Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ география пәні мұғалімдерін даярлауда этнопедагогиканың орны

Қазіргі уақыттағы ең басты мəселелердщ бірі болашақ география мүғалімдерін дайындау болып табылады. Бүгінгі студент — ертеңгі мектеп мұғалімі, оның кəсíби шеберлігін, білім мен тəрбиенí ұштастыра білуін үйрету — жоғарғы оқу орны мұғалімдерінің міндеті. Жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға, екіншіден, өз халқының үлттық мəдени-тарихи, əлеумеmдік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аударудың қажеттілігін көрсету керек. Білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тəрбиелеуде олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тəрбиелеуде, жастардың қабілетін, іскерлігін дамытуда, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, жер бетіндегі тіршілікті сақтауда география пәні үлкен роль атқарады. География пәнінің эстетикалық тəрбиеде алатын орны ерекше екені түсінікті. Мақалада қазақ жерінің географиясы мен елінің тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғүрнын байланыстыратын, үтаыық үлгіде білім алатын студент жастарға қажетті деректер көптеп келтірілген, сондай-ақ этникалық тəрбие беруде топонимиканың қажеттілігі, өзектілігі аталған. Болашақ география мүғалімдердің кәсіби педагогикалық іс-әрекетке табысты бейімделуінің үлгісі ретінде автор мотивациялық, бейімділік, танымдық, кәсіби педагогикалық әрекетті біріктіретін түтас қызмет болып табылады деген пікір үсынып отыр.

Егеменді елдің, тәуелсіздік жолындағы халықтың ең қастсрлі міндеті — өткен тарихи төл болмысымен үндес бола алатын, жас үрпақтың үлттық санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Мүндай білім жүйесі сол елдің үлттық төл болмысымен санасу арқылы ғана жүзеге асады. Білім берудің үлттық жүйесін қүрудағы негізгі түғыр — сол үлттың төл тарихы мен мәдениеті болу керек. Себебі көне тарихтың сын көзінен өткен қүнды дүниетаным мүралары жас үрпақтың рухына негіз болып қаланып, болашағына бағыт жасап отырған жағдайда ғана, үрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді.

Жас үрпаққа білім мен тəрбие беру барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға, екіншіден, өз халқының үлттық мəдени-тарихи, әлеуметтікэкономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Осыны басшылыққа алған жерде, үлттық білім берудің негізгі мақсаты — адамзаттың жəне үлттық қүндылықтарды бойына дарытқан жоғары интеллектуалды, парасатты түлғаны тəрбиелеу болып шығады.

Білім беру жүйесінде жас үрпақты жан-жақты дамыту мен тəрбиелеуде олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, түлғаны шығармашылыққа тəрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, жер бетіндегі тіршілікті сақтауда география пәні үлкен роль атқарады [1].

Болашақ география пәнінің мүғалімдеріне географиялық білім беруде пәннің тәрбиелік маңызы зор. Жастардың қабілетін, іскерлігін дамытуда эстстикалық тәрбиенің, яғни әсемдікті сезіну мен сүюге баулудың, маңызы зор. Әдемілікке, өнерге тəрбиелеу жастардың ой өрісін дамытып, қабілетін арттырып, білімін байытады. Әсемдік, әдемілік, дарындылық табиғаттан берілетінін ескерсек, география пәнінің эстстикалық тəрбиеде алатын орны ерекше екені түсінікті. Эстстикалық тəрбие беруде халықтық тəрбие дəстурлерш қисынымсн байланыстыра пайдаланса, •гәрбиеленушінің жан дүниесіне ықпалының нотижслігімсн қүнды болады.

