арнайы мониторинг жүргізеді. Соның нәтижесіне сүйенсек, 2011 жылғы рейтингте Қазақстан 34 орында тұр. Бұл - еліміздің әрбір азаматы жылына 11 литрге жуық таза этил спиртін немесе жарты литрлік арақтың 50 бөтелкесін тұтынады деген сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жан басына шаққанда 8 литрден көп алкоголь өнімін тұтынатын елдердің ұлттық генофонды деградацияға ұшырайды деген ақпарат таратқан.
Кілт сөздер: ішімдік, жастар, көзқарас, субъективті көзқарас
Салауатты өмір салтын құру ұлттық орталығының мәліметі бойынша адам басына шаққанда жылына 10-12 литр спирт ішеді екенбіз. Ал БҰҰның мәліметі бойынша тұтыну 8 литр спирттен асса халықтың жойылуға бет бұратындығын ескерткен. Арақ ішу жөнінен Қазақстан бесінші орынға шықты. Мұндай қорытындыны әлемдік нарықты зерттеген ұлыбританиялық IWSR (халықаралық шарап пен спирттік ішімдіктер нарығын зерттеу ұйымы ) ұйымы жариялады.
Осы және өзге де статистикалық мәліметтер, бұл тақырыптың өзектілігін ашып көрсетуде. Және бұл мәселенің бастауы - жастар арасында белең алуы бүгінгі қоғамды мазалайтын тақырыптардың бірі екенін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қазіргі заман жастарының ішімдікті қолдануға деген көзқарасының деңгейін анықтап, бағалау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Ішімдікті қолданудағы эмоциональды тәуелділікті анықтау;
- Жастардың алькогольді ішімдіктерді, сусындарды қолданудағы әлеуметтік жағдайының әсерін бағалау;
- Рухани күйзеліс кезінде және материалдық жағдайының төмендеуімен байланысты ішімдікті қолданудың үрдісін қарастыру;
- Ішімдікті қолдану мен адамның рухани құндылықтарының арасындағы байланысты анықтау.
Зерттеу нысаны (объектісі):
1. с.ж.асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті студенттері
(18-24 жас аралығы)
2. Ғаламтор желісі бойынша қамтылған жалпы жастар
Зерттеу әдісі: анонимді - анкеталық сұрақ-жауап.
Зерттеуге қатысушылар саны: 72 (соның ішінде 37 қолма-қол, 35 интернет желісі арқылы)
Әлеуметтік ақпараттың өңделу әдісі: Алынған ақпарат компьютер көмегімен өңделді.
Сауалнаманың алғашқы сұрақ-жауап бөлімі жалпы шолу көрсеткіштеріне жататындықтан басты назар келесі бөлімдерде жүргізілді. (зерттеу барысы)
✓ Ең алғаш қай кезде ішімдіктің (алкогольді сусындардың) дәмін татып көрдіңіз?
а) мектепке дейін 3% б) 11-сыныпқа дейін 33% в) орта мектеп бітіргеннен соң 41%-
в) жоғарғы оқу орнына түскеннен соң 10%, г) ешқашан - 13% - жауаптар қорытындысы бойынша, көпшілік жастар 11 сыныпқа дейін және орта мектепті бітіргеннен соң ең алғаш алкоголь тектес сусындарды ішіп көрген. Бұл алкогольді ішімдіктерді ерте жастан пайдалану фактін көрсетеді.
✓ Келесі сұрақта ситуациялық жағдай ұсынылды: Сіз өзіңізге құрметті, сыйлы адамды мас
күйінде жолықтырдыңыз. Сіздің реакцияңыз: а)ол туралы пікірмді өзгертіп, өтіп кете беремін -11% б)көңілім қатты қалатын еді-22% в)«Әр адамның басынан өтеді» деген пікірдемін-49% г)ондай жағдайды елестете алмаймын-18%. Бұл жағдайда жастардың пікірінше, ол сыйлы құрметтейтін адам болғандықтан, «әркімнің басынан өтетін жағдай» деп қарастырады екен. Яғни оларда мас күйінде көрген адам туралы теріс пікір қалыптаспайды
✓ Ішімдікті, алкгольді сусындарды - жамандық деп есептейсіз бе?
а) иә - 100% б) жоқ - 0 - өте қызық қорытынды, жастардың барлығы дерлік ішімдікті жамандық деп санайды, бірақ мас күйінде көрген адамға теріс пікірі қалыптаспайды.
✓ Ішімдік міндетті түрде болатын жерлерге баруға қорқасыз ба?
