Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Төтенше жағдайлар және олардың халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсері

Болашақ ұрпақтар қалай өмір сүреді? Оларды қандай қиындықтар күтіп тұр? Өмір сүріп отырған ортамызды жақсарту үшін не істеуіміз керек? Бұл сұрақтар өмір сүруге селқос қарамайтын әрбір адам үшін өте маңызды. Қоғамның дамуы күрделенген сайын оның табиғи ортаға тигізетін әсерлері де өзгерістерге ұшырауда. Қоғам мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынаста үйлесімділіктің жойылуы табиғи ландшафтардың тұрақтылығының сақталуына кері әсерін тигізуде. Ландшафттардың тұрақтылығы – бұл қоршаған ортаның өзгеруі жағдайында оның өз  құрылымы мен қалыптасу сипатын сақтау қабілеті. Табиғи ландшафттардың тұрақтылығы табиғи және антропогендік апаттардың әсерімен бұзылуы мүмкін. Топырақтың, судың, ауаның құрамының өзгеруі, климаттық, кеңістіктік т.б. өзгерістер адамдардың өмір сүру ортасына қауіп  төндіретін төтенше жағдайлардың қалыптасуына әкеліп соғуда. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар тек қана табиғи апаттардың әсерімен ғана емес, сонымен қатар адамның өндірістік іс-әрекеттерінің әсерімен болатын, техногендік сипатқа ие болып, қоршаған ортаның ластануы арқылы немесе онсыз да орын алуы мүмкін. Техногендік сферада өте үлкен қауіптілікке ие болатын транспорттық апаттар, жарылыстар және өрттер, радиациялық апаттар, химиялық қауіпті заттардың бөлінуінен болатын апаттар т.б.Төтенше жағдайлар әлеуметтік жағдайлардың шиеленісуінің әсерімен де болуы мүмкін. Әрбір төтенше жағдай тек сол жағдайға ғана тән себептер, ерекшеліктер және даму сипаты арқылы ерекшеленеді.

Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта халықтың өмір сүруіне қауіп төндіретін табиғи құбылыстар, катастрофалар, стихиялық немесе басқаша түрде болатын апаттар арқылы, халықты материалдық шығындарға ұшыратып, олардың денсаулықтарына залал келтіретін, адам құрбандығына алып келетін жағдайлардың орын алуы. Орын алған төтенше жағдайлардың көлемі, сипаты, тудырып отырған залалдары катастрофа алдындағы жағдайлар арқылы анықталады. Сонымен қатар катастрофадан кейінгі кезең катастрофаның әлеуметтік-мәдени, экономикалық, өндірістік, психологиялық, демографиялық процестерге тигізетін деструктивті әсерлерін шын мәнінде анықтауға мүмкіндік береді.

Табиғи катастрофа – қоршаған табиғи ландшафтарды қайталанбас өзгерістерге алып келетін, өте үлкен масштабтағы қиын салдарларымен ерекшеленетін стихиялық күйзеліс.

Техногендік төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы объектіде, техногендік төтенше ситуация көздерінің пайда болуының нәтижесінде адамдардың өмір сүруіне қолайлы қалыпты жағдайлардың бұзылуы, олардың денсаулықтарына, мал мүліктеріне зиян келтіріліп, халық шарауашылығына, қоршаған табиғи ортаға нұқсан келтірілетін жағдай.

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы заңы 1996 жылдың 5 шілдесінде қабылданды. Бұл заңға 2014 жылдың 13 қаңтарында толықтырулар енгізілді. Осы заңға сәйкес техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар өнеркәсіптік, транспорттық және басқа да апаттар, өрттер (жарылыс), улы, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттардың ауаға жайылуы негізінде болған апаттар, үйлер мен құрылыстардың аяқ астынан бұзылуы, бөгеттердің ашылуы, электроэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегі, тазарту құрылымдарындағы апаттардан болатын төтенше жағдайлар ретінде қарастырылады [1].