Жердің географиялық қабығы, табиғи, өндірістік жəне әлсумсдтік кешендер мен оның компоненттері — географиялық оқытудың негізгі нысаны, сондықтан географиялық сауаттылық қажет, географиялық сауаттылық әлсумсдтік қажсдтіліктсн туындап отыр. География — қоршаған табиғи ортаның ерекшелігі туралы жазылған ілім. Географияны оқу — табиғатты танып-білу. Табиғи ортаны, ондағы өзгерістерді танып-білу — дүниетану. Жастардың дүниетанымы, білім мен тəрбиеге байланысты қалыптасып, дамиды да қоғамдағы әлсумсдтік-мәдсни жағдайларға байланысты өзгсрсді.

«Дүниетаным» ұғымына берілетін философиялық, психологиялық жəне педагогикалық анықтамаларға сүйенсек, жастардың дүниетанымын қалыптастыруда «дүниетаным» ұғымы мəнмағынасын халықтың рухани мұраларымен, имандылық-адамгершілік мұраттарымен бастау алатын қоршаған орта, аспан әлемі мен табиғат құбылыстары жəне жер-су атаулары туралы көзқарастары мен таным-түсініктерінің жиынтығы деп түсінеміз. Дүниетаным негізі этномəдени мұраны терең білуден басталып, ұлттық менталитеттен көрініс береді.

Этнопедагогика материалдарын географиямен байланыстыра отырып, болашақ мамандар халқымыздың аспан әлемі, табиғат құбылыстары мен жер-су атаулары туралы білуі тиіс. Мəселен, аспан әлеміндегі жұлдыздарға қарап отырып бағыт-бағдарды анықтау, ауа райын болжау, шаруашылықты игеру. Қазақ халқы ежелден көкке сенген, көкті «тәңірі» деп ұққан. «Тәңірі риза болсын», «Тәңірі жарылқасын» дейді. Ай, жұлдызды көктің ажырамас бөлігі деп ұққан [2].

Табиғат құбылыстарына қазақтар ерекше мəн берген. «Тасбақа дауылы», «Бөрі сырғақ», «Құралайдың салқыны», «Теке бұрқақ», «Құс қанаты», «Қызыл жұмыртқа», «Итбалықтың кіндік кесері», «Боқырау», «Тобылғы бүршіктенер» деп аталған, бүгінде ұмытылып бара жатқан қазақша аталған табиғат құбылыстарын ауа райымен байланыстырудың тәрбиелік мәні үлкен.

Жер атаулары тек географиялық ортаның көрінісі емес, ең әуелі ол қоғамдық құбылыс. Географиялық атауларды адам өмірге келген кезден бастап естиді, географиялық атауда ғасырдан ғасырға келе жатқан халық шығармашылығы анық байқалады. Айналамызға көз салсақ, географиялық атаулардың барлығы сол жердің табиғатымен байланысты болады. Сондықтан Қазақстанның кең даласындағы топонимдерді табиғи орта туралы шежіре деп айтуға болады. Жер аттары жолаушыға жөн сілтер белгі ғана емес, ол — халықтың ең қымбат ескерткіштерінің бірі, яғни табиғат ескерткіштері. Топонимикалық білім болашақ маманды тəрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тəрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игеруді көздейді.

Ерте заманнан бері адамзат географиялық жер аттары, оның қойылу ерекшеліктерімен қызыға шұғылданып келген. Ертедегі грек, рим тарихшылары мен географтарының еңбектерінен географиялық атаулар туралы түсініктемелер табылған. Географиялық жер аттарының қойылу, шығу ерекшеліктерімен, оның формасы, мағынасы мен грамматикалық ерекшелігі туралы зерттейтін ғылымды «Топонимика» деп атаған. «Топонимика» грек сөзі, мағынасы «топос» — «орын, мекен», «онома» — «атауы». Ерте уақыттан бері географиялық жер атаулары адамзатқа қызмет етіп келеді, адамның экономикалық-әлеуметтік, мəдени қажеттілігін қанағаттандырып, географиялық пайымдауларын нақтылауға көмектеседі [3].

