Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің рөлі

Мақалада Қазақстан Республикасының халқын əлеуметтíк қамтамасыз етудің жəне əлеуметтíк қорғаудың жаңа механизмдерін іздеу жəне халықтың өмірінің сапасын сандық жəне сапалық бағалау үшін дамыған елдерде қолжеткізілген нақты өмірлік стандарттарды бағалау қажеттілігі қарастырылды. Авторлар Қазақстан Республикасында 2012–2016 жылдары динамикасында халықтың өмірі сапасының негізгі өлшемдерін қарастырды: тұрғын үй жағдайлары, табыс, жұмыс, білім, денсаулық жəне экология. Əрбíр көрсеткіш Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мəлíметгерíне сəйкес үсынылған жəне ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерімен салыстырылды. Экономикалық. экологиялық, әлеуметтік қүраушы бойынша жеке-жеке түрақты даму шеңберінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі бағыттары бөлінді. Жүмыскерлердің республикалық бірлестіктері түлғасында жүмыс берушілердің қоғамдық бірлестіктері атап өтілді. Қүқықтық мемлекетте әлеуметтік серіктестіктің маңыздылығы көрсетілді. Қазақстан Республикасында әлеуметтік серіктестік үшін бүтіндік, жүйелілік, ұзақмерзімділік жəне көпдеңгейлі сипат қажет екендігі айдылды. Кез келген бизнес қоғамның магериалдық жəне рухани әлеуетінің жоғарылауына ықпал етуі, əрбíр индивидтің қабілеттерін жəне дарындарын тəжíрибеде жүзеге асыру үшін қолайлы орта қүруы жəне қоғам алдында əлеуметтíк жауапты қағидаларға негізделуі тиіс екендігі жөнінде қорытынды жасалды.

Экономикалық өсуге қолжеткізу оның сапалық параметрлерімен бірлікте ғана мүмкін, атап айтқанда, əлеуметтíк түрақтылықтың өсуі, экологиялық жүктеменің азаюы жəне адам капиталының артуы – бүл параметрлер республиканың экономикалық түрғыдан жоғарлауына əсер ете алады. Яғни экономикаға халықтың өмірінің сапасының жоғарылауын қамтамасыз ететін өсу қажет. Халықтың өмірі деңгейін жəне сапасын жоғарылату мемлекет пен қоғамның негізгі мақсаты болып табылады. ХХ-шы ғасырдың соңғы онжылдығында қайыршылықпен күрес міндеті түрса, қазіргі уақытта биліктің барлық деңгейлерінің күштері осы салада маңызды сапалық өзгерістерге бағытталған: басты басымдылық əлеуметтíк кепілдіктер беруге емес, қарқынды даму мен өзін-өзі таныту үшін жағдайлар жасауға беріледі. Халықтың тіршілік əрекетíнщ жаңа əлеуметтíк-экономикалыĸ жағдайлары, дамыған елдерде қолжеткізілген нақты өмірлік стандарттарды сезіну жəне бағалау мүмкіндіктерінің пайда болуы халықтың өмір сапасын сандық жəне сапалық бағалау жəне Қазақстан Республикасының халқын əлеуметтíк қамтамасыз ету жəне əлеуметтíк қорғаудың жаңа механизмдерін іздеу қажеттілігін негіздеді.

Осы мақалада пайдаланылатын «өмір сапасы», «əлеуметтíк жауапкершілік» негізгі үғымдарын қарастырайық.

Өмір сапасы - «өмір деңгейі» ұғымының жалпыламасын ұсынатын жалпылайтын əлеуметтíк- экономикалық санат, өзіне материалдық қүндылықтарды жəне қызметтерді түтыну деңгейін ғана емес, сондай-ақ рухани мүқтаждықтарды қанағаттандыруды, денсаулықты, өмір үзақтығын, адамның айналасындағы орта жағдайларын, моральдік-психологиялық климатты, рухани жайлылықты енгізеді [1].

Тар мағынада бизнестің əлеуметтíк жауапкершілігі - кəсíпорында əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу технологиясы, инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жəне еңбек уəждемесíн жоғарылату. Кең мағынада бизнестің əлеуметтíк жауапкершілігі өзіне кəсíпорынньщ жүмыскерлеріне қамқорлық жасауды ғана емес, сондай-ақ аумақ немесе жалпы мемлекет деңгейінде əлеуметтíк бағдарламаларды жүзеге асыруды да енгізеді, яғни бизнестің экономикалық, экологиялық жəне əлеуметтíк салаларға қосқан үлесі, оның ішінде заңнамалық міндеттемелер шеңберінен шығатын үлесі [2].