Ең маңызды және кеңінен тараған төтенше техногендік оқиғаны сипаттайтын ұғым апат (авария).

Апат (авария) – белгілі бір аумақтағы халықтың өміріне және денсаулығына қауіп төндіріп, транспорт, құрылыс, құрал-жабдықтардың, материалдық құндылықтардың қирап бұзылуына алып келетін, қоршаған ортаға орасан зор залал алып келетін қауіпті техногендік оқиға.

Соңғы уақыттарда «техногендік сипаттағы катастрофа» ұғымының кеңінен қолданылуын атап өтуге болады. Бұл ұғым қоршаған ортаға, адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіретін ірі аварияларды сипаттайды.

 Қазіргі жаңа XXi ғасыр катастрофалар мен дағдарыстарға,террористік әрекеттерге толы деп айтсақ қателеспейміз.

Төтенше,   экстеремалдық   ситуацияларды бастан кешірген адамның бірінші кезектегі психологиялық көңіл-күйін есеңгіреп қалу, есінен айрылу, қатты қорқып қалу деп сипаттауға болады. Одан кейін психоэмоционалдық күйінің одан әрі төмендеуі, депрессивтілік, мінез-құлығының моральдық талаптардан ауытқуы т.б. байқалады. Осы кезеңде мінез-құлықтағы көптеген өзгерістер, психологиялық ауытқушылықтар төтенше жағдайлардың аяқ астынан болуына, ұзақтығына, интенсивтігіне ғана емес, сонымен қатар қиындыққа ұшыраған адамның тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты болады. Келесі кезең мәселенің шешілу кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде адамның көңіл-күйі бірқатар қалпына келгенімен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсуі әлі де болса шектеулі, эмоционалдық сезінуі әлі де болса төмен. Соңғы кезең қалпына келу кезеңі. Бұл кезеңде тұлғааралық қарым-қатынастарға түсу белсенді бола бастайды. Экстремалдық қиын ситуацияларды бастан кешірген адамдарда психикалық дағдарыстар ұдайы көрініп тұратын қалыпты жағдайға айналады. Олардың жұмыс істеу қабілеті төмендеп, түрлі психикалық күйзелістер арқылы көрініп отыратын ауруларға ұшырауы мүмкін. Психологиялық көмектің негізгі мақсаты тұлғаның адаптивтік және қалпына келтіру ресурстарын өзектендіру. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдары жарылыстар мен өрттер, жер сілкінісі мен пойыздардың апаты, су тасқыны, эпидемия т.б. ақпараттарды үзіліссіз беріп отырады. Мұндай катаклизмдер үлкен материалдық шығындар мен адамдардың құрбандығынсыз жүрмейді. Бүкіл әлемде осындай тенденцияның өсуі тіркелуде, ал біздің еліміз де мұндай жағдайлардан тыс емес. Тәуелсіз  Қазақстанның  тарихындағы  ең күрделі де әрі қиын жыл ретінде 2010 жылды атап көрсетуге болады. Өйткені осы жылы 45 адамның өмірін қиған Қызылағаштағы трагедия табиғатқа жауапкершілікпен қарамаудың неге алып келетіндігін көрсетті. Осы жылда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы көктемгі су тасқыны кезінде 559 тұрғын үй бұзылып, оның 443 толығымен қирап қалған. Төтенше жағдайлар Министрлігінің берген ақпараттары бойынша 2010 жылы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны 2009 жылмен салыстырғанда 18,5%-ға, ал 2011 жылмен салыстырғанда 29%-ға көп орын алды.

2013 жылдың 16 қаңтарында болған қатты дауыл мен су тасқынынан Шымкент облысының Созақ ауданы жапа шекті. Жұмсалған шығындар көлемі 800 млн теңгеден асады. Дәл осы жылдың 24 қаңтарында Жамбыл облысында соққан сұрапыл дауыл елді 2,5 млрд шығынға ұшыратты. Метеорологтардың айтуы бойынша дауыл тауда қалыптасқан. 2013 жылдың 28 қаңтарында 6,3 балл жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысында орын алды. Құрбан болғандар туралы ақпараттар болған жоқ.

