Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектептегі білім туралы ұстанымдары

Мақалада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектепте білім берудегі ұстанымдары туралы талданған. Ахмет Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп» атты мақаласындағы тұжырымдары мен қағидалары, бастауышта оқытылатын пәндер мен әліппенің тұжырымдамасы баяндалып, бүгінгі бастауыштағы жаңартылған бағдарламамен берілетін білім жүйесімен салыстырылған. Ондағы «Ана тілі» мен «Əліппенің» пәндік ерекшеліктері мен қайшылықтары сараланып, айтылған. Отызыншы жылдарға дейін шыққан оқулықтардың тіл табиғатына сәйкес әзірленгендігі көрсетілді. Ахмет Байтұрсынұлы өзі мектепте он төрт жыл сабақ бергендігі, сол тәжірибесінің негізінде бастауыш білімнің бастауы әліппе оқулығын жазғандығы, тек халықты ағартумен ғана емес, оқуға не керек екендігін біліп жасап та берген ұлы реформатор екендігі айтылады. Осы уақытқа шейін қырық түрлі «Əліппе» шықты. Бірақ, қазір А. Байтұрсынұлының «Əліппесіне» қайта оралып, соның ізімен оқытуға кірісіп жатырмыз. Қазақ мектебі біраз адасып, тіпті, «Əліппе» мен «Ана тілін» тастап, жаңартылған бағдарлама шеңберінде «Сауат ашу» деген пән (оқулық) шығарған болатын. «Ана тілі» бірінші сыныптан-ақ, бірінші қыркүйектен бастап оқытылуы керек. Қазіргі «Ана тілі» де екінші сыныпта «Əдебиеттік оқу» мен «Қазақ тілі» пәніне бөлініп кететін нағыз кіріктірілген пән. Оны бірінші сыныптың екінші жарты жылдығында «Қазақ тілімен» кіріктіріп оқыту дұрыс емес. Бүгінгі бірінші сыныпта керегі жоқ пәндер көп (өзін-өзі тану, дүниетану, жаратылыстану, ағылшын тілі, орыс тілі). Ал балаға нағыз функционалдық білім беретін пәндерді («Əліппе» + «Ана тілі» + «Қазақ тілі») кіріктіріп отырғанымыз дәлелденген. Бастауыштағы пәндердің тек қазақ тілінде жүргізілуінің маңызы айтылған. Қазіргі таңдағы мектептердегі бастауыш пәндерде берілетін функционалдық білімнің сапасы талданды. Өз замандастарының және өзге де ғалымдардың Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтқан ойлары негізге алынып, ғұламаның шығарған оқулықтары мен әдістемелік құралдарының бүгінгі білім жүйесіне жарамдылығы, өміршеңдігі сипатталған. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ даласындағы сол кездегі жағдайды, ондағы оқытудың екі жүйесін, олардың пайдасы мен зиянын керемет талдап бергендігі көрсетілген. Орыс мектептерінің зиянын былай қойғанда, оның тұрмысқа қолайсыздығы мен қазіргі тілмен айтқанда одан алған білімнің функционалды емес екендігін, сол кезде-ақ айтып кеткендігі бүгінгі жағдаймен салыстырыла зерттелген.