Соңғы ондаған жылдар ішінде Қазақстан халықтың өмірінің сапасын жақсартуда көптеген жетістіктерге қолжеткізді. 2012–2016 жылдары бойынша динамикада халықтың өмірінің сапасының әрбір өлшемін қарастырайық.

  1. Тұрғын-үй жағдайлары.

1-кесте

«Тұрғын-үй жағдайлары» өлшемінің дамуының динамикасын анықтайтын көрсеткіштер

Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Тұрғын-үй ғимараттарын пайдалануға

6 742

6 844

7 516

8 940

10 513

енгізу:

мың ш. м (жалпы аудан)

         

алдыңғы жылға пайыздармен

103,2

101,5

109,8

118,9

117,6

Ескерту. «2012–2016 жж. Қазақстанда халықтың өмірінің деңгейі» статистикалық жинағы. — 2017 ж.

2012 жылдан бастап тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу 55 %-ға ұлғайды. 2016 жылы Қазақстан Республикасында тұрғын үй жағдайларымен қамтамасыз етілу бір адамға есептегенде 0,8 бөлмені құрады, бұл ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіштен (1,8 бөлме) аз (1-кесте).

  1. Табыс.

2-кесте

«Табыс» өлшемінің дамуының динамикасын анықтайтын көрсеткіштер

Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Қолда бар табысты пайдалану есебінде үй шаруашылықтарын соңғы тұтынуға шығындар, млрд. тг

13659,2

17616,6

18805,9

21491,9

24550,55

халықтың жан басына шаққанда,

813,5

1034,1

1087,7

1 225,0

1379,75

мың тг, алдыңғы жылға пайызбен

110,1

110,6

101,1

101,8

101,15

Халықтың орташа номиналды ақшалай

табыстары, тг айына

51 860

56 453

62 271

67 321

76 575

Нақты ақшалай табыстың индексі, алдыңғы жылға пайыздармен (бағалау)

107,5

102,9

103,4

101,4

99,3

Халықтың ақшалай шығындары (айына халықтың жан басына шаққанда орташа есеппен), тг

31 886

34 796

37 131

38 502

41 847

Ең төмеңгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халықтың үлесі, пайызбен

3,8

2,9

2,8

2,7

2,6

Ең төмеңгі күнкөріс деңгейімен ара қатынастар (халықтың жан басына шаққанда орташа есеппен), пайызбен:

халықтың орташа номиналды ақшалай табыстары

308,4

317,3

326,6

342,7

354,3

тағайындалған ай сайыңғы зейнетақының орташа көлемі

176,3

179,4

189,2

198,2

196,5

Азық-түліктік себеттің құнынан төмен табыстар бар халықтың үлесі, пайызбен

0,2

0,1

0,1

0,1

0,1

Ескерту. «2012–2016 жж. Қазақстанда халықтың өмірінің деңгейі» статистикалық жинағы. — 2017 ж.

Салықтарды төлеуден кейін үй шаруашылығының орташа түзетілген таза табысы жылына 9 622 АҚШ долл. құрайды, ал ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – жылына 29 016 АҚШ долл. (2-кесте).

  1. Жұмыс.

Жұмыспен қамтылуға келетін болсақ, Қазақстанда 15-тен 64 жасқа дейінгі халықтың 74 %-нан астамының төленетін жұмысы бар, бұл ЭЫДҰ елдері бойынша жұмыспен қамтылудың орташа деңгейінен айтарлықтай асады (66 %). Ерлер арасында төленетін жұмыспен шамамен 79 % қамтылған, ал əйелдер арасында – 69 %. Қазақстандықтар орташа есеппен жылына 1805 сағ. жұмысжасайды, яғни ЭЫДҰ мүше-елдерінің көбінен (1763 сағ.) асады. Сонымен бірге Қазақстанда жұмыскерлердің тек болмашы үлесінде ғана (2,4 %) ЭЫДҰ елдері бойынша орташа 13 %-бен салыстырғанда ұзартылған жұмыс күн жұмыс істейді (3-кесте).

