Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зорлық, пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық теориялық мəселесі

Пайдақорлық қылмыстылы- əлемдегі көп таралған криминалды феномен болып табылады. Аталған түсініктің негізгі «пайдақорлық» жəне «пайдақорлық мотивация» категориялары болып табылады.  Пайдақорлық дегеніміз   пайда, көп жағдайда материалды пайда деген мағынада қолданылады [1]. Сəйкесінші, пайдақорлық мотивация – адамның мінез-құлқының пайдаға, табысқа деген ұмтылысы. Жалпы алып қарағанда пайдақорлық əр адамға тəн нəрсе, өйткені, кімде-кім болмасын іс-əрекеттерді өзіне, өзінің пайдасына зиян келтіре отырып жасауына адамзаттың табиғатына жат қылық болып табылады. Кейбір пайдақорлық көріністері қоғам мүдделеріне қайшы келеді деп анықталады (антиқоғамдық). Осыған сəйкес құқықта, негізінен қылмыстық құқықта пайдақорлық категориясы неғұрлым тар мағынада - құқыққа қайшы, қайтарымсыз мүліктік пайда табуға, оның заңсыз екенін біле отырып тырысу деп түсініледі (пайдақорлық мақсат жəне пайдакүнемдік ниет).

Баюға тырысып жатқанын сезінбеу (барлық адамдарға тəн), заңды жолдармен баюға тырысу, заңсыз тəсілдермен баю, алайда келтірілген шығындардың орнын толтыру құқықта пайдақорлық болып табылмайды. Алайда, бұл орайда пайдакүнемдік мүдде болмауы керек. Көп жағдайларда пайдақорлық ниет қылмыстық заң нормаларында қылмыстың белгісі ретінде көрсетілмейді. Негізінен бұл баға экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға жақын. Бұл ерекшеліктің себебі, пайдақорлық мотивация заңсыз экономикалық қызметке, негізінен заңсыз кəсіпкерлікке тəн болып табылады.

Ресей Федерациясының қылмыстық заңнамасы бойынша пайдақорлық мотивация 90  түрлі қоғамға қауіпті іс-əрекеттердің белгісі ретінде сипатталады. Пайдақорлық қылмыстардың көп түрлері экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды (32), меншікке қарсы қылмыстарды (9), сондай-ақ мемлекеттік билік мүдделеріне жəне мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қарсы қылмыстарды құрайды(8). Бірақ та пайдақорлық қылмыстар адам өміріне қарсы (пайда табу мақсатымен немесе жалданып адам өлтіру), бостандыққа қарсы (пайдакүнемдік ниетте адам ұрлау), тұлғаның конституциялық құқықтарына қарсы (пайдакүнемдікпен жеке өмірдің қол сұғылмаушылығын бұзу), кəмелетке толмағандардың дұрыс даму, қалыптасу мүдделеріне қарсы (кəмелетке толмағандарды саудаға салу), қоғамдық қауіпсіздікке қарсы (ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды жасау үшін қылмыстық қоғамдастық құру), халықтың денсаулығына қарсы (есірткі заттарды ұрлау немесе қорқытып алу), қоршаған ортаға қарсы (заңсыз аңшылық), конституциялық құрылысқа қарсы (пайда табу мүдделеріне байланысты мемлекеттік опасыздық жасау), басқару тəртібіне қарсы (пайда табу мүддесіне байланысты құжаттарды бүлдіру немесе ұрлау, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру) қылмыстарды да құрайды. Екі түрлі критерийлерге байланысты пайдақорлық қылмыстарды меншікке қарсы қылмыстар (бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіруді қоспағанда) жəне экономикалық қызмет пен коммерциялық жəне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар деп сəйкестендіруге болады.

Пайдақорлық қылмыстылық - бұл құқыққа қайшы, қайтарымсыз мүліктік пайда табу мақсатымен экономика саласына қол сұғатын қылмыстық құқықтық жазаланатын іс-əрекеттердің жиынтығы болып табылады.