Кіріспе

Ахмет Байтұрсынұлы 1914 жылы өзі шығарып отырған «Қазақ» газетіне «Бастауыш мектеп» деген мақала жазады. Онда ұлт ұстазы «Бүгінгі қос бастауыш мектептiң екеуi де көңiлдегi мектептердiң қатарынан табылмайтын мектептер. Біреуінде оқуға керек құрал жоқ, тәртiп жоқ, мөлшер жоқ, жоспар жоқ. Халық оқуды қажет қылғандықтан жаман да болса, жоғынан бары артық деумен жасалып отырған iс. Екiншiсiнде, яғни орыс тілді школдарда тәртiп те бар, құралдар да сай, мөлшер, жоспар бәрi де бар. Бiрақ есесіне оның пайдасы аз. Олардың пайдасын азайтып отырған бiр- ақ нәрсе — қазақты орыстандырамыз деген пiкiр бәрiн бүлдiрiп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тiлiн жоғалтып, орыс тiлiне түсiремiз дейдi, қазақ тұтынып отырған араб әрпiн тастатып орыс әрпiн алдырамыз дейдi. Сондықтан әуелi балалар ана тiлiмен оқымай, орыс тiлiмен оқысын, ана тiлiмен оқыса да орыс әрпiмен оқысын дейдi. Сол үшін бiреулерi ана тiлiнде оқыған аты болу үшiн қазақ тiлiнде орыс әрпi басылған кiтаптардан бастап оқып, әрiрек барған соң кiлең орысшаға түспек керек дейдi. Бұл еппен қайырмалаушылардың жолы. Бiреулерi еп-септi қойып, бiрден орысша оқыту керек дейдi. Өткен он төртiншi июньде патша жарлығы бойынша шыққан правилада Россиядағы бөтен тектi жұрттардың мектебiнде бастапқы екi жыл ана тiлiнде оқылсын деген» [1]. Байқап отырғанымыздай Ахмет Байтұрсынұлы қазақ даласындағы сол кездегі жағдайды, ондағы оқытудың екі жүйесін, олардың пайдасы мен зиянын керемет сұңғылалығымен талдап береді.

Бізге кезінде кеңес кезіндегі қазақтың 02 пайызы ғана сауатты болған деп айтты. Далаға жарық сәуле әкелген кеңес үкіметі деген жалған тұжырымдарды сіңірді. Ал Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің қайта оралуы арқылы қазақтың сауаттылығы орыстардан да жоғары болғандығын білеміз: «Бұл күнгi ауыл мектептерiн мектеп деп айтуға келмес. Оқуға қажетті құрал жоқ, оқыта бiлетiн мұғалiмдер аз. Сонда да қазақша хат танушылардың пайызы мұжықтардан жоғары. Бұл күнде тек хат жаза бiлетiн қазақтардан бастап газета, журнал, кiтап шығарып жатқандарымыздың бәрi де сондай мектептерден оқып, хат танып, жазу үйренiп шыққандармыз. Бұдан: бүгінгі мектептер мұншама жайсыз, күйсiз қалпында халық арасына оқу, жазуды мұжықтар арасына қарағанда көбiрек жайып жатқаны, осы мектептiң халыққа жақындығы, балалар бiлiмдi ана тiлiмен үйренгендiгi» [1]. Сол кездегі патша үкіметі қарамаса да, қамқор болмаса да ауыл мектебінің артықшылығы мен пайдасына бұлтартпастай дәлел келтіріп тұр. Орыс мектептерінің зиянын былай қойғанда, оның тұрмысқа қолайсыздығы мен қазіргі тілмен айтқанда одан алған білімнің функционалды емес екендігі айтылған: осы мақаласында «Қазақ ішіндегі орыс школдары ауылнай, волосной, екi класты школдар. Бұл школдарды бiтiргендер iлгерi оқымаса, онда жоқ болып шала оқумен ғана қалады. Елде бiр-екi жыл тұрса, оқығанның көбiнен айрылып, оқымағандармен бiрдей болып, оқыған еңбек бос кеткен есебiнде қалады. Бұл күнде екi класты школ бiтiргендерден ауылнай, учитель, писарь болып жүргендерi бар екенi рас, бiрақ бастауыш мектепте үйренетiн бiлiм жұрттың бәрiне тегiс керек бiлiм ғой. Адамға тiл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетiн бiлiмдер де дәл солай керек. Бүгінгі заманда хат танымаған адамның күйi, тiлi я құлағы, я қолы жоқ адамның күйiмен бiрдей, мұнан бұлай хат бiлудiң керектiгi онан да аспақшы. Бастауыш мектептен оқығандар писарь, инженер, агроном болар демей, ең әуелi, қазақша толық хат бiлетiн дәрежеде болуын көздеу керек. Екiншi, бастауыш мектептен үйренген бiлiм әрi қарай оқимын дегендерге негiз боларлық жағын көздеу керек» [1].