Топонимдер адрестік қызмет атқарады, жер бетіндегі барлық нысандардың мекенжайы бар. Географиялық атауларды адам өмірге келген кезден бастап естиді. Топонимика көптеген ғылымдармен байланысты, тарих, география, лингвистика. Себебі географиялық атауда ғасырдан ғасырға келе жатқан халық творчествосы анық байқалады. «Топонимика» сөзінің қазақша баламасын (калька ретінде) «жер аты» десе де болар еді, бірақ ол баспасөзде жер-су аттары делінеді. Топонимиканы «жер тілі», немесе «жер бетіндегі нүктелердің аты», деп те айтады. Бірақ «нүктелер» де өздерінің кеңістігі жағынан алуантүрлі. Олар микрожəне макротопонимдер болып бөлінеді. Сонымен, топонимиканың зерттеу аумағы жер бетіндегі нүктелермен ғана шектеліп қоймайды. Бір сөзбен айтқанда, топонимиканың зерттеуі жер бетіндегі объектілердің аттары ғана емес, жер шарынан оқшау дүниелерге қатысты. Сол үшінде «топонимика» ұғымының аясына ономастиканың мына төмендегідей пəндер тобы кіреді.

Топонимдік атаулардың ішінде тұрақты, аттары өзгеріске жиі түспеген табиғи нысандар — оронимдер. Оронимдік атаулардың пайда болу жолдары да әртүрлі. Халықтың басынан өткен сан қилы тарихи оқиғалар, таудың географиялық орны мен табиғи жағдайы, тауды мекен еткен жануарлар мен өсетін өсімдіктер дүниесі, таудан бастау алатын өзендер, сол маңда тіршілік еткен тайпа, ру аттары сияқты жағдайлар əсер еткен.

Орографиялық кейбір терминдер сол өңірдегі оронимдердің ерекшелігінен, тұлғалық түртұрпатынан белгілі бір дəрежеде мағлұмат береді. Мысалы: Үстүрт-Қарқаралы тауының батысындағы адыр, таудың биік, желді жағы. Шошақ-Теңіз ауданындағы төбе, атау төбенің биік бітіміне байланысты қойылған. Қиялы-Қарқаралы тауының батыс бөлігі. Бұл «қия» термині барлық түркі тілдерінде «таудың, не төбенің, еңіс жағы».

Адамзат өркениеттің бірінші қадамдарынан бастап, өзін қоршаған жерлерге атберуге тырысқаны. Бастапқыда номинация, немесе атау беру, үрдісі стихиялы түрде жүрді: тауларға, өзен-көлдерге, батпақтарға, елді мекендерге атау берудің жалпылай тәжірибесі де, тəртíбí да болған жоқ. Осындай үрдістің психологиялық аспектілері қандай болады? Географиялық атаулардың авторы болуға міндетті екенін қашан сезінді? Бүл жағдайда «міндетті» деп жай айтылмаған. Жалқы есімнің пайда болуының басты себебі — оның қажеттілігінде. Күнделікті еңбекте жəне қоршаған əлеммен қарым-қатынаста нысаналарды белгілеусіз адамға қиын болғандықтан, осы қажеттілік туындады.

Географиялық атаулар нақты тарихи жағдайда қалыптасқан, олардың шығу тегі белгілі бір аймақты мекендеген немесе мекендейтін халықтардың қоғамдық өмірімен, тілдерімен тығыз байланысты. Тарихи жағдайлар, тілдермен халықтар олардың таралу аймағы ауысқанымен географиялық атаулар өзгермейді. Сондықтан ешбір елдің географиялық номенклатурасы біркелкі болуы мүмкін емес. Ол түрлі жастағы жəне түрлі тілдес элементтерден қүралған көпқабатты қүрылым ретінде біртіндеп қалыптасады.

Халық қашанда тіршілік негізгі болып табылатын жерге үлкен қүрметпен қараған. Өздері өмір сүрген өлкеде өсетін өсімдіктер дүниесіне терең мəн беріп, оларды шебер пайдалана білген. Облыс жеріндегі өсімдіктер дүниесіне байланысты атаулар негізінен сол тау, төбелерде өсетін өсімдіктер дүниесіне байланысты болып келеді. Мысалы: биік тауларда қараған, қайың, терек, қарағай, арша, тағы басқа өсетіндіктен тау атаулары осы ағаш атауларына байланысты жасалған: Қарағанды — тау, Қызылқайың — тау, Tepeκτi — тау, Қарағайлы — тау, т.б.

