Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Стационар жағдайында ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде дәрілерді тиімді қолданудың фармакоэпидемиологиялық талдауы

Аннотация

Фармакоэпидемиологиялық зерттеулер неғұрлым эффективті және қауіпсіз дәрілік препараттарды экономикалық тұрғыдан оңтайлы және тиімді қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зерттеуде дәрілік құралдарды қолданудың ретроспективті талдауы жүргізілді.

Кілтті сөздер: ретроспективті талдау, фармакоэпидемиологиялық талдау, полипрагмазия.

Елдің дамуының алдағы перспективаларын талқылауда ҚР денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы және оны дамыту бағыттары негізгі орынды алады. Отандық денсаулық сақтау жүйесін реформалау үрдістерін соңғы он жылдықтағы басты мақсаттары материалдық және қаржылық қорды эффективті, тиімді пайдалана отырып, медициналық және фармацевтикалық көмектің жоғары сапалылығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Тұрғындарға медициналық көмек көрсету жүйесінің бір бөлігі стационарлық деңгей болып табылады, оның қайта ұйымдастырылуының негізгі бағыттарында негздемесіз госпиталдауды қысқарту, ауруханада жату уақытын қысқарту, инновациялық медициналық технологияларды, сондай-ақ емдеуді енгізе отырып, стационарлық көмек көрсету көлемін оңтайландыру қарастырылады.

Ауруханадан тыс пневмонияның (АТП) емінің негізінде антибактериалды терапия жатыр, емді сәйкес тағайындамау жүргізілетін емдік шаралардың әсерін төмендетеді, шығынды арттырады және емдеу- профилактикалық мекемесінің қорын тиімсіз пайдалануға әкеп соғады.

Әдебиеттерден алынған мәліметтерден, медициналық көмектің сапасы мен дәрілерді қолдануды бағалаудың бірегей қарапайым және объективті параметрлері болып табылатын Бүкіл Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (БДДСҰ) дәрілерді қолдану бойынша индикаторлары дәрілік құралдарды тиімді қолданудың әлемдік стандарттары екендігі белгілі[1-2].

Дәрілерді қолданудың индикаторларын пайдаланану, полипрагмазияны, антибактериалды дәрілерді және парентеральды дәрілерді шамадан тыс артық қолданудың бар жоқтығын, дәрілердің шектеулер қойылған арнайы тізімге сай тағайындалуын анықтауға болады, сонымен қатар,тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың әр түрін салыстыруға мүмкіндік береді [3].

Зерттеудің мақсаты. Дәрілік құралдарды қолдануды және жүргізілген антибактериалды емнің тиімділігін талдау.

Зерттеу әдістері мен нысандары. Фармакоэпидемиологиялық зерттеулер неғұрлым эффективті және қауіпсіз дәрілік препараттарды экономикалық тұрғыдан оңтайлы және тиімді қолдануды қамтамасыз ете отырып, науқастардың үлкен топтары немесе популяция деңгейіне дәрілік құралдарды қолданудың ретроспективті талдауы арқылы жүргізілді. Зерттеу нысандары ретінде аурухананың пульмонология бөлімінде 2013-2017 ж.ж. аралығында ауруханадан тыс пневмония диагнозымен ем қабылдаған 385 науқастың ауру тарихындағы антибактериалды препараттарды тағайындау парағы алынды.

Зерттеу нәтижелері. Жүргізілген фармакоэпидемиологиялық талдау, стационарда АТП емдеу кезінде науқастар 4-тен 10-ға дейін (орта есеппен 6,18±0,13) дәрілік препараттар алған. АТС (Anatomical Therapeutic Chemical Classification System) жіктелуге сай олар төмендегідей бөлінді (1-кесте).

  1. Жүйелі қолдануға арналған антибактериалды дәрілер
  2. Респираторлық жүйеге әсер ететін дәрілер
  3. Жүрек қантамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
  4. Ас қорыту жүйесі мен метаболизмге әсер ететін дәрілер
  5. Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер
  6. Жүйелі қолдануға арналған дәрілер
  7. Тірек-қимыл аппаратына әсер ететін дәрілер

БДДСҰ бірінші индикаторы - бұл препараттардың науқастарға тағайындалатын орташа саны. Бұл индикатор полипрагмазия фактын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелі қолдануға арналған антибактериалды препараттарды (J 01) барлық 385 (100 %), науқастарға тағайындалған, орташа есеппен алғанда бір науқасқа 1-4 препаратқа дейін тағайындалған.