3-кесте

Еңбек нарығының негізгі индикаторлары

Индикаторлар

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Жұмыс күші, мың адам

8 981,9

9 041,3

8 962,0

8 887,6

8 998,8

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

8 507,1

8 570,6

8 510,1

8433,3

8 553,3

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған

қызметкерлер, мың адам

2 693,5

2 621,0

2 400,4

2138,4

2 210,5

Жұмыссыз халық, мың адам

474,8

470,7

451,9

454,2

445,5

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

5,3

5,2

5,0

5,1

5,0

Жұмыспен қамту органдарында

жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар саны, мың адам

34,6

30,0

33,4

34,6

37,5

Ескерту. 2012–2016 жж. еңбек жəне жұмыспен қамту статистикасы. — 2017 ж.

  1. Білім беру.

Қазақстанда 25-тен 64 жасқа дейінгі ересек халықтың 94 %-ның толық орта білімі бар, бұл ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен (76 %) айтарлықтай жоғары. Білім беру сапасына келетін болсақ, оқушылардың білім беру жетістіктерін бағалау бойынша, ЭЫДҰ халықаралық бағдарламасының соңғы мәліметтеріне сəйкес (PISA-2015), Қазақстандағы оқушы оқу сапасы математика мен жаратылыстану бойынша білімнен 448 балл жинайды, бұл ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен біраз төмен (497 балл) (4-кесте).

4-кесте

Білім берудің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың орынмен қамтамасыз етілуі (100 орынға келетін балалар)

104,7

105,0

109,5

105,0

106,1

Техникалық жəне кәсіби білім беретін мемлекеттік колледждерді бітірген мамандар, мың адам,

108,5

102,2

98,2

95,7

86,8

10000 адамға

64,1

59,6

56,4

54,2

48,4

Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының саны олардағы студенттер,

53

50

49

50

47

мың адам,

280,4

251,7

232,1

216,9

217,2

10000 адамға

165,8

146,7

133,2

122,7

121,2

Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандар, мың адам,

77,6

70,7

75,3

61,7

53,2

10000 адамға

45,9

41,2

43,2

34,9

29,7

Ескерту. 2012-2016 жж. әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері. — 2017 ж.

  1. Денсаулық.

Халық денсаулығы тұрғысынан, Қазақстанда туылу кезінде өмірдің орташа ұзақтығы 72,4 жылды құрайды, бұл ЭЫДҰ бойынша (79,9 жыл) көрсеткіштен 7,5 жылға аз. Əйелдерде өмірдің орташа ұзақтығы 76,6 жылды құрайды, ерлерде – 68 жыл (5-кесте).

5-кесте

Денсаулық сақтауды дамытудың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Барлық мамандықтағы дəрíгерлер саны, мың адам,

64,4

66,0

68,9

69,7

74,6

халықтың 10000 адамына шаққанда

38,4

38,8

39,5

39,5

41,6

Орта медициналық қызметкерлер саны, мың адам,

168,7

169,6

160,0

163,9

170,8

халықтың 10000 адамына шаққанда

100,4

99,5

91,9

92,8

95,3

Ауруханалар саны

990

995

911

901

877

Ауруханалар төсегінің саны, мың адам,

113,0

107,5

105,2

102,5

100,1

халықтың 10000 адамына шаққанда

66,8

62,6

60,4

58,0

55,9

Халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін дəрíгерлíк мекемелердің саны

3 651

3 566

3 163

3 149

3 126

Əйелдер консультацияларының бөлімшелерінің (кабинеттерінің) саны

131

126

132

146

131

Жүкті жəне босанатын əйелдерге арналған төсек саны, мың

9,7

9,4

9,0

8,7

8,5

Ауру балаларға арналған төсек саны, мың

19,2

18,3

18,6

18,6

18,4

Ескерту. 2012-2016 жж. əлеуметтíк-демографияльщ көрсеткіштері. — 2017 ж.

  1. Экология.

Ауада өкпеге ену жəне денсаулыққа зиян келтіру үшін жеткілікті көлемі 10 мкм аз өлшенген бөлшектердің (көрсеткіш РМ10), яғни ұсақ дисперсті ластайтын бөлшектердің құрамы Қазақстанда текше метрге 10 микрограмды құрайды, бұл ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен (текше метрге 14 микрограмм) төмен. Қазақстанда пайдаланылатын судың сапасына халықтың 85 %-ы қанағаттанады, бұл ЭЫДҰ бойынша көрсеткіштен (84 %) біршама жоғары [3].

Халықтың өмірінің жоғары сапасына қолжеткізу әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономиканың мақсаты болып табылады жəне тұрақты даму тұжырымдамасына сəйкес, қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде шығады. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді орындай алмай, билік әлеуметтік сұрақтардың бір бөлігін болсын шешуді жүктеуге болатын компанияны іздейді. Осындай субъект ретінде бизнес-қауымдастығы пайымдалады, ол, өз кезегінде, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасының қағидаларын ұстану қажеттілігін өзі де сезіне бастайды.

