Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстылықпен күресуді үйлестірудегі бақ қызметі

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап құқықтық  мемлекет ретінде дамып, азаматтық қоғам институттары одан әрі қолдауға ие болып келеді. Елбасының әрбір халыққа жолдауы мен сөз сөйлеулерінде мемлекеттік дамудың тұрақтылығының негізі болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заңның үстемдігін орнату мәселелерімен негізделген [1]. Оларда қылмыстық саясаттың барлық бағыттарының демократизацияланып, тиісінше ондағы ақпараттардың ашықтығы мен тұнықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Құқықтық саясатты ұйымдастыру деңгейіне қарап қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың мүдделерін қорғау қабілеті бағаланады. Ал халықтың қатысуынсыз қылмыстылықтың алдын алуда жоғары нәтиежелерге қол жеткізу мүмкін емес.

Демократиялық, құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ қылмыстылықтың алдын алу саласындағы қызметтерін сынаудың заңи шектерін анықтау, қоғамдық өмірдің мәселелерін халықтың қатысуымен шешу, мемлекеттік органдардың, БАҚ, және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін жандандыру да өте маңызды.

БҰҰ –ның экономикалық және әлеуметтік даму департаментінің рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы «Электрондық Үкімет» (Е-Government) бағдарламасы 2010 жылы ТМД көлемінде ең үздік деп танылды [2]. Бұл мәреде Қазақстан 46 орында, Украина – 54, РФ-59, Беларусь-64 орынды иеленген. Алғашқы бес орындардағы е-көшбасшылар: Корея, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Нидерланды.

ICT-Marketing зерттеу компаниясының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында 2009 жылдың қорытындысы бойынша Интернетті пайдаланушылардың саны - 3, 16 млн. құрады, ол жалпы халықтың - 19, 8% құрайды. Бір жылдың ішінде Интернеттік аудитория саны 30% астамға артты. Сонымен қатар, 2010 жылдың 22 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару мекемелерінде ондағы жазасын атқарушыларға интернетте жұмыс жасауға мүмкіндік берілді, яғни жазасын өтеушлердің ақпараттық кеңістікті пайдалануға мүмкіндіктері артты. Бұл өз кезегінде сотталғандардың құқықтық сауатын арттыруға, әлемдік ақпарат жүйесіне енуге кең мүмкіндіктер береді.

Елімізде қылмыстылықты ескерту мен күресу жүйесінде жасалып жатқан түбегейлі өзгерістерге қарамастан қылмыстылық деңгейі әлі де асқақтап, ал криминогендік ахуал әлі де болса онымен күресудегі шаралар кешенін күшейтуді талап етіп отыр. Айталық, қылмыстылық саны 2005 жылы – 146 347 болса, 2006 жылы – 141 271, 2007 жылы – 128 064, 2008 жылы – 127 478, 2009 жылы – 121 Қылмыстылық деңгейінің шыңырау шегі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, яғни 1993 жылға келеді, ол жылы қылмыстардың саны 206 000 дейін жеткен болатын. Қылмыстылық деңгейі, әсіресе Алматы қ., Шығыс-Қазақстан облысы мен Қарағанды облыстарында жоғары. Қылмыстардың латенттілік деңгейіне байланысты ресми қылмыстық статистика жасалған барлық қылмыстарды көрсете бермейтіндігін ескерген жөн. Сонымен қатар, бұл статистикалық нәтижелердің құқық қорғау органдарының қызметінің негізгі көрсеткіштері ретінде бағаланатындығын және оларды өздері түзетіндіктерін де естен шығармаған абзал деп ойлаймыз.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерден көріп отырғанымыздай қылмыстардың жалпы саны соңғы жылдарда азайғанымен, оның сапалық көрсеткіштері, яғни ауыр және аса ауыр қылмыстар деңгейі өршіп тұрғандығын байқауға болады. Айуандықпен адам өлтіру, аса қатыгездікпен жасалған зорлық қылмыстарының, нәпсіқұмарлық сипаттағы қылмыстардың саны артып, қылмыстарды жасаудың кәсібилігі мен ұйымдасқан нысандарының көбеюі, сыбайластық сипат алуы халықты алаңдатпай қоймайтындығы белгілі. Қылмыстардың жасалу жағдайы мен тәсілдерін теледидар мен радиохабарлар күнделікті көрермендер мен тыңдармандарға жеткізіп отыр.

