Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық құқықтағы қажетті қорғану институтының пайда болуы

Қажетті қорғану – бұл қылмыстық құқықтың басқа институттары секілді, мемлекет жəне құқықпен қатар пайда болған жəне мемлекеттік, əлеуметтік сипаттағы бірқатар шарттарға байланысты дамыған құқықтық институт.

Қажетті қорғану əрдайым билік етуші класстардың мүддесі үшін қолданылды. Сондықтан қажетті қорғану ұғымы жəне оның заңды шарттары мен шегі тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, əлеуметтік–саяси құрылыстың ерекшеліктерін білдіріп отырды.

Н.В. Рейнгард қажетті қорғану туралы өзінің монографиясында: «қажетті қорғанудың өте ежелгі, трагедиялық мүддеге толы өз тарихы бар жəне өзінің беттерінде халықтың мəдениетін көрсетеді» деген [1,38б.].

Профессор Шаргородскийдің айтуынша, ежелден бері қоғам үшін қауіп төндіретін əрекеттер қатарына адамның өмірін қию жəне дене жарақатын салу болды [2,9б.].

Содан болар алғашқы қауымдық құрылыста əрбір тұлғаның өзінің құқықтарын қалпына келтіру жəне қорғау бойынша құқығы еш шектелген жоқ. Даудың дене күші мықты тұлғалардың жеңісімен шешілуі бекер емес, егер дене күші мықты тұлға шабуыл жасаған адамның жағында болса, онда екіншісі, яғни əлсізі үнсіз қалатын. Сондықтан алғашқы қауымда заңи түсінікте өзін-өзі қорғау құқығы туралы айту қиын. Əрине бұл жерде қажетті қорғанудың құқықтық институтын іздеу бекер болған еді [3,3б.].

Енді осы жерде қажетті қорғанудың əртүрлі əлеуметтік-саяси құрылыстағы өз ерекшеліктеріне тоқталсақ.

  • Құлиеленуші мемлекеттердегі қажетті қорғану.

Қажетті қорғану ұғымы қылмыстық құқықтың пайда болуымен қалыптаса бастайды, яғни құлиелену қоғамында.

Құлиеленуші мемлекеттердің қылмыстық құқығы ежелгі халықтардың бірқатар заңдарында көрініс тапқан: Ману заңы (Үндістан), Ассирия заңы, Хаммураппи патшасының заңы жəне т.б.

Құлиеленуші мемлекеттердің қылмыстық құқығы құлиеленушілердің мүдделерін, жүйесін қорғады.

Ежелгі үндіс құқығындағы заңдардың бірі – Ману заңында қажетті қорғану туралы ұғым кездеседі [4,350б.].

Ману заңдары өзінің жеке қауіпсіздігі, əйелді жəне браминді қорғау үшін əрекет жасаған тұлғаны кінəлі деп танымаған. Ману заңдары бойынша қажетті қорғану актісі ретінде шабуылшыны өлтіру, өз-өзін қорғау, сонымен қатар басқа тұлғаларды қорғау үшін, соның ішінде əйелдер мен браминдерді, рұқсат етілген. Оның үстіне мұндай сипаттағы кісі өлтіру қорғанушының құқығы ғана емес, сонымен қатар еш мүдірмей орындауға тиісті міндеті болып саналған. Ману заңдары тек өмірді қорғау кезінде қажетті қорғануды рұқсат еткен, ал мүлікті қорғау жөнінде ештеңе айтылмаған.

Мысыр заңдары бойынша қорғану тек құқық емес, ол үшінші тұлғаларға қатысты міндет болып та танылды. Осы заңдарға сəйкес кісі өлтіруді көріп тұрып, оны қорғауға мүмкіндігі бола тұра араша түспеген адам өлім жазасына кесілген. Жəбірленушіге көмек көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда ол бұл жағдай жөнінде сот билігін хабардар етуі тиіс болған, оны орындамаған жағдайда оған қатысты дене жарақатын салу (денесінен ұру) жəне үш күндік тамақтан айыру жазасына кесілетін болған.

