Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Күш мүмкіншіліктерінің даму деңгейін жоғарылататын атлетикалық гимнастика арқылы білім алушы жастардың дене тәрбиесі үдерісін жетілдіру

Кіріспе

 Соңғы жылдары балалардың, жасөспірімдердің, оқушы жастардың дене тәрбиесінің түйткіл мәселелеріне мамандардың қызығушылығы әжептәуір деңгейде арта түсті. Дене шынықтыру мен оның түрлері оңтайлы ұйымдастырылған қимыл-қозғалыс белсенділігі арқылы табиғи ресурстар мен рухани күштерді белсенді қолдана, толыққанды өмір сүру, өзін-өзі көрсете білу мен шығармашылық тұрғыда барынша іске асыруға септіктерін тигізеді. Сондықтан да, Елбасының пәрменімен Үкімет пен білім беру органдары өскелең ұрпақтың денсаулығы мен дене тәрбиесін жетілдіруді білім беру саласындағы басты бағыттарының бірі ретінде ұстану жолдарын көрсетуде [1].

Атлетикалық гимнастиканың дене қасиеттерінің дамуына үлесін қосатыны бұрыннан белгілі. Дене мәдениетінің ілімі мен әдістемесінде бірқатар негізгі дене қасиеттері атап өтіледі: күш, төзімділік, жылдамдық, ептілік пен икемділік дене қасиеттері қатарында күшке бірінші кезек берілуі бекер емес. Әртүрлі көріністерде көп көріне беретін адамның нақ осы күш даярлығы, адамның өзінің дене даярлығын, мұнымен қатар, денсаулығын да ең басты кейіпте көрсетеді. Бірақ, адам үшін күш қасиетін ғана дамытып, ал басқа дене қасиеттері назардан тыс қалуы тиіс деген ұғым болмау керек. Әдетте, дене қасиеттері кешенді түрде, әйтеуір бір түрінің басымдылығымен дамиды. Көбінесе, күш қасиеті жақсы дамиды [2].

Атлетикалық гимнастикамен айналысу адамды тек дене ғана емес, сонымен бірге, психологиялық тұрғыда да қалыптастырады. Атлетикалық гимнастикамен айналысушы спортшыларда мақсатқа жетуге деген талабы күшті, бірқалыпты, тәртіпті болатыны, оларда рухани қасиеттерінің жоғары деңгейде екенін өмірде көруге болады. Бұл адамды рухани тұрғыда да, дене тұрғысында да жетілдіреді [3].

Жұмыстың маңызды ғылыми бағдарламалармен және са­ рамандық міндеттермен байланысы. Арқа бұлшық еттерінің әлжуаздығынан оқушылардың 35%-да дене бітімінің бұзылатыны жөнінде медициналық статистика дәлел ете алады. Сол сияқты, денсаулығы мен дене даярлығының нашарлығынан әскерге шақырылушылардың да пайыздық көрсеткіштері өсіп келе жатыр. Бұлшық ет әлжуаздығынан көптеген оқушылар тұрмыста жарақат алуда.

Дене жаттығулары арқылы жақсы дамыған бұлшық еттер дұрыс дене пішімін сақтаса, әлжуаз бұлшық еттер омыртқаның қисаюына әкеледі. Арқаның екі жағының да бұлшық еттер күшінің сәйкессіздігі омыртқаның кеуде   бөлігінің жанама қисаюына әкеледі (сколиоз) [4].

Арқа бұлшық еттері әлжуаз, осыған байланысты дене бітімі бұзылған адам көп жүре, тұра, тіпті, отыра да алмайды, тез шаршайды – себебі, жалпы және арнайы төзімділігі, атап айтқанда, күш төзімділігі аз немесе жоқ [5]. Ол үшін барлық бұлшық еттер әжептәуір деңгейде дамыған болуы қажет. Бұл дұрыс дене бітімін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Отырықшы өмір  сүріп  дағдыланып  қалған көптеген адамдар үшін іш бұлшық еттерін, жауырын арасында орналасқан бұлшық еттерін (трапециятектес және ромбтектес), арқа бұлшық еттерін (арқаның тік бұлшық еттері) нығайту керек. Күшті дамыту бірін-бірі өзара байланыстырған сүйектердің, сіңірлердің, сүйекке байланысқан бұлшық еттердің нығаюына әкеледі. Сүйек тығыздығы артады (ондағы кальций құрамы көбейеді), өз кезегінде, бұл сүйектің сынуын, сынық жарақатын алуын төмендетеді. Сондықтан, білім алушылардың күш қабілеттіліктерін дамыту әдістемесі бойынша қозғалып отырған бұл тақырып қазіргі кезеңде өзінің өзектілігін әлі де жоғалтқан жоқ және ол оның одан әрі дамуын талап етеді [6, 7 б.].

