Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жастардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары туралы

Мақалада жастардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары туралы кейбір мәселелер қарастырылған. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйренуі керек.

Кілт сөздер: жастар, мектеп оқушылары, дүниетаным, жаратылыстану ғылымы, тарих, дүниетаным негіздері.

Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.

Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.[1]

Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.

Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалдармен қамтамасыз етеді.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың алатын орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық-материалистік көзқарастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез-құлқының бағыттылығын, іс- әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.

Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. әдебиет адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен, Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады. Сонымен мектепте оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек. [2]

Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспар- лауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәнінің орнын анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, саяси- әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді, оларды пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, бірнеше басқышқа бөледі. Үшінші кезеңі дүниетаным қортындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқытылатын материалдан шығатын дүниетаным қортындыларын тақырыптарға сәйкес бөлу және оларды сабақ жоспарында, оқушылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзегеасады. Бесінші кезеңде оқушылардың оқуын, ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды.

Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екндігіне сенімін қалыптастырады.

Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжірибеде тексеріліп, іс-әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүниетаным сипатын алады.

Оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы. Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны қоршаған орта, оны қоғамның – саяси белсенділікке, өз бетіндік іс-әрекетке және жауапкерлікке итермелейтіндей жағдайда қоюды талап етеді.

Мұғалім – ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы. Жалпы, оқушының дүниетану-дағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болы керек. [3]

Әр түрлі сыныптың және мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың ғыылыми дүниета- нымын дамытудың қажетті құралы. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандықты таңдап алуға көзқарасын қалыптастырады. Осы бағытта жүргізілетін түрлі оқу пәндері, жас натуралистер мен жас техниктер станцияларының, көркемөнер үйірмелерінің тәрбиелік мәні аса зор. Үйірмелер мен клубтар оқушыларды қоғамдық іс-әрекетіне еліктіреді, үйретеді, олардың арасында ғылыми көзқарасты насихаттайды, қоғамға қарсы теріс пікірлер мен қылықтарды қолдаушыларға ықпал жасайды. [4]

Мектепте, үйелмен және өндірісте оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің, олардың қоғамда өз роліне бақытты өмір сүруіне түсінуінің, өзінің алатын орнын білуінің маңызын атап кеткен жөн. Өйткені еңбек процесінде оқушылар әр түрлі ұжымдармен, жеке адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы білім және практикалық дағдыны игереді, қоғамдық қатынастар тәжірибесін иемденеді. Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік көзқарасы, сенімі мен сезімі дамиды. [5]

Көп жылдар бойына әдебиет беттерінде атеистік тәрбие сөз етіліп келеді. Адамның дүниетанымын қалыптастыруда қажетті құралдардың бірі болды. Атеизм туралы ұғым тарихта діни оқулықтармен, олардың әр түрлі заманда үстемдік ету сипатымен байланысты болды. Атеизм ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығарады. Міне, осы тұрғыдан қазіргі қайта құру кезеңінде атеистік тәрбиені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырады.

Ғылыми-атеистік тәрбиенің негізгі мақсаты дүниенің материалды біртұтас екендігі жөнінде оқушылар көзқарастарының жүйесін қалыптастыру. Ең маңыздысы оқушылар жас шамасының мүмкіндігіне сай дүниеде мәңгі қозғалыстар және диалектикалық дамитын материалдан басқа ешнәрсенің жоқ екендігін түсінуінде.

Міндет – оқушыларды жаратылыстан тыс күшке сенуді жоққа шығаратын ғылыми атеизммен қаруландыру.

Атеист болу дегеннің өзі тек құдайға сенбеу емес, дүниеге дұрыс, ғылыми көзқарастың болуы. Оқушы атеизм адамның тұлғалық мәнінің бір қыры екендігін түсінуі.

Дүниені диалектикалық, материалистік, атеистік тұрғыдан қараудың элементтері ең алдымен оқу процесінде қаланады. Қандай пән болмасын, оның оқу материалы дұрыс қойылса ғана мазмұны балаға тәрбие берудің объективтік алғы шарты бола алады. Оқушыларға атеистік тәрбие беру құралдарының ішінде ұйымдастыру жолдары алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстар ерекше орын алады (сұхбаттасу, кино, теледидарлық материалдар көру және талқылау, діни сенімдерге байланысты кештер, жиындар, пікірталастар өткізу, саяхаттар, түрлі үйірмелер т.б.). Бірқатар балаларды діни салттар әуестендіру мүмкін. [6]

Ғылыми атеистік тәрбиеде үйелмен, оқушының күнделікті тұрмыстық ортасы маңзды роль ойнайды. Оқушы үйелмені, оның тұрмыстық ортасын, атеистік тәрбиеде мұғалім өзіне көмекші етіп алғаны жөн. Бұл жер де мектеп мұғалімі дінге сенуші ата-ананың немесе басқа үйелмен мүшелерінің сөзімен аяқасты етпеуі керек.

