Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Криминалистік ситуалогияның объектілері

Адамның кез келген қызмет аясында объективті түрде қалыптасатын фактілі мəліметтердің жиынтығы ситуацияны құрайды. Олар себепті, мақсатты байланыста болып, уақыты, кеңістігі жағынан өзара қатынаста болады. «Ситуация» термині қатынастарды, жағдайды қалыптастыратын шарттар мен мəн-жайлардың жиынтығы [1, 100]. Ситуация – бұл субъектінің жағдайға баға беріп оптималды шешім қабылдау мүмкіндігі. Таным тұрғысынан айтатын болсақ, ситуация – бұл белгілі уақыт кескініндегі барлық компоненттерден тұратын жағдай деп айтсақ болады.

Барлық ситуациялардың маңызды белгісі бар – бұл нақтылық, яғни нақты анықталынған уақыт кеңістік шеңберінде жағдайлардың туындауы. Мұндай ситуациялар қысқа уақытты жəне ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ситуациялар өмірде қайталанып отырады, бірақ олардың жекелігін ұмытпау қажет. Ситуациялардың толық қайталануы болса да, олар уақыты жағынан қайталанбайды. Ситуацияның жалпы негізгі белгілері ғана сəйкес келуі мүмкін. Субъект ситуцияның негізгі мəн- жайларын қабылдап есінде сақтайды жəне жаңадан туындаған ұқсас, бір типтес ситуацияларды қабылдауға өз əсерін тигізеді.

Криминалистік ситуалогияның объектілеріне криминалистикамен зерттелетін барлық ситуацияларды, яғни қылмыстық істерді қозғау, тергеу жəне қарастыру кезінде пайда болатын ситуациялар жатады.

Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • «Қылмыс» жүйесінің барлық ситуациялары – криминалды ситуациялар. Қылмыстық əрекеттердің əр қилы көрініс табуы;
  • Қылмыстық іс жүргізу жəне жедел- іздестіру қызметінің ситуациялары;
  • Криминалистика ғылымындағы ситуациялар [2, 54].

Бұл ситуацияларды олардың даму генезисінде зерттеп, сəйкес қалыптасу кезеңдері мен сатыларына көңіл бөлу қажет.

Енді криминалистикалық ситуацияларға тоқтала кетейік. Оларды жүйелесек: қылмысты алдын ала дайындап, оқталып жəне іздерін жасырудағы криминалды немесе қылмыстық əрекеттердегі ситуациялар; екінші ситуацияға қылмыстылықпен күрес тəжірибесіндегі ситуациялар жатады. Олар тергеу барысындағы жəне сотта істерді қарау кезеңдерінде пайда болатын ситуациялар.   Яғни, тергеулік, сараптамалық, жедел-іздестірушілік жəне соттық ситуациялар. Үшіншісі: криминалистика ғылымының ситуациялары. Криминалистика ғылымының басты зерттеу объектісіне криминалды əрекеттер жатады, қылмыстық оқиғаны зерттеп, іс бойынша таным процесінің нəтижесінде ақиқатқа қол жеткіземіз. Тəжірибедегі қылмыстық оқиғаларға дер кезінде талдау жасап, зерттеп ғалымдар теориялық зерделеуден өткізіп криминалистік ұсыныстарын енгізіп жатады.

Осы ситуациялардың ішінде көңіл бөліп кететініміз криминалды ситуациялар. Қылмыстық əрекеттердің жасалу сатысына, уақытына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: а) қылмыстың жасалуына ықпалын тигізетін, қылмыс алдындағы ситуация; б) қылмыс жасаудың ситуациясы; в) қылмыс жасалғаннан кейінгі ситуация. Нақты қылмысқа қатысы бар белгілі бір ситуация қалыптасқан жағдайда оны шешу үшін мына төмендегі топтарын бөліп қарастыруға болады:

