АННОТАЦИЯ
Аталған жұмыста халық арасында вирусты гепатит В ауруымен аурушаңдықтың таралуы және оның негізгі берілу жолдарының зерттеу қорытындылары келтіріледі. Қазіргі уақытта осы ВГВ жұқпасымен күресуде әрі қарай жетілдірілуді қажет етеді және халықтың денсаулығын қорғау мәселесінде медициналық
көмектің аса жетілдірілген, аз шығынды және тиімді шараларын, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, әрі денсаулықты сақтау және дамыту, қалпына келтіру шараларын құрастыруды қажет етеді.
Кілт сөздер: гепатиттер, денсаулықты қорғау, халық денсаулығы, иммунизация, ДДҰ, ВГВ.
Өзектілігі: Вирусты гепатит В (ВГВ) бүкіл әлемде денсаулық сақтау саласының өзекті проблемасы болып табылады. Осы гепатиттің созылмалы түрі жиі вирустық бауыр циррозына, гепатоцеллюлярлы карцинома секілді аурулар туғызатындығына байланысты маңызды. В вирустық гепатитінің болжамы көптеген жағдайда өлімге алып келеді. Вирусты гепатиттермен жыл сайын жүздеген миллион адамдарға жұқса; жыл сайын 1 млн астам осы аурулардан көз жұматыны белгілі. Бүкіл әлем бойынша ВГВ тасымалдаушылардың саны 350 млн болып саналады [1.2].
ВГВ ауруын экономикалық жағынан алып карастыратын (емдеу мен алдын алу шаралары) болсақ денсаулық сақтау саласы бюджетінің ауқымды бөлігін алып жатыр. Инфекциялық аурушаңдықты төмендетуге арналған мемлекеттік бағдарламаларға (Саламатты Қазақстан 2011-2015жж) және арнайы негізгі жоспарларға сай ВГВ аурушаңдықты төмендету мақсатында арнайы профилактикалық екпелер Қазақстан Республикасының (ҚР) Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілді [3]. Қазіргі уақытта иммунопрофилактиканың жеңісіне қарамастан ВГВ жыл сайын тіркелу жағдайы артуда, оның маңызды кілттері мыналар деп санауға болады: ВГВ жұқпасы және оның қауіптілігі жөнінде халықтың аз ақпараттануы, екпе алмаған тұрғындардың өте көп болуы (ВГВ екпесі тек қана соңғы он жылдықта жүргізіледі, 1998 жылдан бастап), мамандандырылған қызметкерлер тапшылығы (гепатологтар), халықтың және қызмет көрсетуші жұмысшылардың санитарлы-гигиеналық сауатының төмен болуы (шаштараз, сәндік үйлер және т.с.с), ВГВ аурухана ішілік инфекция ретінде таралуы және алдын алу шараларының ұйымдастырылмауы, жыныстық сауаттың төмен болуы, вакцинадан бас тартуға деген әлеуметтік жарнамалардың көбеюі себеп болып отыр.
Зерттеу мақсаты: ҚР бойынша таралу деңгейін анықтап, инфекцияның негізгі кең таралған берілу жолын анықтау.
Зерттеу материалдары: ҚР бойынша денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы, 2014 жылғы статистикалық жинақтары.
Нәтижелер мен талқылаулар: Профессор Л.Пальгованың [4] мәліметіне жүгінсек, елімізде гепатиттің ең ауыр түрлері болып табылатын В және С түрлері кеңінен таралған. 2000-жылы гепатиттің В түріне шалдыққан адамдар саны әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 22,4 болған. Медициналық ұйымдарда, косметикалық салондарда, шаштараздарда медициналық құрал-саймандардың, көп рет қолданылатын піскектердің стерилизациялық режимін сақтамаудан, инъекцияларды жиі қолданатын наркотиктердің арасында залалсыздандырылмаған піспектерді қолдануларынан, жыныстық қарым-қатынастан В вирусты гепатитінің жұғу қаупі туындайды. ВГВ инфицирленген қанмен қатынаста ғана таралады. Науқастардын көбісі (70%) - олар шприцтерді бірге қолданып жұқтырып алған инелік есіртке қабылдаушылар.
Есірткілер ВГВ медициналық мәселеден әлеуметтік мәселеге өзгерді. Соның арқасында 15-25 жастағы адамдардын арасында ауру көп таралған. Қан немесе қан препараттарды құю ол да инфекцияның негізгі себебі болып табылады. Қазіргі кезде тест-жүйелер 100% инфицирленген донорларды анықтайды. Сонымен қатар, жұғу қауіпі көп гемотрансфузия жасағанда жоғарылайды. Гемодиализ бөлімшелерде ВГВ жұғу оқиғалары бар, бірақ құралды қатаң бағалауымен және науқастарға anti-HBV скрининг жасаған кезде жұғу қауіпі төмендеді [5].
Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 92 Бұйрығына сәйкес жұмыс жүргізілу арқасында ВГВ қазіргі уақытта он есеге төмендеу байқалды деп айтсақ болады.
Жіті вирустық гепатит бойынша аурушаңдық 1 диаграммаға сай 100000 халыққа шаққанда 5 жыл аралықта 90,3% төмендеген. Бұл медицина саласындағы атқарылған үлкен жұмыстың бір көрінісі.
Қорытынды. Қорыта келе зерттеу деректері көрсетіп отырғандай жыныстық қатынас және медициналық араласудың арқасында жұқтырылған ВГВ төмендемей отыр. Медициналық қызмет көрсетумен, соның ішінде стоматологиялық емдеу нәтижесінде жұқтырылған ВГВ 35% қамтып отыр. Ал жыныстық қатынас арқылы берілген инфекция үлесі 55% жуық. Алдын алу шараларының жан-жақты жандандырылуы жүргізілгенмен, аурушаңдықтың кездесуі бұл әлі де халық арасында санитарлық- гигиеналық білімінің төмен екенін көрсетіп отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Абдурахманов Д. Т. Специфическая профилактика инфекции вируса гепатита В. // Врач. - 2010. - № 4. - С. 2225.
- Косарев В.В. Медицинские работники - группа риска по гемоконтактным инфекциям // Здраво-охранение. - 2011. - № 1. - С. 163-173.
- "Халыққа профилактикалық егудіжүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығы.
- Вирусты гепатиттің алдын алу (http://kaz.caravan.kz/news/elimizde-oqushylar-arasynda-virusty-gepatitting-taraluyna-zhol-bermeuge-baghyttalghan-zhoba-zhuzege-asyrylmaqshy-newsID31277.html)
- Шахгильдян, И.В. Хухлович П.А., Михайлов М.М. и др. Гепатиты В и С среди медицинских работников и оценка эффективности вакцинопрофилактики НВ-вирусной инфекции среди них //Вирусные гепатиты. - 2003. - №2 (17). - С.6-11