Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жеке өмір және оған қолсұғылмаушылықты қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қорғау

Қазіргі уақытта дүниежүзінің барлық мемлекеттері өздерінің конституцияларында жеке өмірге құқықты толық таныған. Кем дегенде бұл құқық тұрғын үйге қолсұғылмаушылық және байланыс құпиясын қамтиды. Кейбір жаңа конституцияларда, мысалы оңтүстік американдық елдер мен венгер мемлекетінің ата заңдарында дербес деректерлерге рұқсат құқығы туралы тікелей ескертулер бар. Бұл құқықтың басты кепілдігі болып, жеке және отбасылық өмірге тек қана соттың санкциясымен араласуға болатындығы табылады. Керісінше, бірқатар елдердің конституцияларында жеке өмірге құқық туралы тікелей көрсетілмейді (мысалы, АҚШ, Ирландия, Индия және т.б.) және де соттар жеке өмірмен байланысты мәселелерді қарау барысында басқадай заң актілеріне сүйенеді. Ал кейбір елдердің ұлттық заңнамалары тікелей Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелерімен толықтырылып отыр [1, 173 б.].

Кеңес  уақытының  нормативтік  актілерінде  жеке  өмір-  ге қолсұғылмаушылық институтының компонеттері болмаған. Тек жеке өмірді қорғау құқығы деп, қазіргі жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығының аналогы түрінде орын алған. Осыған байланысты жеке өмірдің барлық аспектілерін анықтау

– заң ғылымының алдында тұрған негізгі міндет. Мұның қолда бар және жеке өмірді қорғаудың жаңа құқықтық құралдарын жасауды жетілдіру мақсатында қолданыстағы заңдар үшін маңызы зор. Осылайша, алғаш рет Кеңес Одағында азаматтардың жеке өмірі құқықтық қорғаудың объектісі ретінде 1977 жылы КСРО Конституциясында бекітілді. Аталған заңның 56-бабына сәйкес жеке өмір, сонымен қатар адамның жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы алысқан хабарларының құпиялылығы заңмен қорғалған [2].

Алайда, заң да, ғылыми доктрина да жеке тұлға ұғымының нақты түсінігін бермеген. Осыған орай, Г.Б. Романовскийдің пайымдауынша жеке өмірді қорғау құқығына әртүрлі түсінік берілген. Осы бойынша сотталған, әрекет қабілеттілігі жоқ бала жеке тұлға болып табыла ма деген сияқты бірқатар сауалдар туындаған. Сонымен қатар жеке өмір бұл «жалпы қоғамдық өмірмен шарттастырылған адамның рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруының жекеленген тәсілінің» бір саласы деген де пікір болған. Әрине, мұндай көзқарас болғанда жеке өмір қоғамдық құндылық ретінде көрініс таппай, қоғамдық өмірде де маңызды орын алмаған [3, 4 б.].

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясында жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығы 18-бапта көрініс тапқан. Осыған сәйкес, «әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар» [4].

Талданып жатқан бұл табиғи немесе жаратылысынан берілетін құқық өзінің құрылымы бойынша өзара байланысты екі құқықтан құралады. Біріншісінің қызметі жеке өмірге қолсұғылмаушылықты қорғауды жүзеге асыру, ал екіншісінікі – жеке өмір құпиясы. Бұлардың әрқайсысы ішкі түрлік бөлімдерден тұрады. Осылайша, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты қорғаумен байланысты құқықтардың қатарына тұрғын үйге қолсұғылмаушылық, жеке байланыс құралдарына, жеке іс-құжаттарына, индивидтің сыртқы кейіпіне байланысты (әдебиеттерде өз бейнесiне құқық атауына ие болған?) құқық жатады. Екінші топтағы құқықтылықтың қатарына дәрігерлік құпияны, бала асырап алу құпиясын, адвокаттық құпияны, жинақ кассалары операциялары құпиясын, нотариалдық әрекет  құпияларын,  заң органдары қызметінің құпиясын (жеке өмір туралы ақпаратқа байланысты бөлігінде) қорғау бойынша құқықтарды жатқызуға болады [5, 45 б.].

