Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Айыпталушы мен жəбірленушінің ымыраға келуінің шынайылығын зерттеу əдістемесі

Қылмыс пен жаза ұғымы бір-біріне тікелей байланысты. Өйткені, қылмыскер өзінің қолмен істегенін мойнымен көтеріп, жасаған қылмысына сай жазасын алуы тиіс. Ол қылмысты қасақана жасады ма, əлде абайсызда ағат қадам басты ма, бəрібір заң алдында, қоғам алдында жауап беруге міндетті. Əркiмнiң бiлiктi заң көмегiн, сондай-ақ ол көмектi адвокаттың (қорғаушының) қатысуымен алуға құқығы туралы конституциялық ереженi сақтау, сот iсiн тараптардың бəсекелестiгi жəне тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыруға, iс бойынша ақиқатты анықтап, заңды да негiздi сот шешiмiн шығаруға ықпал етедi. Қылмыстық процестiң барлық кезеңiнде сезiктiге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға қылмыстық қудалаудан, айыптау мен соттаудан қорғану құқығы берiлген жəне кепілдендірілген.

Сот практикасын зерделеу - алдын ала тергеу барысында жəне сот төрелiгiн атқару кезiнде конституциялық ережелердегi жəне қылмыстық iс жүргiзу заңындағы қорғану құқығы туралы талаптардың сақталатындығын көрсеттi.

Қылмыстық іс жүргізудің екі негізгі міндеті бар (ҚІЖК 8бап). Оның бірі істің тез жəне толық ашылуымен, оларды жасаған адамдарды əшкерелеумен жəне қылмыстық жауапқа тартумен, əдiл сот талқылауымен жəне қылмыстық заңды дұрыс қолданумен байланыстырылса, екіншісі адамды жəне азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнəсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу жəне толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тəртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жəрдемдесуi тиiстілігімен байланысты болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін криминалистика көптеген əдістер қалыптастырады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабында көрсетілген қылмыстар туралы iстер жеке айыптау iстерi болып саналады, жəбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады жəне оның айыпталушымен бiтiсуiне орай қысқартылуға тиiс. Криминалистика ғылымында қылмыспен күрес жалпы зерттеу объектісі ретінде қарастырылады. Ал пəні қылмысты тергеу кезінде кері əсерін  тигізетін факторларды анықтау, оларға қарсы күрес механизмін қалыптастырып, əдіс–тəсілдерді дамыту болып табылады.  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Сенатының  Төрағасы:  Қ.А. Мамидің  өз   сөзінде:

«Қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының құқықтарын қорғау – өзекті де, толғақты мəселелердің бірі болып саналады. Тұлғаның құқықтарының шынайы түрде қамтамасыз ету – қылмыстық сот ісін жүргізу сферасындағы демократияны, ізгілікті бағалаудың өлшемі. Бұл үшін, тек қана қылмыстан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын ғана қорғау емес, сонымен қатар қылмыстық ізге түсуге тартылған адамдардың да құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажет. Кінəсіздерді соттау, негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту мүлдем жойылу қажет деп атап кетеді. Сондықтан əрбір қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың құқықтарын толық қорғалуын қамтамасыз ету үшін барлық заңмен тыйым салынбаған əрекеттер тізбегі жасалуы тиіс.

Өз кезегінде жəбірленуші мен айыпталушының бітімге келуі де соңғы кезде жиілеп кетті. Оның шынайы себептері келесідей:

  • Айыпталушының шынайы түрде істеген əрекетіне өкініп, жəбірленушіден кешірім сұрай отырып, келтірілген залалдың материалдық түрде орнын толтыруы;
  • Айыпталушының өкіне отырып, жəбірленушіден кешірім сұрап, істі жүргізуші тергеушімен сөз байласу арқылы, соңғысы жəбірленушіні əртүрлі əдістермен көндіруі;
  • Əрекет қабілеті шектеулі жандарға залал келтірген айыпталушының жəбірленушінің қамқоршысымен сөз байласып бітімге келуі;
  • Айыпталушының жəбірленушіні алдын ала қорқытып немесе күш көрсетіп, немесе көрсетемін деп қорқыту арқылы тергеушінің алдында бітімге келгендіктерін жалған түрде бейнелеу;
  • Жəне өзге де жағдайлар.

