Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дін туралы заң – конституциялық норманың нақты көрінісі

«Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңы біздің қоғам үшін маңызы орасан зор. Ол азаматтық қоғамды қалыптастыруды ілгері жылжытуда айтарлықтай ықпал ете алады. Сондықтан қандай да бір зайырлы мемлекет дінге қатысты өзінің ұлттық заңнамасын түпкілікті айқындап алуға міндетті. 1992 жылы тəуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыттың ішінде осындай заңның қабылдану себебі де сол. Өйткені, ол өз саласында қоғамды түрлі қыспақтардан қорғауға əсер етті. Демек, ол дер кезінде қабылданған құжат болып шықты. Бірақ уақыт өзгермей, алдыға жаңа талаптар қоймай тұра алмайды. Бұл – өмір заңы. Сондықтан осыдан 19 жыл бұрын қабылданған құжатты қайта қарап, толықтыру бұл табиғи нəрсе. Қазір еліміздегі заңнамалық базамыз 350-дің үстіндегі ұлттық заңдардан тұрады. Соның көбін жетілдіріп, қандай да болсын өркениетті мем- лекеттің заңнамалық нормаларына жақындатуда. Осылардың ішінде Дін туралы заңды да жетілдіретін кез жеткен. Бірақ ол түрлі себептермен кешеуілдеп қалды. Соны пайдаланған түрлі, дəстүрлі емес діндердің ағымдары, олардың ішінде қоғам дамуына, ұлттық қауіпсіздігімізге, адамдардың денсаулығына кері əсер ететін секталар елімізде көбейіп, көңіл  алаңдатарлық жағдайға жеткен сияқты деп айтуға болады. 1992 жылы мəселен, бізде барлығы 300-ге жуық діни бірлестіктер болса, бүгінгі күні олардың саны 4551 болған. Солардың кейбірі қолданыстағы заңның əлсіз тұсын пайдаланып, елдің ішінде іріткі салуға əрекет ете бастады. Əсіресе, тіркелу мəселесінің барынша солқылдақтығы, сырттан келетін миссионерлерге шектеулердің болмауы, олардың əкеліп, таратып жатқан діни əдебиеттерінің мазмұнына ешкімнің назар аудармауы, міне, осының бəрі діни бағыттағы ахуалдың барынша күрделенуіне жол берді. Тіпті, дін істерімен айналысатын өкілетті органның да түрлі министрліктерге беріліп келуі бұл істерді реттеуде тұрақты мүмкіншілік тудырмады. Осылардың бəрі, сайып келгенде, жоғарыда айтқан кемшіліктерді туғызды. Тіпті түрлі ағымдарға ерудің əсерінен бір ауылдағы екі көшенің, бір отбасындағы ері мен əйелінің, ата-анасы мен баласының арасы ашылып, кикілжіңге баруына жол берілді. Міне, осының бəрі қажетті заңның кешеуілдеп қалғандығының салдары еді [1].

Халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы жəне мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тəуелді байланыс бар. Қазақстан президенті Н. Назарбаев қазанның 13-і күні «Діни қызмет жəне діни ұйымдар туралы» заңға қол қойды.

Заңнан қоғамның күтіп отырған басты-басты мəселелері бар екені анық. Олар: біздің қалыптасқан діни наным-сенімімізге, ата-бабадан қалыптасқан дəстүрімізге, отбасылық ынты- мағымызға кедергі келтіріп, түрлі жолдарға итермелейтін зиянды діни ағымдарға тыйым сала ма деген үміт.

Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ АҚШ бұл заң азаматтардың діни құқығын бұзатынын жəне Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай келмейтінін мəлімдеп, сын айтқан еді.

Қазақстан Республикасы Ата Заңында көрсетілгендей зайырлы мемлекет болғандықтан, тəуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдарының діни ұйымдардың жұмыстарына бақылау функциясынан тыс тікелей араласпағаны белгілі. АҚШ мемлекет басқармасының «Демократия, адам құқықтары жəне еңбек бюросы» жариялаған «Қазақстан – халықаралық діни бостандық есебі» (2002 ж.) де осыны растайды.

