Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұрғындардың жастық және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты өлім көрсеткішінің қалыптасу заңдылықтарын бағалау

Аннотация

Ғылыми мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының өлім көрсеткішінің қалыптасу заңдылықтары қарастырылған.Бұл көрсетіштің деңгейі мен құрамы тек адамдардың жасы мен жынысына тәуелді емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік-экономикалық, экологиялық-гигиеналық өмір сүру жағдайына да тікелей байланысты екендігі дәлелденді.

Кілт сөздер: ету жасындағы тұрғындар, өлім, негізгі қатерлер, экономикалық тоқырау.

Кіріспе.

Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасында тұрғындардың өлімі әртүрлі динамиканы көрсетіп келеді. Тұрғындардың жасына, жынысына және әлеуметтік-экономикалық дамудың бағытына қарай бұл көрсеткіштің құрамы мен деңгейі үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан Республика халқының өлім көрсеткіші туралы сараптама жасағанда, міндетті түрде кешенді зерттеу қортындыларын бетке ала отырып қортынды шығару керек.

Соңғы жылдардағы Республика тұрғындары арасында қалыптасқан өлім көрсеткішінің динамикасы мен құрлымы мемлекеттің өкілетті органдарының жүзеге асырып отырған профилактикалық, емдік және реабилитациялық шараларының тиімділігін көрсетеді. Осы денсаулық көрсеткішінің және басқа интегралдық көрсеткіштердің қалыптасу заңдылықтарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік дщаму Министрлігі мен атқарушы емдеу-профилактикалық, диспансерлік ұйымдардың жұмыс атқару сапасын бағалауға болады.

Денсаулық сақтау жүйесінің жүзеге асырып отырған профилактикалық бағдарламаларының тиімділігі бірінші кезекте тұрғындардың арасындағы өлім көрсеткішінің төмендеуі арқылы көрініс береді. Алайда, өлім оқиғаларын туындататын қауіпті себептерді мүлдем жойып жібере алмайды. Соңғы медициналық-статистикалық мәліметтерге қарағанда, тұрғындардың басым бөлігі жүрек-қан айналу жүйесі патологияларының асқынуынан, жарақаттардың, онкологиялық аурулардың дер кезінде сапалы медициналық көмек алмаудан туындайтындығын көрсетеді. Айта кететін маңызды мәселелердің бірі, осы аурулардың асқынуынан еңбек ету жасындағы тұрғындардың арасында өлім оқиғаларының артуы және жастар мен жасөспірімдердің ерте жастан өлімге ұшырауы жиілеп кетті. Өлім оқиғаларының соңғы жылдардағы айтарлықтай төмендеуі Республика тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай жоғарлатты. Алайда, жер жүзін қамтыған экономикалық тоқырау тұрғындардың денсаулығының одан ары жақсаруын тежеп, өлім оқиғаларының жоғарлауына алып келеді. Айтылған мәселелер тұрғындар арасындағы өлім көрсеткішінге үнемі мониторинг жүргізіп, оның әлеуметтік-экономикалық, жастық- жыныстық ерекшеліктерін анықтап отыру керектігін көрсетеді(1). Тек осы жағдайда, тұрғындардың денсаулығын дұрыс бағалап, қауіпті себептердің әртүрлі әлеуметтік-жыныстық және жастық топтар ішіндегі таралу заңдылықтарын дұрыс анықтауға жол ашады. Сонымен қатар, кешенді әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-гигиеналық, табиғи және географиялық сипаттағы профилактикалық бағдарламалардың барынша тиімді және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда пайдалы болуы қамтамасыз етіледі

Зерттеу мақсаты. Тұрғындардың өлім көрсеткішінің өзгеруін жастық, әлеуметтік-экономикалық, климаттық-географиялық тұрғыда кешенді сараптап, профилактикалық және реабилитациялық шаралардың ғылыми деңгейде қалыптастырылған ұсыныстарын жасау.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Статистикалық бақылаудың жаппай және таңдамалы, ағымындағы және өткенді сараптау әдістері қолданылады. Таңдамалы жиынтықтың қажетті көлемі жалпы қабылданған әдістеме бойынша есептеледі. Қол жетікзілетін нәтижелердің шынайы ұстанымымен ұқсас зерттеулерге қойылған талаптар беріледі.Осы мақсатпен, бірқатар белгілер негізінде тәжірбиелі және бақылау топтарын іріктеуге және салыстыруға бағытталған әдістеме қолданылады. Статистикалық таңдаудың көлемі бойынша салыстырмалы шағын статистикалық нақты нәтижелерді алуға ықпал етті.

