Төтенше жағдайлар

Төтенше оқиғалардың стихиялық және экологиялық апаттар, технологиялық авария мен катастрофалар, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, әскери жанжалдар және басқа да экстремалды құбылыстар мен процестерден келетін қауіптер мен қиыншылықтар тенденциясы өсіп отыр.Сондықтан да, экстремалдылық пен қауіпсіздік теорияларының теориялық-әдістемелік негізінің қалыптасуының тарихи процесін сипаттау маңызды, себебі, сол арқылы халықты және территорияны азаматтық қорғау мен қауіпсіздік мәселесін шешудің қазіргі заманғы ғылыми амалдарының дамуы мен мазмұны анықталады. Бұл мақалада экстремалдылықты танудың философиялық және социологиялық дәстүрі, синергетиканың жалпы жүйесінде қалыптасқан принциптері және экстремалдылық пен катастрофаның социологиялық теориялары жан-жақты қарастырылады. Сонымен бірге, теориялық-әдістемелік тұрғыда экстремалдылық теорияларының қалыптасуы мен негізгі мәселелер шеңбері талданады.
2014

Мақалада төтенше жағдайлардың азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйіне тигізетін әсерлері қарастырылады. Әлеуметтік көңіл-күй қоғамның тұрақты дамуының индикаторы ретінде бағаланады. Авторлардың берген анықтамасы бойынша төтенше жағдай – белгілі бір аумақта халықтың өмір сүруіне қауіп төндіретін табиғи құбылыстар, катастрофалар, стихиялық немесе басқаша түрде болатын апаттар арқылы, халықты материалдық шығындарға ұшыратып, олардың денсаулықтарына залал келтіретін, адам құрбандығына алып келетін жағдайлардың орын алуы. Қоғамдық дамудың қазіргі тенденцияларын социологиялық тұрғыдан талдаудың қазіргі кезеңдегі өзекті аспектілері- нің бірі адамдардың әлеуметтік көңіл-күйін трансформациаланған қоғамда әлеуметтік өзгерістерге, өз орындарына, сонымен қатар техногендік, табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға қатысты эмоционалдық-баға беру реакциясы ретінде қарастыру. Түбегейлі өзгерістерге толы қоғамда халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыру және бұл мәселеге қатысты зерттеулердің жеткіліксіздігі осы жұмыстың негізгі міндеттерін  анықтады.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.