Қол сұғушылық жүзеге асырылатын экономикалық қатынастардың сипатына байланысты пайдақорлық қылмыстарды үш топқа бөлуге болады:

  • меншікке қарсы пайдақорлық қылмыстар (ұрлық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, ерекше құнды заттарды ұрлау, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, автомобильді немесе өзге көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену);
  • экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар (табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мəмілелерді тіркеу, заңсыз кəсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет, жалған кəсіпкерлік т.б);
  • коммерциялық жəне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы пайдақорлық қылмыстар (өкілеттіктерді теріс пайдалану, жекеше нотариустардың жəне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы, жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану, коммерциялық сатып алу).

Қазіргі таңда қылмыстардың, оның ішінде пайдақорлық қылмыстардың көбісі меншікке, экономикаға қарсы бағытталады.

Зорлық қылмыстары дегеніміз - тұлғаға физикалық немесе психикалық жəбір көрсетумен не болмаса көрсетемін деп қорқытумен байланысты қылмыстар аталады. Зорлық қылмыстарының қатары уақыт өткен сайын ұлғайып келеді. Атап айтсақ, адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қорқыту, зорлау, адам ұрлау т.б. Зорлық қылмыстарының ең көп ауыр зардаптарға əкелетін қауіпті түрлері болып адам өлтіру, зорлау, бұзақылық болып табылады.

Қылмыстық құқықта пайдақорлық жəне зорлық қылмыстары өте көп. Осындай қылмыстарды ашу да оңай емес.

Пайдақорлық қылмыстарының қатарын негізінен меншікке қарсы қылмыстар құрайды. Оларға негізінен ұрлық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, тонау,қарақшылық, қорқытып алушылық, ерекше құнды заттарды ұрлау жатады. Меншікке қарсы пайдақорлық қылмыстарының өзектілігі сол бұл қылмыстар ежелден келе жатқан Қазақстан Республикасының заңнамасында көрініс тапқан ашылуы қиын қылмыстар қатарына жатады. Құқық қорғау органдарының тəжірибесінде кездесетін ең негізгі жəне көп таралған қылмыстар  осы меншікке қарсы қылмыстар болып табылады. Қарастырылып отырған қылмыстардың объектісі негізінен бөтеннің меншігіне қол сұғу болып табылады. Қылмыс объектісі – қылмыстық іс-əрекетті жасаған адамның не нəрсеге қол сұғып отырғандығы жəне қылмыс нəтижесінде неге зиян келтіреді немесе неге зиян келтіруі мүмкін [2].

Қылмыстың объективтік жағы оның сыртқы жағын білдіреді жəне қоғамға қауіпті іс-əрекетті жəне əрекетке байланысты өзге де құбылыстарды қамтиды. 1. Субъектінің қоғамға қауіпті əрекеті (əрекет немесе əрекетсіздік); 2. Қылмыстық салдар (нəтиже); Қылмыстық нəтиже мен əрекеттің арасындағы себепті байланыс; 4. Қылмыс жасау орны; 5. Қылмыс жасау жағдайы; 6. Қылмыс жасау тəсілі; 7. Қылмыс жасау уақыты; 8. Қылмыс құралы мен қаруы. Бұл белгілердің ішінде  тек алғашқысы ғана барлық қылмыс құрамдары үшін міндетті де, қалғандары кейбір қылмыс құралдарында ғана көрініс табады. Қылмыстық əрекет – бұл тұлғаның сыртқы көрінісіндегі қоғамға қауіпті акт, яғни сол адамның өзінің сыртқы дене қозғалысы жəне адам санасымен бақылануы арқылы жүзеге асырылуын айтамыз [3].

