Қылмыстық ұқыпсыздықтың түсінігі

Заңға сәйкес: а) тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алу мүмкіндігін болжамауымен, б) тұлғаның бұл салдарды болжау міндеттілігімен, в) тұлғаның оларды болжай алу мүмкіндігімен. Заң айыптының өз әрекетіне деген психикалық қатынасын сипаттамайды, бұл, айтып кеткеніміздей, заңдағы ақау болып табылады: біріншіден, ұқыпсыздық әрекетке деген қатынаспен тамамдалатын және жасырын ниеттен шектелуі тиіс болатын абайсыз формалды қылмыстар болады және, екіншіден, ұқыпсыздық анықтамасы кінә ұғымының жалпы ұғымына сәйкес келуі тиіс.

Айыптының өз әрекетіне деген психикалық қатынасының сипаттамасы ұқыпсыздық барысында әртүрлі болуы мүмкін:

а) Субъект белгілі сақтық ережелерін бұзатындығын ұғынуы керек (дегенмен қоғамдық қауіпті салдарының орын алу мүмкіндігін болжамайды). Ұқыпсыздықтың бұл түрі тек материалдық құрамдарда ғана мүмкін болатындығы анық.

б) Субъект саналы еріктік сипаттағы әрекет жасай келе, бұл әрекетімен ол белгілі сақтық ережелерін бұзатындығын ұғынбауы да мүмкін.

в) Субъекті әрекетінің өзі саналы еріктік бақылаудан тыс қалуы мүмкін, егер субъект бұл саналы еріктік бақылаудың болмауын тудыратын жағдайды болдырмауға қабілетті болса, және болдырмауға тиіс болса, немесе мұндай жағдайда заңмен қорғалатын мүдделердің бұзылуын болдырмау үшін шара қолданатын болса («өз себебінде тәуелсіз әрекеттер» деп аталатын жіберілім деликтілері).

Сөйтіп, ұқыпсыздықпен жасалған қылмыс кінәнің басқа нысандарымен жасалған қылмыстан айыптының жасалатын әрекеттің фактіге негізделген және әлеуметтік белгілерін кем немесе қате ұғынуымен ерекшеленеді. Ұқыпсыздықтың барлық жағдайларында субъект өзі жасайтын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамдық қауіпті сипатын ұғынбайды, бірақ ұғынуға міндетті әрі ұғынуға мүмкіндігі болады. Алғашқы екі жағдайда ұғынудың мұндай міндеттілігі мен мүмкіндігі әрекетті жасау кезінде болады. Үшінші жағдайда мұндай міндеттілік пен мүмкінділік субъектіде оны саналы еріктік бақылаудан айырған жағдайдың пайда болуы алдындағы кезеңде болады.

Міне, осы жағдай формалдық құрамдардағы ұқыпсыздықты жасырын ниеттен ажыратады. Ұқыпсыздық қылмыстық менменділіктен айыптының өз әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алу мүмкіндігін болжамауымен, яғни бұл салдардың іс жүзінде орын алу мүмкіндігін болжамауымен немесе олардың қоғамдық қауіпті сипатын болжамауымен ерекшеленеді. Ұқыпсыздықтың кінә нысаны ретіндегі өзінділігі де осында және ұқыпсыздық барысындағы әрі ол үшін жауапкершілікті негіздеу барысындағы салдарға деген психикалық қатынасты орнатқан кезде пайда болатын қиындықтардың себебі де, міне, осында. Егер менменділік барысындағы тұлғаның кінәсі, оның ойынша, нәтиженің орын алуын болдырмауы тиіс жағдайларды, ұшқалақтық нәтижесінде, дұрыс бағаламай, соның нәтижесінде, қауіпті әрекетті жасауға бел буатындығында қамтылса, қылмыстық ұқыпсыздық барысында, тұлға қоғамдық мүдделерге ықылассыз қарау, жеткіліксіз қамқорлық пен сақтық салдарынан, зиянды нәтиженің орын алу мүмкіндігін мүлдем болжамайды, сол себепті, қоғамдық қауіпті әрекеттерді жасайды немесе еш әрекет жасамайды. Салдарды болжаудың мүмкінділігі мен міндеттілігі іске ықыласпен, ынталы қарау барысында, тұлғаның бұл салдарды болжай алатындығын  және  оларды  болдырмайтындығын  немесе  қауіпті  әрекетті  жасаудан  аулақ ұстанатындығын көрсетеді.