Антибактериалды препарттарды (АБП) стационар жағдайында қолданудың жиілігі дерттің ауырлық дәрежесіне тәуелді болады және оған антибактериалды препарттардың 5 тобы кіреді: цефалоспориндердің 3 - буыны (59,9%), аминопенициллиндер (48,6%), фторхинолондар (36,2 %), макролидтер (21,3%), цефалоспориндердің 2-буыны (14,6%).

Антибактериалды препараттарды қолдануды талдаудың нәтижесінде АТП емдеуде -цефалоспориндердің 3-ші буыны мен аминопенициллиндерді қиыстырып қолдану 32,8 %, цефалоспориндердің 3-ші буыны мен фторхинолондарды қиыстырып қолдану 23,4%, цефалоспориндердің 3-ші буыны мен макролидтерді қиыстырып қолдану 10,9 %-ды құрады. Монотерапияны 120 науқас алған (31,5%) (цефалоспориндердің 3-буынын (13,2%), аминопенициллиндерді (9,8%), макролидтерді (8,5%), екі АБП - 195 (50,6 %), үш АБП - 46 (11,7 %), төрт АБП - 24 (6,2%) науқастар қабылдаған.

Зерттеу нәтижесінде ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде 3-буын цефалоспориндері мен аминопенициллиндер және фторхинолондарды қиыстырып қолданғаны анықталды.

БДДСҰ-ның екінші индикаторының - генерикалық атаулары бойынша тағайындалған пайызы алынбаған себебі, зерттеулер тек стационарлық жағдайда емделген науқастарға жүргізіледі.

Жалпы алғанда, АТП емдеуде антибактериалды препараттарды (АБП) тиімді қолдану байқалады. АТП емдеуге ұсынылған АБП көпшілігі таңдамалы: қорғалған аминопенициллин (амоксициллин/клавуланат немесе ампициллин/сульбактам), цефтриаксон, цефотаксим, цефуроксим, азитромицин. Сонымен қатар, препаратттарды тағайындауда қателіктер де кездеседі, яғни негізгі респираторлық патогендерге қарсы белсенді емес - метронидазол, не болмаса белсенділігі төмен - классикалық фторхинолондар тағайындалған, сонымен қатар полипрагмазияорын алған. Бұл жерде, атап айтып кету керек, антибиотиктердің түрлі тізбесі, яғни бір ізді ем қолданылған. Шет елдік зерттеулердің басым көпшілігінің нәтижелері бір ізді емнің өзін ақтамайтынын көрсетіп отыр, себебі ондай емді қолданғанда емдеу узақтығы артып антибактериалды емнің бағасы қымбаттайды..

Респираторлық жүйеге әсер ететін дәрілерде тағайындау жиілігі бойынша антибактериалды препараттармен тең тағайындалған. Бұл топ препараттарының тағайындалуы - 100 % құрайды. АТП емі клиникалық хаттамамен ұсынылған [4] емге сай.

Зерттеулер науқастардың мукоактивті препараттар, бронходилататарлар және ИГКС қабылдағанын көрсетті.Қан жүйесіне және гемопоэзге әсер ететін дәрілердің тағайындалуының (100%) пайыздық көрсеткішінің жоғары болуы дәрілік препараттарды, АБП ерітуге физиологиялық ерітіндіні қолданумен байланысты. Сонымен қатар, цианокобаламин - 87 науқасқа (22,6%), гепарин22 науқасқа (5,7%), кальций хлориді - 44 науқасқа (11,4%) тағайындалған.

Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар - 292 науқасқа тағайындалған. Артериаялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы сияқты ілеспелі ауруларға байланысты, эналаприлді 54 (14%), индапамидті 47 (12,2%), дигоксинді 19 (4,9%), фуросемидті 28 (7,2%), доксазозинді 5 (1,2%), ивабрадинді 3 (0,77%) науқас қабылдаған.

Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілердің тағайындалу жиілігінің жоғары болуы АБП еріткіш ретінде қолданумен байланысты.

