Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экономика жəне бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қылмыстық саясат

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгендей тең негізде меншіктің барлық нысанын қорғау, сонымен қатар экономикалық, кəсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік нарықтық қатынастардың дамуына негіз бола алды. Қазақстан əлемдік қауымдастыққа толыққанды мүше болғандықтан, экономикалық қызметтің жаһандануына жəне қаржы нарықтарының үйлесімді жұмыс істеуіне қарай экономикалық қылмыс жасап, зиян, зардап келтірілуі, тіпті ол қылмыс бір ғана мемлекеттің аумағында жасалса да, өзге мемлекеттерге де қауіпті болуы мүмкін. ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтып өткендей: « Қазақстан халықаралық қатынастардың жаңа құрылысын құруда жаһандық шешімдер қабылдау процестеріне қатысуға бет бұрып отыр...» [1]. Қылмыстық құқық саласындағы проблемалардың бірі болып экономикалық қылмыстар жүйесі танылады. 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексі қабылданған сəттен бастап ғалымдар экономикалық (шаруашылық) қатынастар аясында қылмыстылықтың жеке түрлері жəне аспектілері бойынша бірнеше ондаған іргелі зерттеулер жүргізген болатын. Осындай еңбектердің авторлары болып: Г.Н. Борзенков, Б.В. Волженкин, Л.Д. Гаухман, Н.А. Лопашенко жəне т.б. Шетелде де осы қылмыстарға   қатысты   келесідей   авторлардың   монографиялық   зерттеулері   жарық   көрген:   М.Бассиони, Э. Сатерленд, Б. Свенсон, К. Тилдан жəне т.б.

Экономикалық қызметтің нысанының күрт өзгеруі 80-90 ж ж. жəне белсенді (кейбір əлеуметтік қажеттіліктер талаптарына сай келмесе де) заңшығарушылық қызмет осы проблематика бойынша ғылыми зерттеулерді қайта ойластыру қажеттігіне алып келді. 1997 жылы ҚР ҚК-сі заңға сай экономикалық қызметті қорғау аясында жаңа түйіндер мен басымдықтарды белгіледі. Қылмыстық құқықтық қорғаудағы бұл жаңа саты Қазақстанның нарықтық қатынастарға түсуімен байланысты бірқатар сұрақтарды шешуге бейім, сонымен қатар қылмыстық заңнаманы қолдануда кейбір қиындықтар туғызады. ҚР аумағында осы проблема арнайы зерттелген емес, бірақ кейбір авторлар бірқатар аспектілерін жанама түрде атап өткен болатын, олар: Қ.Ж. Балтабаев, И.Ш. Борчашвили, Ж.Д. Бусурманов, С.Е. Қайыржанова, С.М. Разметов, И.И. Рогов жəне т.б.

Қылмыстық заңнамада Қазақстанның экономикалық қызмет аясын қорғауға бағытталған. Экономикалық қызмет аясын реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастарды қорғау ҚР ҚК-нің 7- тарауында регламенттелген. Экономикалық қылмыстар жүйесінде классификация маңызды орынға ие.

Шетел мемлекеттерінің заң əдебиеттерін талдау арқылы біз көп мемлекеттерде экономикалық қылмыстарды объектісіне байланысты ажыратылатындығына көз жеткіземіз, олар:

  • Қаржы нарығындағы қылмыстар;
  • Бəсекелестік ережелеріне қол сұғатын қылмыстар;
  • Тұтынушылардың қылмыстарына қол сұғатын қылмыстар;
  • Экономиканы мемлекеттік реттеу тəртібіне қол сұғатын қылмыстар;
  • Компьютерлік қылмыстар;
  • Табиғи ортаны заңсыз пайдаланумен байланысты қылмыстар;
  • Жалдамалы жұмыскерлерге зиян келтіретін, қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзумен байланысты қылмыстар [2].

