Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс пен əрекетсіздіктің ара-қатынасы

Еліміздің тəуелсіз мемлекет болып жарияланғанына биыл жиырма жыл болды. Осы жылдардың ішінде еліміз əлем сахнасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мəлім. Бұл жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға қатысты. Оған дəлел, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыздың 1бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген [1, 4 б.].

Тəуелсіздікті қорғау жəне нығайту, ең алдымен, мемлекеттің ішкі демінен, оның тыныс алуынан басталады. Ал қазіргі ахуАл оның ішінде қылмыстылықтың өрістеу деңгейі, адам құқығы мен бостандығының көп жағдайда тиісті түрде қорғала бермейтіні қатты алаңдатады. Мəселен, 2008 жылдың өзінде қылмыстық тергеу органдарының қызметтік үйжайларынан прокурорлар 850 заңсыз ұсталған адамдарды босатқан. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы фактілері бойынша 44 қылмыстық іс қозғалып, оның 24-і сотқа жіберілген.

2008 жылғы 39255 тексеру нəтижесі бойынша уақытша ұстау изоляторларынан тұтқындау түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға арналған негіздің жоқтығынан 1317 адам, қылмысты жасады деген күдіктің дəлелденбегені үшін 31 адам, ұстау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының бұзылуына байланысты 17 адам босатылған [2, 106-107 б.].

Елбасы Н.Ə. Назарбаев 29 қаңтар 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында былай деді:

«Біздің алдымызда құқық қорғау жүйесін реформалайтын үлкен жұмыстар тұр. Қазіргі таңда, өкінішке орай, құқық қорғау органдарының сапасыз басқаруынан, жұмыстарындағы түсініспеушіліктерден, қажетті кадрлық құрамның жетіспеушілігінен туындаған қиындықтар, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің қызметіне таза бақылаудың болмауы айқын көрініс  тауып отыр» [3, 2 б.].

Қылмысты алдын ала тергеу кезінде дұрыс ашу жəне кінəліні əшкерелеп, əділеттілікті қалпына келтіру қылмысқа қарсы күрес жүргізудің тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Ал қылмысты заңға сəйкес дұрыс ашу, істелген қоғамға қауіпті іс-əрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтауды талап етеді. Өйткені себепті байланыс дұрыс анықталмаса нақты қылмыс құрамы орын алмайды. Кінəліге қылмыстық жауаптылықты белгілеуге, я болмаса оған жаза тағайындауға болмайды. Себепті байланысты құқық қолдану тəжірибесінде анықтамау немесе оны анықтау кезінде қателіктер жіберу соттардың қате үкімдер шығаруына жəне құқық қорғау қызметіндегі олқылықтардың пайда болуына негіз болады. Сондықтан да себепті байланысты дұрыс анықтаудың өте маңызды теориялық, тəжірибелік мəні бар.

Осыған қарамастан, қылмыстық құқық теориясында себепті байланысты анықтауға қатысты белгілер жеткілікті деңгейде өз шешімін таппаған. Себепті байланыс туралы əр түрлі даулы ғылыми теориялар мен көзқарастар, анықтамалар бір арнаға келтірілмеген. Міне осы теориялар бір-бірінен ажыратылып, олардың дұрыс-бұрысы жан-жақты зерттеліп аталған мəселені шешу негізінде ғылыми ұсыныстар жасау қажеттілігі туындайды. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс мəселесін сот тергеу тəжірибесінің негізінде зерттеп, ғылыми-ой елегінен өткізу қажеттілігі ешбір күмəн тудырмайды.