Л.Ф. Татаринова «әр адамның өзіндік қасиетіне қарай «жеке өмір» термині туралы өз пайымдауы бар және де бұл нақты адамның психологиялық мінездемесіне, сондай-ақ белгілі тарихи кезеңдегі осы немесе өзге де қоғамда болып жатқан дәстүрлер мен нормаларға байланысты болады. Жалпылама айтқанда, жеке өмірді адамның өзімен бақыланатын физикалық және рухани, яғни сыртқы бағыттаушы ықпалдан, оның ішінде құқықтық реттеуден (алайда, құқықтық қамтамасыз етілуі тиіс) тыс сала ретінде анықтауға болады» деген пікір келтіреді [6, 11-12 б.].

Алайда отандық заң шығарушымен бірде бір нормативтік құқықтық актіде жеке өмір, отбасылық құпия, жеке құпия ұғымдарының нақты анықтамасы берілмеген, сондай-ақ оларды анықтаудың нақты критерийлері бекітілмеген. Тәжірибеде, әрине қылмыстық қолсұғушылық объектісінің мұндай негізсіздігі оған жосықсыз түсінік беруге, қылмыстық-құқықтық реттеу шегінде тиімсіз болып келетін бұл ұғымның мазмұнының кеңейуіне немесе дәлелсіз шектелуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Көптеген заң және заңға тәуелді актілерден осыған қатысты бөлек нормаларды тауып алуға болады, алайда мұның өзі де жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығын тиімді қорғау үшін жеткіліксіз болып табылады. Мысалы, АҚШ-та 1974 жылы қабылданған адамның жеке өмірін қорғау туралы (The Federal Praivacy Act) арнайы федералдық заң қолданылады [7].

Ғылыми әдебиеттерде бұл ұғым көптеген зерттеушілермен қарастырылып ғана қоймай, сонымен қатар ғалымдар жеке өмір саласына қарым-қатынастардың белгісіз кең шеңберін жатқызады.

Г.Б. Романовский жеке өмірді былай деп анықтайды: «азаматқа тумысынан тиесілі, оның ішкі өмірі мен өзге де субъектілерден саналы түрде құпияда сақталатын қарым-қатынасқа түсу өрісінен құралған және де тікелей заңмен көрсетілген немесе өзге де жағдайларда, сондай-ақ өзге де азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда арақатыстылық деңгейі және аталған игілікке қатысты туындау шегі бойынша демократиялық мемлекетте сөзсіз қорғалуы тиіс мүліктік емес игілік» [8, 80 б.].

И.Л. Петрухиннің пікірі бойынша жеке өмір деп, азаматтың отбасылық өмірін, туыстық және достық қарым-қатынастарын, үйдегі жағдайы, сырлас және өзге де жеке қатынастары, ынтықтығы, ой өрісі, құмарлығы мен шығармашылық салаларын атауға болады [9, 11 б.].

С.К. Жетпісов жеке өмірді – бұл адамның сырластық қарым-қатынастарының және рухани-адамгершілік құндылықтарының ерекше саласы, яғни бір жағынан индивидті қоғамның немесе қоғамдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын және екінші жағынан осы индивидті өзгелерден ажырататын индивидтің бірегей тұлға ретіндегі әлеуметтік-маңызды ерекшеліктерінің тұрақты жүйесін қалыптастыру мен әрекет ету саласы деп анықтайды [10].

Адам құқықтары жөніндегі еуропалық  сот өз шешімдерінің бірінде, жеке өмір ұғымының едәуір кең екендігін айта келе, оған толық, жанжақты анықтама беру мүмкін еместігін келтірген. Ол индивид өмірінің физикалық та, моральдық жақтарын да қамтиды. Мысалға алатын болсақ, жыныстық идентификациясы, жынысы, сексуалдық бағыты мен жыныстық өмірі жеке өмірге жатады [11].

Қазақстан Республикасы 2014 жылғы Қылмыстық кодексінің 147-бабы қылмыстық қолсұғушылықтан  адамның  жеке  өмірінің барлығын емес, тек адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi қорғайды. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «құпия» сөзі «кез келген адамға айтылмайтын жасырын сыр» деп түсіндіріледі [12]. Егер де адамның жеке және отбасылық өмірі жайлы ақпарат қандай да бір себептерге байланысты белгісіз адамдарға мәлім болса немесе жарияланса онда мұндай мәліметтер құпия бола алмайды және оларды жинағаны немесе жарияланғаны үшін жауапкершілік туындамауы керек.