  • Қылмыскерлердің алдын- ала белгілі бір ситуацияны қалыптастыру.
  • Өздерінің белгілі бір ниетінсіз ситуация құруы (өздерінің қатты мас күйінде болуы).
  • Қылмыскердің құқық бұзушылық жəне моральға жат əрекеттер қалыптасуы жағдайындағы ситуация.
  • Жəбірленушілердің виктимологиялық жүріс- тұрыс нəтижесінде қалыптасқан ситуация.
  • Болашақ жəбірленушілер мен үшінші тұлғалардың жеңілтек, алдын- ала қарастырылмаған мінез- құлқының нəтижесінде пайда болған ситуация.
  • Тұлғалардың қолайсыз өмірдің жағдайы мен қызметінде болуы.
  • Қылмыскер тұлғаның белгілі бір экстремалдық жағдайда болуы нəтижесінде ауруға, шаршап, қолайсыз метеорологиялық жағдайға əсері болған ситуация.

Жеке криминалдық ситуация дегеніміз – бұл субъектінің қылмыстық пиғылының іс жүзіне асуындағы қалыптасқан жағдай мен шарттардың жүйесі деп түсінеміз.

Криминалдық ситуацияларда қылмыскер белгілі бір қылмыстық нəтижеге жету үшін бағытталған əрекеттер жасайды. Криминалды ситуацияның қалыптасу процесіне ішкі мазмұны жағынан талдау жасап көрейік. Ең алдымен, субъектінің еркінен тыс қоршаған ортадағы объектілер қылмыстық əрекеттің элементіне айналып жатады. Келесі бөліктері қылмыскердің қылмыс жасауға дайындық, қылмыс жасау жəне оны жабу жағдайында пайдаланғаннан кейін криминалды ситуацияға айналады. Яғни, əрбір қылмыстық əрекеттің элементі өзінің ішкі құрамымен анықталған функцияларды орындауынан байқалады. Осылайша қылмыстық əрекеттің шеңберін анықтау барысында сандық жəне сапалық факторлар көрсетілген объектілер, құбылыстар мен процестерді бейнелейді. Осыдан келіп кез келген қылмыстық əрекеттің құрылымында кез келген жеке элемент нақты криминалдық ситуацияда іске қосылған. Қылмыс жасалғаннан кейінгі ситуация.

Посткриминалдық ситуацияларда қылмыс жасағаннан кейінгі оқиғалар дамиды. Мұндай ситуацияларға біз қылмыстың іздерін жою мен жасыру немесе кез келген тəсілдерден субъектінің қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруын айтамыз. Кейде посткриминалдық ситуацияларда қылмыскер: іс бойынша тергеуге қызығушылық танытып; қылмыстық жолмен табылған мүлікті қолданып немесе сатып; қылмыстық оқиға бойынша хабардар екенін беделін көтеру мақсатында өзін- өзі бақылап, ұстай алмайды.

Басқа посткриминалдық ситуацияларда қылмыскер қылмысты жазатайым оқиғаға айналдырып, оқиға болған жердегі іздерді жойып, қылмыстық əрекет болған жерді өзгертеді. Сондықтан мұндай жағдайларда тергеушінің тергеліп жатқан оқиғаның ақпараттық үлгісін құру арқылы көп жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізу аясын үлгілеу маңызды орын алады. Криминалдық ситуацияларды посткриминалдық ситуация аяқтап, кезекті криминалдық емес, қарапайым өмірлік ситуацияда қалады. Осылайша қылмыс жасаған субъектінің ауқымында криминалдық ситуацияны материалдық жəне əлеуметтік- психологиялық шарттың жиынтығы негізінде қарастыруды анықтауға болады. Қылмыстық істермен танысу барысында криминалдық қызмет элементтерінің өзара əрекеттестігі негізінде криминалдық ситуацияның қалыптасқанын байқаймыз.  Теорияда ол жүйенің сапасы ретінде ұсынылған субъект, объект, іс жүргізу, қалыптасқан жағдай, құралдар, мақсат жəне қылмыстық қызметтің нəтижесі сияқты элементтерді қамтыды [3, 1-4]. Осылайша кез келген криминалдық ситуацияның құрылымдық құрамы: субъект, қылмыс объектісі жəне қылмыстық оқиғаға өзге қатысушылар, ситуацияның қызметтік тарабы деген компоненттерден тұрады.