Себепті байланысты анықтау қоғамдық қауіпті əрекет жасалғанда ғана емес, қоғамдық қауіпті əрекетсіздік жағдайында да қажет. Адамның əрекеті секілді, қоғамға қауіпті əрекетсіздік те айналадағы дүниеге белгілі бір өзгерістерді əкеледі. Əрекетсіздік мінез-құлықтың енжар нысаны болып табылады. Қылмыстық-құқықтық мағынада алғанда əрекетсіздік дегеніміз - əрқашанда адамның өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы. Адамға белсенді қимылдау, белгілі бір əрекеттер жасау міндеті жүктеліп, ол оны орындамаған жағдайда соның салдарынан қоғамға қауіпті зардап туындаса ғана адамның əрекетсіздігі мен туындаған салдардың арасында себепті байланыс бар деуге болады. Адамда ондай міндет болмаса, оның əрекетсіздігі мен туындаған салдар арасында себепті байланыс туралы мəселе жайына қалады.

Қазақстан Республикасының заң əдебиеттерінде əрекетсіздік пен одан пайда болған қоғамға қауіпті зардаптың арасында себепті байланыстың болу мүмкіндігін көптеген заңгерлер мойындайды. Мысалы: Ғ.Ы. Баймурзин (Уголовное право Республики Казахстан Алматы.- 1998. 7 глава. С. 80-82); А.Н. Ағыбаев (Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. - 1999. 71-73 б); Е.І. Қайыржанов (Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы. - 1997. С.76 ); Б.Ж. Жүнісов (Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Караганда. - 1998. С.96); И.И. Рогов жəне С.М. Рахметов (Уголовное право Казахстана. Общая часть. Алматы. - 1998. С.99). Ресей заңгерлерінің ішінде: А.А. Пионтковский (Советское уголовное право, Т. I, -М. - 1929. С.260-262; Проблема причинной связи в праве «Ученые записки ВИЮН и ВЮА», -М. - 1949. С.88- 89); А.Н. Трайнин (Уголовное право. Часть общая. М.- 1929. С.325-317); Н.Д. Дурманов (Понятие преступления. -М.- 1948. С.54-55); А.А. Герцензон (Уголовное право. Часть общая -М.- 1948. С.299-300); И.Б. Новицкии жəне Л.А. Лунц (Общее учение об обязательстве. -М.- 1950. С.313- 316.); А.В. Наумов (Российское уголовное право. Общая часть. -М.- 1997. С. 116-174).

Алайда көрсетілген авторлардың тізбегі көп болғанымен əрекетсіздік кезіндегі себепті байланысты жоққа шығаратын заңгерлер де кездеседі. Мəселен, М.Д.Шаргородскийдің    ойынша: «Əрекетсіздіктің өзі жеке алғанда ешнəрсе тудыра алмайды, ал əрекетсіздік кезіндегі жауаптылық, пайда болған зардапқа қатысты əрекетсіздіктің себептілік сипаты үшін емес, адам өзіне жүктелген міндетті жүзеге асырмай, зардаптың пайда болуын тойтаруға байланысты өзіне қойылған талапты орындамағаны үшін туындайды» [4, с.183-188].

Сонымен қатар, М.Д. Шаргородский əрекетсіздік қозғалыстың белгілі-бір нысаны болып табылатынын жоққа шығармайды. Бірақ ол үшін ғалымның  ойынша, əрекетсіздік оқшауланбай, құбылыстардың   жалпы   ара-қатынасында   қарастырылу   қажет. Ол былай  деп көрсетеді:

«Əрекетсіздікті оқшауламай қоғамдық қатынастардың ара-қатынасында қарастырсақ, əрекетсіздіктің себептілік сипатында сөз жоқ, бірақ себеп жəне салдар екеуі ара-қатынастардан ажыратып алынғанда ғана əрекет етеді жəне талдауға жатады, ал бұл жағдайда əрекетсіздіктің себептілік сипаты жойылады» [5, с.50]. Барлығы да екі құбылыс əрекет ететін арақатынасқа, шарттарға байланысты. Себеп жəне салдарды оқшаулау қағидасы арақатынас қағидасына кедергі болады.

Шетел қылмыстық құқығында əрекетсіздік кезіндегі себепті байланыс туралы мəселені алғашқылардың бірі болып 1836 жылы көтерген Люден. Оның айтуынша: «Жеке əрекетсіздіктің өзі себептілік сипатына ие бола алмайды, ал оған жол жөнекей болатын əрекет, пайда болған зардаптың себебі болып табылады» [6, с.87].