Жеке құпия – бұл адамның көпшілік алдындағы, қызметтік жұмысын сипаттайтын мәліметтерді қоспағанда өзге де адамдардан құпияда сақталатын бір адамға ғана қатысты мәлімет. Жеке құпияға келесідей мәліметтерді жатқызуға болады: дербес деректер, достық және сырлас қарым-қатынастар, сексуалдық бағыты, діни және атеистік көзқарастары мен нанымдары, мүліктік жағдайы, табыс көздері, тұрғылықты жері, әуесқойлығы, құмарлығы, сырқаттары (оның ішінде әлеуметтік қауіптілері – ЖКҚ инфекциясы, соз аурулары, туберкулез және т.б.), бос уақытын өткізуі және тағы да сол сияқты мәліметтер. Ал адамның құқыққа қарсы іс-әрекеттері туралы мәліметтері (мысалы, қылмыс немесе әкімшілік теріс қылық жасауы) оның жеке құпиясын құрамайды және олардың жариялануы (мысалы, құқық қорғау органдарына хабарлау) қоғамға қауіпті әрекет ретінде емес, керісінше қоғамға пайдалы әрекет ретінде танылуы тиіс, себебі заң қылмысты хабарлау міндетін Қылмыстық кодексте көрсеткен.

Қазіргі уақытта, «құпия» ұғымымен қатар арнайы әдебиеттер мен отандық заң нормаларында «конфиденциалдық ақпарат» ұғымы қатар қолданылып жүр. «Тұтастық пен конфиденциалдықты бұзу» сөз тіркесі информациялық жүйе қауіпсіздігі мәселелерін қарастырғанда кеңінен қолданылады. Мұнда тұтастық туралы айтыла келе, мәліметтерді бұзу мен өзгертуден қорғау жайлы тұспалданады. Жалпы «конфиденциалдық» ұғымы адамның өздеріне қатысы жоқ ақпаратты қолдану мүмкіндігіне жол бермеу деп түсіндіріледі. Арнайы әдебиеттерден кейін орыс тіліндегі заңдарда да «тайна» (құпия) ұғымымен қатар «конфиденциальность» (құпиялық) ұғымының қатар қолданылуы біздің көзқарасымыз бойынша дәлелді болып табылады. Мысал ретінде орыс тілінде құралған шетел сөздерінің қазіргі сөздігіне жүгінетін болсақ аталған ұғымды (латын тілінен confidension – сенім) «сенімді, жариялануға жатпайтын, құпия» деп түсіндіреді. [13, 144 б.].

Дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер деп көрсетілген. Яғни мұндағы дербес деректер субъектісі деп отырғанымыз, ол дербес деректер тиесілі жеке тұлға. Жеке тұлғаға қатысты мәліметтерге көбінесе оның тегі, есімі, әкесінің аты, туылған жылы, айы, күні және туылған жері, тұрғылықты мекенжайы, отбасылық, әлеуметтік, мүліктік жағдайы, білімі, кәсібі, кірістері және т.б осы сияқты мәліметтер жатады. Осыған байланысты аталған заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес  қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшiншi тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етуі тиіс.

Отбасы құпиясы – араларындағы қарым-қатынастар жайлы ақпаратты ұсынатын, тасымалдаушысы бір отбасының мүшелері болып табылатын құпиялар тобы. Қазақстан Республикасының азаматтық заңынамасы отбасы құпиясын жеке мүліктік емес құқықтар қатарына жатқызады. Қолданыстағы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсанындағы Кодексі отбасы түсінігін – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы деп анықтайды.

Осылайша, отбасы құпиясының тасымалдаушысы ретінде тек ерлі-зайыптылар, ата-аналары және балалары ғана емес, өзге де олармен бірге тұратын адамдар болуы мүмкін. Мысалы, отбасының өзге де мүшелерімен қан тектестігі жоқ асырап алушылары да болуы мүмкін.

А.Е. Жатқанбаева жеке өмір туралы ақпаратқа қолсұғылмаушылық құқығын қорғау мәселелерін талдауда «личная жизнь» және «частная жизнь» ұғымдарын бөліп қарастыруға ерекше мән берген. Көптеген авторлар бұл ұғымдарды толық синонимдер деп санағанына қарамастан, А.Е. Жатқанбаева «отбасылық өмір», «отбасылық құпия», «туыстық құпия» ұғымдарын бөліп қарастыруды ұмытпауымыз қажет деп пайымдайды. Оның көзқарасы бойынша жеке бас құпиясы жеке құпияның құрамдас бөлігі ретінде көрініс табады. Және де ол өз кезегінде өзіне жеке бас құпиясымен қоса отбасылық құпияны да қосып алады. Жеке бас құпиясы тұлғаның туыстық қатынастары, лауазымы, мамандығынан басқа индивидтің бөлек мүдделеріне қатысты құпиясы. Отбасылық құпия – белгілі бір отбасының мүдделерін құрайтын (қандық тектестікте тұратын тұлғалар тобы), жариялануы олардың барлығы үшін теріс әсер ететін мәліметтер. Отбасы құпиясы барлық отбасы мүшелерімен қорғалады. Оның бөлек аспектілерінің қорғалуына, сондай-ақ республика заңдарымен кепілдік беріледі деп атап кеткен [14, 175-176 бб.].