ҚР ҚК-нің «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» деген 7 - тарауында 41 - бап бекітілген. Бұл бір-бірімен объективтік жақтың белгілерімен, қоғамдық қауіптілік сипатымен жəне ауырлық деңгейімен ажыратылатын қылмыстар. Қазіргі таңда Қазақстанның экономикалық жүйесі нарықтық экономикаға ауысты, ал нарықтық экономика дегеніміз - мемлекеттің аз араласуымен еркін нарықтың қызмет ету барысында мақсатқа жететін экономика. Ал нарықты оның субъектілері ірі мемлекеттік кəсіпорындар, кəсіпкерлер, шағын жəне орта бизнес субъектілері құрайды. Шағын жəне орта бизнес экономиканың тіреуші күштерінің бірі, халықты жұмыспен қамтамасыз ететін, бюджетті салықтар мен алымдармен толықтыратын, жалпы алғанға мемлекеттің экономикасының деңгейінің объективті көрсеткіші болып табылады. Кəсіпкерлік қызмет əрдайым тəуекелмен, үлкен шығындармен байланысты болып келеді. Ол қызметтің жемісті болуы экономиканың заңдылықтарына байланысты. Бірақ, тек қана оған емес, бизнестің, кəсіпкерліктің өсіп - өркендеуі оны құқықтық қамтамасыз етумен де, яғни заманауи бизнестің талаптарына толықтай жауап бере алатын  заңнамаға  да  байланысты.  Сол  заңнаманың  негізгі бағыттарын айқындайтын саясатты экономикалық бағыттағы қылмыстармен күресудің мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы деп айқындауға болады.

Бизнестің қорғау аясында қылмыстық саясатты жүзеге асыру көп аспектілі жəне оны шешу үшін келесідей мəн-жайлар есепке алынуы тиіс:

  • нарықтың объективті заңдарының қызметімен экономикалық қатынастарды реттеуге мемлекеттік органдардың араласу шектерінің ара - жігі;
  • экономикалық қатынастардың даму перспективасы жəне криминогендік факторлардан арылу;
  • қылмыстық саясатты құруда экономикалық қатынастардың қатысушыларының, сонымен қатар қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерінің есепке алынуы;
  • экономика жəне бизнесті криминалдық жағдайға əсер етудің қылмыстық құқықтық, экономикалық жəне ұйымдастырушылық құралдарының ерекшелігі;
  • қылмыстық-саяси ықпал етудің тиімділігін арттыру мəселесі.

Экономикалық қатынастар саласында мемлекеттік саясаттың тиісті сегментін жүзеге асыруда есепке алынуы тиіс қылмыстық саясаттың негізгі элементтерінің принципалды жүйесін елестетейік. Қылмыстық саясаттың ортаңғы буына едəуір маңызға ие үш элементтен тұрады. Оған кіретіндер: экономикалық бірліктердің шаруашылық қызметін жəне тиісті органдардың қызметін регламенттейтін қазіргі уақытта қызмет етіп жатқан құқықтық база; қалыптасқан құқық қолдану тəжірибесінің ерекшеліктері, халықтың криминогендік хал-ахуалды қабылдау сипаты жəне тиісті органдардың экономикалық бағыттағы қылмыстармен күресудегі тиімділігі.

Жоғарыда аталған əр элементтерге қылмыстық саясатты құрайтын құбылыстардың басқа блоктары сəйкес келеді. Бірінші блок – экономикалық қылмыстармен күресудегі тиісті органдардың қызметінің тиімділігі. Мұнда құралдармен күш-қуат, сонымен қатар мемлекеттегі əлеуметтік - экономикалық хал-ахуалды есепке алғанда қылмыстық саясаттың осы субъектісінің материалдық- техникалық қамтамасыз етілуі.

Қылмыстық саясаттың екінші блогы – қылмыстық құқықтық базаны жетілдіру – ол да элементтерден тұрады. Бұл мемлекеттегі əлеуметтік - экономикалық жағдайға байланысты жүзеге асырылатын қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу жəне қылмыстық атқару заңнама нормаларының криминализациялануы.

