Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жарақаттанудың және жетілдіру жолдарының медициналық- әлеуметтік аспектілері

АННОТАЦИЯ

Жарақат алу бойынша 2012-2013 жж деректері мен статистикалық жинақтары сараланып, талданды. Аталған жылдардың І тоқсанында жарақат алу 9,4% асқан, ал жалпы мүгедектік себептері ішінде жарақат салдары жетінші орында.

Кілт сөздер: жарақат, мүгедектік, жол көлік оқиғасы, өлім, медицина

Өзектілігі: Халықаралық еңбек ұйымының дерегіне жүгінсек, жыл сайын әлемде тек өндіріс орындарынан 270 миллион адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алады екен. Ал оның 160 миллионы біржола мүгедектікке душар болып қалатын анықталған [1]. Бұл жағымсыз жағдай қазір біздің елімізде де белең алып тұр [4]. Өндірістік жарақатпен қоса жол-көлік оқиғаларынан болатын жарақаттың орны бірінші орында тұр. Қазақстан республикасының 2030 стратегиялық даму бағдарламасында атап көрсетілгендей, экономикалық және әлеуметтік даму бағытындағы басты мәселелердің бірі автотранспорт құралдарын тиімді пайдалану, жолаушыларды тасымалдау қызметтерін арттыра отырып жол қозғалысы қауіпсіздігін жоғарылату. Осы аталған мәселелерді тиімді орындау жол қозғалысын жетілдіру, жол апаттары себептерін зерттеу және жол апаттарын болдырмау, алдын алу іс-шараларын орындау арқылы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2013 жылғы дүниежүзіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы туралы баяндамасында әлемдегі 99% халық немесе 6,8 миллиард адамды қамтыған 182 елдің жол қозғалысының қауіпсіздігі жөнінде мәлімет берілді. Дүниежүзінде жолда 1,24 миллионға жуық адам қаза тауып, ал 20-дан 50 миллионға дейін адам қауіпті жарақат алады. Дүниежүзінде жол-көлік апатының нәтижесінен болатын өлім-жітім оқиғасының 59%-ы 15-44 жас аралығындағы жас адамдар арасында орын алады. Орташа жылдамдықты 5%-ға төмендету өлімге әкелетін апаттың санын толықтай 30%-ға төмендетуге ықпал етеді. Балаларға арналған орындық пен қосымша құрал (жастық) апат болған жағдайда балалар өлімін 54-80%-ға төмендетеді. [1]. Әлемде жол-көлік апаты көп жағдайда дамушы және дамуы тежелген елдерде орын алады. 2010 жылы Блумберг отбасы атындағы қордан ЖКО көп кездесетін 10 елде (Бразилия, Вьетнам, Египт, Үндістан, Камбоджа, Кения, Қытай, Мексика, Ресей Федерациясыжәне Түркия) алдын алу үшін 5 жылға қаржыландыру жүргізілді және бұл қаражаттың барлығы ЖКО салдарынан болатын жайғайлардың профилактикасына арналған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2008 жылы 178 елде жүргізілген зерттеуіне сай ЖКО-ң 90% халықтың жалпы көлеміне көліктер саны аз келетін, күн көрісі төмен және дамушы елдерде орын алып, басты себеп жол сапасының төмен екенін дәлелдейді. Әлем бойынша барлық ЖКО жарты бөлігі жаяу жүргіншілер жолында, велосипед пен мотоцикл айдаушылар арасында кездеседі. Өкінішке орай әлем бойынша барлық жолдардың 15% ғана қауіпсіз болып табылады[1.2].

Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасы бойынша тұрғындардың жарақаттану динамикасын зерттеп, өлім құрылымын саралау, алдын алу шараларының тиімділігін бағалау.

Зерттеу материалы мен әдістері. Қазақстан Республикасы денсаулық саласы мен ішкі істер басқармаларының мәліметтерін алып, статистикалық талдау жасау.