Көптеген жер атаулары сияқты мал, аң шаруашылығымен түр-түске байланысты оронимдік атауларда көп кездеседі. Аң атауларына байланысты оронимдер негізінен аталған аңдардың сол өңірде мол кездесуіне байланысты қойылған, мысалы: Бұғылы, Аюлы, Арқарлы, ҚоянДы, Семiзбұғы, Берíлí т.б. Көшпелі мал шаруашылығымен шүғылдануға байланысты қоныс, жайлау, қыстау, күздеу, қүдық, қора, қотан, қос, ашық, күрке, тағы басқа атаулар, сондай-ақ үй жануарлары аттарынан қойылған жəне олармен байланысты əрекеттердí, оқиғаны білдіретін топонимдер пайда болды [4].

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп, табиғаттың сан алуан қүпия сырларына көңіл бөлді. Табиғи ортаға бейімделу арқылы жер бедерін, климат ерекшеліктерін, су көздерін анықтау, өсімдік жамылғысы, жайылымдардың сипаты жəне басқада көрсеткіштер топонимдерде кеңінен көрініс тапты.

Пайдалы қазбалардың жергілікті топонимдерде бейнеленуінде тарихи-археологиялық, геологиялық негіздеме бар. Табиғат жағдайының қолайсыздығынан туындайтын қауіп-қатерден малды аман алып қалуда ландшафт ерекшеліктерін географиялық атауларда белгілеу арқылы жүзеге асырды. Жылдың қай мезгілі болсын ландшафттық ерекшеліктеріне байланысты төрт түлік жағдайына дүрыс баға беріп, өсімдік жамылғысының экологиясына зиян келтірмеген.

Табиғат пен адамзаттың байланысы географиялық атауларда — топонимдерде кеңінен сақталған. Нақты географиялық атаулар жергілікті жердің физикалық-географиялық жəне геоэкологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын қүнды ақпарат болып табылады.

Географиялық жер атаулары географияның барлық курстарында кездеседі. Əр сабақта оқушыларға жер атауларының шығуы, қойылу тарихы туралы мəлíметтер беріліп отырғаны дүрыс. Болашақ үстаз, қазіргі студент жер атауларының қойылу тарихымен танысу үшін жоғары оқу орындарында арнайы «Топонимика» пəнí оқытылады.

«География» пəнí мүғалімдері қазақ халқының үрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесі мен тəрбиесíн, сялт-дәстүрін, экономикалық жəне экологиялық ерекшеліктерін халық педагогикасымен байланыстыра отырып меңгерсе, жас үрпақтың географиялық білім мен үлттық тəрбиенî сабақтастыра отырып үйренері сөзсіз.

Білім берудің үлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы əдɪс-тəсɪлдерɪн, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, білім беруге қабілетті жəне нақты тәжірибелік îс-əрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылықпен, ізденушілікпен жүмыс істейтін зерттеуші болашақ мүғалім даярлау қажет.

Қазіргі кезде болашақ мамандарды даярлау, оларға қоғам талабына сай білім мен тəрбие беру — болашақ мүғалімдердің инновациялық íс-əрекеттщ ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі басты мəселелердщ бірі.

Инновация (Inovatis — латын тілінен жаңалық, жаңару, езгерíс) үғымы қазіргі уақытта білім беруде кеңінен қолданылып жүр.