Медициналық-статистикалық ғылыми-зерттеу жұмысы статистикалық сараптаумен жалғасын табандығы белгілі, сондықтан зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелердің нақтылығын қамтамасыз етудің маңызды өте үлкен. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін статистикалық жиынтықтың жеткіліктігіне аса мұқият көңіл бөлінді деуге болады. Алдыға қойған міндетті дұрыс шешу үшін статистикалық көрсеткіштерді дұрыс қолдану орынды болады. Біздің зерттеуіміздегі қолданылған шамалардың реті көбнесе орта шамалардың коэффициенттері болып табылады. Орта арифметикалық шамалардың коэффициенттерін есептеу үшін вариациялық қатарлар құрып, оны түзеген абсолюттік сандардан үш түрлі орта шаманың көрсеткіштерін есептедік. Олардың қатарында Мода, Медиана және орта арифметикалық көрсеткіштер ерекше орын алады.

Орта арифметикалық көрсеткіштердің нақтылығын тексеру үшін оның орта квадраттық ауытқуын шығардық. Салыстыруды қажет ететін нәтижелердің орта квадраттық ауытқуларын анықтап, олардың арасында нақты айырмашылықтын бар немесе жоқ екендігі анықталды. Ал, орташа арифметикалық көрсеткіштер динамикасы негізінде денсаулықтың болжамды дегейн анықтауға күш салдық. Бұл мақсат пен міндеттерді шешу үшін денсаулық көрсеткіштерінің көпжылдық динамикасы жасалып, аппроксимациялық қызметтің көмегімен оның даму бағытын анықтадық.

Ал динамикалық қатардағы көрсеткіштің болашақтағы даму бағытын математикалық жолмен болжамдау үшін экстраполяция әдісіне жүгіндік. Аппроксимациялық көрсетішті алу барысында ізденілген көрсеткіштің бір жылдық даму деңгейі көрсеткіштің болашақтағы жыл сайынғы даму жүктемесі болып табылады. Алайда, болжамдық гипотетикалық көрсеткішті қысқа немесе орта ұзақтықтағы үрдіс ретінде қарастырған дұрыс болады. Ұзақ мерзімді болжамдау, тек өзгеріссіз қалатын жағдайды сипаттау барысында ғана дұрыс болады. Зерттеу барысында статистикалық салыстырмалы және көрнекілік көрсеткіштерді де қолдандық. Қол жетізген нәтижелерді кесте және сурет немесе диаграмма түрінде бейнелеу еңбектің мәні мен мағынасын жоғарыла түсеті. Сондықтан, ғылыми-зерттеу жумысының нәтижелерін барынша көрнекілеп бейнелеу арқылы, оның қағидалары мен заңдылықтарын толық ашып көрсетуге жағдай жасадық.

Осы зеттеулердің негізіне әрбір кезеңдерге арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы ақпаратты мәліметтер жинаудың көп сатылы әдістемесі енгізілген. 1-ші кезеңді орындау барысында,Оңтүстік Қазақстан обылысында қалыптасқан демографиялық, әлеуметтік - экономикалық және экологиялық - гигиеналық жағдай, олардың ата-аналар мен олардың ұрпақтарының денсаулығына зиянды әсер ету қуаты сарапталды. Тұрғын халық санағы материалдары,сондай-ақ мемлекеттік және обылыстық статистика орталығының деректері бойынша Оңтүстік Қазақстан обылысының қалалық және ауылдық аймақтарының тұрғындары арасындағы жалпы саны,жас мөлшері,жыныстық құрамы, оның табиғи қозғаласы көп жылдық ғылыми сараптамадан өтті. Оның барысында Оңтүстік Қазақстан обылысы мен Шымкент қаласы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерінің жыл сайыңғы статистикалық есептері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы еңбек ету ресурстарының жағдайына байланысты, оның сапасы еңбекке қабілетті тұрғындардың санына және динамикалық жағдайының деңгейіне қатысты. XXI ғасырдан - бастап медициналық-демографиялық жағдайдың ең жақсару белгілеріне тұрғындар арасындағы өлім сүру көрсеткішінің ұзартылуы болып табылады.