Дамыған елдерде жеке ұйымдардың бəсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ барлық ұлттың гүлденуі басқа факторлардан басқа әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің әлеуметтік жауапты іс-қимылына да тәуелді жəне олардың бастысы бизнес болып табылады. Қоғамдық дамудың эволюциясы қоғамның экономикалық жəне әлеуметтік есеюі кәсіпкерлік ортаның жұмысының нәтижесі болатыны жөнінде шындықты растайды.

Нарықтық жүйенің созылмалы кемшіліктері бар - ол экологиялық, әлеуметтік жəне кейбір басқа міндеттерді шешуді қамтамасыз етпейді, сондықтан оны түрлендіру жолдарын іздеу жүріп жатыр. Осындай ізденістермен БҰҰ жанындағы бірнеше маманданған ұйымдар (ХЕҰ, Халықаралық стандарттау ұйымы), сондай-ақ ЭЫДҰ жəне бірқатар басқа ұйымдар, сондай-ақ әртүрлі кәсіподақ бірлестіктері мен ҮЕҰ айналысады.

Қазіргі уақытта экономика, экология жəне әлеуметтік қатынастар саласында мақсаттарды сәйкесінше экономикалық жəне қаржылық қуатқа ие шынымен де өте ірі компаниялар салыстырмалы түрде жеңіл үйлестіре алады. Бизнестің əлеуметтíк жауапкершілігі қағидаларын ендіру инновацияларды жылдамдатуды талап етеді, себебі ҒТП арқасында ғана қажетті қосымша ресурстарды алуға болады. Бұл жұмыс сондай-ақ кəсíпкерлер, үкіметтер, кəсıподактар мен халықаралық ұйымдар арасында ынтымақтастықты күшейтуді талап етеді.

Әлеуметтік жауапкершілік халықтың өмірінің сапасын жоғарылату процесінің әрбір қатысушысы үшін нақты белгіленуі жəне үш бағытта тұрақты даму бойынша халықаралық стандарттарға сəйкес қаралуы тиіс:

  • – экономика;
  • әлеуметтік саясат;
  • – экология.

Тұрақты даму шеңберінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі:

  • экономикалық құраушыда — олар негізінен капиталдық салымдар мен өндірілетін тауарлардың жəне қызметтердің тұтынушылық қасиеттерін жəне әлеуметтік маңыздылығын жақсартатын заманауи технологияларды ендіру;
  • экологиялық құраушы — өндіріс экологиясын жəне оның қауіпсіздігін дамыту бойынша арнайы жабдықтарға шығындар;
  • әлеуметтік құраушы — кәсіпорындардың қызметкерлерінің жəне олардың отбасыларының мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын-үй, қауіпсіздік, денсаулықты қорғау жəне т.б. салалардағы мәселелерді шешуге жіберілетін қаражат.

Әлеуметтік жауапкершілік мəселесí жұмыс берушілердің қоғамдық бірлестіктерінің тарапынан белсенді жұмысты талап етеді, себебі шешілмеген əлеуметтíк мəселелер бизнеске де əсер етуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері: Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы, Қазақстанның еңбек конфедерациясы, олардың негізгі мақсаты - еңбеккерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мыналар: Қазақстан Республикасының жұмыс берушілерінің конфедерациясы, Еуразиялық өнеркəсіптік қауымдастық, Қазақстанның кəсİпкерлер конгрессі, Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағы, «Атамекен» кəсíпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағы [4-6].

Бизнестің əлеуметтíк жауапкершілігін қалыптастыру - əлеуметтíк құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың бағыттарының бірі ғана. «Құқықтық мемлекет» мемлекетке қажетті идеологиялық тұрақтылық қамтамасыз ететİн əлеуметтİк серİктестİк қағидаларын жəне құндылықтарын жүзеге асырусыз тİршİлİк ете алмайды. Сонымен бİрге əлеуметтİк ретİнде адамның құқықтарының жəне еркіндіктерінің құндылықтары, əлеуметтíк адалдық пен өзара ынтымақтастық қағидалары мойындалатын əрбİр серİктестİк саналады.