Ұқыпсыздық барысында салдарды болжай алмау неліктен пайда болады?

а) Салдарды болжай алмау тұлғаның өз әрекетінің нақты жағын ұғына келе, оның белгіленген сақтық ережелерін бұзатындығын ұғынбайтындығынан пайда болуы мүмкін.

б) Егер тұлға осы сақтық ережелерін бұзатындығын ұғынатын болса, салдарды болжай алмау, тұлғаның ұқыпсыздық нәтижесінде, сол салдардың орын алуына әкелетін себептік байланыстың мүмкін дамуын болжай алмайтындықтан, орын алуы мүмкін.

в) Егер субъект өз әрекеттерінің нақты сипатын толық емес немесе дұрыс емес ұғынатын болса, салдарды болжай алмау субъектінің осы қатесімен байланысты болады.

г) Сарп еткенде, егер субъект өз әрекеттерінің немесе әрекетсіздігінің нақты жағын ұғынбайтын болса, ол, әрине, олардың салдарын да болжай алмайды.

Осыған орай, ұқыпсыздықтың тақырыптық мазмұны, біріншіден, субъект ұғынған және оларды ұғыну оған салдарды болжау мүмкіндігін беретін жағдайлармен, екіншіден, субъект ұғына алған және ұғынуы (болжауы) тиіс қылмыстық құрамның белгілеріне сәйкес жағдайлармен анықталады. Осы екі топтың жағдайлары өзара байланысты: біріншілерін ұғыну екіншілерін ұғынуға мүмкіндік тудырады және олар тек біріге келе, ұқыпсыздықтың тақырыптық мазмұнын құрады.

Ұқыпсыз әрекет, әдетте, белгілі еріктік бағытта болғанына қарамастан, қылмыстық ұқыпсыздықтың бағытталғандығы жөнінде айтуға еш негіз жоқ. Әрекеттің еріктік кезеңі әрекетпен қаланатын салдарға деген еріктік қатынаспен тамамдалады да, іс жүзінде келтірілген қоғамдық қауіпті, нәтижені қамтымайды. Сонымен қатар әрекеттің бағытталғандығы тұлға көрсеткен ұқыпсыздықтың дәрежесін бағалауға айтарлықтай әсер ете алады: егер субъект жәбірленушіге ойын ретінде оқталған қаруды бағыттағандығы бір жағдай болса, күзетшінің жақындауға тыйым салынған, күзетілетін нысанадан бөгде адамды әрі тұрғызу мақсатында, оған қару бағыттауы мүлдем басқа жағдай болып табылады.

Буржуазиялық қылмыстық-құқықтық ғылымның ұқыпсыздық үшін жауапкершілікті негіздеудегі ғасырлық күш салулары көңіл көншітпейтін нәтижелерге әкелді. Бұл жөнінде Б.С. Маньковский былай деп өткір айтады: «Ұқыпсыздық мәселесі кінәнің жалпы идеалистік буржуазиялық тұжырымдамасын бұзатын тасқа теңестіруге болады». Бұл жерде әңгіменің жауапкершілік пен кінә ұғымының жалпы негізделуіне жатпайтын ұқыпсыздық үшін жауапкершіліктің қайсыбір ерекше негіздемесі жөнінде емес, осы жалпы негіздеме мен кінә ұғымының кінә түрлерінің біреуі – қылмыстық ұқыпсыздыққа қатысты қолданылуы жөнінде екендігін айтып кету қажет.