2000-2015 жылдар аралығында еліміздің тұрғындары арасында өлім ерлер арасында 1,6-2,3 есеге, ал әйелдер арасында 1,6-2,1 есеге өсті.

Соның ішінде жас ерекшеліктеріне байланысты коэффициенттер әйелдерге қарағанда ерлерде 3-4 есе жоғары болады. Өлім көрсеткіші, тұрғындардың денсаулығын жоғарылату жолындағы шаралардың дәстүрлі индикаторы болып табылады. Ал оның көрсеткіштері ең деректі мәліметтердің бірі болып саналады, себебі оларды зерттеу нәтижелері Мемлекет деңгейінде тіркеуде болады. Алдағы орташа өмір сүру ұзақтығын жоғарылату және жалпы өлім санын төмендету резервтерін анықтау мақсатында қаралуы тиіс, тұрғындардың өлімін болдырмауды бағалау өте маңызды.

Ең бастысы еңбекке қабілетті тұрғындарды қинап өлтіру сұрақтары аса маңызды орынға ие.

Бірақ, мәселенің үлкен ғылыми-тәжірибелік маңыздылығына қарамастан, қазіргі кезде еңбекке қабілетті тұрғындардың заманауи өлім тенденциясына медико-әлеуметтік сараптама жасайтын еңбектердің коэффиценті байқалады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясын ғылыми зерттеу жұмысының жоспарына сай жасалған «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» Республикалық ғылыми бағдарламасының аясында өткізілген зерттеулердің мақсаты мен міндеттері осы мәселелерді ескере отырып жасалынды.

Облыстағы медициналық-демографиялық жағдай туу деңгейінің жоғарылылығымен және өлімнің деңгейінің орташалылығымен сипатталады. Зерттеуде болған аймақтың тұрғындарының тұрақты саны 2007 жылғы 2249,5 мың адамнан 2015 жылғы 28,74,9 мың адамға дейін жетті.

2007-2015 жылдардағы тұрғындардың обсолюттік өсуі орташа есеппен 45,6 мың адамды құрады.

Тұрғындарды демографиялық сараптама мәліметтері бойынша 2015 жылы тұрғындардың орташа жасы 31,1 жылды құрады (2007 ж - 32,3 жыл).

Облыстағы тұрғындардың ішінде 35 жастан жоғарылар саны 55,3 өсті.

Облыс тұрғындары арасындағы демографиялық ақуал жас ерекшеліктері бойынша күрт өзгеріске ұшырады. Егер, 2007-2015 жылдар аралығында еңбекке қабілетті жастар арасында күрт өсу (23,4%) байқалса, еңбекке қабілетті емес тұрғындар арасы 15,2% құрады. Бұр ауылдық жерлерден қалаға көшіп келу миграциясының жоғарылауымен байланысты болды. Туылу көрсеткіші 2007- жылы 26,4%о құраса, 2015 жылы 29,5%о түзеп отыр.

Соның салдарынан 2007 жылы облысымызда тұрғындардың табиғи өсімі 19,6 дан 2015 жылы 24,6 % дейін жоғарыладыӨлім деңгейі біртіндеп төмендеп, келе жатыр (2007ж.- 7,2% болса, ал 2015 ж.- 6,9%о), бірақ жалпы Республикада (9,6%о) өлім көрсеткіші жоғары деңгейде болып тұр.

Сондықтан, есеп бойынша тұрғындардың табиғи өсімін жоғарылату өзекті мәселе болып қала беруде.

