Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауылшаруашылық техникасының айдап кету қылмысының заты ретінде танылуының қылмыстық құқықтық проблемалары

Қылмыстың заты қылмыстық құқық ғылымындағы өз алдына бөлек көптеген аспектіге ие күрделі проблемалық сұрақтардың бірі. Егер бір авторлар қылмыстың объектісінде қылмыстың затын ажыратуға аса көңіл бөлсе, басқалар тіпті қылмыстың құрамында əлдебір затты ажыратуға үзілді кесілді қарсы болды. Солай егер Н.И.Загродниковтың ойы бойынша қылмыстың затының тек теориялық қана емес, сонымен қатар тəжірибелік те маңызы зор, қылмыстың объектісі мен қылмыстың заты бір құбылыс емес, олар бір бірінен міндетті түрде ажыратуылуы тиіс, осыған сəйкес қылмыстың объектісі мен заты бірігіп кетпей, үнемі өзара біртұтас құбылыс пен оның құрамдас бөлігі ретінде ара қатынасқа түспі отырады [1]. А.А.Пионтковский болса қылмыстың заты түсінігін - қылмыстың объектісінің дұрыс емес атау деп қарастырды. «Қылмыстың затын зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстар қандай да болсын тəжірибелік мəні жоқ, тіпті бұл зерттеулер зиянды, себебі кеңестік қылмыстық құқықтық əдебиетте орын алған қылмыстың объектісі жəне затын ажыратуға деген əуесқойлық, өзінің зиянды салдары ретінде социалистік құқықтағы қылмыстық  объектісі жайлы ілімнің шынымен маңызды сұрақтарының шетте қалып қоюына əкеліп соқты [2]ң, - деп көрсетті А.А. Пионтковский өзінің осы мəселеге қатысты еңбектерінде.

Қылмыс құрамына қатысты жүргізілген кейінгі зерттеулердің нəтижелері, қылмыс затының көрнекті болмаса да, қажетті элемент ретінде барлық қылмыс құрамдарында міндетті түрде орын алатындығын көрсетті. Қылмыстың затыныңы түсінігі жайлы қазіргі кездегі орын алып отырған көзқарастардың сан аулындығына қарамастан, олардың барлығын үш ұқсас топқа бөлуге болады. Солай авторлардың бір тобының пікірлері бойынша қылмыстың заты бұл қылмыстың объектісінен мүлдем тыс құбылыс. Екінші авторлардың пайымдауына сəйкес керісінше қылмыстың объектісі мен қылмыстың заты бұл біртұтас өзара ажыратылмайтын түсініктер жəне бір құбылыс. Авторлардың үшінші тобы жоғарыда көрсетілген көзқарастарға ұқсас, яғни аралық көзқарасты ұстануда. Яғни олардың ойы бойынша қылмыстың заты қылмыстың объектісінің құрамдас элементі болғанның өзінде де, оның жеке дербестігі жоққа шығарылмауы тиіс. Соңғы көрсетілген көзқарас қазіргі кезде басым жəне біздің оймызша ең дұрыс болып табылады.

Көріп отырғанымыздай, қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың заты жайлы мəселе кең дисскуссиялық  талқылауды  қажет  ететін  проблемалардың  бірі.  Бірақ  қылмыстың  затын   арнайы зерттеумен ғалымдардың аз ғана тобы айналысқандығы белгілі. Осымен қоса қылмыстың затын зерттеу барысында туған дискуссиялар басым жағдайларда, қылмыстың затын қылмыстың объектісінен бөлу жайлы мəселенің төңірегінде ғана кеңірек өрбігендігін көрсетуіміз тиіс.

Ал ҚР ҚК 185 бабында көзделген қылмыстың затына келсек, оның негізгі белгілері жəне ерекшеліктері заңи əдебиетте толыққанды зерттеліп, көрсетілген жоқ. Біздің ойымызша авторлар көлік құралының анықтамасымен, оның қылмыстық құқықтық сипатын анықтаумен ғана шектеліп, оның өзіне ғана тəн айрықша белгілерін көрсеткен жоқ.