Еврей заңдары мүлікті қорғау мүмкіндігін де белгілеген. Моисей заңдарында: «Егер кімде - кім ұрлық жасап жатқан адамды ұрып өлтірген болса, ол жазаға тартылмайды. Алайда таң атқанда өлтірсе, онда жазаға тартылады» делінген [5,32-б.].

Библия заңдары түнгі ұрыны өлтіруге рұқсат еткен. Күн шығысымен, көмектесе алатын көршілері оянатын уақытта, ұрыны өлтіруге тыйым салынатын. Күн шығыс кезінде өлтіру кек алу деп қарастырылды. Рим заңдылықтарында (XII кесте) да түнде түскен ұрыны өлтіруге рұқсат етілген. Сонымен қатар күндіз ұрлық жасап жəне ұстау кезінде қарулы қарсылық білдірген ұрыны өлтіруге де болған. Ежелгі Римде қажетті қорғану адамға тəн табиғи құқық ретінде танылған. Қажетті қорғану ұғымына өте жақсы сипаттама, идея берген жəне дамытқан Ежелгі Римнің атақты ораторы, көрнекті идеологы Марк Цицерон. Ол Милон ісі бойынша өзінің қорғау сөзінде былай деген болатын: «Кейбір жағдайларда адам өзінің өмірін сақтау үшін басқа біреудің өмірін қияды жəне мұндай жағдайлар аз емес...». Рим заңгерлері Цицерон сөздеріндегі қағидаларды басшылыққа ала отырып, екі негізгі шарт болған кезде ғана əрекет қажетті қорғану жағдайында жасалған болады деп есептеді. Олар: а) əділетсіз шабуыл жəне б) қауіптіліктен қашып құтыла алмау.

  • Феодалдық мемлекеттердің қылмыстық құқығындағы қажетті қорғану.

Феодализм тұсындағы билік етуші класс – феодал-крепостниктер – өзінің қылмыстық құқығын құрады жəне оның міндеті феодалдық меншікті қорғау жəне крестьяндардың қарсылықтарын басу болатын. Орта ғасыр заңдарындағы қажетті қорғану құқығы туралы ұғым ежелгі римдік заңгерлердің көзқарасынан біраз ерекшеленді.

А.А. Берлин жазғандай, «орта ғасырларда – тұлғаны басу, сансыз шектеулер орнату заманында, қажетті қорғану институтының əрі қарай дамуын іздеуіміз бекер болар еді» [6,5б.].

Орта ғасыр заңдарында қажетті қорғану құқығы туралы сан түрлі ережелерді  кездестіруге болады. Кейбір заңдар ар - намысы мен мүлкін қорғау кезінде кісі өлтіруге рұқсат етсе, басқалары – өзінің өмірін қорғау кезінде кісі өлтіргені үшін жазаға ұшырады.

Феодализмнің қылмыстық құқығына тəн құбылыс – əртүрлі класстар мен сословиелердің заң алдындағы теңсіздігі, осы кезеңдегі қажетті қорғану туралы заңдылықтарында да орын алды.

Феодалдық мемлекеттердің қылмыстық құқығындағы қажетті қорғануды Германияның заңды ескерткіштерінен толық байқауға болады. Бізге дейін герман тайпаларының варварлар ақиқаты деп аталатын көптеген заңдар жинағы жетті (VI ғасырдан бастап). Солардың ішінде аса қызығушылық тудырған варварлық ақиқаттардың ең ежелгісі, VI ғасырдың басына жататын «Салистік ақиқат» – франк корольдығының заңдар жинағы (Германия, Бельгия, Францияның бір бөлігі). «Салистік ақиқат» дəуірінде варварлар тайпалары арасында кек алу кең таралған жəне бұл жерде қылмыс жасаған адам мен жəбірленушінің арасындағы қатынасқа биліктің араласуы шектеулі болған.