2007-2015 жылдардағы жалпы өлім саны 1000 тұрғынға шаққанда 7,2%о тен 6,9%о-ге дейін төмендеді.

Мемлекеттік сараптама орталығының болжам мәліметі бойынша жалпы облыс бойынша 2015-2025 жж.бір деңгейде сақталады. Мысалы 1000 тұрғынға шаққанда өлгендер саны 7,2-7,9%о0-ды құрайды деп болжамдалуда.

Болжам есебінің нәтижесі бойынша туылғандар саны өлгендер санынан 361,1 мың адамға немесе 2,2 есе жоғары деп саналады.

Ауыл тұрғындарының өлім деңгейі қала тұрғындарының өліміне қарағанда 1,1 есе төмен, 1000 тұрғынға сәйкесінше 6,3%0 және 6,6%о0.

Сараптама жасалып жатқан мерзім арасында жалпы өлім саны облыс бойынша 2%-ға төмендеді. Алайда бұл көрсеткіштің деңгейі құрайды, ас қорыту жолдары ауруларының салдарынан (2,4 есе); туберкулез (2,2 есе); жазатайым жағдайлар, уланулар мен жарақаттар (2,2 есе); эндокринді жүйе, тамақтану мен иммунитеттің төмендеуі (1,5 есе) себептері жоғарылады.

Аналар өлімі бойынша ауыл тұрғындары арасындағы өлім көрсеткіші 18,7% құраса, қала тұрғындары арасында 13,5% түзеп отырАл, нәрестелер өлімі ауыл тұрғындары арасында өлім көрсеткіші 18,7%, қаладағылар арасында - 10,1%Нәтижесінде облыстағы тұрғындардың өлім динамикасын бағалау кезінде орташа есеппен барлық себептердің әсерінің болғаны байқалады, қан айналу жүйесі, эндокринді жүйе, жазатайым жағдайлар, уланулар мен жарақаттар (Торт.пр.=2.3-3.9%).

Туберкулез бен ас қорыту жолдаыры аурулары салдарына байланысты аурулар салдарынан тұрғындар араысында өлімнің күрт өсуі байқалады (Торт.пр.=5.1-7.5%) және тыныс алу жолдары мен онкологиялық ауру салдарынан болған өлім бір деңгейде тұр (Торт.пр.=0.3-0.9%).

Зерттеу жүргізілген мерзім ішінде облыс тұрғындары арасындағы өлімнің негізгі себептері болып қан айналымы жүйесі, онкологиялық аурулар, жазатайым жағдайлар, уланулар мен жарақаттанулар негізгі орында тұр, олардың жалпы өлім санына қосатын суммаларлы жиынтығы 2004 жылы 79,4% құрады.

Зерттеу барысында облыстық және ауылдық тұрғындардың өлімінің деңгейлеріндегі айқын айырмашылықтар анықталды. Сонымен ауылдық тұрғындардың жалпы өлімі 2007 жылы 1000 тұрғынға балап есептегенде 6,3% деңгейінде болды және қалалыққа қарағанда 1000 тұрғынға 6,6% яғни 1,2 есеге жоғары (Р<0,01) болып қалыптасқан.

2015 жылы ауыл тұрғындарының жалпы өлімі 1000 тұрғынға 6,7% құрады. Қала тұрғындарына қарағанда 1,6 есе төмен (Р<0,01). Бұл алдымен

ауылдағы жерлердегі еңбекке қабілетті жастағылардан жоғары тұлғаларға (33,4%), қаладан айырмашылығы (22,4%). Сонымен қатар тұрғындарға медициналық көмекті көрсетудің нашар сапасы және қол жетімділіктің шектелуіне және ауылдағы өмір сүру деңгейінің төменділігіне байланысты.

Сол уақытта қалалық тұрғындардың өлімі өсуге айқын тенденцияға ие екендігі көрсетілді.

Қала және қала тұрғындарының арасында өлім себептерінің көрсеткіштері статистикалық шынайы айырмашылыққа ие. Қан айналу жүйесінің ауруларынан қалалық тұрғындарының өлімінің деңгейі 70,5%-ға, ал ауылдық 22,3%-ға жоғарылады, осы кезде қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім деңгейі қалаға қарағанда ауыл тұрғындарында өте жоғары (2007 жылы 2,3 есе және 2015 жылы 1,6 есе (Р<0,01).