Қоғамдағы адам өмірі оған белгілі бір міндеттерді, атап айтқанда, қоғамдық мүдделер мен басқа адамдардың мүдделеріне ықыласпен әрі қамқорлықпен қарау, оларды өз қолымен бұзбау міндеттерін артады. Адамның санасы мен ерігінің белсенді рөлі оның өз әрекеттерінің нәтижелерін болжау және өз әрекеттерінде қоғам мүдделерін, оның құқықтық және рухани талаптарын басшылыққа алу қабілетін тудырады. Бұл жағдайда адам өзінің барлық физикалық және психикалық қабілеттерін қолдануы тиіс. «Менің бойымда өзімді білуге және үнемі осы білімді пайдалана отырып, өзімді мүмкіндіктерімнің шыңында ұстауға мүмкіндік, бұдан міндет де қалады».

Адамның бұл мүмкіндіктері оның өз әрекеттері үшін, тіпті, ол  қарастырмаған әрекеттері үшін жауапкершілігін тудырады. «Өз әрекетінің салдарының, нәтижелерінің әрбір жете есептелмеуі адамның өз жасағанына жауапкершіліксіз немесе жеткіліксіз жауапты қарауы болып табылады». Сондай-ақ «қылықты бағалау барысында, нәтижесінде орын алғанның бәрін емес, тек объективті орын алғанның қарастырылуы мүмкін болғандарын ғана негізге алған дұрыс».

Тұлғаның өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті салдарын болжауы немесе болжамауы тұлғаға байланысты болмайтын кездейсоқтық емес, ол тұлғаның осы әрекетінен бұзылуы мүмкін қоғамдық мүдделерге деген қатынасына байланысты болады. Тұлғаның осы қоғамдық мүдделерге ықыласты, қамқор қарауы барысында, ол өз әрекеттерінің мүмкін зиянды салдарын алдын ала қарастырады немесе олардың алдын алады, ия болмаса, әрекеттің өзінен бас тартады. Тұлғаның бұл мүдделерге ықылассыз, теріс қатынасы барысында, ол салдарды болжай алмай, нәтижесінде қоғамға зиян келтіруі мүмкін. Кеңес психологиясы қылықтың ұғынылмауы (немесе барабар ұғынылмауы),  қажетті көңілдің бөлінбеуі  субъект үшін  мәнді немесе мәнсіз болатынмен, оның тұлғасының таңдамалы бағытталуымен шартталатындығын анықтады.

Салдарды болжау мүмкіндігі жағдайдың субъектіге бұл үшін жеткілікті ақпарат бергендігін білдіреді, ал ол өзінің жеке қасиеттеріне қарай, бұл ақпаратты қабылдап, ұғынады және дұрыс тұжырым жасай алады. Мұндай жағдайларда салдардың болжанбауы психикалық  нөл  емес,  осы  салдарға  деген  белгілі  бір  менсінбейтін  қатынас  болып  саналады.

«Қайсыбір құбылыстарды ұғынбау тек жағымсыз фактіні – олардың ұғынылуының болмауын ғана білдірмейді. Тежелу жай қозудың болмауы еместігі сияқты, тежелумен шартталған ұғынбау тек ұғынудың болмауын ғана білдірмейді, ол адам өміріндегі антагонистік әрекет ететін күштердің қақтығысуымен тудырылған белсенді процестің көрінісі болып табылады».

Субъектінің әрекетімен бұзылатын қоғамдық мүдделерге, яғни қылмыс нысанасына ықылассыз, менсінбейтін қатынас сол нысанада зиянды өзгерістерге әкелетін қоғамдық қауіпті салдарға деген белгілі бір психикалық қатынаста көрініс табады. Сол психикалық қатынастың сыртқы белгілері болып, аталған салдарды алдын ала болжау мүмкіндігі бола тұра, болжай алмау саналады. Сол себепті, ұқыпсыздық барысында нәтижеге деген психикалық қатынас болады, ал субъективті жағдайда ол болмайды.