Көптеген ғалымдардың денсаулығында кемістігі бар тұлғалардың ғана емес, барлық адамдардың да дене мәдениетін жетілдіру жолдарын іздеуі әрқашан да қызығушылық тудырады. Қазіргі кезде, қоғам дамуының заманауи шарттарында білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың дәстүрлі түрдегі дене тәрбиесі жүйесінің мазмұндық сызбасы мен ұйымдастыруынан, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту міндеттерін тиімді түрде шешетін осы үдерістің инновациялық педагогикалық технологияларына ауыстыру қажеттілігі пайда болды.

 Мақаланың мақсат-міндеттері, материалдары және әдістері

 Мақсаты: атлетикалық гимнастика бойынша білім алушылардың оқу-жаттықтыру үдерісін жетілдіру. Тренажерлік қондырғыларда жаттықтыру барысындағы жүктеменің оңтайлы үнемді арақатынасы,  білім  алушылардың  күш қасиеттерінің деңгейін жоғарылатуына және спорттық нәтижелерін жақсартуына әкеледі.

Міндеттер:

  1. Түйткіл мәселенің хал-ахуалын ғылыми және әдістемелік әдебиеттерден оқып-білу.
  2. Білім алушылардың ЖДД (жалпы дене дайындығы) үйірмелерінде айналысу кезінде күш қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған тәжірибелік әдістемені жасақтау.
  3. Жасақталған әдістеменің әсерлі тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Жұмыс барысында зерттеудің келесі әдістері пайдаланылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің талдауы, педагогикалық бақылау, бақылаулық тексерістер (тестілеу); педагогикалық тәжірибе; берілген мағлұматтардың математикалық-статистикалық өңделуі.

Тәжірибені өткізу үшін 15-17 жасар 20 спортшы алынды. Бозбалалар бақылаулық және тәжірибелік деп аталатын 10 адамнан екі топқа бөлінді. Бақылаулық топтың спортшылары дәстүрлі бағдарлама бойынша жаттықты. Тәжірибелік топтың бағдарламасына күш қабілеттіліктерін дамытуға арналған тренажерлік қондырғыларды пайдалана қосымша жаттығулар енгізілді. Бақылаулық және тәжірибелік топтар аптасына 3 реттен жаттықты.

Дене мәдениеті саласындағы білім беру-тәрбие үдерісі айналысушыларда жетекші құрамдас бөлігі болып табылатын өзін-өзі дамыту, өзінөзі жетілдіру, білімін жетілдіру және өзін-өзі ұйымдастыру дағды-машықтары мен қажеттіліктерін қалыптастыратын жүйесі ретінде қарастырылады: оқу-жаттықтыру үдерісінің, медициналық-педагогикалық, тексеру, дене тәрбиесі мен өзін-өзі диагностілеу тиімділігін талдау; диагностілеу, айналысушылардың денсаулығын түзеу және дене мәдениетінің түрлерін, амалдарын, әдістерін оңтайландыру; жаңа ғылыми мәліметтер негізінде жаңа ақпараттарды қабылдауға, сауықтырудың педагогикалық технологияларын жасақтап, енгізуге бейім мамандарды даярлау. Жалпылай алғанда, білім беру мекемелеріндегі дене тәрбиесі өзінің мақсаты ретінде, келесі міндеттерді шешеді:

  1. Білім алушылардың жан-жақты дене дайындығы;
  2. Білім алушыларда жоғары деңгейдегі рухани, күш-ерік және дене қасиеттерін жұмыс өнімділігіне даярлығын тәрбиелеу;
  3. Білім алушылардың денсаулығын сақату және нығайту, ағзаның дұрыс қалыптасуына және жан-жақты дамуына ықпал ету, бүкіл оқу кезеңі бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс қабілеттілігін қолдай ұстап тұру;
  1. Білім алушыларда дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысып тұру қажеттілігі сеніміне тәрбиелеу;
  2. Білім алушылардың дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтырудың теориялық, әдістемелік негіздері және ұйымдастыруы бойынша қажетті білімдерді алуы;
  3. Болашақтағы еңбек іс-қызметтерінің ерекшеліктерін есепке ала білім алушылардың кәсіби-қолданбалы дене даярлығы;

Дене тәрбиесінің жүйесі әсерлі, тиімді болуы үшін ол бала-бақшадан бастап, жоғарғы оқу орнына дейін білім берудің барлық сатыларындағы білім алушылардың әртүрлі жастық топтарында тоқтаусыз болуы қажет. Білім беру жүйесіндегі білім алушылардың дене тәрбиесінің үздіксіздігі және сабақтастығы келесідегідей қамтамасыз етіледі:

  • дене шынықтыру, спорт және білім беру саласындағы бірыңғай заңнамалық нормативтікқұқықтық базасымен;
  • дене шынықтырудан білім берудің әртүрлі деңгейлік үлгідегі оқу бағдарламаларының дәйекті жиынтығымен;
  • оқу және оқудан тыс уақыт тәртібіндегі дене шынықтыру амалдарын жүйелі түрде қолданумен;
  • оқу аптасы кезінде дене жаттығуларының алуан түрлері, спортпен және туризммен айналысудың үйлесімді қосындысымен;
  • білім алушы жастардың тәрбиесі және гигиеналық оқыту жүйесімен, салауатты өмір сүру салты дағды-машықтарын қалыптастырумен;
  • білім беру мекемелеріндегі білім алушы жастардың дене даярлығының динамикасын бақылау жөніндегі талаптардың міндеттілігімен.
  • білім беру мекемелерінде мектепке дейінгі балалар және білім алушы жастардың дене мен психикалық денсаулықтарын дене шынықтыру, спорт амалдарымен сақтауға, нығайтуға көмектесетін жағдайларды жасау;

Білім алушы жастардың дене жаттығуларымен, спортпен және туризммен айналысу кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене мәдениеті құндылықтарын игеруге арналған дене тәрбиесінің оқу және оқудан тыс үдерісіндегі тығыз өзара байланысын қамтамасыз ету;

  • білім алушының жеке тұлға ретінде, оның жеке қабілеттіліктері мен ішкі себептерін есепке ала дене мәдениетін қалыптастыру;
  • білім беру мекемелерінде дене тәрбиесін ұйымдастыру үшін дәрігерлік-педагогикалық бақылауды жетілдіру;
  • білім алушы жастардың болашақ кәсіби ісқызметіндегі дене дамуы мен даярлығының деңгейін бағалауды объективті ету;
  • білім алушы жастардың бейәлеуметтік тәртібін дене шынықтыру және спорт амалдары арқылы алдын-алу шараларын жүзеге асыру;
  • жалпы білім беру және бастапқы кәсіби білім беру мекемелерін оқу-спорттық құрал-жабдықтармен, мүліктермен қамтамасыз ету.

 Зерттеу нәтижелері

 Жасақталған тәжірибелік әдістеменің  әсерлі тиімділігін тексеру мақсатында атлетикалық гимнастикамен айналысатын білім алушылардың күш қасиеттері көрсеткіштерінің динамикасын бағалауға мүмкіндік беретін бақылау тестілері іріктеліп алынды.

Біріншіден, бақылау үшін тестілердің әжептәуір деңгейде ақпараттық және сенімді болуы, екіншіден, нәтижелерді өлшеу және оларды бағалау рәсімдері қарапайым болуы, үшіншіден, күш қасиеттері арнайылығының көрінуін көрсете және төртіншіден, спорттық біліктіліктерін есепке ала, спортшылардың нақты санының ерекшеліктерімен санасуы қажет.

Осылайша, тәжірибеде келесі бақылау тестілері қолданылды: бір орыннан ұзындыққа секіру, белдемеде тартылу, қол және арқа динамометриялары, 30 секунд ішінде денені көтеру-түсіру, жата зілтемірді көтеру-түсіру.

Атлетикалық гимнастикамен айналысатын білім алушыларды тестілеу тәжірибелік және бақылаулық топтардың нақты көрсеткіштерінің көлемі мен оларды теңестіру мақсатында өткізілді.

Зерттеудің аталмыш этапындағы көрсеткіштердің қысқа талдаулары бойынша олардың деңгейлері тәжірибелік және бақылаулық топтардағы атлетикалық гимнастикамен айналысушы білім алушылар үшін біртекті екенін көрсетеді: тестілеу кезіндегі көптеген сәйкестіктер «белдемеде тартылу», «денені көтеру-түсіру», «жата зілтемірді көтеру-түсіру» тестілеу түрлерінде байқалады.

Тәжірибе барысында екі топтағы білім алушыларда жаттықтыру жүктемесінің ықпалы арқасында, өлшенген көрсеткіштердің барлық 6-да оң шешімді әжептәуір өзгерістер болды.

Тәжірибелік топтағы оқып-үйреніп жатқан мәліметтердің динамикасын мұқият талдай келе,бұл топта едәуір өзгерістер бар екенін атап көрсетуге болады. Осындай маңызды оң шешімді өзгерістер оқу-жаттықтыру үдерісінің жасақталған бағдарламасы негізінде, тәжірибелік топтағы бозбалалардың мақсатты түрде бағытталған жаттықтырудың арқасында болып жатыр.