Қала және ауылды мекендерде ісіктерден өлімнің тұрақты динамикасы байқалдыОсы себептерден өлім деңгейі осы жылдар бойы қалаға қарағанда ауылдық жерлерде жоғары екендігі анықталды 1,1-1,3 есе (Р<0,05).

Қала тұрғындарының арасындағы улану және жарақаттан болған бақытсыз жағдайлардан болған өлім, ауылға қарағанда, 2015 жылы 1,6 есе, (Р<0,01). Көрсеткіштің деңгейі қалалық мекендерде қарқынды өсіп келді (Ау=9,13) және ауылда азырақ (Ау=8.99).

Орташа өсімнің ең жоғарғы темпі туберкулезден болатын өлімнің динамикасына тәнТалданатын кезеңде осы себептерден болатын өлім қала тұрғындарының арасында 3,2 есе, ал ауылда 1,7 есе өсті. 2004 жылы ауыл тұрғындарының өлімі қала тұрғындарының арасындағы ұқсас көрсеткіштерден 2,4 есе асып түсті, ал 2015 жылға осы қатынас екі есе азайып 1,3 құрады. Осы айырмашылықтар біршама дәрежеде ауылда және қалада көрсетілетін медициналық көмектің сапасы және диагностика деңгейіне байланысты болған.

Қала және ауыл тұрғындарының өлімінің негізгі себептерінің құрылымында белгілі айырмашылықтар анықталған. Қалада және ауылда өлімнің арасында алғашқы орынды қан айналым жүйесінің аурулары алады. Бірақ, қалалықтардың өлімнің құрылымында 2 орынды ісіктер, ал ауыл тұрғындарында бақытсыз жағдай, уланулар мен жарақаттар алады.

Ауылдық мекендерде өлімнің басқа себептердің үлесі қалаға қарағанда (7,8-9,8%) ауылдық жерлерде (10,5-17,0%) жоғары. Біздің көзқарасымыз бойынша патолого-анатомиялық диагностиканың және соттық медициналық қызметтің ауылдық мекендерде жұмыс істейтін дайын кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты. Облыс тұрғындарының өлімін талдау кезінде бақытсыздық жағдайдан, уланудан және жарақакттардан өлім кезінде оның көптеген деңгейі транспортты жағдайлардан, өзіне қол жұмсау және алкогольмен улану деңгейлеріне келеді.

2000-2001 жылдары бірінші кезекте жокөлік ссебептерден, 2014-2015 жылы ол алкогольмен улануға ауысқан. Сыртқа факторлардан болатын өлім динамикасы өсуге әлсіз тенденциялы, орта абсолютті өсім жыл сайын 10000 тұрғынға 7,33 құрайды. Алкогольді улану мен кездейсоқ суға батыға байланысты өлімнің әлсіз тенденциясы байқалады. Орта өсімнің қарқыны сәйкесінше 2,13 % және 1,29 % тең. Осыдан бөлек, өлтіруден өлімнің тұрақты деңгейі және жол көліктік және өзіне қол жұмсаудан болатын өлім деңгейінің төмендеуінің әлсіз тенденциясы анықталды. Алкогольдік уланулардың себебінен болатын өлімнің көрсеткіші 1,9 есе өскен (100000 тұрғынға 2000 жылдан 19,8 және 2015 жылда 100000 тұрғынға 38,5).

2015 жылдан ерлер арасында өзіне қол жұмсау деңгейі 55,5% төмендеген. Өлім деңгейінің жоғарылауы, алкогольді уланумен байланысты ерлерде 2000 жылы байқалған (ерлер арасында 100 мың тұрғвнға 101,1).