Бүгінде адамдардың күнделікті өмірінде бұқаралық ақпараттар құралдары (газет, журнал, теле- радио кешен және т.б.) зор маңызға ие, өйткені ол қоғамда өз орынын табуға және бекінуге, қажетті ақпараттарды алуға, әлеуметтік байланыстарды жасауға және дамытуға көмегін тигізеді, мінез-құлық бағытын анықтауға әсер етеді, жеке тұлғаның кәсіби және өзге де жеке қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді. Алайда, бұқаралық ақпараттар құралдары – бұл адамдардың санасына үлкен әсер ететін мықты құрал, екіжақты қару, сөз бостандығын теріс пайдалануға жол берілсе, келеңсіз салдарға соқтырады: қоғамдық сананы бұқаралық ақпарат кімнің қолында болса, солардың мүддесіне пайдалану, қоғамның көптеген бөлігіне жалған ұнамдылық, құндылық бағыттарын беру, қажетсіз дау-дамай шығару, немесе керісінше, қандай да бір құбылысқа қатысты үрей туғызу. Сондықтан қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тек моралдық қағидаларға емес,  құқықтық қағидаларға негізделген хал-ахуалды туғызу өте маңызды. Бұл ереженің, яғни бұқаралық ақпарат құралдарында қылмыстар туралы ақпараттарды жариялаудың салдары, ондағы қоғамдық ұйымдар қызметі маңызды зерттеуді талап етіп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамға қарсы құбылыстың қыр-сырларын қалай объективті жариялағанына, өзектілігін, жеткізу тәсілдерін анықтағанына байланысты қылмыстылықпен күресудің тиімділігі, Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының бағыттарының жүзеге асуы тікелей тәуелді болады.

Аталмыш мәселенің өзектілігі қазіргі замануи техниканың қарыштап дамуының арқасында пайда болған әлемдік «өрмекші торы» – интернеттің жекелеген сайттарындағы аяусыздықты, қантөгісті, зорлық-зомбылықты, анайы тәрбиені насихаттайтын жолдарды ескертумен де өте маңызды. Бұл көрсетілімдер оны қабылдаушы көрермен, тыңдаушы, оқырман, компьютерді пайдаланушы нақты қылмысты жасаудың барлық қыр-сырлары, тәсілдері, оны жасырудың жолдары туралы көрнекті ақпар алып, жол көрсетуге ие болады. Ал бұл үдеріс өз кезегінде қоғамдағы криминогенді ахуалды одан да ушықтыратындығы хақ.

Профессорлар В.Н. Бурлаков пен Б.В. Волженкиндердің пайымдауынша,  қылмыстылықтың алдын алу стратегиясын қылмыстылықтың даму болашағын, жалпы криминологиялық ахуалды бағалауға басқарушылық мүмкіндік беретін және қылмыстылықпен күресудің стратегиялық мақсаттарына жетудің бағыттары, тәсілдері мен шараларын қамтитын криминологиялық категория ретінде анықталады [3, 497 б.].

Қылмыстылықпен күресудің ең маңызды мазмұнды компоненттері, яғни қылмыстылықпен стратегиялық басқарудың мазмұнын құрайды:

  • Қылмыстылықпен күресудегі превентивті стратегияны негіздеу;
  • Стратегиялық басқаруды нормативтік реттеу;
  • Қылмыстылықпен күресудің стратегиясының, сонымен қатар қылмыстылықтың алдын алу стратегиясының аймақтық сипаты;
  • Қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған ресурстарды интеграциялаудың қажеттігін сезіну және әлеуметтік басқару субъектілерінің іс-әрекеттерін үйлестіру.

Криминологиялық қызметті үйлестірудегі бағыттар:

  • Аналитикалық қызмет;
  • Кеңесу-сараптамалық қызмет;
  • Бақылау қызметі;
  • Болжау қызметі;
  • Криминологиялық мониторинг – криминологиялық ақпараттарға негізделген қызмет.

2001 жылдың 18 мамырында Алматы қаласында егеменді Қазақстанда бұрын-соңды болмаған қанды  оқиға  орын  алған  болатын.  Сол  күні  таңғы  08-25  минутта  Фурманов  көшесінің  бойында

«Газель»және «Чероки» машиналарынан жауған оқтардың әсерінен (операция бар-жоғы 9 минут қана уақытты алған) «ТұранӘлем» банкінің 1 инкоссаторы қайтыс болып, 2 инкоссаторы ауыр жарақаттанады. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша шабуылдаушылардың әрекеттерінің салдарынан 17 665 000 теңге және 196 000 доллар қолды болады. Сол уақыттағы Алматы қалалық ішкі істер басқармасының басшыларының (генерал Қ. Қасымов, министр орынбасары генерал В. Симачев) топшылауынша, бұл мұздай қаруланған, алдын ала дайындалған кәсіпқой кәнігі қылмыскерлердің ғана қолынан келетін залым іс еді [4, 26 б.]. Бұл қанды оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында берілген мәліметтер арқылы көпшілік арасында үлкен пікір тудырып, бұқаралық ақпарат құралдарында қылмыскер туралы нақты шынайы деректер берген адамға – 2 млн доллар., ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін (жедел-тергеу тоыбна) – қылмыскерлерді ұстап бергені үшін 5 млн. теңге, сондай-ақ қайтарылған табыстың 5 % беруге уәде берілді. Бұқаралық ақпараттар құралдарында берілген қылмыскерлердің түр-тұлғасы, сыртқы белгілері  арқылы және ішкі істер қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің бірлесе қимылдауының арқасында 2 тәулікте сезіктілер анықталып, 1 аптаның ішінде қылмыстық іс толығымен ашылды.