Осы күні кей ғалымдар Ахмет Байтұрсынұлына ағартушы деген баға береді. Ахмет Байтұрсынұлы оқу керек, сауаттану керек деп өлең жазумен, насихатпен ғана шектелген тек ағартушы емес екендігі анық. Əбіш Кекілбаев: «Иә, Ахмет Байтұрсынұлы — ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, онан кейін де болған емес» [2; 24]. Ахмет Байтұрсынұлы өзі мектепте он төрт жыл сабақ берген. Сол тәжірибесінің негізінде бастауыш білімнің бастауы әліппе оқулығын жазған. Тек халықты ағартумен ғана емес, оқуға не керек екендігін біліп жасап та берген ұлы реформатор.

Зерттеу әдістері

Біз бүгін өзге жұрттан үлгі алуға немесе көзсіз көшіруге әлі күнге дейін әуеспіз. Бірақ бұдан бір ғасыр бұрын озық әліпби де, озық әліппе де бізде болғандығынан көбіміз хабарсызбыз. Иә, бізде ұлы реформатор, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алатын әліппенің өз тарихы бар. Ақаң 1926 жылғы Бакудегі жиыннан кейін: «Біздің 10-ыншы жылдары шығарып ескі қоймаға тастаған нәрселерімізді кейбіреулер 26-ншы жылдарға дейін тұтынып келіп отырып, соны өзгерту ниетке жаңа ғана кіргенін өздерінше бір артықша жаңашылдық деп біліп, өздерін әлдеқандай өзгерісшіл көріп жүр екен. Тариқ жүйелі араб емлесінің тас-талқанын шығарып бұзып-жарып, араб қарпымен-ақ дыбыс жүйелі қазақ емлесін жасап алғанымыздан қабарсыз екен» [3; 572], — деген еді және өзі айтқандай, қазақтың дыбыс жүйесін тәртіптеген алғашқы кітабын Орынборда 1912 жылы шығарып еді. Бұл әліппелер толықтырылып, түзетіліп, өзі айдалып кеткен 30-жылдарға шейін Орынборда, Ташкентте, Қызылордада 10 шақты рет қайта-қайта басылып тұрды [4].

Осы уақытқа шейін қырық түрлі «Əліппе» шықты. Бірақ біз бәрібір Ахметтің «Əліппесіне» қайта оралып, соның ізімен оқытуға кірісіп жатырмыз. Қазақ мектептері «Əліппе» мен «Ана тілін» тастап, жаңартылған бағдарлама шеңберінде «Сауат ашу» деген пән (оқулық) шығарған болатын [5]. «Ана тілі» мен «Əліппенің» өзі де екі пән, бірақ кеңес дәуірінен бері кіріктіріліп, бірі («Əліппе») бірінші жартыжылдықта, екіншісі («Ана тілі») екінші жартыжылдықта оқытылып келді. Бұл пәндерді жыл басынан жеке-жеке өз алдына бөлек-бөлек оқыту керек. Біздің ойымызша, «Ана тілі» бірінші сыныптан-ақ, бірінші қыркүйектен бастап оқытылуы керек. Қазіргі «Ана тілі» де екінші сыныпта «Əдебиеттік оқу» мен «Қазақ тілі» пәніне бөлініп кететін нағыз кіріктірілген пән. Оны бірінші сыныптың екінші жарты жылдығында қазақ тілімен кіріктіріп оқыту дұрыс емес. Бүгінгі бірінші

сыныпта керегі жоқ пәндер көп (өзін-өзі тану, дүниетану, жаратылыстану, ағылшын тілі, орыс тілі). Ал біз балаға нағыз функционалдық білім беретін пәндерді («Əліппе» + «Ана тілі» + «Қазақ тілі») кіріктіріп отырмыз.

Нәтижелері мен оларды талқылау

Ахмет Байтұрсынұлы бастауышта қандай пәндер оқытылуы керек екендігін сол кездің өзінде-ақ көрсетіп берген еді. «Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы» [1]. Бұны бүгінгі оқытылып жатқан пәндермен салыстырсақ мынадай кесте шығады (кесте 1).