Үшінші блок – кері байланыс – бір жағынан жалпы мемлекеттегі немесе белгілі бір аумақтағы (криминогендік жағдайды қоса алғанда) əлеуметтік – экономикалық хал-ахуалды, екінші жағынан – экономикалық қылмыстылықпен күресуге бағытталған тиісті органдардың қызметінің нəтижесін халықтың қабылдауы.

Халықтың пікірі көпшілік құқықтық айқындамаларға негізделген жəне көпшіліктің  пікірін бұқара ақпарат құралдары қалыптастыратынын есепке алу тиіс. Ары қарай қылмыстық саясаттың алгоритмін қарастыру қажет болып отыр. Бұл процесті мемлекеттегі əлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеру белсенділігіне байланысты, белгілі бір жиілікпен қайталанатын цикл ретінде қарастыруымыз қажет. Мемлекеттің құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу жəне қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқықта қолдануды кешенді, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады [3].

Теориялық айқындалған цикл қоғамға қажетті бағыттағы əлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу бойынша ұзақ уақыттағы бағдарламаға негізделе алады. Бірақ та қазіргі таңда мемлекеттегі экономиканың хал-ахуалы жағдайында осында үлкен қадамға цикл, бірін-бірі тез ауыстырып отыратын, тез өтіп тұратын циклдарға жол беріп отыр. Бұл қылмыстық саясат субъектілерін экономика жəне əлеуметтік саладағы өзгерістерге едəуір жедел назар аударуына итермелейді. Оған қарамастан экономика саласындағы криминогендік жағдайлардың күнделікті өзгерістеріне билік органдарының əрдайым назар аударуы қылмыстық саясатты жүзеге асыру оның негізін құраушы концептуалды қағидаларына қайшы келмеуі тиіс. Қылмыстық саясатты жүзеге асыру процесі ең алдымен қажетті ақпарат жинаудан жəне оны бағалаудан тұрады. Тиісті ақпарат экономикадағы криминогендік жағдайды қоса алғанда əлеуметтік-экономикалық қатынастардың қысқа, орташа жəне ұзақ мерзімді даму болжамдарын құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда көптеген бизнес өкілдері экономика саласында қылмыс жасаудан арыла бастап жатыр. Оған дəлелді мысал ретінде келесідей статистикалық көрсеткіштерді келтіруге болады: 2008 жылдың екінші жартысында 4955 экономикалық қыгмыстар тіркелген болатын, олардың үлес салмағы 7,43% құрады, ҚР бойынша қылмыстардың динамикасы мен ашылуы бойынша  2009 жылдың екінші жартысында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5368 экономикалық қылмыс тіркелді, яғни 8,31% өсті, олардың үлес салмағы 8,98 % - ға жетті [4]. Бұл басқа қылмыс түрлерімен салыстырғанда қалыпты көрсеткіш. Егер кəсіпкерлерге қатысты экономикалық қылмыс бабы бойынша қылмыстық істер қозғалып жатса, онда ол қылмыстық істердің қозғалуын бизнес бойынша бəсекелестері арандатуы мүмкін, бəсекелесіне қарсы іс қозғалса онда оның бəсекелесуге деген жағдайы болмайды. Егер бизнес қылмыстық заңнамамен қорқынышта ұсталып отырса – оны кəсіпкерлердің əр дербес қадамына қатысты қолдана берсе, онда қоғам жəне мемлекет өзі алуы тиіс игіліктерден – бизнестен түсетін үлкен салықтық түсімдерден, мемлекеттің экономикалық дамуынан, оның ішінде қалалардың жəне елді-мекендердің инфрақұрылымы, жаңа жұмыс орындарының ашылуынан, Қазақстанға инвестиция жəне халық шаруашылығының инвестициялар мен инновацияларды қажет ететін салаларынан, қайырымдылық пен меценаттылықтан жəне т.б. айырылар еді.