Сонымен қатар, Меркель жəне Глазер сияқты заңгерлер пайда болған нəтиженің себебі адамның белсенді əрекеті дей келіп, əрекетсіздік ешқандай нəтиже əкелмегендіктен оны екінші сатыға ығыстырады [7, 139].

Бірақ ойлап қарасақ əрекетсіздікке алғы шарт болатын белсенді əрекеттің болмауы да мүмкін. Болған жағдайдың өзінде белсенді əрекет кінəсіз болып, нақты кінə кейіннен, яғни себептілік сипаты жоқ əрекетсіздік жағдайында туындауы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда себепті байланыс мəселесі қалай шешілуі қажет? Көріп отырғанымыздай бұл жерде қылмыстық жауаптылықтың объективтік жəне субъективтік жақтарында қарама-қайшылық бар. Демек, Меркель мен Глазердің тұжырымдаған алғы шарт болып табылатын адамның белсенді əрекеті мен одан кейін болатын əрекетсіздіктің бірлігін дəлелдеу жүзеге аспай қалады. Осы орайда орыс заңгері И.Я. Фойницкий былай деп көрсетеді: «Əрекетсіздік үшін жауаптылықты негіздеу алғы шарт болып табылатын кінəлінің белсенді əрекетіне байланысты болса, сонда қылмыс жасаудың жеке нысаны болып табылатын əрекетсіздікті қылмыстық құқықтан мүлде алып тастау қажеттілігі туындайды. Əрекетсіздік қылмыс жасаудың жеке нысаны ретінде қарастырыла алмайды, ол белсенді əрекеттің бір бөлігі болып табылады» [8, с.214-219]. Бірақ И.Я. Фойницкий əрекетсіздіктің жеке мағынасы жоқтығын дəлелдей алмады.

Н.Д. Сергеевский: «Əрекет жəне əрекетсіздік ұғымдарын ғылымда ажырата  білу пайдалы жəне қажет» деп дұрыс көрсеткен [6, с.127]. Əрекетсіздік кезіндегі себепті байланысты жоққа шығаратын тұжырымдар өз қорытындысын мынаған негіздейді: əрекетсіздіктің өзі белсенді болмағандықтан ол механикалық əсер ете алмайды. Əрекетсіздіктегі себептілік туралы сөз қозғалғанда, қоғамға қауіпті зиян тигізу емес, қоғамға қауіпті зардапқа тойтарыс бермеу туралы айтылуы қажет. Адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы салдарынан қоғамға қауіпті зардаптың пайда болуына тойтарыс бермейді.

Қоғамдық өмірде əрекетсіздік яғни адамның енжар мінез-құлқы белгілі бір жағдайда орасан зор қоғамға қауіпті зардаптар туғызады. Оның негізі адамның өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы. Мысалы, ҚРҚК-нің 315бабының 1бөлігі: «Қызметтегі əрекетсіздік, яғни лауазымды адамның пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке мүддесінде өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңымен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға əкеп соқса» қылмыстық жауаптылықты көздейді. [9, 45 б.] Осыған байланысты белсенді əрекет жолымен қылмыс жасалғанда себепті байланысты анықтаудың барлық талаптары мен шарттары адамның қоғамдық қауіпті əрекетсіздігі мен соның салдарынан туындаған қоғамдық қауіпті салдардың арасындағы себепті байланысты анықтауға да қолданыла алады.

А.Н. Ағыбаев: «Əрекетсіздік қылмыстық-құқылық мағынаға ие болу үшін мынандай бірнеше белгілердің жиынтығына сəйкес келуі тиіс деп дұрыс көрсеткен. Осы белгілердің жиынтығы:

  1. Əрекетсіздіктің нақты көрінісі неде, яғни айыпкер адам өзіне жүктелген нақты қандай міндеттерді істемеді?
  2. Əрекетсіздік жасаған адам осы нақты əрекеттерді істеуге міндетті ме?
  3. Осы əрекеттерді ондай адамның істеуге нақты мүмкіндіктері болды ма?» [10, 71 б.].