Бірақ қылмыс затының, қылмыс құрамының дербес құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық қауіпсіздік жəне меншік қатынастарына зиян келтіру механизмінде, сондай ақ ҚК 185 бабында көзделген қылмыстық əрекеттің объектісін анықтауда, осы қылмыс құрамын саралау кезінде аса маңызды теориялық жəне тəжірибелік маңызға ие. Біздің бұл тұжырымды негіздейік.

Ең алдымен, қылмыстың затын зерттеп, анықтау, көлік құралына заңсыз қол сұғушылықтың объектісінің мəнін анықтап, нақтылауға көмектеседі.

Теориялық категория ретінде, қылмыс затының, қылмыстық жауапкершіліктің негіздеріне, қылмыстық əрекеттің саралануына, қылмыстарды тергеуге белгілі дəрежеде ықпал ететін дербес қылмыстық құқықтық мəнге ие бірқатар ерекшеліктері мен белгілері бар. Мысалға айдап кетудің затының түрі, маркасы, түсі, шығарылған уақыты, жүріп өткен жолы жəне т.б. белгілері тергеу органдарының қызметкерлеріне айдап кетудің мақсаты, қылмыскерлердің кəсіби дəрежесі, қасақаналық жəне т.б. туралы нақты мағлұмат бере алады.

Яғни қылмыстың заты дегеніміз бұл – оған субъект əсер ете отырып қоғамдық қатынастарды өзгертіп, осы əрекетімен қоғамға зиян келтіретін, қол сұғылып отырған қоғамдық қатынастардың (қылмыстың объектісінің) құрамдас бөлігі. Басқа сөзбен айтқанда, оған субъект əсер етіп, қоғамдық қатынастарды өзгертетін жəне қоғамдық қатынастар көрінісін табатын материалдық объектіні қылмыстың заты деп тануға болады [ІІІ].

Айдап кетудің затына, яғни көлік құралына əсер ету, осы əсер етудің түрі, қылмыстың затын өзгеріске ұшырату (жою, сырт келбетін өзгерту, бөлшектеу), басқа да белгілерімен қатар көп жағдайларда қылмыстың сипаты, оның қоғамдық қауіпсіздігінің дəрежесін анықтауға мүмкіндік бере алатындығы да сөзсіз.

Осылармен қатар қылмыстың заты қылмыстық əрекетті дұрыс саралау үшін де аса үлкен маңызға ие екендігін атап көрсету қажет. Қылмыстың затының материалдық жəне əлеуметтік қасиеттері көп жағдайда, ұқсас қылмыс құрамдарын ажыратудың жəне қылмыстық əрекеттерді қылмыстық емес əрекеттерден айырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Солай трактор мен троллейбусты ұрлау мақсатымен айдап кету фактілері өте сирек кездесетіндігі, ал автомобильге деген қылмыстық қол сұғушылықтардың басым көпшілік жағдайларда оларды иелену үшін жасалатындығы белгілі. Қылмыстардың саралануына осылармен қатар қылмыс затының қасиеттері де ықпал етуі мүмкін. Қылмыс затының қасиеттерін білу бізге қылмыстық қол сұғышылықта ұрлау ниетінің бар жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді, мысалға мүлдем бөтен адамның киімін кие тұрамын деп алуға болмайды, бұл əрекеттің ұрлық деп саналатындығы белгілі, осы сияқты, кəдімгі грейдерді оның техникалық қасиеттеріне (оның жылдамдығы, тек арнайы мақсаттар үшін ғана қолданылатындығы) байланысты айдап кету фактілері өте сирек.

Сонымен ҚК 185 бабын талдау нəтижесінде, заңда осы қылмыс құрамының затының нақты айқындалып, көрсетілмегендігін анықтауға болады. Қылмыстың затын сипаттаудың осындай əдісін, айдап кетудің заты бола алатын көлік құралдарының толық шеңберін көрсетудің мүмкін еместігімен түсіндірсек те болады. Бірақ қылмыстың затыңын осылай нақты айқындалмауы көптеген қылмыстық құқықтық қарама қайшылықтарға алып келуі мүмкін кендігін де ескеру қажеттілігін ұмытпау керек. Қылмыстық заңға берліген түсіндірмелерден біз ҚК 185 бабының диспозициясында көрсетілген автомобильден өзге басқа да көлік құралдары ретінде сондай ақ троллейбустар, трамвайлар, тракторлар, мотоциклдер жəне басқа да өздігінен жүретін машиналар (мысалға грейдерлер) қарастырылатындығын түсінуге болады [ІV].