Неміс құқығы қажетті қорғау ұғымын өзін–өзі қорғау ұғымынан ажыратқан, ал рим заңгерлері бұл екі ұғымды ұқсас ұғым ретінде қарастырған болатын. Қажетті қорғану жазаланбайтын кісі өлтіру немесе жарақат салу ретінде анықталған. Варварлық ақиқаттардағы қажетті қорғану мəселелері кісі өлтіру жəне дене зақымын келтіру туралы бөлімінде қарастырылған. Осындай варварлық ақиқаттардың бірінде кісіні өлтіргені үшін өлім жазасы белгіленеді делінген. Алайда келесі бабында, егерде кімде кім басқа біреудің зорлық шабуылына ұшырап, шабуылшыны өлтірсе, онда  оған қатысты өлім жазасы қолданылмайды, бірақ қарсыласын өлтіргені үшін өзінің өсімінің (пеня) жартысын төлеуі тиіс болған. Германияда қажетті қорғану құқығының одан кейінгі дамуы Карл IV императорының Ережесінде көрініс тауып, Каролина деп аталды (Каролина 1532 жылы қабылданды, яғни 1525 жылғы шаруалар көтерілісінен кейін). Каролинада қажетті қорғану жан-жақты реттелді. Варварлық ақиқаттармен салыстырғанда Каролина қажетті қорғануды өмірге, ар намыс жəне мүлікке қатысты да белгіледі. Тек қажетті қорғану дəл сол кісі өлтіру жөніндегі бөлімде қарастырыла берді.

Каролинаның 139 - бабында: «Кімде-кім өзінің денесін, өмірін қорғау мақсатында шабуылшыны өлтірсе, ол ешкімнің алдында жауапты болмайды» делінген [7,43б]. Сонымен қатар, Каролина өзінің абыройына қол сұққан адамды өлтірген əйелді, өзінің қызы мен əйелін қорғаған ер адамды, сонымен қатар басқа бір тұлғаның денесін, өмірін жəне мүлкін қорғау үшін шабуылшыны өлтірген адамды кінəлі деп танымаған. Сөйтіп, Каролина қорғану құқығының кең көлемін ұсынған. Каролинаның белгілеген қажетті қорғану құқығының кең көлемі жөнінде айта отырып, ол заңдардың кімдердің мүдделерін қорғағанын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Бұл кезеңнің қылмыстық құқығы кең етек жайып бара жатқан ауыл тұрғындарының қарсылығымен күресуге жəне жалдамалы еңбек тəртібіне мəжбүрлеуге бағытталған болатын. Шаруалардың революциялық көтерулерінің салдары оларды аяусыз жазалаудан көрінді. Каролинаға жақсы сипаттама берген Ф. Энгельс былай деген болатын: «Каролинаның «құлақ кесу», «мұрын кесу», «көзін ою», «саусақтары мен қолын шабу»,«басын шабу», «өртеп жіберу» жəне т.б. туралы айтылған ғибратты бөлімдерінің арасында мейірбан сеньордың өзінің шаруаларына өзінің қалауы бойынша қолдана алмайтын бөлімі жоқ. Шаруаға кім көмек бере алады? Сотта не үшін ақша алып отырғанын білетін барондар, поптар, патрицийлер мен заңгерлер отырды. Себебі империяның барлық ресми сословиелері шаруалардың соңғы сөлін сорып отырды». [8,357 б].

Кейін Гуго Гроций мен Пуффендорфтың ықпалымен қажетті қорғануды қолдану мүмкіндігінің аясы азая бастады. Олар қажетті қорғану адамдардың табиғи құқығы деген көзқарасты білдіреді жəне ол тек қауіп төнгенде жəне жеке басын қорғау үшін ғана қолданылуы тиіс деп санаған.

Олардан кейін бұл көзқарас батыс еуропалық заңдарда көрініс табады. А.Ф. Конидің айтуы бойынша, ол қажетті қорғануды формальды тұтастырмен орап, құқықтың өзін жарамсыз етті [9,256 б].

Генрих I (1090 – 1135 жылдары) басқаруы кезінде ағылшын заңдары қажетті қорғануды қожайынға қарсы қолдануға тыйым салды.