Əрекетсіздік кезіндегі себепті байланысты анықтап, қылмыстық жауаптылық мəселесін шешу үшін А.Н. Ағыбаевтың жоғарыда атап көрсеткен белгілерін анықтау қажет.

Сонымен қатар, адамның əрекетсіздігі басқа адамды (жəбірленушіні) белсенді əрекет жасауға мəжбүрлеуі мүмкін, яғни əрекетсіздіктің ниеттік мағынасы да бар деп айтуға болады. Бұл жағдайда əрекетсіздік қылмыс жасаудың тəсіліне айналады. Мысалы, көзі соқыр адамды жетектеп алып жүруші алдындағы шұңқыр туралы алдын ала ескертпейді, соның себебінен, көзі соқыр адам шұңқырға құлап өледі. Осы мысалдан көріп отырғанымыздай əрекетсіздік басқа адамның жүріс- тұрысына ниет жасайды. Бірақ əрекетсіздік ниет арқылы ғана əсер етіп себебін тигізбейді, ол сыртқы ортадағы себептіліктің жалпы тізбегіне қосыла алады. Мысалы, күзетші мемлекеттік мүлікті сақтау жөніндегі өзінің құқылық міндетін орындауға күні бұрын əдейі ұқыпсыз қарап, басқалардың осы мүлікті ұрлауына жол береді. Сөйтіп кəсіпорынды көп мөлшердегі материалдық залалға ұшыратады. Осы мысалдағы күзетшінің əрекетсіздігі себептілік тізбегінің дамуында қажетті бөлік болып табылады.

Адамдардың өзіне жүктелген белгілі бір, талаптар орындау міндеттілігі əртүрлі жолдармен белгіленеді:

  • барлық азаматтардың заң талабын орындау міндеттілігі. Мысалы: қылмыс туралы хабарламау (ҚРҚК-нің 364 бабы). Қылмыстық Кодекс дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарлауды Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына (осы баптың ескертуінен басқа) міндет етіп қояды; немесе Қазақстан Республикасының есі дұрыс,
  • 18 жасқа толған ер азаматтары əскери қызметті өтеуге міндетті. Қылмыстық  кодекстің 326бабының 1бөлігі, əскери қызметтен босату үшін заңды негіздер болмаған кезде əскери қызметке шақырудан жалтарған жағдайда қылмыстық жауаптылық жүктейді;
  • азаматтардың қызмет талаптарынан туындайтын міндеттер, яғни адамның қызмет немесе атқарып жүрген кəсіптік аясынан пайда болатын міндеттер. Мысалы, ҚРҚК-нің 316 бабының 1бөлігі: «Салақтық, яғни лауазымды адамның қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін орындамауы немесе лайықты орындамауы егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға əкеп соқса» қылмыстық жауаптылық көзделген;
  • адамның адамгершілік нормасынан туындайтын міндеттер. Мысалы, ҚР ҚК-нің 119 бабының 1 бөлігі: «Өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы жəне сəбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дəрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды көрінеу көмексіз қалдыру, кінəлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған жəне ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не оны өміріне немесе денсаулығына қауіпті күйде өзі қалдырған жағдайда» қылмыстық жауаптылық жүктейді;
  • жанұялық жəне туыстық қатынастардан туындайтын міндеттер. Мысалы, ҚРҚК-нің 140 бабы:  “Еңбекке  жарамды  адамның  еңбекке  жарамсыз  жəне  материалдық  мұқтаж жұбайын /зайыбын/ асырау үшін сот шешімі бойынша төленім төлеуден үш айдан астам əдейі жалтарғаны» үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген.