Шетелдік, оның ішінде американыдық мамандар экономикалық қылмыстарға кедендік жəне салықтық қылмыстар, кəсіпкерлік қызметтегі алаяқтық қылмыстарын жатқызады. Соңғысы жалған фирмалар мен акционерлік қоғамдар құру, алаяқтық банкроттық, сенімге опасыздық жасау, борышкерлерді алдау, валюталық қылмыстар,ақша белгілері мен құжаттарды қолдан жасау, монополизмнің əр түрлі нысандағы көрініс табуы.

Ағылшын жəне АҚШ құқығында қандай əрекеттер экономикалық қылмыстар қатарына жататындығы жайлы бірыңғай пікір жоқ. «Экономикалық қылмыстар» термині заңнамада жəне заңгер-ғалымдардың  еңбектерінд мүлдем қолданылмайды. Негізінде, осындай қылмыстарды «ақжағалалардың қылмыстылығы» немесе қаржы саласындағы қылмыстар қатарына жатқызады. «Ақ жағалылардың қылмыстылығы» тек қана экономикалық қылмыстардан ғана емес сонымен қатар жемқорлық, экологиялық, копьютерлік қылмыстар жəне антитрестік заңнаманы бұзулардан тұрады.

Қазақстанда қызмет етіп жатқан еркін нарық жүйесінде мемлекеттің басты ролі кəсіпкерлерді тауар өндіруге, нарыққа шығуға жəне табыс алуға бірдей, тең мүмкіндіктерге ие болуында тұрған жеке бизнестің негізін құраушы нормалар мен ережелерді жасай тұра, мемлекет жанжалдардың болуын алдын алады жəне бүкіл жүйенің жұмысын жеңілдетеді. Мемлекет пен бизнестің қарым- қатынастарының негізінде қолдау жатқанымен, бизнес пен қоғамның мүдделері қайшы келіп жатады. Қандай да бір яирманың əрекеттері қоғамдық саулықты бұзса, онда адамдар биліктен осындай тəжірибені шектейтін заңдарды қабылдауын талап ете бастайды.

Жоғарыда айтып өткендей объектісіне байланысты экономика саласындағы қылмыстарды келесідей түрде сыныптауға болады:

  • Кəсіпкерлік жəне банкілік қызмет саласындағы қылмыстар – 189-193, 195, 200, 219-220 баптар;
  • Банкроттықпен байланысты қылмыстар – 215-217 баптар;
  • Ақша, бағалы қағаздар жəне төлем құжаттарының айналымы саласындағы қылмыстар – 194, 202-207 баптар;
  • Кедендік реттеу саласындағы қылмыстар – 209 жəне 214 баптар;
  • Валюталық реттеу саласындағы қылмыстар;
  • Тұтынушылардың мүдделеріне қол сұғумен байланысты қылмыстар – 223, 196, 198, 199, 201,224, 226, 227, 227-1 баптар [5].

Қорыта келгенде, қылмыстық саясаттың шаралары мен механизмдері əлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік болжамдарымен қатар дамып, Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.

Аталған шаралар мен механизмдер мыналарға бағытталуы тиіс: кəсіпкерліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру; кəсіпкерлік қызметті жəне оны қорғауды ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру; кəсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғай алуына кепілдік беру; кадрларды даярлау жəне экономикалық  бағдарламасын даярлау.

 

Әдебиеттер

  1. http://www.akorda.kz/kz/speeches/addresses_of_the_president_of_kazakhstan/poslanie_prezidenta_respubliki_kazahstan_na _nazarbaev
  1. Бекряшев А.К., Белозеров И.П. Теневая экономика и экономическая преступность. Электронный учебник. http://newasp.omskreg.ru/ bekryash/ch2p1.htm#3
  2. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы. http://prokuror.kz/kaz/vm/normativno_pravovye_akty_gprk/Kontseptsiya_pravovoy_politiki
  3. http://www.pravstat.kz/rus/docs/statinfo/otd_vid_prest/200906_Soo.xls
  4. enu.kz/poslevuzovskoe/downloads/d_tokpaeva.doc

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.