Қоғам дамуының жаңа сатысында тәрбиеге ықпал жасайтын факторларға біржақты, тиым салу тұрғысынан қарауға болмайды.

Кейбіреулер қайта құру, жаңарту кезеңінде болып жатқан жағдайды пайдаланып, діни тәрбиені кең өріс алуын барынша қолдайды. Осы тұрғыдан мешіт және шіркеу қызметкерлерінің адамгершілік тәрбие тақырыптарына діни кітаптардың, әсіресе құранның, таураттың үзінділерін пайдаланып, лекциялар оқуына, әңгімелер өткізуіне оқу орындарының есіктері ашыла бастады.

Мешіттер жанынан түрлі діни мектептер ашылып отыр. Мұндай мектепті бітірген жастар келешекте кім болады, қоғамда қандай роль атқарады? Бұл да шешім табуға тиісті мәселе.

Бірсыпыра ғалымдардың пікірлері бойынша тауратты, басқа да діни әдеби және тарихи кітаптарды пайдаланып, дүние жүзілік мәдениетпен және өнермен жастарды таныстыру қажет. Мысалы, Мәскеудің мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде студенттер антик және орта ғасыр әдебиеттері бойынша семинар сабақтарында діни тауратты пайдаланады, демек, грек, Римнің қоғамдық құрылысы, мәдениеті және өнерімен танысады. Бұл жерде сөз діни тәрбиесі туралы емес, студенттерді тарихи - әдебиет көне ескерткіштерімен таныстыру. өйткені бұларсыз дүние жүзілік мәдениет даму процесінің пайда болуын түсіну қиын. [7]

Бірақ шіркеумен және мешітпен жақындасуды тіпті дінмен келіскендіктің белгісі деп қарастыруға болмайды. Олармен араласпау, қарым-қатынас жасаумау, оларға қарсы тұру діни қызметкерлері мен қоғам арасында болмауы тиіс. Теологтар өздерінің діни тарихының халықтар мәдениеті туралы білім тапшылығын болдырмауда белгілі көмек көрсетеді.

Бәрімізге белгілі барлық классикалық кесіндеме таураттық (библия) сюжетке негізделген, классикалық музыка көп дауысты шіркеу әнін бойына сіңірген, бұрынғы философиялық оқу осы қайнар бұлақпен қоректенеді.

Сонымен, біздер дүние жүзінің әдебиеті мен тарихи мәдениетіне түсінбей, ешуақытта жастардың жалпы мәдениет деңгейін жоғары көтеру мүмкін емес.

Қазіргі кезеңде жастардың дін деген не, оған олардың көзқарасы, өмірге қатынасы қалай, міне, осы мәселелерге терең ойланып, шыдамдылықпен қарау тиіс. Осыған орай, оқыту және тәрбие барысындағы басты міндеттер -бұл дүниетанымдылықты дамыту, атеистік білімнің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын және ғылыми үдеуді есепке алып, жастардың ғылыми-атеистік тәрбиесінің деңгейін көтеру, толық сенімі мол белсенді атеистерді тәрбиелеу.

Дүниетанымын ғылыми-материалистік тұрғыдан түсіндіруді жақтай отырып, дінге сенушілердің сезіміне нұсқан келтіруге болмайды. Олардың халық арасында әр түрлі жаңа салттар мен әдіс-ғұрыптарды кеңінен тарату жөніндегі болымды істеріне көмектесіп, бағыт беріп отырған жөн. Демек, осы бағытта мешіт, шіркеу қызметкерлері жалпы адамдық құндылық және мейірімділік қозғалысына үлес қосуға тиіс.

Әдебиеттер

  1. Әбдалаева Ш. Халық қолөнері. Алматы. Рауан. 1992.
  2. Әбдуәлиева Ш «Қазақтың қолөнері» – әдістемелік құрал
  3. Әбдуәлиева Ш «Халық қолөнері» Алматы. Рауан. 1992
  4. Байжігітов Б «Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері» Ақтөбе. «А-полиграфия» ЖШС 2003 ж
  5. Болатбаев Қ, Ибрагимов Ұ «Бейнелеу өнері» Алматы «Ата-мұра» 2001 ж
  6. Бапанов И.В. Бисер «Народное творчество», 2001ж.
  7. Бағдарлама «Қолөнер» (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент 2002

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.