Банк ішінде ақапарат берген адамдар анықталып, осы қылмыстың нәтижесінде техникалық қауіпсіздік күшейтіліп, инкассаторлардың қарулары нығайтылды.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, келесідей қорытындылар жасауға болады:

  1. Қазақстан Республикасында қылмыстылықтың алдын алу саласында жүргізіліп жатқан реормалардың түпкі мақсаттары: заң құжаттарында гуманизм мен демократияның талаптарын берік сақтау, жеке азаматтардың, әлеуметтік топтар мен бүкіл қоғамдастықтың мүдделерін барынша қорғау мен қолдауға, қылмыстылықпен күресу жүйесінде – қылмыстылықтың алдын алуды негізгі генерациялық бағыт ретінде қалыптастыруға, БАҚ-та қылмыстылық және онымен күресу жағдайы туралы толық әрі ашық ақпараттарды таратуға жағдай жасалған. Бұл жағдайды қалыптастыруға жеке адамдардың азаматтық белсенділігін жоғарылатуда маңызды фактор болып табылатын құқықтық ақпараттанғандық (құлақтанғандық), БАҚ-та жеке адамдардың бостандықтарын жүзеге асыруда құқықтық қамтамасыз ету, тәуелсіз БАҚ пен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың белсенді  қызметі өз септігін тигізеді.
  2. Қылмыстылықтың алдын алудың тиімділігі онымен реактивті-репрессивтік тәсілмен емес, қылмыстардың жасалу себептер кешенін анықтап, олардың алдын алуға негізделген мүдделі түрде мемлекет негізгі басым позицияны сақтау жолымен қоғамдық ұйымдар мен БАҚ, жекелеген азаматтардың құқықтық белсенділігін кешенді түрде арттыру механизмін іске қосқан жағдайда ғана артады.
  3. Қазақстанда өз мазмұны бойынша БАҚ азаматтық қоғамның ең маңызды демократиялық институты болып табылуына барлық мүмкіндіктері бар. Қылмыстылықты ескертудегі басқару үдерісіне демократиялық жолмен азматтардың, қоғамдық ұйымдардың тікелей қатысуын өз ойларын ашық білдіру арқылы қамтамасыз ете отырып, БАҚ азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттегі маңызды қызметті атқарады. БАҚ әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында еркін айтылған азаматтардың ой-пікірлерін сыни көзқараспен жинақтаған қосымша гуманистік бағыт бере отырып, әлеуметтік-саяси шешімдерді дайындау мен оларды өмірде қолдану механизмін байытады.
  4. Қазақстан Республикасында соңғы уақыттарда қалыптасқан ақпараттық нарық ақпараттардың еркіндігін біршама шектейді, себебі БАҚ иелері ақпаратты қоғамдық құндылық ретінде емес, барынша қымбатқа сатып, мол пайдаға кенелуге болатын тауарға айналдырып отыр. Қазіргі уақытта жұмыс жасайтын БАҚ монополизация жағдайында отыр деуге болады, себебі белгілі бір капиталистік, қаржылық-өндірістік топтардың қолына өздерінің экономикалық және саяси мақсаттарына қызмет ететін теле-радиоканалдар, радиоканаладар мен  мерзімді басылым баспаханалары шоғырланып, соларға қызмет   етеді.

«Ақпараттық қауіпсіздікті» немесе басқа себептерді желеу етіп, ақиқатты бүркемелеп, көптеген материалдарды бұрмалауға жол берілу қаупі әлі де жоқ емес.

 

Әдебиеттер

  1. Н.Ә. Назарбаев. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық серпіліс – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. //29.01.2010 ж. «Қазақстан-2030» Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, Юрист, 2006. -112 б. //ҚР 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы ҚР Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығы.//ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР судьяларының V съезіндегі сөйлеген сөзі. Астана, 11.2009.
  2. Антончева С. «Высокая скорость, широкий охват. Разработка «электронного правительства» в Казахстане официально признана лучшей на пространстве СНГ (2010 год)». expert.ru
  3. «Современные проблемы и стратегия борьбы с преступностью» науч. ред. В.Н. Бурлаков, Б.В. Волженкин – СПб: Изд.дом СПб-го университета, Изд-во юрид.фак СПб гос. Университета, 2005, -592 с.
  4. Айсберг Марк. «Карты, деньги, четыре ствола». Газета «Вечерний Алматы» №79 (1128), 2010. с.26.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.