2014 жылдың 31 наурызында Қарағанды облысы Көкпекті су қоймасындағы бөгет бүлініп, сол маңдағы Көкпекті ауылының 149 үйді су басып, 5 адамның өмірін жалмаған. Жалпы келген шығын 1 млрд тенгені құраған.

Қоғамдағы түбегейлі трансформациялық өзгерістер жағдайында, табиғи ортаның техногендік төтенше жағдайлардың әсеріне ұшырауы, табиғи апаттардың жиілеуі халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне тұрақты түрде мониторингтік зерттеулер жүргізу қажеттігін қалыптастырды. Бұл зерттеулер белгілі бір ғылыми негізделген әдістемеге негізделіп, халықтың әлеуметтік көңілкүйін дәл өлшеуге мүмкіндік беруі қажет.

Осы орайда әлеуметтік көңіл-күйді өлшеудің тестілік методикасын пайдалануға болады. Бұл методика келесі талаптарға сай болуы тиіс [2]

  1. Универсалдық – әлеуметтік көңіл-күйдің жалпы мәндік жақтарын өлшеуге негізделе отырып, түрлі әлеуметтанулық зерттеулерде халықтың түрлі топтарының әлеуметтік көңіл-күйін талдауға мүмкіндік береді.
  2. Интегралдық – әлеуметтік көңіл-күйдің түрлі өлшемдерін бір интегралдық көрсеткішке жүктеу негізінде халықтың түрлі категорияларын әлеуметтік көңіл-күй деңгейлері бойынша салыстыру.
  3. Сапалық – сенімділік пен валидтіктің статистикалық көрсеткіштермен ресмиленуі.
  4. Стандарттық – нақты зерттеулерден алынған деректерді белгілі бір талаптарға сәйкестендіру үшін әлеуметтік көңіл-күйдің қалыпты деңгейін бекіту.
  5. Cезімталдық – халықтың көңіл-күйіндегі түрлі деңгейдегі өзгерістерді тіркеуге мүмкіндік беретіндей жоғары дәлдікпен өлшеу.
  6. Ықшамдылық – методиканың көлемі көпшілік сұрауларда кеңінен қолдануға мүмкін болатындай қолайлы болуы тиіс.
  7. Объективтік – тест нәтижелеріне субъектінің фальсификация жасауына мүмкіндік бермейтін өлшеу мақсаттарының латенттігі.

Осы жоғарыда аталған әдіснамалық принциптер негізінде көпшілік сұрауларда әлеуметтік көңіл-күйді өлшеу методикасын жасауға қажетті тәсіл таңдалынды. Бұл тәсіл әлеуметтанулық сұрауларда жеке аймақтар мен әлеуметтік топтар, бүкіл ел халқы үшін репрезентативті болып табылатын әлеуметтік көңіл-күйдің интегративті көрсеткіштерін өлшеуді жүзеге асырады.