Əлеуметтİк серİктестİк ортақ рухани-құндылық процесс болып табылады, оның арқасында бизнес, мемлекет жəне азаматтық қоғам ұйымдары күнделікті кеңістікті құрастырады, оның шеңберінде билік əлеуметтíк-жауапты жəне өз азаматтарының əл-ауқатын ойлайтын құрылым ретінде қабылданады. ҚР-да əлеуметтíк серіктестікке бүтіндік, жүйелілік, ұзақмерзімділік жəне көпдеңгейлі сипат қажет. Əлеуметтíк серіктестік туралы келісімдерді жеке компаниялар емес, аймақтық биліктің патронажымен өндірістік тізбектер жасаулары тиіс. Əлеуметтíк серіктестікті қолдау бойынша іс-шаралар жеке-жеке жəне ұзақмерзімді емес сипатқа ие болулары тиіс, өйткені əлеуметтíк бастамалардан интеграциялық жəне синергиялық әсердің жоқтығы компания үшін олардың экономикалық тиімділігін төмендетеді.

Бизнестің жəне биліктің əлеуметтíк жауапкершілігіне қатынаста екі негізгі келісті бөлуге болады. Біріншісінің мәні ірі жəне орта капитал ақшаны мемлекет немесе жер-жердегі билік көрсететін әлеуметтік жобаларға салуы тиіс екендігінен тұрады. Уəждеме қарапайым: халық - кедей, көбі - қайыршылық шегінде. Бөлісу керек, қаржылай дағдарыс кезінде адамдарды жұмыстан шығармау қажет. Иә, ол орын алуы мүмкін. Бірақ - ерікті түрде. Біз сізге салықты төмендетеміз, ал сіз қаражатты біз айтқан бағытта аударасыз деген сияқты мәжбүрлеу немесе саудаласу керек емес. Екінші келіс бизнестің функционалды мазмұнынан шығады, атап айтқанда: бизнестің қоғам алдындағы жауапкершİлİгİ, ең алдымен, өз функциясын орындау, экономиканы дамытумен айналысу, жаңа, жоғары тиімді жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін жоғарылату, жаңалықтар енгізу үшін. Еліміздің үлесіне жоғары технологиялық өнімнің әлемдік нарығының 1 %-нан аз бөлігі келеді (АҚШ- тың үлесіне - 33 %, Еуропалық одақ пен Жапонияның үлесіне - 18-20 %-дан). Егер біз нарықтық инновациялық экономика жағдайында өмір сүргіміз келсе, онда мемлекет емес, бизнес экономиканың моторы болып табылады.

Осылайша, әлеуметтік жауапкершілік бизнестің ұзақмерзімді дамуының маңызды құралдарының бірі болып табылады. Əлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайларындакез келген ұйымның негізгі функциясын түбегейлі қайта қарау қажет: меншікті пайданы максимизациялаудан бастап барлық қоғам үшін экономикалық жəне әлеуметтік пайдалылықты максимизациялауға дейін. Ең табысты дамып келе жатқан елдердің нақты жағдайы көрсеткендей, кез келген бизнес қоғамның материалдық жəне рухани әлеуетінің жоғарылауына ықпал етуі, әрбір индивидтің қабілеттерін жəне таланттарын тəжíрибеде жүзеге асыру үшін қолайлы орта жасауы, стратегияларды əзíрлеудщ əлеуметтíк жауапты қағидаларына негізделуі тиіс.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Райзберг Б. А. Качество жизни // Современный экономический словарь. — 2-е изд., испр. / Б. А. Райзберг, Л.Ш. Лозовский, Е.Б. Стародубцева. — М.: ИНФРА-М, 1999. — 479 с.
  2. Уськова Т.В. Социальная ответственность бизнеса: проблемы и тенденции / Т.В. Уськова, Е.Д. Разгулина. — Вологда: ИСЭРТ РАН, 2015. — 56 с.
  3. ҚР Статистика бойынша агенттігі. 2012–2016 жылдарға Қазақстанда халықтың өмір деңгейі [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://www.state.kz.
  4. 2015-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының Кəсíподаĸтар федерациясының қызметінің стратегиясы. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://fprk.kz/strategy/.
  5. Ресми сайт: Қазақстанда корпоративтік əлеуметтíк жауапкершілік [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://www.csrkz.org/ru/meropriyatiya/sobytiya.html.
  6. Халықаралық стандарт CSR/КСО - 2008 «'Үйымның əлеуметтíк жауапкершілігі. Талаптар» / Бүкілресейлік сапа үйымының сараптамалық бағдарламалар орталығы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://www.cepvok.ru/docs/socsert/standart_inter_kso.doc.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.