Грузияда Вахтанг VII патшасының (XVIII ғ.) заңдары бойынша қорғану құқығы шаруаларға тарамайтын артықшылық болды. Сөйтіп, мысалы, өзіне шабуылдаған адамды өлтіру үшін жаза қолданылмайды дей тұрып, заң шығарушы мынадай ескертпе жасайды, бұл заң қожайынның өз крепостнойына шабуылы жағдайында қолданылмайды делінген. Жоғарыда байқанымыздай, барлық аталған заң ескерткіштерінде қорғану құқығы үстемдік етуші таптың өкілдері үшін артықшылық құқығы ретінде болған. Екінші жағынан, біздің көріп отырғанымыз, төменгі сословие  өкілінің жоғары сословие өкілінің тарапынан болған қылмыстық қол  сұғушылығынан қорғанғаны жағдайында заң ең қатаң жазаны белгілеген.

Феодалды мемлекеттердің қылмыстық заңында қажетті қорғану құқығы  крепостнойларға қатысты зорлық - зомбылық жəне тонау жасаған үстемдік етуші таптардың мүдделерін білдірді.

  • буржуазиялық қылмыстық құқықтағы қажетті қорғану.

Егер құлиеленуші жəне феодалдық мемлекеттердің қылмыстық заңдары заңдылықты тек қанаушыларға қатысты қамтамасыз ету үшін арналған болса, буржуазиялық мемлекеттердің қылмыстық құқығы өзінің мазмұны бойынша буржуазияның мүддесін қорғаушы бола  тұра, формалды түрде барлық адамдардың мүдделерін қорғауды жариялады.

Феодализмнің құлдырауынан кейін пайда болған буржуазиялық қоғам класстардың қарама қайшылықтарын жоя алған жоқ, бірақ өзгеріске ұшыратты. Билікке жаңа класстар келіп, қанаушылықтың жаңа нысандары заңдастырылды. Буржуаздық қылмыстық заңдар  капитализмді жəне буржуазияға тиімді тəртіптерді қорғап, барлық адамдардың заң алдындағы теңдігін формалды жариялады.

  • 18-19 ғасырлар тоғысында буржуазияның билікке келуі, формалды демократияның қағидаларын жариялайтын қылмыстық кодекстерді құрумен танылды. Жеңіске жеткен буржуазияның ең алғашқы кодексі 1791 жылы қабылданған француздық Қылмыстық кодекс.

Буржуазиялық француздық революциямен қалыптасқан буржуаздық қоғам, Наполеон кезінде қабылданған кодекстерде өзінің заңды көрінісін тапты. Маркс жəне Энгельс бұл кодекстерді классикалық буржуаздық заңнаманың үлгілері деп есептеді.

19 ғасырдағы буржуаздық мемлекеттердің классикалық қылмыстық кодекстерінің үлгісі Наполеон I 1810 жылы қабылдаған француздық Қылмыстық кодексі болып табылды. Буржуаздық қылмыстық құқық қылмыстық құқық саласында буржуаздық демократияның қағидаларын заңды түрде рəсімдеумен сипатталды. Буржуазиялық құрылыстың негіздерін қорғауға бағыттала отырып, ол адамдардың кəдімгі құқықтарын кепілдендіруге мəжбүр болды. Империализм дəуірінде капитализмнің қарама-қайшылықтары өз шегіне жеткен шақта, осы формалды жəне жартылай кепілдіктер, ол құрған заңдылықтар буржуазия үшін төзгісіз бола бастайды. Буржуаздық заңдылықты бұзу империализм саясатының негізгі белгілері болып табылады. Империализмге тəн қасиеттер: жаза тағайындауда соттардың өкілеттігінің кеңеюі, буржуаздық құқықтық тəртіп үшін жоғары қауіптілікті тудыратын қылмыскерлерге қатысты қауіпсіздіктің ерекше шараларын енгізу болды. Алайда буржуазияның жаңа кезеңінде қылмыстық кодекстерден декларативті ережелерді алып тастау тиімді болмас еді. Осы жағдайды қажетті қорғану мəселелеріне арналған буржуаздық қылмыстық заңдарды қарау кезінде ескеру қажет. Жеңіс пен капитализмді орнату кезеңіндегі қылмыстық құқық билікке келетін буржуазияның қорғану құқығын кеңейту туралы идеологияны құптады. Қажетті қорғану шегін кеңейту жəне қорғануды жазаланбайтын əрекет ретінде тану көптеген қылмыстық кодекстерінде кең таралды. (Францияның 1791 жылғы Қылмыстық кодексі, Нью–Йорк штатының 1881 жылғы Қылмыстық кодексі, Швейцарияның 1937 жылғы Қылмыстық кодексі).