Оларды зерттеу мақсатына байланысты бұл элементтерді белгілі бір топқа жинақтап, криминалдық ситуацияны мына төмендегідей:

а) қылмыстың уақыты, орны, қатысушылар тобы мен куəлердің анықтайтын мəн- жайларын таратпау; б) қылмыскердің əрекетіне əсер ететін адамдардың, заттардың қасиеттері.

Криминалдық ситуацияларда қылмыс жасалған орын мен уақыт параметрлері ерекше орын алады. Криминалдық ситуациялардың бірде- бір элементі кеңістік- уақыттық координатсыз болуы мүмкін емес. Қылмыс жасалған орын мен уақыт екі рөлді атқарады: 1) басқаларымен бірге криминалдық ситуацияның элементі болып табылса; 2) барлық элементтерді белгілі бір жағдайға біріктірудің бастамасы болып табылады.

Қылмыстық іс бойынша дəлелдеу процесі қылмыскердің əрекетімен жасалған уақытты  анықтауға мүмкіндік береді. Осыдан біз анықтағандай, криминалистикалық құрамның негізгі жіктелуіне жоғарыда аталған уақытты жатқызуға болады. Криминалдық ситуацияларды уақыт параметрлері бойынша уақыт интервалының аралығын көп немесе аз түрде дифференциациялау арқылы жасауға болады. Осылайша криминалдық ситуацияларды бір сəттік, жалғаспалы, созылған болып бөлуге болады. Құрылыстық күрделігі бойынша уақытша интервалды: жай (бір кезеңдік), күрделі (көп кезеңдік) қылып бөлуге болады.

Қылмыс субъектісі - қылмыстық əрекеттің толық, түрлі өзіндік қасиеттері мен сапасын көрсетуші криминалдық ситуацияның белсенді қатысушысы ретінде танылып, осы ситуацияны анықтағанда өз əсерін тигізеді. Қылмыскер туралы, əсіресе, оқиға боған жерден жасырынып қалған қылмыскер туралы ақпарат алу, көп жағдайда қылмысты ашуға маңызы бар жəне оны іздестіру мақсаты мен тергеушінің өзіне қажетті тактикасын пайдалануға мүмкіндік береді. Дегенмен қылмыстың iске асыруы тағы да дейiн тұлғаның қауiп- қатерi қалыптасады. Нақты криминалды ахуалдар сондықтан тап зерттеуде осы ахуал айқындалған адамдар қасиет ғана емес, оның əлеуметтiк жəне психикалық сызықтары, басқа қасиеттер жəне əлеуметтiк қатынастардың қатысушысы ретiнде тұлғаның сапаларының барлық мүмкiншiлiгi есепке алуы керек.

Қылмыскердің қылмыстық мінез- құлқын қабылдау туралы шешіміне сəйкес, ол қылмысты жасаудың ситуациясын болжап, өзінің болашақ əрекетін алдын- ала моделдеп, қылмысты жасау тəсілін, іздерді жасыруды алдын- ала шешіп, соған дайындық жасайды. Алайда қылмыскерлердің көпшілігі, қылмыс жасауға бел буғанда барлық ситуацияларда бұл критерийлерді бағалай бермейді.

Сонымен криминалистік ситуалогияның негізгі объектілерін қарастырып өттік. Қылмысты ашу мен тергеу шеңберінде дəлелдеу субъектілерінің қалыптасқан ситуацияны дəлме- дəл, толық қабылдап, оған дұрыс баға беруімен тергеудің нəтижесі тікелей байланысты. Сондықтан қылмыс аясында пайда болған ситуацияға қатысты теориялық зерттеулер криминалистика ғылымында өз орнын табуда.

 

Әдебиеттер

  1.  .Словарь русского языка: В 4 т. / Под ред. А.П.Евгеньевой. Изд. 3-е стереотип. М., 1988. Т. 4. – 680с.
  2. .Волчецкая Т.С. Криминалистическая ситуалогия: Монография. / Под ред. проф. Н.П. Яблокова. Москва; Калинингр. ун-т. - Калининград, - 248 с.
  3. .Образцов В.А. Криминалистическая интерпретация понятия “деятельность” // Тезисы доклада на криминалистическом семинаре в Институте прокуратуры СССР. М., 1982. С. 1-4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.