Кесте 1

Бастауыштағы пәндердің салыстырылымы

0 сынып

1 сынып

А. Байтұрсынұлының ұсынған пәндері

1

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Əліппе

Оқу

2

Құрастыру

Математика

Жазу

3

Ағылшын тілі

Дүниетану

Дін

4

Музыка

Жаратылыстану

Ұлт тілі

5

Аппликация

Көркем еңбек

Ұлт тарихы

6

Орыс тілі

Ағылшын тілі

Есеп

7

Сурет салу

Орыс тілі

Жағрапия

8

Қоршаған ортамен танысу

Өзін өзі тану

Шаруа-кәсіп

9

Сауат ашу негіздері

Дене шынықтыру

Жаратылыс жайлы

10

Мүсіндеу

Музыка

 

11

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

   

12

Экология негіздері

   

13

Жаратылыстану

   

14

Сөйлеуді дамыту

   

15

Драма

   

16

Көркем әдебиет

   

Жоғарыда келтірілген кестеде Ахмет Байтұрсынұлы нағыз керек және тек қазақша оқытылатын пәндерді анықтап берді. Біз бүгінгі оқу жүйесінде осыны қайта қарауымыз керек. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін отызыншы жылдардан кейін қолдануға тыйым салған кезден бастап ғылымға саясат араласты. Өзі және тұстастары қазақ баласы бастауышта білімді тек қазақ тілінде ғана алуы керек деген ұстанымда болған: «Бастауыш мектеп, әуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек», — дейді ұлт ұстазы [1].

Ұлт ұстазы «Əліппе» баланы оқу мен жазуға үйретеді деп, «Əліппенің» мақсатын айқындап берген. Оның мақсаты хат таныту, жазуға үйрету және жазылған сөзді оқуға үйрету болып табылады. Сондықтан «Əліппенің» сөздік қоры өте шектеулі болады. Бала сөйлеп тұрғанымен оқу мен жазу дағдысы өте баяу қалыптасады, мәнерлеп оқып, жүгіртіп жазып кету үшін ол әбден дағдылануы керек. Бізге оған өзге елдегідей көп уақыт керек емес, Манчестер деп жазып, Ливерпуль деп оқитын ағылшындарға немесе әр суреті жеке-жеке мәні бар сөз болып табылатын қытайларға хат тану үшін көп уақыт керек. Мына іргедегі орыстың өзінде шарттылық көп. Мәселен, алты дауысты дыбысы қай дауыссыздың қасында тұруына қарай 48 түрге енеді [6]. Ал, қазақ тіліндегі 9+19=28 дыбыс қайда тұрса да сол дыбысталу күйін сақтап тұрады. Сол себептен біздің баланың сауат ашуы тез, оңай. Хат тануға Ақаңның «Əліппесімен» төрт-ақ апта керек болған [7]. Қазіргі 42 таңбадан тұратын орыс-қазақ әліпбиімен оған көбірек уақыт керек болар. Бұрын жаңа жылға дейін «Əліппені» аяқтайтын. Ал қазіргі «Сауат ашуда» түбін тексермей, әріппен танысуды наурызға шейін созып отырмыз.

«Əліппенің» ішіндегі мәтіндер өте қарапайым, («Ата ат тағала», «Айдос доп ал» және т.б.), 5–6 жастағы баланың өзінің табиғи сөздік қоры бұдан әлде қайда бай. Зерттеушілер монотілді (тілі бір тілде, ана тілінде шыққан) баланың сөздік қоры шамамен 5000 сөзді құрайтындығын айтады. Бұл дәлелденген тұжырым. Сондықтан бірінші жартыжылдықта тек хат танытамыз деп, баланың сөйлеу дағдысын екі тоқсан бойы тежеп қоюға болмайды. Бірінші тоқсанда әлі оқи алмайтын бала сабақты «Əліппемен» қатар, тыңдалым, айтылым әрекеттері арқылы жүргізіп отыруы керек. «Ана тілінің» мақсаты оқушының сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру. Яғни, «Əліппе» баланы оқу мен жазуға дағдыландырса, «Ана тілі» оның сөйлеу дағдыларын әрі қарай жетілдіріп, шыңдай түседі. Мақсаты бөлек екі пән бөлек-бөлек оқытылуы керек.

Қазақ мектебінде «Əліппе» бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында аяқталып, бірден екінші жарты жылдықта тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік беретін «Қазақ тіліне» жалғасуы тиіс те, «Ана тілі» тыңдалым арқылы басталып, оқылым дағдысына ұласып, жыл бойы жүруі тиіс.