2004, 2005, 2007 жылдары «Діни сенім бостандығы жəне бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізілді. Депутат ретінде бір байқағаным,  діндер мəселесінде Қазақстан, басқа да тəуелсіздік алған жас мемлекеттердің заңнамасы мен еуропалық стандарттардың үйлесе бермейтіндігі. Қазақтар сияқты отарланған ұлттар үшін дəстүрлі құндылықтарды, ұлт мəдениетін, дəстүрлі дінін қолдау өте маңызды. Еуропа мемлекеттерінің де бүгін христиандық құндылықтарға зор мəн беретіндігін айттық. Ал Қазақстанға келгенде еуропалықтар, əсіресе Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының өкілдері, оларды қолдайтын елдегі кейбір заңгерлер діндердің хұқы бірдей деген желеумен елдің қалауымен есептеспей, дəстүрлі діндерді емес, еуропалықтардың қолдайтын, болмаса тіпті Еуропадан қуылған діни ағымдарды Қазақстанға тықпалайды. Біздің қоғам бүгін бұған ерекше алаңдауда [2].

Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам жəне христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар жəне оларға қоса ұйғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, əзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін жəне оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, əзірбайжан жəне курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ қана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, əсіресе, IV Кəрім Ага Ханның (1936) елімізге жасаған сапарлары жəне «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі 1534 мешіт жұмыс істейді. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін жəне халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һəм біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек... [3].

Заң қабылданып болған соң да, көпшілік арасында Заңның 3-ші бабы туралы пікірталастар болды. Онда мемлекет жəне діни рəсімдерді атқару мəселелері қарастырылған. Соның ішінде Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген діни ұйымдар өздерінің мінəжат орындарын, ғибадатханаларын салуға, өздеріне қажетті əдеби құралдарын пайдалануға мүмкіндіктері бар деп, ал оған мемлекет тарапынан немесе басқа да заңды тұлғалар немесе адамдар тарапынан кедергі келтіруге жол берілмейтіндігі айтылған. Ал екінші тармақшасында діни бірлестіктер мен Қазақстан Республикасы азаматтары, шетелдік азаматтығы бар жəне азаматтығы  жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауапты деп жазылған. Бұл біздің Конституциямыздың талабына сəйкес келетін норма. Осы нормалар сұрақтар тудырып, кейбір депутаттар мемлекет діни мінəжат орындарын салуға араласуы керек деген секілді ойлар айтты. Бірақ Ата Заң талабына қайшы келетіндіктен ондай пікірлер қабылданбады.

Сонымен бірге 7-баптың нормаларына байланысты да көптеген сұрақтар туындады. Онда қандай жерлерде құлшылық етуге тыйым салынбайтыны жазылған. Діни жоралар мен рəсімдер ғибадат үйлерінде жəне оған бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелерінде, зираттарда, жақын тұратын адамдардың құқықтарына кедергі жасамайтын болса тұрғын үйлерде, асханалар мен мейрамханаларда, қонақүйлерде жасалынады делінген. Сондай-ақ ауруханаларда, мүгедектер үйі мен қарттар үйінде, түрмелерде жəне түрмеге дейінгі оқшаулағыш- тарда отырған адамдар қажет десе ресми тіркелген діни бірлестік өкілдерін шақыруға құқы бар. Ал мемлекеттік мекемелерде, құқық жəне сот орындарында, əскери құрылымдарда, адамның денсаулығын қорғау мен қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етумен айналысатын органдарда, зайырлы оқу орындарында құдайға құлшылық ету, миссионерлік қызметтерді атқару, діни жораларды жа- сауға тыйым салынады делінген.