Жоғарыда аталынған әдіснамалық принциптердің әрқайсысына мәндік тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, универсалдық принцип түрлі әлеуметтанулық зерттеулерде халықтың әлеуметтік көңіл-күйін экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, экологиялық және саяси тұрғыдан бағалай отырып өлшеуге мүмкіндік береді. Интегралдық көрсеткішке мысал ретінде әлеуметтік жағдайына қанағаттану, болашаққа сенімділік, психологиялық тұрғыдан өзін сезінуі тағы басқа да көңіл-күйдің өлшемдерін әлеуметтік оптимизм көрсеткішіне балау арқылы халықтың түрлі категорияларын әлеуметтік көңіл-күй деңгейлері бойынша салыстыруды көрсетуге болады. Сапалық өлшем статистикалық ақпараттармен нақтылауы тиіс. Стандарттық өлшем қоғамда әлеуметтік қауіпсіз өмір сүру талаптарының қамтамасыз етілуіне сай қалыптастырылуы тиіс. Әлеуметтанулық зерттеулердегі сұрақтар халықтың көңіл-күйіндегі түрлі деңгейдегі өзгерістерді дәл өлшеуге мүмкіндік беретіндей шкалалардың сезімталдығына негізделуі тиіс. Ықшамдылық өлшем көңіл-күйдің қажетті жақтарын өлшеуге негізделіп, социологиялық зерттеу құралдарының шамадан тыс жүктелуіне мүмкіндік бермейді. Объективтік өлшем субъектілердің сұрау, тест нәтижелерін өз мақсаттарына сай бұрмалауына жол бермейді. Сондықтан да, әлеуметтік көңіл-күйді өлшеудің басты мақсаты латентті түрде қалыптастырылады.

Төтенше жағдайлардың қалыптасуына әлеуметтік жүйенің тигізетін әсері өте зор. Техногендік және табиғи апаттар халықтың әлеуметтік жағдайын қиындатып, оларды саяси іс-әрекеттерге итермелейді. Әлеуметтік көңіл-күйдің қоғамда бекітілген стандарттарға сай болмауы мемлекеттің саяси қауіпсіздігіне де нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан да мемлекет төтенше жағдайларда халықтың көңіл-күйін әлеуметтік шиеленістер деңгейіне жеткізбей әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге әрдайым дайын болуы тиіс.

Қазақстан қоғамының дамуының басты бағыттары ретінде адамдардың өмір сүруі үшін қауіпсіз, қолайлы қоғамдық және табиғи ортаның қалыптасуын атап өтуге болады. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа қадам» жолдауында әлемде болып жатқан дағдарыстар мен толқулар туралы айта отырып, жаһандық өзгерістердің Қазақстанға да әсерінің  болатындығын ескере келе, халықты бірлікке, ынтымақтастыққа шақырады. Оның көзқарасы бойынша жақын арадағы жылдар жаһандық сынақтар уақыты болады. Бұл сынақтан тек қана күшті мемлекет пен халықтар өте алады [3].

Елбасы Ұлттық Қордың құрылғандығының басты міндеті – тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау екендігін атап өтті. Халықтың көңіл-күйін әлеуметтік шиеленістер деңгейіне жеткізбей осы қорды жарататын кездің келгені сөзсіз. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорды барынша тиімді пайдалануы тиіс. Табиғи және техногендік сипаттағы катастрофаларды шешуге мемлекеттік органдармен қатар азаматтық қоғам институттары, ғылыми қауымдастық, халықаралық ұйымдар, қаржылық  институттар,  жеке  сектор,  сонымен қатар еріктілер белсенді араласуы тиіс.

2014 жылдың қыркүйек айында «Аймақтардағы төтенше жағдайлардан келетін қауіптің халықтың әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне әсері» тақырыбында сауалнама жоғарыда аталғандай табиғи апатты басынан өткерген Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы тұрғындарына жүргізілді. Зерттеу мақсаты болып төтенше жағдайды басынан өткерген халықтың әлеуметтік көңіл-күйі білу мен төтенше жағдайлардан келетін қауіпті сезінуін бағалау табылды. Жүргізілген сауалнамаға 320 респондент қатысты. Зерттеу 18-72 жас аралығындағы түрлі жас ерекшелік топтар арасында жүргізілді.

  1-кесте – Қоғамдағы төтенше жағдайлар сізді толғандырады ма?       

 Берілген жауаптар төтенше жағдайлардың халықты өте қатты толғандыратындығын көрсетті.

Иә, өте қатты толғандырады – 82,2%, иә, белгілі бір деңгейде толғандырады –17,5%. Берілген жауаптар аяқ астынан болатын экстремалдық ситуациялардың адамдар санасында үнемі орын алатындығын көрсетіп отыр.