Тұжырым

Ұлт ұстазының шығарған оқу құралдары мен оқулықтарының бәрі кешенді, бір бірімен байланысты және жүйелі. Біз, кейінгілер, осы уақытқа дейін бірнеше «Əліппе» шығардық, әдістемелік нұсқаулықтар жасадық. Бірақ біз төл дыбыстарға негізделіп қасына мұғалімдерге арналған «Баяншысы» бар, ол аз десеңіз сөйлеу, оқу, жазуды ұштастырған «Тіл жұмсары» тағы бар, кешенді дүние жасай алмадық.

Ахмет Байтұрсынұлы өзі жасаған құралдармен сабақ берудің жолын да анық көрсеткен. Бүгінгі білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, «Инсерт» стратегиясы сияқты тағы басқа оқытудың түрлі әдістерінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын жаңаша бағыт ретінде атайды. Ал тарихқа үңілетін болсақ, бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының көбі Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен табылады. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектептеріне арналған «Əліпбиі» (Жаңа құрал) оқулығын жазуда көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, ол бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен, ретпен берілуін ескеріп, балаға әлі келетін білімді ғана ұсыну керектігін айтады. Мұнда баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, алынған білімді күнделікті қолданысқа түсіру маңыздылығын қатты ескерген [8]. «Тірлік шаруасына үйрететін білім тірі білім болуы керек. Ондай білімді адам мәніс білімі мен әдіс білімін қатар үйренгенде білмек», – дейді ұстаз.

Қазір өте көп айтылып жүрген Блум таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысы туралы А. Байтұрсынұлы оқулықтарында да бар:

  1. Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс теп аталады.
  2. Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады.
  3. Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы-жалпылаулы не- месе айырыңқы-жиылыңқы деп аталады.

Яғни, ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, алдына қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды әрі тиімді деп санайды да бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек, – дейді [9; 295].

Қазіргі таңда мектептерде қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесінде білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, дамыту мақсатында сөйлеу әрекеттерінің 4 түрі (жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым) жеке-жеке бөлініп, жаңа жүйемен оқытылады. Бұл әдісті көбісі ағылшын тілін оқыту үлгісінен (listening, reading, writing, speaking) алынған деп ойлайды. Алайда тілді оқытудың бұл әдістері жайында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінен де кездестіруге болады.

Ғалым «үйретуді» жоғары бағалап, «өнер» деп атайды. «Үйрету өнер болған соң, ана тілін үйрету — бұл да өнер. Олай болса өнерлерде болған сындар мұнда болмақ», – дейді. Ахмет тіл үйретуді мынадай топтарға ажыратады: 1) оқылым — оқу үйрету; 2) жазылым — жазу үйрету; 3) айтылым — сөйлеу үйрету. Мәселен, оқылым әрекеті буындап оқу, тұтас оқу арқылы; жазылым әрекеті сөздерді буындау, тасымалдау, көшіру, құрастыру, сөзден сөз тудыру арқылы; айтылым әрекеті сұрақтарға жауап беру арқылы; тыңдалым әрекеті жаңылтпаштарды есте сақтап, жатқа жазу арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуда жазбаша және ауызша тілдің ара-жігі ажыратыла бермейді. Білім алушылар әріп пен дыбысты айыра алмай, бір сөйлеу барысында сөздерді жазба түріндегі қалпы бойынша айтатын дәрежеге жеткен. Ауызша тіл мен жазба тілдегі норманың арақатынасы жайында ғалымның екі бөлімнен тұратын «Тіл жұмсары» мен «Оқу құралында» баяндалған. Ғалым өтілген мағлұматтарды ауызекі тіліне жеңіл де қысқа ауызша сауалдармен бекітіп те отырған. Мысалы, 1) әріп пен дыбыс бір ме? 2) қайсысы көрінеді, қайсысы естіледі? 3) ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма? [4].

Ғалым «Жаза білу үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керек. Ол дыбыстарға арналған әріптерін тани білу керек. Таныған әріптерін жаза білу керек. Жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек» деп әріп пен дыбысты айырудың әдіс-тәсілдерін сатылап көрсеткен.

