Тұмау -бұл вирустармен шақырылатын, жоғарғы тыныс жолдарының ауруы.Тұмау өте жұқпалы, ережеге сай ауру адамнан жөтел және түшкіру арқылы таралады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мәліметінше, жыл сайынғы тұмау індетіне 5 %-дан 15% -ға дейін әлем халықы жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалы ауруымен ауырады. Берілген зерттеу Оңтүстік Қазақстан облысында тұмаудың таралуы және алдын-алу мәселелерінің шешімін табу мақсатында жүргізілді.
Кілт сөздер: тұмау, алдын-алу, індет, сырқаттанушылық
Кіріспе: Тұмау -бұл вирустармен шақырылатын, жоғарғы тыныс жолдарының ауруы. Тұмау вирусы адам организміне ауа-тамшы жол арқылы түседі. Бірақ тұмаудың жұғуы күнделікті қолданыстағы заттар арқылы, сөйлесу кезінде, жөтеліп түшкіргенде ауру адам өз айналасында көптеген аэрозольді бөлшектермен (қақырық, сілекей, түкірік т.б.) «қауіпті аймақ» тудырады. Вирус ағзаға түскенде, ол тыныс алу жолдарының эпителиіне орнығады, қорғаныш қызметін бұзады, содан соң РНК вирус жасуша ядросына енеді. Осылай вирус жылдам әрі тез ағзаның басқа да жасушаларын жаулап, тез көбейеді. Тұмауды клиникалық жағдайына қарай нақты анықтау мүмкін емес. Тұмауды нақтылау үшін зертханалық әдістер керек. Тұмаудың мына белгілеріне жүгінеміз: температураның көтерілуі, бас ауруы, конъюнктивит, көз алмасының қозғалғанда ауруы, жалпы интоксикация, дене бұлшықеттерінің ауруы тамақтың құрғауы, ауыруы, жөтел. «Тұмау» диагнозы жедел әрі тез арада қойылуы тиіс. Неғұрлым тез қойылса, соғұрлым аурудың асқынуы (қатты қансырау, ішкі организмнің зақымдалуы - өкпе, орталық нерв жүйесін) алдын-алуға болады.
Тұмауды анықтаудың өте қарапайым әрі тез сараптамасы - қан сараптамасын сараптау. Тұмаумен ауырған адамның қанында лейкопения (лейкоциттердің санының азаюы), трамбоцитопения (тромбоциттердің азаюы) болады. Диагнозды нақтылауға серологиялық зерттеулер (аурудың қанындағы вирустық антиденелерді анықтау) немесе вирусологиялық әдіс (арнайы лабораторияларда мұрын жұғындысындағы вирусты бөліп алу) анықтайды. Вирусологиялық әдіс өте қиын және қымбат. Серологиялық, ПТР, иммуноферментті және вирусологиялық әдістер эпидемиялық бұрқ етулерді нақтылап диагностикалауда қолданылады.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Жұмыс материалдары ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы «Тұтынушылардың құқұғын қорғау басқармасы», «Облыстық денсаулық сақтау департаментінің» 2010 және 2014 жылы тұмаумен сырқаттанушылықтың статистикалық мәліметтері жан-жақты зерттелді.
Нәтижелер мен талқылаулар: Алынған статистикалық мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төле би, Түлкібас, Шардара аудандарының және Кентау, Түркістан қалалары, Шымкент қаласы, тұрғындарының тұмаумен сырқаттануының абсолютті жағдайлары зерттелді. 2010жылдың Оңтүстік Қазақстан облысы- 2040, Арыс-2451, Бәйдібек-419, Қазығұрт-402, Мақтаарал-476, Ордабасы-1135, Отырар-715, Сайрам-120, Сарыағаш-550, Созақ-266, Төле би-1033, Түлкібас-3740, Шардара-2117, Кентау-1913, Түркістан қалалары- 664, Шымкент қаласы-5690 тұрғындардың тұмаумен сырқаттануының абсолютті жағдайлары.