 2-кесте – Сіз қалай ойлайсыз, өмір сүрудің қауіпсіз болуы және төтенше жағдайлардағы қиындықтарды (тәуекел жағдайларды) төмендету қандай негізгі факторларға байланысты?

 2-кесте

 Респонденттерден алынған жауаптар олардың әрбір адамның жауапкершілігін бірінші орынға қоятындығын көрсетті.

Яғни әрбір адам өз орнында өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы тиіс, өйткені түрлі техногендік апаттар жекелеген адамдардың жауапсыздығынанда болып жатады. Жауап  берген  респонденттердің 53,2% әрбір адамның жауапкершілігін бірінші орынға қояды. Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) жұмысын ұйымдастыруды және оның сапасын халықтың – 10,3%, мемлекеттің саясатын – 7,1% респонденттер маңызды – деп есептейді.

  3-кесте 

 Берілген жауаптар респонденттердің толығымен болмаса да төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысына қанағаттанатындығын (52,4%) көрсетті.

  4-кесте 

 Берілген сұрақ нәтижесі респонденттердің елдегі болып жатқан төтенше жағдайлардан жартылай ғана хабардар екендігін көрсетті. Жауаптың бұл вариантын таңдағандар – 11,9 %. Сонымен қатар толығымен хабардар адамдар саны хабардар емес адамдармен салыстырғанда жоғарырақ – 81,0%.

5 кесте

Мемлекет тарапынан төтенше жағдайлардың алдын алуға және оның салдарларын жоюға бағытталған жұмыстарды респонденттердің 46,8% жоғары деп бағаласа, 43,7% орташа деп бағалады. Алынған жауаптар мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмыстарға респонденттердің қанағаттанатындығын көрсетті.

Тұтасымен алып қарағанда, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеу мониторинг жүргізу, төтенше жағдайлар банкін, болжау әдістерін жасауды, оның алдын алуды, бақылауды және қорғау құралдарын ойластыруды, болжай білу, салдарларын бағалау және жою бойынша ғылыми-техникалық және мақсаттық бағытталған бағдарламалар жасауды қамтиды.

 Жүргізілген зерттеу нәтижелері мемлекет тарапынан төтенше жағдайларды шешуге байланысты жұмыстардың жеткілікті дәрежеде жүріп жатқандығын көрсетті. Сонымен қатар, азаматтардың әлі де болса өздерінің әлеуметтік қауіпсіздігіне селқос қарайтындықтарынан хабар берді. Бұл белгілі бір деңгейде кеңес үкіметінен бері келе жатқан жайбарақаттықтың көрінісі де болуы мүмкін деген ойларды ұялатады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл әрбір адамның міндеті. Сондықтан да, өмірді қауіпсіз етуге мемлекеттік органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандарынан басқа әрбір азамат мүдделі.

Қазақстанда табиғи қауіптердің кең түр-  лері орын алады. Атап айтқанда, жер сілкінісі, су тасқыны, орман және дала алқаптарындағы өрттер, қарлы борандар және тағы басқалары. Барлық таулы және тауға жақын аймақтарда су көшкіндері мен қар басып қалу қауіптері бар. Басқаларымен салыстырғанда таралу алқабы және тигізген зияны бойынша су көшкіндері бірінші орында тұр. Тек қана соңғы 70 жыл ішінде олардың 600 түрі болып, олардың көпшілігі катастрофалар түрінде көрінген. Тигізген залалдары бойынша екінші орында тұрған қар көшкіні. Жерді интенсивті түрде рационалды игермеу осы көшкіндерді тудырады. Олар тау-кен өндірістері, автокөлік магистралдары, инфраструктура объектілері бар халықтың неғұрлым тығыз орналасқан жерлеріне қауіп тудырып отыр. Бұл қауіпті табиғи құбылыстарды бақылау жүйесі әлі де болса даму сатысында тұр, ал оларды қорғаудың сенімді шаралары толық жасалған жоқ.