Әрбір қатынас мәнісінде байланыс болып табылады. Субъектінің салдарға деген психикалық қатынасы тұлғаның сол салдармен психикалық байланысы, салдардың субъект тұлғасына тәуелділігі болып табылады. Ұқыпсыздық барысында мұндай байланыс болады, оқиға барысында ол болмайды. Сол себепті, ұқыпсыздық кінәнің нысаны, ал оқиға кінәсіз зиян келтіру болып саналады.

Қылмыстық ұқыпсыздық мәселесіндегі маңызды орынды критерийлер жөніндегі мәселе алады, ол, мәнісінде, ұқыпсыздықты қоғамдық қауіпті салдарды кінәсіз келтіруден ажырататын шектер жөніндегі мәселеге келіп тіреледі. Қандай мұқияттылық пен сақтық шараларын бұзу субъектіге кінә ретінде артылуы мүмкін? Ұқыпсыздықтың объективті, тұлғаның субъективті ерекшеліктеріне тәуелсіз ауқымын мойындау объективті критерийді мойындауды білдіреді. Бұл шараның субъектінің жеке мүмкіндіктеріне тәуелділігін мойындау субъективті критерийді мойындауды білдіреді. Ұқыпсыздық анықтамасының негізіне қандай критерий салынуы тиіс екендігі жөніндегі мәселе әдебиеттерде қызу таластар тудырып келді және әлі де тудыруда. Оның осындай немесе басқаша шешілуіне ұқыпсыздық үшін жауапкершілік аясы мен, біздің ойымызша, кінәнің жауапкершіліктің шарты ретіндегі ұғымының өзі байланысты болады.

Қылмыстық ұқыпсыздық болуы үшін объективті және субъективті критерийлердің үйлесімі қажет болады, олардың әрқайсысы дербес сипатта, ал басқасына тәуелсіз болады және олардың біреуінің болмауы қылмыстық ұқыпсыздықтың түгелдей болмауын білдіреді. Қылмыстық ұқыпсыздық сипаттамасында аталған критерийлердің әрқайсысы өзінің ерекше рөлін атқарады: объективті критерий құқықтық тәртіппен тұлғаның болжауына қойылатын талаптарын сипаттайды, сол себепті ол нормативті сипатқа ие болады; субъективті критерий тұлғаның осы талаптарды орындау мүмкіндігін сипаттайды. Тек екі критерийдің жиынтығы ғана қылмыстық ұқыпсыздықты, қылмыстық құқығы бойынша, кінә  нысаны  ретінде сипаттай алады.

Объективті критерий қажетті сақтық шарасын, қажетті алдын ала болжаудың көлемін анықтайды. Тұлғада қажетті, құқықтық тәртіппен талап етілетін сақтықтың болмауын білдіретін ұқыпсыздық ұғымының өзі осы қажетті сақтықты сипаттайтын объективті критерийдің болуын болжайды.

Ол тұлғаның қызметтік немесе кәсіби міндеттерімен, қызметтің қайсыбір аяларында қолданылатын ережелермен, адамдардың қатынасында және олардың күнделікті қызметінде қалыптасқан сақтық ережелерімен анықталады. Бұл ережелерді бұзатын әрбір адам мұндай бұзушылықтың мүмкін қоғамдық қауіпті салдарын болжауы тиіс. Және, керісінше, ешбір сақтық нормаларын бұзбаған адам мұндай салдардың орын алу мүмкіндігін болжамауы тиіс.

Қызметтің қайсыбір аяларында қолданылатын сақтық ережелері, демек осы ережелерден шығатын болжау міндеті, қорғалатын игіліктің маңыздылығына, қызмет сипаты мен оған қатысты мүмкін болатын қауіпке, қызмет субъектінің кәсіби және қызметтік жағдайына, орын мен уақыт жағдайларына байланысты дифференцияланған сипатта болады.