Осы жердегі проблемалық сұрақтардың бірі біздің ойымызша ол ауылшарушылық техникасының айдап кету қылмысының заты болып танылуы.

Ең алдымен ауылшарушылық техникасы жəне ауылшарушылық машиналары деген түсініктері деген түсініктерге тоқтап оларды ажыратып алайық. Ауылшарушылық машиналарына арналған əдебиетте ауылшаруашылық техникасы мобилді, стационарлық жəне қозғалмалы деп бірнеше топқа бөлінген [V]. Мобильді машиналар деп– жұмыс үрдісі қозғалыс кезінде өтетін  машиналарды айтамыз. Олар өңделетін аумақ бойынша қозғалып жұмыс істейді. Стационарлық машиналар бір жерде орналасып, өңделетін затттар оларға жеткізіліп береді. Қозғалмалы машиналар өз кезегінде дөңгелектермен жабдықталып, оларды бір орыннан екінші орынға қозғалтып отырады.

Мобильді машиналар тіркелмелі, жартылай аспалы, аспалы, жəне өздігінен қозғалатын болып бөлінген. Өздігінен қозғалатын машиналардың қозғалтқышы, трансмиссиясы, кабинасы жəне  басқа да бөлшектері бар. Өздігінен қозғалатын мобильді машиналарға көп жағдайда  комбайндар жəне басқа орып, өңдеуші машиналар жатқызылады.

Аталған ауылшарушылық машиналардан бөлек ауылшарушылық техникасы түсінігіне трактор жəне автокөлік құралдары кіргізілгені дұрыс деп санаймыз. Яғни біздің ойымызша ауылшарушылық техникасы түсінігі, ауылшаруашылық машиналары түсінігінен біршама кең түсінік. Себебі ауылшаруашылық машиналары өзіне ғана тəн қасиеттерге ие жəне тек арнайы мақсатқа қолданалатын болса, өз кезегінде тракторлар мен ауылшарушылығында қолданылатын автокөлік құралдары бұл топқа кірмей, бірақ ауылшарушылық техникасы түсінігімен толық қамтылады.

Жол жүру ережелеріне бойынша көлік құралы – бұл жолдар арқылы адамдардың, жүктер мен т.б. тасуға арналған құрал.

Көрсетілген ережелерде көлік құралдары төмендегідей бөлінген: 1.Двигателі бар: а) механикалық, б) мопедтер;

  1. Двигателі жоқ: а) велосипедтер, б) прицептер;

Көлік арба көлігі бұл тізімде бөлек орынға ие. Көлік арба көлігіне қатысты еліміздің қылмыстық заңында «жылқыны заңсыз иеленуң атты норманы бекітуге деген сəтсіз талпыныс болғандығын көрсету керек. Бірақ Жаңа кодекстің 185 бабында хайуанаттар жайлы айтылмаған. Осы мəселеге байланысты Ю.А. Панованың «көлік арба-көлігі қарастырылып отырған қылмыстың заты болып қарастырыла алмайдың [VІ], - деген ойының орынды екендігін көрсетіп кеткендігіміз жөн.

Көлік құралының жеке өзінің автономды қозғалуға деген қабілеттілігі, яғни көлік құралында ішкі жану немесе электрлік қозғалтқыш болуы керек. Қозғалтқышы жоқ көлік құралдары механикалық болып таныла алмайды.

Жол жүру ережелерінде нақты анықтама болмаса да, оның нормаларын логикалық саралау нəтижесінде механикалық көлік құралының қозғалтқышы белгілі талаптарға сай болуы қажет екендігін көреміз. Оларға сəйкес қозғалтқыштың көлемі 50 см3 жəне жылдамдығы 50 км/шақ. кем болмауы керек. Яғни жол жүру ережелерінің нормаларына сүйенсек, оларда көрсетілген талаптарға сай бола алмайтын көлік құралдары айдап кету қылмысының заты бола алмайды.

