Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасында міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыру алғышарттары

АННОТАЦИЯ

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында берілген Қазақстан Республикасында міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің орындылығын зерделеу туралы тапсырмасын орындау өзекті болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткендей барлық денсаулық сақтау жүйесі мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшының өз денсаулығына ортақ жауапкершілігі бас қағидатына негізделуі тиіс. Медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі отандық денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді біршама жүйелеуге жол ашады, медициналық қызмет көрсететін - медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Халықтың өз денсаулығына жауапкершілігін күшейтеді және өзі таңдаған жерде ем алуына мүмкіндік тудырады.

Кілт сөздер: міндетті медициналық сақтандыру, анкеталау, статистика, бюджет.

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанда денсаулық сақтауға бюджеттік қаржыландыруды жыл сайын ұлғайту және жаңа медициналық технологияларды дамытумен халықтың өмір сүру ұзақтығының ұлғаю динамикасы байқалады. Соған байланысты медициналық қызметтерге арналған шығыстар мен сұранымдардың ұлғаюы күтілуде.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі тиімділікті жоғарылатудың нарықтық тетіктерін жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі. Алайда, болашақта халықтың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді денсаулық сақтау жүйесін қолдау үшін осы шаралардың жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан, жалпы алғанда денсаулық сақтаудың тиімділігін арттырудың жаңа тетіктерін іздеу қажет. Осы мәселенің жан-жақты болуы және болашақта Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған сынын назарға ала отырып, Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында берілген Қазақстан Республикасында міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің орындылығын зерделеу туралы тапсырмасын орындау өзекті болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткендей барлық денсаулық сақтау жүйесі мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшының өз денсаулығына ортақ жауапкершілігі бас қағидатына негізделуі тиіс.

Зерттеу әдістері және материалдар. Қазақстандағы және шет мемлекеттердегі осы мәселеге байланысты қол жетерлік ғылыми әдебиетті талдау және жүйелеу. Халықты анкеталау. Әлеуметтік, статистикалық зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері және талқылау. Әлемдік тәжірибеде сақтандыру нарығы қызметтері бойынша медициналық сақтандырудың 2 түрі қарастырылған: ерікті және міндетті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, сақтандыру сыйақысы сақтандырудың ауру жағдайларына 2015 жылдың 1 қаңтарына республикадағы бүкіл сақтандырудың 8,3 % құрады, бұл

былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,0 % көп (2014 жылдың 1 қаңтары - 7,3 %). Статистикаға қарасақ, соңғы жылдары бұл сала бойынша көлемнің тұрақты өскенін байқаймыз, осыдан медициналық сақтандыру көптеген жұмыс берушілердің әлеуметтік пакетіне енгенін көреміз. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасы азаматтары ерікті түрде денсаулықтарын сақтандырмайды. Бұл, келесі себептерге байланысты: бағаға қатысты факторлар, халықтың сапалы медициналық қызмет көрсетуге сенбеушілігі, халықтың төмен сақтандыру мәдениеті және медициналық сақтандыруды дамытуда ынталандыруының жоқтығы; мемлекетіміздегі әр облыстың тұрмыс жағдайы мен бағаның (ақша) әртүрлі дәрежеде болуы; сақтандыру нарығында кірістің болмашы қана болуы; халық арасында сақтандыруға қызығушылықтың жоқтығы.

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды кезең-кезеңмен басым мемлекеттік үлгіден басым бәсекелестік үлгіге жүзеге асыру керек деп қарастыруда, бұл жүйенің біртіндеп тиімділігін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта, республикамызда 2009 жылдың 18 қыркүйегінде қабылданған "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі бекіткен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың мемлекеттік үлгісі жұмыс істейді.

Міндетті медициналық сақтандыруды қаржыландыру жүйесі жұмыс берушілер немесе қызметкерлерге сақтандыру шегерулерін мемлекеттік сақтандырудың мемлекеттік қорына енгізуін ұсынады. Республикамыздағы Денсаулық сақтау жүйесіне бөлінген бюджеттік көрсеткіштер соңғы жылдары келесідей болды: 2009 жылы - 455,1 млрд теңге, 2010 жылы - 555,0 млрд теңге, 2011 жылы - 627,3 млрд теңге, 2012 жылы - 731,2 млрд теңге, 2013 жылы - 797,1 млрд теңге, 2014 жылы - 849,0 млрд теңге, 2015 жылы - 900,0 млрд теңге.

Қорытынды: Қазіргі заман - жаңа заман. Нарық талаптарына сәйкес біз жан-жақты білім жинап, заман ағынымен қатар жүзуіміз керек. Сондықтан, медициналық міндетті сақтандыру елімізде тамырын жайса, біздің еш ұтылмайтынымыз айқын. Медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі отандық денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді біршама жүйелеуге жол ашады, медициналық қызмет көрсететін - медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Халықтың өз денсаулығына жауапкершілігін күшейтеді және өзі таңдаған жерде ем алуына мүмкіндік тудырады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Joseph Kutzin. Политика финансирования здравоохранения: руководство для лиц, принимающих решения. Стратегический документ по вопросам финансирования здравоохранения // Всемирная Организация Здравоохранения. - 2008. - 34 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.