Қылмыстық кодекстің 178-бабына сəйкес, тонау дегеніміз бөтен мүлікті ашық ұрлау болып табылса, ал ҚК 179-бабына сəйкес қарақшылық - ол бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау танылады. Пайдақорлық, сондай-ақ зорлық қылмыстары əр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Атап кетсек, физикалық немесе психикалық ықпал ету арқылы зорлық қылмыстарын жасауға болады. Мысалы, Адам өмірін күш қолданып та (жарақаттау, тұншықтыру, уландыру, т.б.) психикалық ықпал жасап та (қорқытып, үрейлендіріп, жалған лақап таратып, т.б.) айыруға болады. Тəжіребиде кісі өлтірудің түрі ретінде күш қолданып кісі өлтірулер көптеп кездесуде. Яғни кінəлі жəбірленушінің оқпен атылатын жəне суық қаруды, өзге де заттарды пайдаланумен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да əдістерді қолдану арқылы өмірін қияды. Адам өлтіру қылмысы кінəлі өзінің білегінің күшімен немесе қандай да болмасын құралды пайдалану арқылы жасалуы мүмкін. Кінəлі өзінің білек күшін қолданып адам өлтіру ол қолымен қылқындырып өлтіру, ұрып–соғып өлтіру жəне де т.б. айтуға болады. С.Я. Булатов пен  Д.М. Мамутов психикалық əсер ету жолымен адам өлтіруді де теріске шығармайды. Мысалы, қорқыту нəтижесінде жүректің жарылуы [4]. C.В. Бородин психикалық əсер ету жүрек ауруымен ауыратын адамдарды өлімге дұшар етуі мүмкін деп айтып кеткен. Тəжірибе С.Я . Булатов пен А.И. Мамутовтың пікірін растайды. Олар психикалық əсер ету арқылы адам өлтіруді дəлелдеудің қиын екендігін айтады. Бұндай қылмыстар алдын ала ойластырылмаған жəне табан асты бола қалған кісі өлтіруде кездеседі. Əр түрлі құралдарды (кастет, кинжал, у пышақ), механиздерді (қару, тапанша) қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді, кінəлі тұлғаның əрекетінің негізінде кісі өлтіру деп қарастыруымыз қажет. Адам өлтіру сонымен бірге жəбірленушіге психикалық əсер ету нысанында да болуы мүмкін. Əдетте жүрек–қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен адамды өмірінен айыру жиі кездеседі. Қорқытулар əр түрлі жүзеге асуы мүмкін, сөз жүзінде немесе əрекетпен жасалуы мүмкін. Қылмыстық заңның жалпы бөлімінде күш көрсетіп зорлық жасаудың не екендігін анықтау қажет, оның түрлері: өмірінен айыру, денсаулығына зиян келтіру, бостандығын шектеу, жыныстық қатынасқа бару. Жəбірленушілерге келтірілген зиян сипаты олардың жасалу тəсіліне байланысты. Тəжірибеде кездесетін өте психологиялық тұрғыдан қарағанда ауыр қылмыстардың бірі зорлау болып табылады. Бұл қылмыстың объектісі негізінен əйелдің жыныстық бостандығы, еркі болып табылады. Бұл қылмыстың ерекшелігі субъектісі арнаулы, яғни ер жынысты адамдар саналады. Бұндай қылмыстарды қазіргі таңда анықтау өте қиынға соғып жүр. Көп жағдайда латентті қылмыстардың қатарына кіреді. Өйткені, əйел адамдар көп жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласпайды. Сондықтан қылмысты ашу өте қиын.

Қылмыстық–құқықтық əдебиетте қылмыстың субъективтік жағы оның ішкі жағын көрсетеді жəне мынандай белгілерді қамтиды: кінə, ниет, мақсат жəне кейбір кездері эмоционалдық жағдай (оның ішінде, тек қана аффект).

Кінə - бұл адамның қоғамға қауіпті іс-əрекетіне (əрекет немесе əрекетсіздік) жəне одан туындайтын зардапқа деген тұлғаның психикалық көзқарасы. Кінə кез-келген қылмыс құрамының негізгі белгісін құрайды.

В.И. Ворошилин қылмыстың субъективтік жағын кінə өз ойлары бойынша соған кіргізілетін ниетпен,  мақсатпен  теңестіріледі.  Мұнымен  келісуге  болады,  өйткені, кінə, ниет, мақсат дербес мазмұны бар өз алдына психологиялық құбылыс болып табылады. Қылмыстық жауаптылыққа жəне жазалаушылыққа тек қана қылмыс жасаған кінəлі, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қасақана немесе абайсызда жасаған қоғамға қауіпті əрекетте жасаған тартылады. Пайдақорлық қылмыстарының негізгі мақсаты пайда табу, баюға ұмтылу болып табылады. Ал зорлық қылмыстары болса, тұлғаға белгілі бір психикалық жəне физикалық зиян келтіру арқылы мақсатқа жету болып табылады.