Зерттеу нәтижелері мен талдау. Жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайларын талдау және осы себептер мен жағдайларды жою үшін әр елде, аймақта, қалада жол-көлік оқиғаларының есебі жүргізіледі. Оны елдің Ішкі істер министрлігі мекемелері, автомобиль жолдарын мемлекеттік басқару органдары, даралық және жеке меншік жолдарының иелері жол-көлік оқиғаларын есепке алу ережелеріне сәйкес жүргізеді. Медицинамекемелері меншік нысанына қарамастан жол-көлік оқиғаларында қаза тапқан немесе жарақаттанған адамдардың есебін жүргізеді. Жол-көлік оқиғаларының мемлекет статистика есептемесіне адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған жол-көлік оқиғалары ғана енгізіледі. Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы” Заңына сәйкес жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді жариялауға рұқсат етіледі және олар мүдделі заңды тұлғалар мен азаматтарға белгіленген тәртіппен беріледі [4.5].

Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау деңгейін арттыру, Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен жол қозғалысын қадағалауды жетiлдiру, жолдағы авариялық-қауіпті учаскелердi жою жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазiргi заманғы әдістер мен құралдарды қолдану, жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесін әзiрлеу және енгізу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлік жүйелерімен жарақтандыру жоспарлануда [6].

2013-2014 жылдың алғашқы І тоқсанының есебі бойынша тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 9,4 %-ға өскені байқалады [7].

2013 жылға қарай ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету. 2013 жылға қарай зардап шегушілерімен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 8%-ға артқан [6.7].

Жарақат алу бойынша өлім себептеріне келетін болсақ 2012-2013 100000 тұрғынға есептегенде жазатайым жарақаттану себептерінен өлім бірінші орында тұр. Ең көп үлесті Солтүстік Қазақстан облысы (2012 ж - 159.06; 2013 ж - 146.63) мен Қарағанды (2012 ж -134.67; 2013 ж - 114.62) облыстары алады.

Жарақат себептерінің ішінде 65% қыс мезгілінде орын алатын көктайғақ себептерінен екендігі анықталды. Ал сәбилер арасындағы өлім себептеріне келетін болсақ жарақат салдары туа біткен ақаулар мен перинеталды кезеңде пайда болған аурулардан кейінгі үшінші орынды алып отыр.

Қорытынды: Қорыта келе жарақаттанудың деңгейі 9,4% өскені тіркелді. Жалпы жарақаттанудың ішінде 70% жол көлік оқиғаларына сай келетіні анақталды. Жарақаттау бойынша өлім себептері СҚО мен Қарағанды облыстарында ең жоғары көрсеткішке ие екендегі табылып, басты себептері климаттық- географиялық болып табылды.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Предупреждение насилия и травматизма: Безопасность дорожного движения в 10 странах. ВОЗ. (http://www.who.int/violence_injury_prevention/road_traffic/countrywork/ru/)
  2. Доклад о состоянии безопасности дорожного движения в мире, 2013 г. ВОЗ. http://www.who.int/ violence_injury_prevention/road_safety_status/2013/ru/
  3. Статистика дорожно-транспортных происшествий на дорогах страны порой напоминает сводку военной поры. Газета «Казахстанская правда», 26 июля 2013 г
  4. Қазақстан РеспубликасыІшкі істер министрінің2011 жылғы «01» 09№ 455 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі» нұсқаулық.
  5. Ә.Торбаева. Жол апатының келеңсіздіктерін алдын алу шаралары (http://www.namys.kz/?p= 19177)
  6. 2014 жылдың 4 айы бойынша жол-көлік оқиғаларын есепке алу жағдайы (http://pravstat.prokuior.kz/kaz/ novosti/ press - releasy /2014-zhyldyn-4-ayy-boyynsha-zhol-kolik-okigalaryn-esepke-alu-zhagdayy)
  7. 2013 жылда Қазақстан Республикасыхалқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі. Статистикалық жинақ. Астана - 2013 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.