Бірақ, біздің ойымызша, аталған көрсеткіштерге сай бола алмайтын көлік құралдары механикалық көлік құралдарына жатқызыла алмайды деген көзқарас даулы. Əсіресе бұл тұжырым жылдамдық көрсеткіштеріне қатысты. Айдалып кеткен мотоцикл немесе автомобиль 100 шақ/сағ жылдамдықпен жүре алса, айдалып кеткен ауылшарушлық техникасы, мысалға шынжыр табанды трактор 10 шақ/сағ жылдамдықтан тез жүре алмайды. Бірақ аталғандардың барлығы да айдап кету қылмысының заты болып табылады. Кейбір спорттық мотоциклдердің қозғалтқыштарының көлемі 50 см3 кем болып, бірақ олардың жылдамдығы 100 шақ/сағ жылдамдықтан асуы мүмкін. Яғни айдап кетудің заты бола алмайды деген көзқарасты жақтайтын авторлардың пікірлері біздің ойымызша негізсіз.

Механикалық көлік құралдары - жол жүру ержелерінде «қозғалтқыштың күшімен қозғалатын көлік құралдарың деп анықталған. Бұл түсінікке мопедтер кіргізілмеген. Қарастырлып отырған қылмыстың затының көрсетілген анықтамасы кез келген өздігінен жүретін машиналарға, тракторлар жəне басқа да механикалық көлік құралдарына қатысты. Олардың ішіне тек көлік қызметін емес, басқа да қызметке бағытталған механикалық көлік құралдары жатқызылған. Мысалға ауылшаруашылық машиналар, жəне жол жұмыстарына арналған машиналары жəне т.б.[VІІ]

Бірақ ауылшарушылық техникасы түсінігіне кіргізілетін ауылшарушылық машиналары қалай болғанның өзінде де көлік құралы болып танылуы мүмкін емес, оның себебі ауылшарушылық өздігінен қозғалатын мобильді машиналардың пайда болуының мəні – ол көлік құралы ретіндегі қызмет емес, осы ауылшарушылық машинасына ғана тəн арнайы мақсатты жүзеге асыру. Солай мысалға біз комбайнмен егін оратын болсақ та, комбайнді біз көлік құралы ретінде ешқалай да қолдана алмаймыз. (Тура осылай біз əртүрлі өздігінен қозғалатын ауылшарушылық емес машиналарыжайлы жда айта аламыз, мысалға грейдерлер, автокарлар жəне т.б.) Бірақ осының өзінде де комбайннің жəне басқа ауылшарушылық емес техникасының айдап кетудің заты болуы жағдайлары кездесеуі таңғаларлық жəйт емес.

Сол себепті, біздің ойымызша, қылмыстық заңда көрсетілген автомобильді немесе өзге де көлік құралын заңсыз иелену атты қылмыстық құрамы бойынша ауылшарушылық жəне ауылшарушылық емес техниканы айдап кеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту үшін, аталған норманың диспозициясына өздігінен қозғалатын техника түсінігін қосу керек.

 

 

Әдебиеттер

  1. Қараңыз: Загородников Н.И. Понятие объекта преступления // Труды Военно-юридической академии, XІІІ.шығарылым – Москва, 1951. 44 бет.
  2. Қараңыз: Курс Советского Уголовного права. 2-ші том. М., Наука, 1970, 121 бет.
  3. Қараңыз: Коржанский Н.И. Объект и предмет уголовно – правовой охраны. Академия МВД СССР, С. 104.
  4. .Комментарии к УК РК А. 2000г. ст.403
  5. 5.Сельскохозяйственные машины. М., 1989 Қараңыз:
  6. Панова В.Ю. Уголовно-правовые меры борьбы с неправомерными завладениями автотранспортными средствами. Заң ғылымының кандидаты ғылыми дəрежесін алуға кандидаттық диссертация. М. РФ ІІМ Басқару Академиясы, 1997.
  7. Комментарий к УК РФ. – М., 1994 жыл 394 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.