Субъектінің қажетті сақтығының шегі болып табылатын сақтық нормалары қауіпсіз қызметті белгілі бір типтік жағдайларда қамсыздандырады және, әрине, барлық кездейсоқтықтарды ескере алмайды. Сол себепті, ұқыпсыздықтың объективті критерийі, біріншіден, салдардың алдын алу басқа тұлғаның міндеті болған кезде, екіншіден, салдардың орын алуына сақтық ережелері есептелмеген және сол себепті, субъект назарына алынуға міндетті болмаған оқиға септігін тигізетін кезде болмауы мүмкін.

Объективті критерийдің болуы барысында, субъектінің өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті салдарын болжай алуы, яғни субъективті критерийдің болуы жөнінде мәселе туындайды. Бұл қоғамдық қауіпті әрекет жасай келе, тұлға осы әрекетінің нақты жағдайларында және өзінің жеке қасиеттеріне қарай, өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті салдарын болжай алуының шынайы мүмкіндігіне ие болатындығын, бірақ қоғамдық мүдделерге менсінбей қарауының салдарынан бұл мүмкіндігін жүзеге асырмағандығын білдіреді. Бұл мүмкіндік үш шарттың болуымен анықталады:

а) әрекет жүзеге асырылатын жағдай тұлғаға қоғамдық қауіпті салдарды болжай алуының объективті мүмкіндігін тудырып, сәйкес сақтық нормаларын ұстану қажеттілігі жөнінде «ақпарат беруі» тиіс;

б) тұлға өзінің жеке ерекшеліктері бойынша, қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалау мүмкіндігіне ие болып, қоғамдық қауіпті салдарды болжай алуы тиіс. Бұл үшін тұлға қалыптасқан жағдайға сәйкес физиологиялық қасиеттерге (көру, есту), психикалық қабілеттерге (интеллектуалдық, еріктік), нақты біліктерге, белгілі кәсіп, мамандық бойынша белгілі бір тәжірибелерге және т.б. ие болуы тиіс. Тек осындай жағдайда ғана салдардың болжанбауы субъектінің кінәсі бойынша, оның қоғамдық мүдделерге жеткіліксіз ықыласпен қарауы нәтижесінде орын алғандығы жөнінде тұжырым жасауға болады;

в) жағдайға немесе субъект тұлғасына қатысты субъектінің өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті салдарын болжай алмауын тудыратын жағдайлар болмайды. Дұрысын айтқанда, бұл үшінші шарт алдыңғыларға теңестіріледі. Дегенмен, оны бөліп көрсету мақсатқа сай болады, себебі бұл тәжірибелік органдардың белгіленуіне назарды күшейте түседі, демек объективті жүктеуді кепілдейді.

Салдарды болжаудың мүмкін болмауын қалыптастыратын жағдайлар ситуацияға да (ерекше, күрделі ситуация; алдын ала қарастыруға болмайтын кездейсоқ оқиғаның араласуы; басқа тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері), субъект тұлғасына да (ауыршаң күй,  шалдығу жағдайы, ақылы дұрыс болмауды тудырмайтын психикалық бұзылыс және т.б.) қатысты болуы мүмкін. Бұл жердегі қажетті шарт болып, дегенмен, болжау мүмкіндігін жоққа шығаратын мұндай жағдайлардың субъектінің өзімен айыпты түрде жасалмауы (мас болу жағдайы), немесе субъектіге бұл әрекеттерді аталған жағдайлардың болуы барысында жасауы, айыпқа тағылуы мүмкін болмауы саналады.