Қорғану құқығын кеңейту тенденциясы феодалдық заңдылық үшін тəн əртүрлі шектеулерді жоюдан көрінді. Қорғану құқығын кеңейту тек қана жеке тұлғаға қатысты қол сұғушылықта емес, сонымен қатар қадір - қасиеті мен мүлкіне қол сұққанда қорғанудың заңдылығы танылды.

Осындай қажетті қорғану құқығын кеңейтумен байланысты XIX ғасырдың соңынан бастап, буржуаздық қылмыстық кодекстерде қажетті қорғану туралы қаулылар ерекше бөлімнен жалпы бөлімге көшіріледі. (Фельдштейн өзінің еңбегінде қажетті қорғану туралы оқу жалпы бөлімде алғаш рет 1813 жылы Бавар кодексінде орналасқандығын көрсеткен) [10,134 б].

Америкалдық соттар полицияның адамдарды жазалау кезіндегі кісі өлтіруді құқыққа сай деп танып, полицейлердің əрекетін қажетті қорғану деп жариялайды. АҚШ–та қажетті қорғану туралы заңдар кісі өлтірушіні ақтау үшін қолданылмайды. Буржуаздық қылмыстық құқықта қажетті қорғану институтының үстемдік етуші таптардың мүдделерін қаншалықты білдіретіні, маңыздылығы төмен игіліктерді ең соңғы құралдармен қорғауға рұқсат ететінінен көруге болады. Мысалы, бақшадан алма үзіп алмақшы болған баланы өлтіру, буржуаздық мемлекеттердің соттық тəжірибесінде қажетті қорғану жағдайында жасалған əрекет ретінде бағаланады.

Қажетті қорғану институтын тарихи аспектіде қарау, бізге қажетті қорғанудың əрекеттің қылмыс екенін жоятын мəн–жай ретінде қарауға, сонау ежелден бастап, құлиеленушілік мемлекеттердің алғашқы заң ескерткіштерінде орын алғандығы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Соның ішінде: ежелгі индустардың Ману заңы, вавилон патшасы Хаммурапи заңдары, Ежелгі Рим заңдары – II кесте жəне т.б. Сол кезеңнің осы аталған жəне басқа да ескерткіштерінде қажетті қорғану туралы ұғым адамға тəн табиғи құқығы өзін–өзі қорғауды танудан қалыптасты.

Тарихи қалыптасқандай, қоғам үшін қауіп тудыратын əрекеттер қатарына адамның өміріне, денсаулығына қол сұғу жатса, қажетті қорғану ұғымы теорияда да, заңдарда да өзінің өмірін жəне меншігін қорғаудан пайда болды. Қылмыстық заңның тарихы көрсеткендей, қажетті  қорғану үстемдік етуші таптардың мүддесі үшін пайдаланылды. Соған орай, қажетті қорғану ұғымы да тарихи даму процесінде өзгеріп, əлеуметтік–саяси құрылыстың ерекшелігінің көрінісі болып табылды.

 

Әдебиеттер

  1. Рейнгардт Н.В. Необходимая оборона - Казань,
  2. Шаргородский М.Д. Наказание по уголовному праву эксплуататорского общества - М.,
  3. Берлин А.А. Право необходимой обороны - Ярославль,
  4. Эльманович С.Д. Законы Ману. - СПб.,
  5. Рейнгардт Н.В. Необходимая оборона. Казань,
  6. Берлин А.А. Право необходимой обороны - Ярославль, 1911
  7. Халиков К.Х. Об условиях правомерности необходимой обороны Известия АН КазССР - 1968. №
  8. Маркс.К ,Энгельс.Ф. Сочинения, 7 т.
  9. Кони А.Ф. О праве необходимой обороны.- М.,
  10. Ткаченко В.И. Необходимая оборона по советскому уголовному праву. - М., 1979.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.