Алайда, отбасылық құпия уақыт өте келе жеке бас құпиясы сипатына ие болу мүмкін. Мысалы, ерлі-зайыптылардың некені бұзғаннан кейін өздерінің отбасы құпия деп санап жүрген мәліметтері олар ажырасқаннан кейін жеке бас құпиясы ретінде сақталып қала береді.

Отбасылық құпияның бір түрі ретінде бала асырап алу құпиясын атап өтуге болады. Бала асырап алу құпиясын жария ету бойынша жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 138-бабы бойынша туындайды.

Қарастырып отырған қылмыс түрінің объективтік жағын адамның жеке және отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау; оларды заңсыз өңдеу; мәлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып тарату сияқты баламалы әрекеттер құрайды.

Мәліметтерді жинау – ақпараттарды іздеу мен оларды алуға бағытталған белсенді әрекеттер. Яғни Қылмыстық кодекстің 147-бабының 1-бөлігі бойынша  жауаптылық  адамның  же-  ке өмірі туралы мәліметтерді заңсыз  жинаға-  ны үшін пайда болады. Қылмыстық кодекстің 147-бабында тек бір ғана заңсыз жинау жайлы, ол мәліметтерді адамның келісімінсіз заңсыз жинау көрсетілген. Алайда, қолданыстағы заңнама адамның келісімінсіз ол жайлы мәліметтерді заңды жинаудың жолы жайлы да ескертеді (мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және Қазақстан Республикасы Жедел-іздестіру қызметі туралы заңына сәйкес). Осылайша, мұндай әрекеттер егер: оның жеке өмірі туралы мәліметтер адамның келісімінсіз жиналс, мұндай мәліметтерді жинау заңмен көзделмеген болса, мұндай мәліметтерді жинауға заңмен кепілдік берілген жағдайда, егер ол белгілінген тәртіпті бұзу жолымен жүзеге асырылса, онда заңсыз болып табылады.

Адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді жинауға бағытталаған әрекеттер қолында қажетті ақпараты бар адамдардан сұрап алу, жасырын бақылау және жасырын тыңдау жүргізу, суретке түсіру, видео және киноға түсіру; дыбыс жазба, құжаттармен танысу, пошталық және электрондық хаттар, өзге де хабарламалар, олардың көшірмесін жасау арқылы жасалуы мүмкін.

Адамның өзімен әңгімелесу кезінде ақпарат алу, егер жеке өмірі туралы мәліметтер адамның өз еркімен баяндалса, оны ол туралы заңсыз мәлімет жинау деп атауға болмайды. Ал егер аталған мәліметтер қорқыту, алдау, физикалық күш қолдану арқылы алынған жағдайда, онда оны заңсыз жиналған мәліметтер деп қарастырып, Қылмыстық кодекстің 147-бабымен қоса және оған негіз болған жағдайда, жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар тобындағы қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауға болады.

Жеке адамдардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар алу жолымен адамның жеке өмірі туралы ақпарат жинауы Қылмыстық кодекстің 147-бабы мен 148-бабында қарастырылған қылмыстар түрінің жиынтығын құрайды. Ақпаратты жинау тәсілі Қылмыстық кодекстің 147-бабының саралаушы белгісі болып табылады, сондықтан Қылмыстық кодекстің 148-бабы бойынша қосымша саралауды қажет етеді.

Егер адамның жеке өмірі туралы мәліметтер қажетті ақпараттарды құрайтын құжаттарды жымқыру, заңсыз алып қою негізінде жиналып, яғни бұл құжаттар қасақана және тұлғаның жеке өзге де мүддесіне байланысты ұрланатын болса (мысалы, анықтамалар, куәлік, медициналық, банктік құжаттар және сол сияқты) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы мен 384-бабында қарастырылған қылмыстардың жиынтығын құрайды. Сондай-ақ жеке адам туралы мәліметтерді жинау кезінде жасырын бақылау немесе жасырын тыңдау жүргізу арқылы арнайы техникалық құралдар пайдалануы мүмкін. Егер адаммен арнайы техникалық құралдарды қондыру, тұрғын үйге қол сұғу арқылы жүзеге асырылатын болса, онда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149-бабы бойынша қосымша саралауды талап етеді.