Тұрғындардың өмір деңгейін анықтайтын интегралдық көрсеткіш: өмір сүру шарттары тамақтану, медициналық көмектің қол жетімділігі және сапасы орташа жанға жаққанда табыс болып табылады (10 слайд). Жүргізілген корреляциялық талдаудың нәтижесінде орташа жанға шаққандағы кіріс пен орта күш арасындағы кері байланыс және тұрғындардың жалпы өлім деңгейіанықталды (r=-0.4). Аналогтік байланыс тұрғындардың орташа жан басына шаққандағы кіріс орта өмір сүру минимумы және тұрғындардың жалпы өлім деңгейлері (r=-0.4), туберкулезден болатын өлім, қан айналым және ас қарыту жүйесі ауруларының әсерінен болатын өлім (r=-0.8) арасында орнатылады.

Соған байланысты орта жан басына шаққандағы кірістің төмендеуі және оның орта өмір сүру минимумына қатынасы тұрғындардың жалпы өлім қауіп факторының ұлғаюына және жоғарыда көрсетілген себептердің өлім көрсеткіштері болып табылады.

Тұрғындардың алкоголизация деңгейінің негізгі сипатының бірі сатылған аокогольдік өнімдердің таза спирт қалпында жылына жан басына жаққандағы ұлғаюы болып табылады. Зерттелген уақыт аралығында аталған көрсеткіш 6,2 мен 8,7 литр аралығында көрсетілді. Жүргізілген корреляциялық анализ нәтижесінде сатылған алклголдьдік өнімнің саны арасында тікелей күшті байланыс орнатылды және жалпы өлім нәтижесі және эндокринді жүйе ауруларынан болатын өлім (r=+0.7) сонымен қатар оқыс оқиғалардан болатын өлім улану және жарақат (r=+0.8)

Жоғарыдағыларды негіздей келе, алькогольдендіру тұрғындардың өлімін үлкейтетіндігі сонымен қатар еңбекке қабілеттіліккеде әсер ететінін қорытындылауға болады.

Тұрғындардың өмір дәрежесін және әлеуметтік жағдайын сипаттайтын факторлардың бірі жұмыссыздық болып табылады. Тұрғындар арасындағы жұмыссыздықтың дәрежесін бағалауды анықтауда 5,0 ден 12,6% -ға дейін құбылып отырады, ал ресми тіркелгендері 8,0 ден 2,2%Бұл екі көрсеткіш 2000 жылдан 2010 жжж аралығында көтерілді және 2011 жылдан бастап төмендеді. Жұмыссыздықтың дәрежесі аралығында орташа күштің тікелей корреляциялық байланысы орнатылды (г=+0,5), бір жағынан өлу және өзін өзі өлтіру нәтижесінен болған өлім көрсеткіші. Қоғамдық денсаулықты құраудың негізгі факторы болып отбасы болып табылады.

Отбасылық жағдайдың жақсы болуының көрсеткіші болып 1000 тұрғынға шаққандығы ажырасу саны есептелінеді. Жалпы 2000-2015 жж ажырасу саны 88% артты. Корреляциялық сараптама нәтижесінде 1000 тұрғынға шаққандағы ажырасу саны арасындағы тіке үлкен күш және асқорыту, қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім (г=+0,7) және ажырасу дәрежесі аралығындағы орта күш анықталды, бір жағынан өлімнің жалпы көрсеткіші және оқыс оқиғалар салдарынан болған өлім көрсеткіші, улану және жарақат, сонымен қатар туберкулез. Осыларға орай 1000 тұрғынға шаққандағы ажырасу дәрежесі өзін өзі өлтіру салдарынан болған өлім (г=0,7).

Жоғары білімді респонденттер 1,5 есе жиірек, орта білім алғандарға қарағанда, өз денсаулық жағдайын денсаулық сақтау органдарының жауапкершілігіне жүктейді. Жауаптардың айырмашылығы статистикалық дәлелденген (р< 0,05).респондентердің жеке денсаулық модельдеріне қарамастан үлкен рөлді өмір салтына береді, саногендік белсенділік төменгі деңгейде қалды. Өз денсаулығын нығайтуға ешқандай белсенділік қолданбаған - 45,6 ерлер және 55,7% - әйелдер. Респондент әйелдердің арасынан өз денсаулық жағдайын әртүрлі бағалайтындар, денсаулығын сауықтыруға тіпті бірдей саны қатысты (44,3-47,1). Сол кезде ерлер арасында денсаулықтарын сауықтыруға белсенділік танытқандар өз денсаулығын нашар деп есептегендер (74,1%).