Болашақ маманның қалыптасуы, кəсîби шеберлігін дамытуы, мамандығын ерекше жақсы көруі, үрпақ тəрбиесîнде жетекші орнын сезінуі, кəсîби біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы,инновациялық íс-əрекетке ұмытылуы — жоғарғы оқу орнында басталады. Студенттердің əлемдíк өркениетті игеруі, өзекті мəселелердí шешуге дайындығы негізгі пəндермен бірге педагогикалық білімдеріне де байланысты. Әлемдік педагогика ғылымында қазақ этнопедагогикасының өз орны бар. Халқымыздың педагогикалық тəжíрибесí ғасырлар сонарында қалыптасқан ұшан-теңіз үлгі-өнегеге, ізгілікті дəстурге бай рухани қазына. Ұлы Аристотель «тəлíм-тəрбиенщ негізі — халық тәжірибесінде» деп көрсеткендей, ол — Аспанды, Табиғатты, Жерді, Адамды қорғап, адамдық қасиеттерді, ақыл, сана, жан сұлулығы мен тəн тазалығына жеткізуші тəлíм-тəрбие қүралы. Тəрбие мен білім беруде халық педагогикасы элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Олай болса, атабабаларының снлт-дәстүрін, здет-ғұрпын, əдеби, мəдени бай қазынасын жас ұрпақтың санасына сіңіру, тəрбиелеу — үлы жүмыс. Халқымыздың өмір сүру салты, бүкіл болмыс тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Адамның мінез-қүлқына, түркелбетіне, тұрмыс-тіршілігіне, эдет-ғұрып, салт-санасына өмір сүріп отырған табиғи орта əсер етеді. Адамзат табиғи ортаны «География» ілімі арқылы танып біледі. География — қоршаған табиғи ортаның ерекшелігі туралы жазылған ілім, сондықтан географиялық сауаттылық қажет, географиялық сауаттылық əлеуметтíк қажеттіліктен де туындайды [5].

Ата-бабаларымыздың түрмыс-тіршілігі, шаруашылығы табиғатпен байланыста өткендіктен, жыл мезгілдерінің ауысуына, күн райына, жер жағдайына, əр жердің табиғатына ерекше мəн беріп отырған. Сондықтан этнопедагогикалық жəне географиялық білім мен тәрбиенің дұрыс берілуі үшін, пəн мүғалімдерінің даярлығы жоғары болған дүрыс. Осыған байланысты жоғары оқу орнында оқитын болашақ географ мамандардың этнопедагогикалық даярлығын жетілдіру қажет. Негізгі жолдың бірі — негізгі пəндердí оқыту кезінде қалыптастырған дұрыс. Жас ұрпақтың табиғатқа деген мəдени қарым-қатынасын қалыптастыруда физикалық географияның үлесі зор. Осы мақсатта физикалық география дəрıстерıнде қазақ халқының нақыл сөздерін, мақал-мэтелдерін, жүмбақтарын, үлттық ойындарын тиімді пайдалануға болады. Мысалы, «Жер бедері» туралы өткенде, жердің негізігі формаларын атап өтіп, тау мен жазықтың бір-бірінен айырмашылығын нақыл сөздер мен мақалдарды пайдалану арқылы түсіндірудің жақсы нəтиже берері сөзсіз. Айталық, «Тау белгісі — тас болар»деген мақалдан таудың тастан түратынын, «Асыл тастан шығады» мақалынан таулы, тасты жерлерде пайдалы қазбаның болтынын біледі. Сондай-ақ таулардың өзгеріске үшырауына əсер ететін түрлі процестерге байланысты «Тау мен тасты су бүзар», «Тау кезеңсіз болмас, өлке өзенсіз болмас», «Тау арқанмен берілмес» деген мақалдарды пайдаланып, тақырыпты ашуға болады. Бүл мақалдарда географиялық заңдылық байқалады.