Пайдақорлық, зорлық қылмыстарының барлығы да қасақана ниетпен жасалады, өйткені, оларды абайсызда жасау мүмкін емес. Б.С. Никифоров «пайдақорлық мақсатты талан-тараждың қажетті белгісі деп қараудан толық бас тарту қажеттігін ұсынады». Қылмыстық заң бойынша, пайдақорлық дегеніміз кез келген формада, не материалды игіліктер алу арқылы, материалдық шығындардан құтылу. Кудрявцевтің мына ойы шындыққа сай келеді: «қылмыстарды ажыратуға көмектесетін қылмыстың субъективтік жағы - ол кінə болып табылады [5].

Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісі болып қылмыстық заң тыйым салған қоғамға қауіпті іс-əрекет (əрекет немесе əрекетсіздік) жасаған жəне ол үшін жауап бере алатын адам болып табылады. Қылмыс субъектісі – қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық жауаптылық мүмкін емес. Қылмыс жасаған кезде тұлға мынадай белгілері болса істегені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, егер ол:

  • жеке тұлға болса,
  • есі дұрыс болса,
  • қылмыстық заң белгіленген жасқа толса. Қылмыс субъектісі болып міндетті түрде есі дұрыс адам саналуы керек, яғни өз əрекетінің (əрекетсіздігінің) нақты мағынасын бағалай алатын, оған басшылық жасауға шамасы бар жəне оның жеке тұлға болуы тиіс. Психикасының бұзылғандығы салдарынан мұндай мүмкіндіктен айырылған адамдар қылмыс субъектісі бола алмайды.

Зорлық, пайдақорлық қылмыстарының ішінде қылмыстың арнайы субъектісі тек бандитизм құрамының үшінші бөлігінде ғана көрсетілген. Яғни, (мысалы, полиция қызметкері, əскери қызметкерлер жасаған бандитизм үшін) күшейтілген жауаптылық белгіленген. Пайдақорлық қылмыстарын жасаушы тұлғалардың белгілері: пайдақорлық ниетінің тұрақтылығы, зорлық қылмыстарын жүзеге асыру кезіндегі тəсілдердің сипаттамасы. Пайдақорлық, зорлық қылмыстарын жүзеге асырушылар қатал, ерекше қатал болып келеді [6]. Кейбір криминологтардың пікірінше, қылмыскер тұлғасы өте күрделі мəселе, ал кейбіреуі олай ойламайды, яғни «қылмыскер тұлғасы түсінігінде» теориялық жəне тəжірибелік мазмұн жоқ дейді, өйткені, қылмыскерлердің барлығына бір құрам тəн: олардың барлығы да заңды бұзды. Ал өзге криминологтар болса, криминологиялық анализ жасау үшін қылмыс субъектісі ұғымының жеткіліксіздігін, қылмысты жасаған тұлғаның қылмысты мінез-құлқының себептері мен механизмін анықтау қажет [7].

Пайдақорлық қылмыстарын зерттеген кезде негізінен адамдардың тұлғалық ерекшеліктері ескеріледі. Уақыт өткен сайын зорлық, пайдақорлық қылмыстарының деңгейі қанағаттанарлықтай емес. Аталған зорлық, пайдақорлық қылмыстарының субъектісі өте қауіпті, көп жағдайларда психикалық тұрақсыз, бұрын сотталған адамдармен жасалады. Бұл қылмыстарды алдын алу мақсатында жазаны  нығайту, моральды тұрғыдан тəрбие беру, адамдардың мəдени жəне білім деңгейін көтеру керек. Сондай-ақ, азаматтарға құқықтық тəрбие беріп, адамдарды қылмыстың құрбаны болудан, яғни оларға виктимологиялық профилактика жасауға ұмтылу керек, яғни қажетті алдын алу шараларын қолданудың маңызы зор.

 

 

Әдебиеттер

  1. Ожегов С.И. Словарь русского языка. - М., 1987. - С.
  2. Жижиленко А.А. Преступления против личности. - М-Л., 1927. – 125 с.
  3. «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысы/Юрист,
  4. Булатов С.Я., Мамутов А.М. Ответственность за преступления против личности по Уголовному кодексу ССР. 1961г.– 102 б.
  5. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. 2-е изд. Перераб. и дополн. - М. Юрист, 2001. - 304 б
  6. Личность преступника / под ред. В.Н. Кудрявцева. - М., 1975. - С. 50-53.
  7. Гуров А.И. Профессиональная преступность: прошлое и современность. - М., 1990. - С.154.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.