Тірек-қимыл аппаратына әсер ететін дәрілерді 174 (45,1 %) науқастар қолданған. Бейстероидты қабынуға қарсы препараттардың қатарынан диклофенак 49 (12,7%), кетонал 38 (9,8%), мелоксикам 27(7%) науқасқа тағайындалған. Жүйелі қолдануға арналған кортикостероидтарды (Н 02) 55(14,3 %) науқасқа, көбінесе ауыр АТП қатар бронх демікпесі және өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен (ӨСАА) зардап шегетін науқастарға тағайындалған.

Заманауи тұрғыда, бейстероидты қабынуға қарсы препараттарды тағайындау жиілігінің жоғары болуы БДДСҰ нұсқамаларына қайшы келеді. Нұсқамаларға сай, БСҚҚД антибактериалды дәрілермен қатар тағайындау дәрілердің қызбаның ағымына тигізетін күшіне әсер етіп, АБП адекватты таңдауды бағалауды бұрмалауы мүмкін, сондай-ақ олардың эффективті еместігін жасыруы мүмкін [5].

БДДСҰ үшінші индикаторы - АТП зардап шегетін науқастарды емдеу ҚР ДС министрлігінің 2013 және 2017жж. емдеу және диагностика хаттамамларына сүйенеді.

БДДСҰ үшінші индикаторы- дәрілік құралдарды қолданудың қосымша көрсеткіштеріне жатады.

Жүргізілген зерттеулерден, АТП ең жиі қолданылатын препараттарға респираторлық жүйеге әсер ететін жүйелі қолданылатын антибактериалды препараттар, қан жүйесіне және гемопоэзге әсер ететін препараттар екендігі анықталды (100%). АТП емдеудің клиникалық хаттамасымен ұсынылады. Инфузиялық ем және муколитикалық дәрілердің тағайындалуы негізделген, дегенмен соңғы нұсқаулар бойынша мукореттегіш заттарды тағайындау міндетті емес, бірақ мукостазда, іріңді, қиын шығатын қақырықта тағайындаған орынды[5-6].

Антибактериалды ем заманауи нұсқауларға сәйкес. Тағайындалған АБП басым көпшілігі АТП емдеуге ұсынылатын, таңдау препараттары болып келеді. Үш немесе одан да көп АБП қолдану тәсілін осал деп қарастыруға болады, себебі популяциядағы микрофлораның төзімділігін қамтамасыз етеді [7, 8], зерттеудегі үш немесе одан да көп АБП қабылдаған 18,1% науқастарға тән.

Қорытынды. АП емдеуді ұлттық және халықаралық нұсқаулықтарға сәйкес емдеумен қамтамасыз ету үшін, бюджеттік қорды пайдалануды тиімді ету үшін жүргізілген фармакоэпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелерін, әр түрлі деңгейдегі формуляр құрастыруда қолдануға ұсыну. АТП науқастарға стационарлық көмектің сапасын жақсарту үшін, фармакоэпидемиологиялық және клинико-экономикалық талдау нәтижелерін дәрігерлерге, фармацевттерге арналған білім беру бағдарламаларына енгізу және медициналық көмек көрсетуде қолдануға ұсыну.

Әдебиеттер

  1. Введение в исследование потребления лекарственных средств. Всемирная организация Здравоохранения.- Киев.:Морион. -2004. -51с.
  2. Черняев А.В.,Лукшаенко Е.П.,Чикина С.Ю. Внебольничная пневмония в стационаре: анализ ведения больных(по данным историй болезни)//Пульмонология, -2009. -№1. -С.23-24
  3. Bigeli M.,Peters D.H.,Wagner A.K. Medicines in Health Systems. - Geneva: WHO. -2014. -117р.
  4. Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК) Версия: Клинические протоколы МЗ РК - 2017//Одобрен Объединенной комиссией по качеству медицинских услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан от «5» октября 2017 года Протокол № 29
  5. Кругликова Л.В., Нарышкина С.В: Современные подходы к лечению внебольничных пневмоний.//Бюллетень физиологии и патологии дыхания. - 2014. - № 52. - С. 110-120.
  6. Аверьянов А.В. Тактика ведения больных с внебольничной пневмонией // ConsiliumMedicum, 2009. экстравыпуск. - СЛЗ-15.
  7. Академия конъюнктуры промышленных рынков. Медицина и фармацевтика. Антибиотики: тенденции мирового рынка. URL: http://b2blogger.com/pressroom/medicine/12067.pdf. Дата обращения: 15.07.2011.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.