Берілген мағлұматтардың талдауы келесіні көрсетеді: дәстүрлі, қарапайым әдістеме бойынша жаттыққан бозбалалардың тобында, олардың көрсеткіштерінің жақсы жаққа қарай өзгергенін көрсетеді, алайда, олар тәжірибелік топтағыдай, соншалықты маңызды емес.

Тәжірибелік және бақылаулық топтарда болған өзгерістерді анықтау үшін, тәжірибенің қорытынды кезеңінде екі топтағы бозбалалардың тест көрсеткіштерін салыстыру өткізілді.

1-кесте – Тәжірибені өткізу нәтижесіндегі дене даярлығы көрсеткіштерінің өзгеруі

Қорытынды

 Тәжірибе бойынша алынған материалдың талдауы негізінде келесі қорытындылар шығаруға болады:

  1. Аталмыш мәселе бойынша берілген әдебиеттерді оқып-үйрену барысында күш қабілеттіліктерін дамыту үшін ең ыңғайлы жастық шақ – бозбала шағы екені анықталған. Бұл жыныстық пісіп-жетілу кезеңінде эндокринді және жүйке жүйелеріндегі гормондар секрециясының белсенді күшеюімен шартталады. Атлетикалық гимнастикамен айналысудың осы кезеңінде күш қабілеттіліктерін мүмкіндігінше жоғары деңгейде дамытуға болады.
  2. Осы жасақталған тәжірибелік әдістеме, педагогикалық тәжірибе барысында нақты нормалау арқылы, тексерілушілер қолданатын күш жаттығуларының әсерлі тиімді параметрлерін өзіне қосулары қажет екендігі анықталды: демалыс, қайталау саны, серия саны, демалыс сипаты.
  3. Алынған нәтижелердің талдауы тәжірибелік топтағы  тексерілушілердің  күш  қабілеттіліктерін дамыту деңгейінің көрсеткіштері, бақылаулық топтағы тексерілушілерге қарағанда әлдеқайда жақсарғанын көрсетті.

Әдетте, күш жетілдіруінің көрінуі екі негізгі факторға тәуелді – туа біткен (генетикалық) және өмір сүру барысында алынған. Аталмыш жағдай дене, күш дайындықтарымен айналысқысы келетін тұлғалар үшін өзінің ағзасының құрылымын, әсіресе, оның  негізгі  жүйелері мен қызметтерін білу қажеттілігін  растайды.  Ол үшін, ең болмаса ағзаның жастық ерекшеліктерін, оның дене жүктемелеріне деген типтік реакциясын, сүйек пен бұлшық ет құрылысы туралы жалпы ұғымдардың болуы қажет. Бақыланбаған және түзетілмеген кез келген прогрестің тиімділігі аз болады. Сондықтан да, күш даярлығы деңгейінің өзгеруін бақылау ерекшеліктерін білу, осы үдерістің басты құрауышы (компоненті) болып табылады. Қорытындылай келе, күш қабілеттіліктерін дамытатын дене жаттығуларының мазмұны мен орындау техникасын оларды қолдану технологиясын жақсы білу керек [8].

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Сейсенбеков Е.К. Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі: оқулық. – Астана: ЕҰУ баспасы, 2011. – 431 б.
  2. Курысь В.Н. Основы силовой подготовки юношей / В.Н. Курысь. – М.: Советский спорт, – 264 с.
  3. Воротынцев А.И. Гири. Спорт сильных и здоровых / А.И. Воротынцев. – М.: Советский спорт, – 272 с.
  4. Залесский М.З. Как стать сильным / М.З. Залесский. – М.: РОСМЭН, 2000. – 126 с.
  5. Дворкин Л.С. Силовые единоборства. Атлетизм, культуризм, пауэрлифтинг, гиревой спорт. Серия «Хит сезона» / Л.С. Дворкин. – Ростов н / Д: Феникс, 2001. – 384 с.
  6. Ивлиев Б.К. Бодибилдинг / Б.К. Ивлиев // Физическая культура в школе. – 1999. – №8. – С. 45-47.
  7. Перл Билл. Стать сильнее / Билл Перл; пер. с англ. В.М. Баженов. – М.: Поппури, 2004. – 432 с.
  8. Лях В.И. Двигательные способности школьников / В.И. Лях. – М: Терра-Спорт, 2000. –128 с.
  9. Школьная статистика // http://db.informika.ru/portal/school_statistic/contents.htm – Дата доступа 03.2015
  10. Мархваидзе Р.И., Ключник П.И. Проблема физического развития и состояния здоровья учащейся молодежи в неблагоприятных экологических условиях // Физическая культура. – – №2. http://lib.sportedu.ru/press/fkvot/2000N3/p53-56. htm

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.