Сонымен қатар қазіргі таңда дәстүрлі оқытудан жаңартылған білім мазмұнына ауысқан білім беру жүйесінде «теория және практика» қағидасы басшылыққа алынып жүр. Оқытудың бұл жүйесі де Ахмет Байтұрсынұлының «Баулу мектебі» атты мақаласында» баяндалады: «Өлі оқудан» көрі «төте оқудың» беретін білімі жандырақ. «Төте оқудан» гөрі «көрнекі оқудың» беретін білімі жандырақ, «баулу» беретін білім бәрінен де жандырақ. «Баулу» асылында дағдылы шағындағы тіпті «бала оқыту» емес, тіршілік ісіне тігілей түсіру» [10].

Қорыта келгенде айтарымыз, бастауышта бала тілін дамытып, жетілдірудің орнына кері кетіп отырмыз. «Əліппе» бойынша ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жолына түстік, түсіп келеміз. Ал басқа бастауыштағы білім мәселесі бойынша да ұстаз жолына қайта оралуымыз керек. Олай болмаған жағдайда мынадай жүйесіздіктер шығып отыр:

  1. 1 сыныптың бірінші жартысында тек хат танытатын пәнді, яғни «Əліппені» ғана оқытып, баланың табиғи коммуникациялық дағдысын екі тоқсанға тежеп отырмыз.
  2. Екінші жартыжылдықта қарапайым тілдік ұғымдар жөнінде түсінік беріп, дұрыс оқу мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын пәнді («Қазақ тілін») екінші сыныпта «Əдебиеттік оқу» пәніне айналатын «Ана тілімен» кіріктіріп қойдық.
  3. Қазақ баласының өміріне нағыз керек білімді беретін оқу мен жазуға, ұлттық дүниетанымымен тұлға болып қалыптасуына негіз болатын үш пәнді кіріктіріп оқытып, есесіне бірінші сыныпқа пайдасы жоқ пәндерді қаптатып кіргіздік.

Осының неге бұлай екендігіне жауап беретін пенде болса, алдымызға шықса болар еді.

Мақала 2020–2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру аясында жазылды. Зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (AP08956367 гранты).

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Байтұрсынұлы А. Бастауыш мектеп / А. Байтұрсынұлы // «Қазақ» газеті, 1914. — № 61 (мамыр). — Б. 2–3.
  2. Кекілбайұлы Ə. Ұстаз ұлағаты / Ə. Кекілбайұлы. Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. — Алматы: Ғылым, 1999. — 567 б.
  3. Байтұрсынов А. Қазақ тіл білімінің мәселелері / А. Байтұрсынов. — Алматы: Абзал-ай, 2013. — 640 б.
  4. Байтұрсынов А. Оқу құралы / А. Байтұрсынов. — Орынбор, 1925. — 72 б.
  5. Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы // Магазета. [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013619.
  6. Жүнісбек Ə. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Ə. Жүнісбек. — Алматы: Абзал-Ай, 2018. — 368 б.
  7. Шонанов Т. Ахмет Байтурсунович Байтурсунов в области народного просвещения и литературы / Т. Шонанов // Қазақ ССР Мемлекеттік Орталық архивінен алынды. — № 544 (1). — 104 б.
  8. Мәметқазыұлы Қ. Қазір жаңа деп танылған әдістемелердің көпшілігі Ахмет Байтұрсынов еңбектерінен бастау алады [Электронды ресурс] / Қ. Мәметқазыұлы. — Қолжетімділік тәртібі: https://lenta.inform.kz/kz/kazir-zhana-dep-tanylgan-adistemelerdin-kopshiligi-ahmet-baytursynov-enbekterinen-bastau-alady_a3562782.
  9. Байтұрсынов А. Алты томдық шығармалар жинағы. 3-том / А. Байтұрсынов. — Алматы: Ел-шежіре, 2013. — 382 б.
  10. Шонанов Т. Латын әліппесі туралы / Т. Шонанов // «Еңбекші қазақ», 1926. — № 87 (сәуір). — Б. 25.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.