Қазақстанның кең байтақ жерінің бедері алуантүрлі. Ат түяғы жетпейтін, қүс қанаты талатын бүл даланың тау-тасын, жерін тілімдеп жатқан өзендерінің бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке ағып жатыр. Халқымыз шөбі шүйгін, жері нулы да сулы жерді қоныстанған, «обал, сауап» деп табиғатқа ерекше жанашырлықпен қараған. Біздің дана халқымыз «Жерің орманға айналсын, аспанның қүстар базарына айналсын, бүлақ көрсең, көзін аш, өзен-көліңді ластама, жерді шимайлама — киесі бар, көрінген жерге жол салма, жайлауың шалғынды болсын, үрпағың иманды болсын, ішкен суың таза болсын, аспаныңды түтін қаптамасын, жүпар ауаң бүзылмасын!» — деп те тілек айтатын, бата беретін. Қазақ жері — ата-бабаларымыздың туған жері, келер ұрпақтың мәңгілік мекені. Туған жердің жайлауы, өзен-көлдері, тау-тастары мен шөл-шөлейті, кең жазира даласының бəрí де — халқымыздың географиясы.

Ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық мəдениет халықтың дәстүрлі өмір салты, тілі мен діни сенімі, қоршаған ортаны тану мен аялаудың күллі жүйесін жасаған қазақ үшін ата қоныс, туған жерден киелі дүние жоқ. Оны ел қанымен, жанымен қорғап, Жер-ана деп аялап, қадір түтқан. Желмаясын желдіріп халқына жерүйық іздеген Асан-Қайғы бабамыз əр өңірдің қадір-қасиетін, табиғи ерекшелігін қапысыз айтып, қазақ даласының көп жерін аралағаны белгілі, Есіл бойын көргенде «Алты күнде ат семіртіп жіберетін жер» екен деп, нулы, сулы табиғатты сипаттайды, ал Торғай өңірін көргенде «Асар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер» екен депті, Қаратауды көргенде «Көкектен басқа қүсы жоқ, көкпектен басқа шөбі жоқ» деп табиғаты жүтаңдау жерді қолайлы көрмей жылжи берген екен. Сөйткен бабамыздың іздегені сүлу табиғат, сулы, нулы жер ғана емес, ел аласы, ру таласы жоқ, азаматы ру деп, жүз деп бөлінбейтін ынтымақшыл, қой үстіне бозторғай жүмыртқалаған жерүйық еді.

Аталарымыздан қалған даналық сөздердің этикалық, философиялық маңызы өте зор. Олардың өсиеттерінде адам баласының мінезіне психологиялық, этикалық сипаттама берілген. Өнер-білімді игеру, ел қамын, оның келешегін ойлау, халықтың даналық сөздерінің мазмүнын ашып, жастардыңдүниеге көзқарасын қалыптастыру, адамгершілік сезімін ояту ұрпақ тәрбиесінде басты мəселе екені сөзсіз.

Географиялық білім берудің нəтижесíнде адамның жеке басының ішкі дүниетанымын ояту, яғни географиялык нысандар мен кұбылыстар туралы біртұтас ұғымын, коғам мен табиғаттың географиялык аспектілерін, олардың біртұтастығы мен өзара тығыз байланысын окып білуге кешенді көзқарас қалыптастыру болып табылады. «География» пəнí мұғалімдері қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесі мен тәрбиесін, салт-дəстүрін, экономикалық жəне экологиялық ерекшеліктерін халык педагогикасымен байланыстыра отырып меңгерсе, жас ұрпактың географиялық білім мен ұлттық тәрбиені сабақтастыра отырып үйренері сөзсіз. Ұлы педагог Мағжан Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тəрбиесíмен тəрбие қылуға міндетті» дегендей, оқытушы ұлттық тәлімтəрбие беруден жалыкпайтын, шығармашылығы мол еңбекшіл парасатты азамат болуы керек. Бүгінгі студент — ертеңгі маман иесі, сондықтан қазіргі заман ұстазы өз пəнíнен білімді болып ғана қоймай тарихи танымы мол, саяси-эконоикалык жəне педагогикалык-психологиялык сауатты болу керек.

Жас ұрпакты туған жерін, елін кұрметтеп, сүюге, адалдыкка, адами ізгілікке, инабаттылык пен имандылыққа, салт-дəстурдı құрметеуге үйрету, тəрбиелеу — əрбíр оқытушының абройлы парызы. Ол үшін оқытушы қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, этномəдени дəстурлердí сактап, дамыта отырып, шығармашылык ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жаткан жаңа технология мен техниканы (инновация) меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы кажет.