Аталған қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттердің тағы бір түрі адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді заңсыз тарату болып табылады. Мәліметтерді тарату – бұл мұндай мәліметті ең болмаса бір бөгде адамға хабарлау. Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсанындағы №6 нормативтік қаулысында азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату деп мына жағдайлар: баспа жүзінде жарияланған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, қызметтік, партиялық және басқа да мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолданған хаттарда көрсетілген, көпшілік алдында сөйлеу кезінде, лауазымды адамдарға, немесе басқа да, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер танылады. Жеке адам туралы ондай мәлімет тек сол адамның өзіне ғана айтылса, ондай әрекеттерді кір келтіретін мәліметтерді тарату деп есептеуге болмайды деп бекітілген (1 т.)

Мұндағы ескеретін жағдай, адамның жеке өмірі жайлы ақпараттарды интернет-ресурстарда орналастыруды, мәліметтерді жариялау деп тануға болады. Себебі «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 1-бабаның 7-тармағына сәйкес интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарына жатады.

Сондай-ақ «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы Заңының 15-бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiнде азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиялары туралы мәлiметтердi олардың келiсiмiнсiз жария ету мүмкiндiгiне жол берiлмеуге тиiс екендігі бекітілген.

Қылмыстық әрекеттің тағы бір  түрі  ретінде Қылмыстық кодекстің 147-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып тарату табылады. Мұндағы ескеретін жағдай, адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып таратудың қоғамдық қауіптілігі жоғары болып келетіндігінде. Себебі, қажетсіз жеке ақпарат көпшіліктің игілігіне айналады. Мәліметтерді заңсыз таратудың аталған тәсілдері, біздің көзқарасымыз бойынша саралаушы және ерекше саралаушы белгілері бар қылмыс құрамына жатқызу орынды болып табылады.

Көпшілік алдында сөз сөйлеу жиналыстарда, митингілерде, конференцияларда, семинарларда, шығармашылық кештерде және т.б. жағдайда көпшілікке ақпаратты жеткізу деп түсінуге болады.

Ал көпшiлiкке көрсетiлетiн шығарма деп, адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді құрайтын кино-видеофильмдерді, фото жұмыстардың, әдеби шығармалардың көрмесін жатқызуға болады.

Адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді заңсыз жинау мен таратудың негізінде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру, қарастырылып отырған қылмыс түрінің міндетті белгілерінің бірі болып табылады. Яғни, егер жеке өмір туралы мәліметтер бір немесе белгілі бір адамдар тобына (оның ішінде БАҚ арқылы) таратылатын болса, онда бұл қылмыс аяқталған болып саналады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 147-бабын жала жабудан ажырату өте маңызды (ҚР ҚК 130-бабы). Жала жабу – бұл басқа тұлғаның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабынан 147-бабының айырмашылығы мұнда адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы нақты мәлiметтердi таратқандығы үшін жауаптылық көзделген. Егер де жеке өмір туралы нақты мәліметтермен қоса, адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн жалған мәліметтер таратылатын болса, мұндай қылмыстық әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабымен және 147-бабында қарастырылған қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы керек.

Тағы бір ескере кететін жағдай, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 84-1-бабында Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу бойынша дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеуге байланысты жауаптылық көзделген. Жоғарыда айтып кеткендей, дербес деректер болып азаматтың жеке өмірі туралы мәліметтер табылады,яғни мұндай мәліметтер оның жеке құпиясын құрайды. Осыған байланысты дербес деректерді заңсыз жинаған немесе өңдеген жағдайда әкімшілік теріс қылықты қылмыстық әрекеттен қалай ажыратуға болады деген сауал туындайды.

Жоғарыда аталып кеткендей, қылмыстық заң аталған баптың 1-бөлігінің объективтік жағының міндетті белгісі ретінде заң шығарушы адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiруді қарастырады. Осының негізінде қылмыс құрамын формальды-материалды деп тануымыз қажет.

