Кіріспе: Нақты статистика Қазақстанда онкологиялық аурулардан өлім тұрғындар өлімінің барлық себептерінің ішінде екінші орын алатындығын көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша бүкіл әлемде 2020 жылға дейін қатерлі ісіктерден аурушаңдық және өлім 1,5-2 есеге ұлғаяды. [5]
Зерттеудің мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындардың қатерлі ісіктермен аурушаңдығы және алдын-алу іс-шараларын күшейтудің өзектілігі.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Облыстық онкологиялық диспансердің 2013 жылғы, 2014 жылғы науқастар және қатерлі ісіктермен аурушаңдық туралы есебі.
Нәтижелер мен талқылаулар: Ісіктер қатерсіз және қатерлі болып екіге бөлінеді. Бұлардың бір- бірінен ең негізгі айырмашылығы, біріншісі еш уақытта көрші сау ұлпаларға, тіндерге, яғни мүшелерге тарамайды, немесе көшпейді, зақымдамайды, ал екіншісі - аталмыш үрдісті міндетті түрде орындайды, сөйтіп өмірге қауіп туғазады. [1] Қатерлі ісіктердің ерекшеліктері сол, бұл ісік өзінен өзі тоқтамай, әрі қарай прогрессия жолымен өсе береді, қатерлі ісіктің түйнегінен рактың клеткалары бөлініп шығып, лимфа мен қан тамырлары арқылы және имплантация жолымен дене мүшелеріне, лимфа бездеріне тарайды. Қатерлі ісіктің негізгі түйнегінен бөлініп, жан-жаққа тарап шыққан, лимфа бездерінің, дене мүшелерінің ішіне түсіп өскен рак клеткаларын метастаздар деп атайды. Қатерлі ісіктің тағы бір ерекшелігі сол, бұл қатерлі ісікті хирургиялық операция жолымен, радиация сәулесімен, химиялық дәрі препараттарымен түгелдей зақымдап, түбірімен алып тастамаса, рактың клеткасы немесе ткані өз орнында қалып қойса, онда соңынан осы қалып қойған рак клеткасынан, ісік тканінен қайтадан рак ісігі пайда болады, бұны қатерлі ісіктің рецидиві деп атайды. [2]
Қатерлі ісіктер барлық жас топтарында кездеседі. Бірінші кезекте ағзаның физиологиялық ерекшеліктері және қауіптің модифицирленген факторларына бейімділігімен анықталатын аурушаңдықтың және өлімнің құрылымы - әрбір жыныс және жас үшін әртүрлі.
Қалыпты ұлпалы ортада болатын ағзаның барлық клеткалары - қартаю үрдісі және криздік жыныстық кезеңдерде ритмді физиологиялық өзгерістерге бейім. Адам өмірінде денсаулық үшін анағұрлым қауіпті критикалық кезеңдер 7, 14, 21, 29-30, 36, 42, 59-60, 63, 68 жаста байқалады. Ағзаның функциясының ритмді өзгерістерінің жиілігі және жасушалардағы компенсаторлы микромолекулярлы өзгерістер, ритмді тербелістердің кейбір фазаларында жасушалардың құрылымдық бірліктері және мембраналарының канцерогендік заттардың әсеріне сезімталдығын арттырады. Ұзақтығы ағзаның жыныстық және жастық индивидуальді ерекшеліктеріне: жүйке жүйесі типіне, иммунды және эндокринді жүйенің жағдайына - және ағзаның модифицирлеуші факторларға бейімділігіне байланысты болатын канцерогенді агенттің әсер ету уақыты және ракті манифестация аралығында белгілі латентті кезең өтеді.
2013 жылғы, 2014 жылғы облыстық онкологиялық диспансердің науқастар және қатерлі ісіктермен арушаңдық туралы есебі зерттелді. Талдау барысында 2013 жылы 55-59 жас аралығында жалпы науқас саны-357 болса, оның ішінде ерлер-163, әйелдер-194 болған. 60-64 жас аралығында жалпы науқастар саны- 391-ді құраса, оның ішінде ерлер-191, әйелдер-200-ді құраған. Ал 2014 жылы 50-54 жас аралығында жалпы науқастар саны-331, оның ішінде ерлер-115, әйелдер-216 болса, 55-59 жас аралығында жалпы науқастар-361, оның ішінде ерлер-153, әйелдер-208 болған. Ал 60-64 жас аралығында жалпы сан-384, оның ішінде ерлер- 205, әйелдер-179 екендігін көрсетеді.
Кесте - Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2013-2014 жылдардағы өмірінде бірінші рет анықталған қатерлі ісіктермен науқастарда жас-жыныс ерекшеліктеріне байланысты аурушаңдықтың таралуы
Онкологиядағы алдын-алу іс-шараларын жүргізу канцерогенездің болжамды этиологиялық факторларының көптүрлігінен күрделене түседі. Көптеген эпидемиялогиялық және экпериментальдік зерттеулер сыртқы ортаның кейбір факторлары әсері (химиялық, физикалық және биологиялық) және
65
адамның өмір сүру салты арасында байланысты көрсетті. Тірі ағзаның оларға сезімтал жасушаларының қоршаған ортаның канцерогенді факторларының әсерін максимальді төмендету, сондай-ақ адамға спецификалық емес әсер ету жолымен (салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту ж. т. с. с. насихаттау) ағзаның иммунологиялық статусын тұрақтандыруға бағытталған әлеуметті- гигиеналық іс-шаралардың комплексі қатерлі ісіктердің біріншілік алдын-алу деп аталады.
Рак алды аурулармен науқастарды анықтау, келесі оларды сауықтыруға және бақылауға бағытталған медициналық іс-шаралар комплексі екіншілік алдын-алу деп аталады. Рактың ерте диагностикасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу екіншілік алдын-алудың компоненті болып табылады. Рактың рецидиві алдын-алу рактың үшіншілік алдын-алу болып табылады.
Ағзаның қатерлі ісіктерден жеке бас қорғанысы құрауы керек: жеке бас гигиенасының ережелерін ұстануды; ағзаның бұзылған функцияларының кейінге шегерілусіз емдік коррекциясын; дұрыс рациональді тамақтануды; зиянды әдеттерден бас тартуды; репродуктивті жүйенің функциясының оптимизациясын; активті салауатты өмір салтын ұстануды; адамның биік өзінің есін - ағзаға канцерогенді әсері бар факторларды нақты білу және сақтану шараларын, ісіктердің ағымының ерекшеліктерін, сатылығын және емінің нәтижелілігі оларды уақытылы анықтауға байланыстылығын білу; [3]
Қорытынды: Тұрғындардың әртүрлі топтарының қатерлі ісіктермен аурушаңдығын және олардан өлімнің сандық көрсеткіштерін зерттеу және талдау, денсаулық сақтау жүйесінің басқару органдарына ракқа қарсы күрестің бағдарламаларын дайындауға және күшейтуге мүмкіндік береді. [4]
Қатерлі ісікпен күрестің негізгі әдістері - ауруың алдын-алу, салауатты өмір салтын ұстану және науқасты неғұрлым ерте анықтау. Ең бастысы, адамның өз денсаулығына деген жауапкершілі маңызды. Зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, дұрыс тамақтанған адамдар жаман аурудан сақтана алады. [6]