Болашақ мұғалім — баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тəлíм-тəрбие өнегесінің бастаушысы, жаркын үлгісі, бала киялын самғатып, арманнын көкке ұмсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі əлеуметтíк-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше, қоғамдағы қолжеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік касиеттерге баулу, тəрбиелеу — мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, эдістемелік-шығармашылық шеберлік иесі, халықтың дәстүр, əдетғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін, əлеуметтíк қарым-қатынастар түрлерін кəсíби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе осы кəсíби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тəжíрибе жинақтауының ең басты алғышарты болып табылады. Мұғалімнің кəсíби білік дағдылары, өз кезегінде, оның жеке кəсíби-педагогикалык мəдениетíн көрсететін өлшем. Оған мұғалімнің жеке мəдени деңгейі, адамгершілігі, тəлíм-тəрбиесí, іздемпаздығы, зерттеушілігі жатады. Мұғалім кəсíби білімін үздіксіз жетілдірген жағдайда ғана окушының танымдык, шығармашылык кабілетін дамытып, ғылымға деген кызығуын калыптастыра алады [6].

Болашақ мұғалім нағыз кəсíби маман болуы үшін — оқу үрдісінің мәнін терең түсінуі, тəрбиелíк бағыттарын терең саралап, талдауы, əдíстемелíк жағының дидактикалық қиындықтарын жеңе білуі, кәсіптік дайындығының деңгейін көтеріп, оқу-бағдарламалық, əдíстемелíк құралдарды терең зерттеп, жетілдіруі, сол максатка тынбай талпынуы керек. Ең бастысы, болашак мұғалім өз жұмысына койылатын талаптарды терең түсініп, өзін психологиялык жағынан даярлауы міндет. Ұстамдылык, өз ойын терең жеткізе білуі, эмоциялық тұрақтылығы, əлеуметтíк қарым-қатынас жиынтығын меңгеруі керек. Сонымен катар алдына койған максатына жету үшін өзінің күш-кайратын, ерік-жігерін жұмылдырып шыңдауы тиіс.

Болашақ педагогтың мектептегі бірінші жылы оның кəсíби қалыптасуымен сипатталады. Бұл кезең — кəсíби білім алудан кəсíби еңбекке өту, студент дəрежесíнен мұғалім дəрежесíне көтерілу кезеңі.

Кəсíби педагогикалық ıс-əрекеттЫк педагогикалық үрдісті жоспарлап жүзеге асыра білуін, өзінің жəне оқушыларының íс-əрекеттерíн талдау жасай алуын танытады, кəсíби íс-əрекетке табысты бейімделу үшін төмендегідей көрсеткіштер кажет:

  • өзінің кəсíби íс-əрекетíнщ мақсаты мен міндетін анықтай алуы;
  • педагогикалық кəсíби карым-қатынастылық үрдісті жүзеге асыруы;
  • өз пəнíн кəсíби жете білуі;
  • оқыту мен тәрбиенің психологиялық-педагогикалық негіздерін білуі;
  • педагогикалык үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра білуі.

Отанды сүю, адалдық, адами тазалық, ізгілік, имандылық, инабаттылық, салт-дəстурдı құрметтеу — əрбíр жастың парызы. Ол үшін қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісіне рухани, этномəдени дəстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніпжатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттың, мемлекеттің гүлденуі негізгі үш шешуші фактордан тұрады. Олар мыналар:

  • жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі;
  • білімнің деңгейін көтеруі;
  • мамандардың кəсíби білімімен айқындалуы.

Болашақ мұғалімнің моральдік психологиясы, кәсіптік даярлығы, этникалық-педагогтік қарымқатынасы қай кезеңде болсын білім саласының алғышарты ретінде бағаланады.