Ерлер әйелдерге қарағанда дене шынықтырумен, жүргізумен, жүзумен және шынығумен айналысқан, ал сол скезде әйелдер көбнесе еңбек және демалыс тәртібін сақтауды таңдады. Мысалыға жоғары білімді респонденттер орта білімді респонденттерге қарағанда айтарлықтай жиі (1,6 есе) дене шынықтырумен, сауықтыру жүргізумен және жүзумен айналысқан.

Респонденттер арасында зиянды әдеттер кеңінен таралды. Ерлер арасында 68,4% темекі шегеді және 29,1% әйел. Әр үшінші адам спирттік ішімдікті аптасына 1 рет істейді.

Бір баласы бар жанұя әйелдерін денсаулық мәселе уайымдайтын (100 жауап берушілердің 57,8). Екі баласы бар жанұяның әйелдері денсаулық рөлі төмендеген, жұмыс мәні едәуір жоғарылаған. Сауалнама алған ерлерден жауап санының артуы-жанұялық мәселелердің маңыздылығы байқалды. 100 жауап берушілердің 8,4 тен, баласы жоқ отбасыларда 39,2 - ге 2 баласы бар отбасы топтарынан. Әйелдер арасынан мұндай заңдылық байқалмаған.

Айта кетерлік жағдай, материалдық жағдайдың маңыздылығын көрсеткен ерлер мен әйелдер, олардың денсаулығына осы мәселенің теріс әсер етуіне мүмкіндік туғызатын сәйкес 62,3% және 51,8%. Сонымен қатар күмән тудырмауы мүмкін емес жағдай, ол денсаулық жағдайын көрсететін қосымша айлық. Осыған байланысты алған нәтижелер тұрғындардың денсаулық ролін бағаламайтынын айтуға болады. Респонденттер дағдарыс жағдайда психиологиялық көмек қызметінің құруды айқын қызығушылық танытты. Оны ұйымдастырудың қажеттілігін респонденттердің 44,8ерлер және 55,6% әйелдер болды.

Талқылау. Оңтүстік қазақстан облысы тұрғындарының өлім көрсеткіші динамикалық тұрғыда төмендеуі байқалады. Оның деңгейі 2007 жылы 7,2%о болса, 2015 жылы 6,9% дейін төмендеді. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне тұрғындардың орташа жасының 34,2 жастан 31,4 жасқа дейін төмендеуі, салауатсыз өмір сүру салты себептерінің азаюы және негізгі патологиялардан туындайтын өлімнің динамикалық тұрғыда төмендеуі себеп болуда.Тұрғындар арасында аналар мен нәрестелердің өлімі, қан айналу жүйесі ауруларынан туындайтын өлімнің азаюы жалпы өлім көрсеткішінің динамикасына әсерін тигізуде.Өлім көрсеткіштерінің қалыптасуына әсер ететін себептердің арасында алкоголизм, темекі шегу, жұмыссыздық, медициналық көмек сапасы ерекше орын алады. Осы себептер мен жеке әлеуметтік маңызы үлкен аурулар арасындағы корреляциялық байланыстың дәрежесі жоғары.

Тұрғындардың өлімін төмендету мақсатында оның негізгі себептерінің қалыптасу деңгейін төмендететін шараларды белсенді ұйымдастыру қажет. Өлім көрсеткіштерін азайтудың негізгі бағыттары ретінде профилактика, диспансеризация, реабилитация және салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу жұмыстары ұсынылады.

Кілт сөздер: тұрғын халық, денсаулық, қатерлі себептер, өлім,заңдылықтар.

Әдебиеттер

1. Сабгайда Т.П. Возрастные особенности предотвратимой смертности населения России"Социальные аспекты здоровья населения" № 5 2013 http://vestnik.mednet.ru/content/view/505/30/lang,ru/).

  • Жыл: 2016
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.