Қылмыстық ұқыпсыздықты сипаттау барысында, кейде кінәнің бұл нысанының болуы үшін айыпты салдардың алдын алуы, сондай-ақ олардың алдын алуының мүмкіндігін болжауы қажет екендігін көрсетіледі. Салдардың алдын алу мүмкінділігі қылмыстық-жазаланатын әрекетсіздіктің, яғни қылмыстық ұқыпсыздықтың емес, қылмыстың объективті жағының белгісі болып табылады. Ал субъектінің салдардың алдын алу мүмкінділігін болжау қабілеті жөнінде айтатын болсақ, кейін байқай алатынымыздай, абайсыздықтың кейбір түрлерінде бұл белгі айтарлықтай рөл атқарады. Жалпы ереже бойынша, ол артық болып саналады: субъектінің зиянды салдарды болжау мүмкінділігі ол үшін сақтық ережелерімен тыйым салынған әрекетті жасаудан бас тартып, сол арқылы бұл салдардың алдын алу мүмкіндігін тудырады.

Абайсыздықтың басқа түрлері. Тәжірибеде менменділік пен ұқыпсыздықтың белгілеріне дәл сәйкес келмейтін, әйтсе де, абайсыз кінәнің жалпы белгілеріне ие болатын абайсыздық түрлері кездеседі. Бұл абайсыздықтың жалпы белгілерінің  маңызын тағы да  баса көрсетеді.

Осындай түрлердің бірі ретінде «құқықтық абайсыздық» саналады, ол субъект жасалатын әрекеттің нақты белгілерін ұғына келе, негізсіз себептер бойынша, оның қоғамдық қауіптілігіне қатысты қателесу жағдайларын білдіреді. Тұлға нақты сипатын ұғынатындай салдардың орын алуын болжай, қалай немесе саналы түрде мүмкін ете алады, бірақ қоғамдық қауіпті ұғынбау нәтижесінде, оның әрекеттерінде қасақана кінә болмайды.

Құқықтық абайсыздық жөнінде мәселе қоғамдық қауіпті жасырын ниет белгісі ретінде ұғынудың мәні жөніндегі мәселемен қатар пайда болды және олар өзара тығыз байланысады. Әрине, жасырын ниет барысындағы қоғамдық қауіпті ұғыну міндеттілігін жоққа шығарған авторлар құқықтық абайсыздық ұғымын да мойындамайтындығы түсінікті. Қоғамдық қауіпті ұғыну жасырын ниет белгісі болып табылатындығын көрсеткен Қылмыстық сот өндірісі негіздерінің  жариялануымен,  құқықтық  абайсыздықтың  болуын  даусыз  деп  санау қажет.

«Құқықтық абайсыздық» терминінің өзі дәл емес деп танылады, себебі субъектінің абайсыздығы әрекеттің құқықтық қасиеттеріне (құқыққа қайшы болуына) емес, оның әлеуметтік қасиеттеріне (қоғамдық қаупіне) қатысты болады, дегенмен кез келген терминологияның шарттылығын ескерсек, одан бас тартуға еш негіз жоқ.

Құқықтық абайсыздық, әдетте, субъект әрекеттің қоғамдық қаупін жоққа шығаратын ретінде қате қабылдайтын жағдайлар пайда болған кезде орын алып жатады: үмітсіз науқастың өзін өлтіру жөнінде тілегі; өкілеттенбеген тұлғаның мүлікті тәркілеуге немесе жоюға келісім беруі; заңсыз бұйрық, егер субъект оның заңсыздығын ұғынбаған болса; жорамал қажетті қорғаныс және жорамал аса қажеттілік және т.б. Мұндай жағдайлар болмаған жағдайда, әрекеттің нақты белгілерін ұғыну мен салдарды болжау (олардың алдын алуға есеп болмаған кезде), әдетте, қоғамдық қауіпті ұғынуды да білдіреді.

 

Әдебиеттер

  1. С.Л. Рубинштейн. Основы общей психологии, 11, 443 б., В.Н. Мясищев. Личность и неврозы, 117 б.
  2. Шаргородский М.Д. Преступления против жизни и здоровья. – М., Госюриздат, 1948, 99-100 б.;
  3. Владимиров В.А. Преступная небрежность как форма вины по советскому уголовному праву, 103 б.;
  4. Костадин Лютов. Професионална непредпазливост, 136 б.
Жыл: 2009
Қала: Алматы