Қылмыстық құқық əдебиеттерінде «аралас əрекетсіздік» деген термин қарастырылады. Адам өзінің алғашқы əрекетімен қоғамға қауіпті зардаптың пайда болуына мүмкіндік жасайды, содан кейін сол зардапты тойтаруға мүмкіндігі болса да, кінəлі түрде əрекетсіздік етіп зиянды салдарды тудырады. Мəселен, хирург қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккен адамды емдеу барысында, ішін кесіп ашады. Содан кейін жатқан ауру адам өзінің қас жауы екенін танып қойып, əдейі операцияны  тоқтатады.  Соның нəтижесінде  ауру өледі. Бұл  жердегі  хиругтың алғашқы əрекеті /операция/ құқықтық жағынан пайдалы деп айтуға болады; ал дəрігер өзінің пайдалы əрекетін тоқтатқанда, ол құқықа қайшы жəне кінəлі /қасақана/ сипатқа ие болады.

Адамның алғашқы жасайтын əрекеті кінəнің абайсыз нысанында да болып, одан кейінгі əрекетсіздік қасақана болуы да мүмкін.

Сонымен адамның əрекетсіздігі мен одан туындайтын қоғамға қауіпті зардап арасында себепті байланыс болатынына көзімізді жеткіздік. Жоғарыда көрсетілгенді тəмəмдай келе, біріншіден, адам қоғамдық қатынастар саласында өз міндетін атқару қажеттілігі əрекетсіздік пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себепті байланысты бекіту үшін жеткіліксіз. Ол үшін талап етілетін міндетті орындамаған адамның, сол міндетті орындау үшін нақтылы мүмкіндігінің болуы екінші шарт болып табылады. Үшінші шарт, адамнан заңмен талап етілетін əрекетті жасау, қоғамға қауіпті зардаптың пайда болуының алдын алу керек. Əрекетсіздік кезіндегі себепті байланысты анықтау ерекшелігі міндетті адам жасауға тиісті əрекет жасалса, ол қылмыстық нəтиженің туындауының алдын алатын ба еді деген мəселені шешу қажеттігінен де туады. Бұл сұраққа оң жауап берілгенде ғана себепті байланыс қолда болады.

Сайып келгенде, біздің ойымызша əрекетсіздік пен одан туындайтын қоғамға  қауіпті нəтиженің арасындағы себепті байланыс туралы мынандай қорытындыға келуге болады:

Біріншіден, қоғамға қауіпті əрекетсіздік, себепті байланыстың дамуына қажетті алғы шарт болып табылады.

Екіншіден, қоғамға қауіпті əрекетсіздік белгілі бір жағдайда себептілік тізбегінің дамуындағы байланыстырушы бөлік болып табылады.

 Үшіншіден, адамға белгілі бір қоғамдық қатынастар аясында, ол атқаруға тиісті міндеттер жүктелуі керек.

Төртіншіден, адам сол міндеттерді орындауға толық мүмкіндігі болу қажет.

Бесіншіден, адам мүмкіндігі болған əрекетті орындау, қоғамға қауіпті зардаптың алдын алуы тиіс.

Осы шарттар орын алғанда кінəлінің қоғамға қауіпті əрекетсіздігі мен одан туындаған зардап арасында себепті байланыс орын алады.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
  2. 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары Жалпы редакцияны басқарған Т.Əбішев, С.Тұрсынов. – Астана, 2009. – 136 б.
  3. Назарбаев Н.А. Новое десятилетие – новый экономический подъем – новые возможности Казахстана: Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2010, январь -30.
  4. Шаргородский М.Д. Причинная связь в уголовном праве// «Ученые труды ИЮН». - Вып.Х. -1947.
  5. Шаргородский М.Д. Некоторые вопросы причинной связи в теории права // Советское государство и право.-№7. -С.38-51.
  6. Сергеевский Н.Д. О значении причинной связи в уголовном праве. ч. ІІ. Яраславль. – 1880.-544 с.
  7. Mepkel- Liepmann, Die Lehze von verbrechen und strafe, Stuttqart. 1912. -133-139 беттер.
  8. Фойницкий И.Я. Мошенничество по русскому праву, ч.I.,- СПб. 1871. -214-219 беттер.
  9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16 шілде 1997 жыл.
  10. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық.Толықтырылып, екінші басылуы. - Алматы: Жеті жарғы, - 320 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.