Кəсíби даярлық, этикалық-педагогтік қарым-қатынастың маңызды шарты болып табылатын əлеуметтíк-психологиялыĸ даярлықты меңгеруі шарт. Коммуникативтік дағдыларды меңгерген болашақ мұғалім ғана заман талабына сай оĸу-тəрбие жұмыстарының міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыра алады.

Ұлы ойшыл əл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық трактаттарында» былай дейді: «Тəрбиелеу дегеніміз — халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту». Жоғарғы оқу орнының оқытушысы — студенттің жан дүниесіне əсер ететін негізгі тəрбиелеушí күш, сондықтан оның кəсíби шеберлігі, яғни тілді үйретуді тəрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы қажет. Олай болса, ата-бабаларымыздың салт-дəстүрлерін, əдет-гурпын, əдеби, мəдени бай қазынасын студенттердің санасына сіңіріп, тəрбиелеу — оқытушының міндеті. Демек, тəрбие тамыры тереңнен алынатын тарихи үрдіс болғандықтан, болашақ мамандарға этикалық, эстетикалық ізгіліктерді орнықтыру əр сабақтың басты міндетіне айналу керек. Болашақ географ-мамандар, оқушыға отансүйгіштік тəрбиемен қатар, туған елінің байлығы мен табиғатын мақтан ететін сезімдерін қалыптастырып, ұлттық тарихқа, əдет-гурып пен салт-дəстүрге негізделген білім де бере алады.

Кəсíби педагогикалық íс-əрекеттегí танымдық əрекеттер: өзінің кəсíби шеберлігіне талдам жасауында, əдíстемелíк жəне психологиялық, педагогикалық əдебиеттермен қарулануында жүзеге асады. Болашақ мұғалімдердің кəсíби педагогикалық íс-əрекетке табысты бейімделуінің үлгісі, мотивациялық, бейімділік, танымдық, кəсíби педагогикалық əрекеттí біріктіретін тұтас қызмет болып табылады деген пікірлерді көптеген ғалымдар ұсынып отыр.

Жастардың əлемдíк өркениетті игеріп, ең өзекті мəселелердí шешуге дайындығы өзге ғылымдармен бірге педагогика жетістіктеріне де байланысты. Әлемдік педагогика ғылымында қазақ этнопедагогикасының өз үлесі бар. Қазақ халқының педагогикалық тəжíрибесí ғасырлар сонарында қалыптасқан ұшан-теңіз үлгі-өнегеге, ізгілікті дəстурге бай рухани қазына. Ол — жас буынды аспанды, жерді, табиғатты, адамды қорғап, кісілік қасиеттерге лайықты ақыл-парасат пен сана-сезімге, жан сұлулығы мен тəн тазалығына жеткізетін пəрмендí тəлíм-тəрбие құралы.

Болашақ мұғалімдердің кəсíби íс-əрекетíнщ табысты болуы саналы, білімді, дарынды, белсенді, мəдениеттí болуы жəне қандай қиындық болсын төзіп, еңбек ете алуы мұғалімдердің еңбек етуін қажет етеді. Ендеше, оларды дайындауда жоғары мектеп оқытушыларының рөлі өте зор.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Табылды Ə. Қазақ этнопедагогикасы жəне оɪɪы оқыту əдíстерí / Ə. Табылды. — Алмады: Білім, 2004.
  2. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика / Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. — Алматы: Эверо, 2004. — 420 б.
  3. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі / Е. Қойшыбаев. — Алматы: Мектеп, 1985. — 256 б.
  4. Мурзаев Э.М. География в названиях/ Э.М. Мурзаев; отв. ред. Е.М. Поспелов. — М.: Наука, 1979. — 168 с.
  5. Вершловский С.Г. Профессиональная деятельность молодого учителя / под ред. С.Г. Вершловского, Л.Н. Лесохиной. — М.: Педагогика, 1982. — 145 с.
  6. Джуринский А.Н. Сравнительная педагогика / А.Н. Джуринский. — М.: Академия, 1998. — 176 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.