Осы жағдайлардың біріншісінен басқасының барлығында заңсыз əрекеттер байқалады. Айыпталушы (қылмыскер) қылмыс жасағаннан кейінгі əрекеті объективті көрініс, ал оның ішкі күйзелісі, өкінуі жəне тағы басқа психологиялық жай-күйі субъективті көрініс болып табылады. Объективті жəне субъективті көрініс бірігіп үйлесімділік ие болған кезде нақты сипаттама беріп айыпталушының шын жағдайын жан-жақты анықтауға болады.

Жоғарыда аталған ситуациялардың барлығында сырт көріністен қарағанда барлығы ең бірінші жағдай секілді көрінеді, яғни айыпталушының шынайы түрде істеген əрекетіне өкініп, жəбірленушіден кешірім сұрай отырып, келтірілген залалдың материалдық түрде орнын толтыруы. Бұл əрине бастапқы алдамшы көрініс. Сондықтан лауазымды тұлға тергеуші немесе анықтаушы істің барысында алдамшы жағдайларды анықтаған кезде тексеру мақсатында келесі əрекеттерді жүзеге асыруы тиіс.

  1. Айыпталушының жəбірленушімен жеке жүздесуіне тыйым салу. Яғни жүздесу, телефонмен байланысуын жеке өзі қатысуы арқылы шығуымен қадағалау.
  2. Ымыраға келдік деп тапқан жағдайда, қайта жауап алынуы тиіс. Жауап алу процесінде нақты сұрақтар тізбегі алдын-ала жасалып қойылуы керек. Беттестіру тергеу əрекетін жасап, əр-түрлі криминалистикалық тактикалық тəсілдерді пайдалануы тиіс. Мақсаты нақтылау, кедергілерді анықтау, жəбірленушінің психикалық жай-күйіне сипаттама беру.
  3. Əрекет қабілеттілігі шектеулі жандардың қамқоршысының жеке өмірбаянымен жəне жеке мінездемесімен толық танысу керек. Кез келген жағдайда түпкілікті шешім шығарар алдында қамқоршы мен айыпталушының арасындағы қарым-қатынас сипатын анықтау керек. Сонымен қатар, əрекет қабілеттілігі шектеулі жəбірленушіден жеке дара ситуацияға сəйкес маман қатыстыра отырып жауап алу керек. Жəне тағы басқа əрекеттер.

Сонымен барлық аталған сипатқа ие жағдайларды анықтау үшін, ең алдымен, біздің ұсынысымыз бойынша келесі талаптарды сақтау жəбірленушінің құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етеді деп ойлаймыз.

  • тергеуші өз ісіне адал болуы бірінші шарт болып есептеледі. Ал ол үшін тергеушінің адалдығына тек қана сенім арту жеткіліксіз деп есептейміз;
  • тергеушінің əрбір əрекетін тиісті өкілетті лауазымды тұлғалармен қатаң бақылауға алынуы тиіс;
  • жəбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жетілдіру керек;
  • айыпталушыға тиісті бұлтартпау шараларын қолдану.

Осы талаптар сақталғаннан кейін ғана жағдайларды анықтау жəне онымен күрес мəселелері туралы айтуға болады. Егер жоғарыда көрсетілген əрекеттер жəне тəртіп тізбегі жүзеге толығымен жүзеге асырылса, онда қылмыстық сот өндірісінде орын алатын келеңсіз жағдайлар азаяды деп ойлаймыз. Əрине бұл жұмыстың көлемі қылмыстық сот өндірісінде кездесетін кейбір мəселелерді ғана қамти алды. Алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жасалады деген ойдамыз.

 

 

Әдебиеттер

  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы,
  2. Ағыбаев А.Н. ҚР-дың Қылмыстық кодексіне түсіндірме жалпы жəне ерекше бөлімдер. - Алматы: Жеті жарғы,
  3. Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың бастапқы негіздерінің ерекшіліктері // Заң жəне Заман. – № 5. – 2005. – Б. 44-46.
  4. Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының қылмыстық құқық қағидаларына қайшылығы // Профилактическая деятельность государства как одно из основных средств сдерживания преступности в стране: Мат-лы междунар. науч.-практ. конф. Ч. – Алматы: ООНИиРИР Академии МВД Республики Казахстан, 2006. – Б. 477-482.

***

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.