2011жылдың Оңтүстік Қазақстан облысы-1680, Арыс-2000, Бәйдібек-231, Қазығұрт-214, Мақтаарал- 174, Ордабасы-771, Отырар-123, Сайрам-73, Сарыағаш-606, Созақ-317, Төле би-349, Түлкібас-3244, Шардара-822,Кентау-1769, Түркістан қаласы-340, Шымкент қаласы-5004 тұрғындарының тұмаумен сырқаттануының абсолютті жағдайлары. 2012 жылдың Оңтүстік Қазақстан облысы-1112, Арыс-1792,
Бәйдібек-415, Қазығұрт-674, Мақтаарал-417, Ордабасы-915, Отырар-309, Сайрам-201, Сарыағаш-213, Созақ- 203, Төле би-685, Түлкібас-1369, Шардара-411, Кентау552, Түркістан қаласы-445, Шымкент қаласы-3041 тұрғындарының тұмаумен сырқаттануының абсолютті жағдайлары.
2013 жылдың Оңтүстік Қазақстан облысы-745, Арыс-711, Бәйдібек-110, Қазығұрт-665, Мақтаарал- 142, Ордабасы-514, Отырар-240, Сайрам-173, Сарыағаш-173, Созақ-33, Төле би-463, Түлкібас-891, Шардара- 258 аудандары және Кентау-276, Түркістан қаласы-394, Шымкент қаласы-2093, тұрғындарының тұмаумен сырқаттануының абсолютті жағдайлары. 2014 жылдың Оңтүстік Қазақстан облысы-0.20, Арыс-0.00, Бәйдібек-0.00, Қазығұрт-0.00, Мақтаарал-0.00, Ордабасы-0.00, Отырар-0.00, Сайрам-1.00, Сарыағаш-0.38, Созақ-0.00, Төле би-0.00, Түлкібас-0.00, Шардара-0.00 аудандары және Кентау-0.00, Түркістан қаласы-0.00, Шымкент қаласы-0.00, тұрғындарының тұмаумен сырқаттануының абсолютті жағдайлары. 2014 жылы басқа жылдарға қарағанда көрсеткіш өте төмен. Бұл көрсеткіштің төмен болуына алдын-алу шараларының
қарқынды жүргізілуі көп мәнге ие. Салуатты өмір салтын ұстау, екпе қабылдау, жеке бас гигиенасын сақтау, жоғары иммунитет, физикалық жүктемелер,толық ұйқы, дұрыс тамақтану т.б сақтау арқылы тұмауды жұқтырып алу қауіп факторы төмендейді. Сонымен қатар жаман әдеттерден арылу олар: ішімдік ішу,темекі шегу т.б.
Диаграммада көріп тұрғанымыздай Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұмаумен сырқаттанушылықтың 2010-2011 жылдары Төле би,Түлкібас,Шардара аудандарында жоғары және Кентау, Түркістан, Шымкент қалаларында сырқаттанушылықтың өте жоғары болғанын байқаймыз. 2012-2013жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеген. Ал 2014 жылы барлық аудандарда сырқаттанушылық өте аз болған.
Қорытынды: Қорыта келе Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төле би, Түлкібас, Шардара аудандарының және Кентау, Түркістан қалалары, Шымкент қаласы, тұрғындарының тұмаумен сырқаттануының абсолютті жағдайлары зерттелді. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұмаумен сырқаттанушылықтың 2010-2011 жылдары Төле би,Түлкібас,Шардара аудандарында жоғары және Кентау, Түркістан, Шымкент қалаларында сырқаттану- шылықтың өте жоғары болғанын байқаймыз. 2012-2013жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеген. Ал 2014 жылы барлық аудандарда сырқаттанушылық өте аз болған. Бұл көрсеткіштің төмен болуы алдын- алу шараларының қарқынды жүргізілуі көп мәнге ие. Салуатты өмір салтын ұстау, екпе қабылдау, жеке бас гигиенасын сақтау, жоғары иммунитет, физикалық жүктемелер,толық ұйқы, дұрыс тамақтану т.б сақтау арқылы тұмауды жұқтырып алу қауіп факторы төмендейді. Сонымен қатар жаман әдеттерден арылу олар: ішімдік ішу, темекі шегу т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР
Германенко И.Г.,2007- Диагностика и лечение острых респираторных инфекций у детей. Асобны, Минск, 40 с.
Зайцев А.А. Лечение острых респираторных вирусных инфекций. Лечащий врач, 2008 -№8-С.42-45.