Материалдық тұрғыдан халықтың тұрмыс жағдайына неғұрлым көп зиянын тигізген техногендік процестер болып есептеледі.

Табиғи пайдалы қазба байлықтары мен жылу-энергетикалық ресурстардың үлкен қорлары бар Қазақстанда қауіпті болып есептелетін таукен, химиялық, мұнай өндіру, атом-энергетикалық және басқа да өндіріс салаларының 363450 объектісі бар.

Олар кәсіпорындық және басқа да апаттар, өрттер,жарылыстар, құрылыстар мен үйлердің бұзылуы, су қоймасының ашылып кетуі сияқты техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көзі болып табылады.

Өндірістік жарылыстар, таудағы кен орындарын игеру және мұнайды және газды өндіру «қолдан жасалған сейсмикалық жағдайға» жер сілкіністеріне алып келеді.

Қазақстан экономикасы әлі де болса шикізаттық бағытта болғандықтан пайдалы қазбаларды өндіру, құрлықтағы және Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнайды игеруге байланысты операциялар табиғатқа тигізетін антропогендік және экологиялық әсерлерді күшейтуде. Бұл жағдайлар техногендік жер сілкіністерінің орын алуына жағдай жасайды.

  6-кесте 

 Техногендік апаттар, катастрофалар респонденттердің жартысына жуығын – 54,8% өте қатты мазалайды.

Сонымен қатар белгілі бір жағдайларда ғана еске алатындар – 22,2%, тіптен де ойламайтындар – 21,4 % да бар.

  7-кесте

 Қауіпті табиғи құбылыстар (жер сілкінісі, су тасқыны, дауылдар, көшкіндер, орман өрттері және т.б.) әсерімен қалыптасқан қиындықтардың респонденттерді көбірек мазалайтындығы сезіледі – 66,7%. Сонымен қатар белгілі  бір  жағдайларда  ғана  еске алатындар «18,3%, тіптен де ойламайтындар – 12,7 % да бар.

  8-кесте 

 Терроризм, әскери іс-қимылдар, әлеуметтік жанжалдарға қатысты қиындықтарға респонденттердің реакциясы техногендік апаттар мен қауіпті табиғи құбылыстарға қатысты өте қатты мазасыздану, кейде мазасыздану немесе тіптен мазасызданбау сияқты қатынастарымен аса қатты  ерекшеленбейтіндіктерін  көрсетті. Яғни,қауіптің қандай түрлерін болсын халықтың түрлі топтарының ішінде мазасызданып, үрейлене ойлайтындардың саны көбірек.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан өзін жақсы сезінуін қалыптастыру әлеуметтік қорғау шараларының кеңінен жүргізілуін талап етеді. Бірінші кезекте азаматтар туындап отырған қиындықтар туралы және қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы толық ақпараттар алып отыруы тиіс. Қоршаған ортаның ластануы, техногендік зиянды әсерлер туралы мемлекеттік және жергілікті органдарға жеке тұрғыда немесе ұжымдық тұрғыда ақпарат беріп, орын алып отырған мәселелердің шешілуін талап етіп отырулары тиіс. Әрбір жеке адамның азаматтық позициясын белсенді етіп қалыптастыру әлеуметтану мамандарынан аянбай көп еңбек етуді талап етеді. Әлеуметтік қауіпсіз ортаны қалыптастыру әлеуметтік сала мамандарының басты міндетіне айналуы тиіс.

  

 

Әдебиеттер

 

  1. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы заңы. 1996 ж.
  2. Головаха Е.И., Панина Н.В. Интегральный индекс социального самочувствия (ИИСС): конструирование и применение социологического теста в массовых опросах. – Киев: Институт социологии НАН Украины,
  3. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Нұрлы жол – путь в будущее» // Закон kz.11 ноябрь 2014 г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.