Ал «Тренды и прогнозы» ЖШС сарапшысы Тимур Козырев, бұл заңның жақсы жақтары өте көп деп ойлайды. Санамалап айтсақ, бұл заң мемлекетке əрекет бостандығын беріп отыр. Қазіргі заңда «бір діннің немесе бір діни ұйымның өзге діндерден артықшылығы болмайды» деп көрсетілген. Жаңа жобада бұл жұмсағырақ айтылған. Қазіргі заңда «мемлекет діни ұйымдарды қаржыландырмайды» делінген. Жаңа заң жобасында мұны алып тастаған. Бұл – дұрыс нəрсе. Мемлекеттің байлаулы қолын шешіп беріп отыр. Ең бастысы – түрлі секталардың, əсіресе экстремистік ұйымдардың əрекетіне шектеу қою керек. Бұл – өте маңызды жайт. Жалпы алғанда, жаңа заң жобасы бұрынғысына қарағанда, əбден екшеліп, таразыға салынып, жақсы жасалған. Дінтанушылық сараптама туралы бөлек бабы бар. Құзыретті органдар туралы егжей-тегжейлі жазылған.

«Аспект М» əлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер орталығының президенті, Мұхит Асанбаев,- бұл заң еліміздегі дін бостандығының аясын едəуір тарылтады. Оның экстремизмге, терроризмге тікелей қатысы жоқ. Бірақ қарапайым мұсылмандардың тіршілігінде көп қиындықтар тудырады. Заң қабылданса, намаз оқитын адамдар мемлекеттік органдарда жұмыс істемейтін болар, сірə. Өйткені, бұл салада өзін-өзі көрсете алмайды. Құқықтары шектеулі. Мұсылманның атрибутикасына – намаз оқуға, тақия, мəсі киюге де тыйым салынады. Психикалық тұрғыдан олар қолайсыздық сезініп, дін ұстанатынын жасыра бастайды. «Астыртын» əрекетке көшеді. Барлық зиянды əрекеттер осы «астыртын» дүниелерден шығады. Сондықтан, мен бұл жерде оңтайлы өзгерістерді көріп отырған жоқпын. Керісінше, бұл қоғамда антагонизмді тудырады.

Қоғамда мұсылмандыққа қарсы айтылған алып-қашпа əңгімелер орыстілді БАҚ арқылы көп тарады. Дінге қатысы жоқ, сарапшылар исламға қарсы үгіт-насихат жүргізді. Осының кесірінен жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасты. Бұл заңның шығуына Ақтөбеде болған оқиға ғана  емес, осы жайт та түрткі болды. Шынтуайтына келгенде, Қазақстанда исламизация атымен жоқ. Оның мəнін түсінбейді біздегілер. Исламизация дегеніміз – рамазан айында барлық мейрамханалар мен асханалар жабылуы, исламдық бағыттағы саяси партиялардың заңды түрде жұмыс істеуі, тек қана халал индустрия таралып, шошқаның еті сатылмауы, сабақта мектептен бастап жоғары оқу орындарында исламға қатысты пəн оқытылып, емтихан тапсыруы, кейбір араб елдердегідей конституцияда шариғат туралы баптардың болуы, тағысын тағылар. Елімізде мұсылмандарға қатыссыз секталар көп. Жалған христиандық, аккульті-мистикалық секталар, сатанистер бар. Неге осыларға қарсы күреспейміз? Иегова куəгерлері Батыстың бірқатар елдерінде секта ретінде қабылданған. Алайда ханафи мəзхабын неге тыямыз? Пəлсапашы, қасиетті дəрежеге көтерілген ақсақалдарды қазақ сопы дейтін. Қазіргі суфистік ағымдар басқа. Уахабшылар мен салафиттердің жөні бөлек. Оларда басқа мəзхаб ұстанады. Ханбали мəзхабы кейбір елдерде бар. Намаз оқығанда бізден өзгерек оқиды, Құранды басқаша тəпсірлейді... – дейді.

Негізі «Ешбір дін мемлекеттік жəне міндетті дін ретінде белгіленбеуі тиіс, сонымен бірге, заңның преамбуласында Қазақстан халқының мəдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның жəне православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын, халықтың рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтіні атап айтылған [4].