Зиян немесе арнайы әдебиеттерде көрсетілетіндей қоғамға қауіпті салдар дегеніміз – бұл қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіндегі жағымсыз өзгерістер. Басқаша айтқанда, қылмыс объектісі келтірілген нақты залал.

Осылайша жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, адамның жеке өмірін қорғау саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша келесідей ұсыныстар жасауға болады.

Біріншіден, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ету мәселелерін реттеу, сондай-ақ жеке және отбасы құпиясын құрайтын мәліметтері жинау мен таратудың заңға сәйкес келетін шарттарын заң жүзінде анықтау қажет. Сонымен қатар, «жеке өмір», «жеке құпия» және «отбасы құпиясы» ұғымдарының анықтамасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабына ескерту ретінде енгізілуі қажет.

Екіншіден, дербес деректерді заңсыз жинаған немесе өңдеген әрекеттерді әкімшілік теріс қылықты қылмыстық жазаланатын әрекеттен ажырату қажет.

Бұл жағдайда, дербес деректерді заңсыз жинау мен өңдеудің мұндай мәліметтерді тарату және адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге  қарағанда қоғамға қауіптілігі төмен болғандықтан әкімшілік жауапкершілікті көздейді деп пайымдаймыз.

Үшіншіден, адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қоғамдық қауіптілігі бойынша әлде қайда ауыр болып табылатындықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 147-бабы 1-бөлігінің диспозициясындағы «не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру» деген сөйлемді бөліп алып, «осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге апарып соқтыратан қылмыстық әрекетті жасау» деп аталған баптың 4-бөлігімен толықтыруды қажет деп санаймыз.

 

  

Әдебиеттер

 

  1. Имплементация Международного пакта о гражданских и политических правах в национальное законодательство Республики Казахстан. Обзор необходимых изменений и практические рекомендации по их реализации на примере отдельных статей Пакта. – Алматы: OST-XXI век, 2006. – 212 с.
  2. Конституция (Основной Закон) Союза Советских Социалистических Республик. Принята на внеочередной седьмой сессии Верховного Совета СССР девятого созыва 7 октября 1977 г. // Интернет ресурс – http://www.hist.msu.ru/ER/Etext/ cnsthtm
  3. Романовский Г.Б. Конституционное регулирование  права на неприкосновенность частной  жизни: Автореф.  дис.…к.ю.н. – СПб., 1997. – 18 с.
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды // Интернет ресурс – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K
  5. Красавчикова Л.О. Личная жизнь граждан под охраной закона. – М.: Юрид.лит., 1983. – 160 с.
  6. Татаринова Л.Ф. Конституционно-правовое обеспечение права человека на неприкосновенность частной жизни: Автореф. дис. …к.ю.н. – Бишкек, 2010. – 30 с.
  7. Кадников Б.Н. Уголовно-правовая охрана конституционного права граждан на неприкосновенность частной жизни: Дис. …канд. юрид. наук. М., 2008. С. 170; Макеев П.Н. Уголовная ответственность за нарушение неприкосновенности частной жизни: Дис. …канд. юрид. наук. – М., 2006. – С. 168
  8. Романовский Г.Б. Право на неприкосновенность частной жизни. – М., 2001. – 309 с. // Интернет ресурс – http://law. ru/script/cntsource.asp?cntID=100088879
  9. Петрухин И. Л. Личные тайны (человек и власть). – М., 1998. – 232 с // Интернет ресурс – http://www.lawlibrary.ru/ izdaniehtml
  10. Жетписов С.К. Институт неприкосновенности частной жизни: пределы и ограничения // Экономика и права Казахстана. – Алматы, 2006 – № 20. – С. 52-55.
  11. Прецеденты Европейского Суда по правам человека. Руководящие принципы судебной практики, относящейся к Европейской конвенции о защите прав человека и основных свобод. Судебная практика с 1960 по 2002 г. – СПб.: Издательство «Юридический центр Пресс», 2004.-1072 с. // Интернет ресурс: http: // lawinstitut.wordpress.com.
  12. Түсіндірме сөздік // Интернет ресурс: http://mtdi.kz/tusindirme -sozdik
  13. Захаренко Е. Н., Комарова Л. Н., Нечаева И.В. Новый словарь иностранных слов: свыше 25 000 слов и словосочетаний. – М.: ООО ИФ «Азбуковник», 2008. – 1040 с.
  14. Жатканбаева А.Е. Правовые аспекты информационной безопасности в Республике Казахстан. – Алматы: Министерство образования и науки РК, 2009. – 304 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.