а)иә-37% б)жоқ-45% в)білмеймін-18% - Бұл жауаптың қорытындысын байқағанымызда, жастардың ішімдігі (алкогольді сусыны) бар ортаны қауіпті деп есептемейтінінде..
✓ Қандай мақсатпен ішімдікті (алкогольді сусындарды) пайдаланасыз?
а) Достарыммен көңіл көтеру үшін-33% б)Эмоциональдық және физикалық күйзелістен арылу үшін- 11 % в) Әр кезде әрқалай 43% г) Өз жауабыңыз-13%. Жоғарыдағы көрсеткіштерден түйетініміз: алда онсыз да коғамдық дертке айналып бара жатқан ішімдікке салынушылық, алкогольді сусындарды пайдалану - жастардың санасында әдетке айналып кетеді ме деген қорқыныш ұялатады.
✓ Бұл жүргізілген барлық сауалнамалардан кейін, мынадай заңды сауал туады:
«Медициналық жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерде бұл деңгей қаншалықты, яғни оның ішімдікті пайдаланбауына медицина саласында оқитындығы әсер етеді ме?»
Бірақ өкінішке орай, алынған сауалнамаларды салыстырмалы түрде зерттей келе 78% өкінішке орай жоқ жауап берді. Бұл жастардың жалпы тенденциясы, олардың медицина саласында оқу - оқымауына байланысты емес екендігінің көрсеткіші.
Қорытынды: Зерттеу жұмысы мақсатын орындады, яғни қазіргі заман жастарының ішімдікті қолдануға деген көзқарасының деңгейін анықтауға мүмкіндік болды.
Рухани күйзеліс кезінде және материалдық жағдайының төмендеуімен байланысты ішімдікті қолданудың үрдісін қарастырғанымызда, расында да кейде ішімдікті рухани күйзелістен арылтушы ретінде қабылдайтынын көре алдық. Әлеуметтік жағдайға қарамастан, достармен көңіл көтеруде, қандай да бір күйзелістен арылу үшін ішімдікті (алкогольді сусындарды) пайдалантынын пайымдауға болады.
Барлық жастар қоғамы ішімдік пен алкогольді сусындарды жамандық деп танығанымен, мастыққан қоғам алдарына келгенде, олардың басым көпшілігінің іс-әрекеті бейтарап күйінде қалатынын және ол үшін қорқыныш сезімі аса туындамайтынын бағаладық. Қоғамның 100% салауаттылығын нарықта ішімдікті және ішімдік тектес сусындарға қолжетімділік өршіп тұрған кезеңде шындыққа балай алмайды екенбіз.
Ұсыныс: Ішімдіктің жастар арасында етек алуының басты себебі - қол жетімділікте. Сондықтан 2018 жылдан бастап арнайы «Карточкалы жүйе» бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынамын. Арнайы ішімдікті пайдалануға құқық берілетін карточка тек қана 21 жасқа толған азаматтар мен азаматшаларға беріледі, сондай-ақ карточка Сізге тек бір жылдық лимит бойынша, яғни жыл ішінде тек қана 8литрге дейін ішімдік сатып алуға құқық береді. Бұл карточкалы жүйе жергілікті ЦОНдарда беріліп, сол жерде тіркеледі. Бастапқы бағдарлама жоспары осындай.
«Табиғат ресурстары азайып, халық көбейіп, жер тарылып жатқан заманда, Қазақтың байлыққа толы ұлан байтақ жерін соғыссыз жаулап алуға бел буып отырған сыртқы күштерге, алкоголизмге қазір күреспесек ертең тым кеш болары анық. Себебі ертең күресті кеш бастар болсақ, саны көбейген алкогольге тәуелді азаматтарымыз бізге бой бермей кетері анық» - деген сөздер көңілде ой түйдіріп, шешім қабылдауға негіз болары хақ.
Дені сау, білімді және бәсекеге қабілетті ұлт қана туындайтын ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті. Сондықтан біз қалыптасқан жағдайды нақты бағалап, еліміздегі алкоголь проблемаларын ауыздықтау үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
- «Айқын» республикалық қоғамдық - саяси газетінің мақалалары (2012-2014жж.)
- Бабаян Э. А., Пятое М. Д. Профилактика алкоголизма.— М.: Медицина, 1981.-63 с.
- Банщиков В. М., Короленко Ц. П. Проблема алкоголизма (медицинский и психологический анализ).
- Өмешұлы Ә. Салауатты өмір - денсаулық кепілі, Алматы, 1999
-
- Каменков К. А. Алкоголизм как социально-гигиеническая проблема.— В кн.: Проблемы социальной гигиены / Под ред. Е. Я. Белицкой. Л.: Медицина, 1970, с. 366—388.
-