Ал миссионерлік жұмыспен Қазақстан азаматтары, шетелдік азаматтар жəне азаматтығы жоқ адамдар айналыса алады. Бұл – Ата Заңымыздың нормасына сəйкес келеді. Мұнда көпконфес- сиялы мемлекет болғандықтан ешкімнің діни сеніміне шек қойылмайды. Ал жаңа заң жобасы бойынша миссионердің əрекет ететін аймағы, сондай-ақ қандай уағыз айтып  жүргені жөнінде оның өзіне ғана емес, тіркелген діни бірлестігіне де жауапкершілік жүктеледі. Заң жобасындағы жаңадан енгізілген талаптардың тағы бірі – миссионер жыл сайын өзінің əрекеті туралы Дін істері жөніндегі агенттіктің аймақтағы мамандарына есеп беріп отырады.

Соңғы жылдары Қазақстанда да «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» құрылды. Оның деректері бойынша Қазақстанда мыңнан астам «деструктивтік», былайша айтқанда елге іріткі салатын секталар бар. Осы секталардан жапа шеккендерге Ассоциацияға біріккен 18 орталықтан көмек көрсетіледі [5]. Секта əрекетіне тап болған адамдар отбасының қайғысына айналып, олар көмекке мұқтаж болып отыр. Сондықтан қазіргі заң зиянды ағымдардың жұмысына өркениетті жолмен тосқауыл қоя алатын тетік енгізе алды. Ол – діни бірлестіктер мен миссионерлердің қайта тіркелуін талап етіп, реттейтін норманың  енгізілуі. Жалпы заңда діни бірлестіктер 3 санатқа бөлінеді – жергілікті, аймақтық жəне республикалық. Жергілікті жəне аймақтық діни бірлестіктер облыстардағы əділет департаменті басқармасында, ал республикалық деңгейдегі бірлестіктер Əділет министрлігінде тіркеуден өтеді. Заң жобасында тіркеуден өту үшін діни бірлестікте қанша мүше болуы керектігі айқындалып жəне олардың бəрі кəмелет жасына толған Қазақстан азаматы болуы керек деген шарт енгізілген. Екіншіден, тіркелу үшін діни бірлестіктің жарғысы, тіркелуді күн тəртібіне қойып өткізген жиналыстарының хаттамасы, діни бірлестікке енуге ынта білдірген адамның сол жиналысқа тікелей өзінің қатысқандығы, үшіншіден ынталы болған адамдардың толық тізімі тапсырылады. Жарғының өзіне қандай талаптар қойылатындығы жөнінде заң жобасында арнайы бап бар. Онда міндетті түрде Қазақстан азаматтарының барлық құқықтарын, соның ішінде демалу құқығын бұзып мезгілсіз уақытта діни уағыз айтып мазаламауын талап еткен жəне тағы басқа нормалар қарастырылған. Со- нымен бірге олардың алдағы жүргізетін жұмыстарына қандай əдеби жəне басқа құралдарды пайдаланатыны жөнінде мəлімет беріледі, ал бұлар тіркелу барысында мамандардың қатысуымен діни сараптамадан өтіп, зиянды немесе зиянды емес сипаттары анықталады [6].

Жалпы, «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңда мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінгені туралы конституциялық норма нақты жазылған. Бір де бір дін мемлекеттік немесе міндетті деп белгіленбейді. Осылайша, мемлекеттің зайырлылығы атап көрсетілгені қоғамдық жəне мемлекеттік институттардың бірігуіне жол бермейді.

 

 

әдбиеттер

  1. Рамазан Сəрпеков. Жұма, 23 Қыркүйек, 2011 Дін жəне заң. // ИС ПАРАГРАФ.
  2. Мемлекет жəне дін. 22 Қыркүйек 2011 Амангелді Айталы. Ақтөбе газеті.
  3. Мұртаза Бұлұтай, Қазақстандағы дін жəне мемлекет қатынастары, «Дала мен Қала» газеті, №5, 04.02.2005 ж.
  4. Лама Шариф. 18 қазан «Дін туралы заң діни ұйымдардың құқығын бұзбайды» «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі. // ИС ПАРАГРАФ.
  5. «Дін жəне құқық». - Алматы, 2010. - 42 бет.
  6. «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңы. 11 -қазан 2011 ж. // ИС ПАРАГРАФ.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.