Адамдардың объективтік тарихи даму үрдісінде жəне күнделікті қарым-қатынастар аясында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, акционерлік қоғам, əлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам жəне т.б. Аталған қоғам атауларының ішіндегі айтарлықтай күрделісі, түпкіліктісі адамдардың саналы өмірімен бірге дамып жатқан қоғам, ол азаматтық қоғам. Қоғамның түр сипатына қарай аталған басқа да түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-əрекетінің шеңбері кеңістігі кең ауқымдылықты қамти алмайды, ұзақтығы тəжірбиеге сүйене қысқартылған мерзімде пайда болып, ыдырап кетеді.
Азаматтық қоғам – мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы қатынасқа қатысушылардың табиғи жəне азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғам үзіліссіз болмайды, уақытпен шектелмейді, аумақтық-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік басқарудан мейілінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тəуелсіз дербес дамыту.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан əлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайтын нормативтік-құқықтық акт. Оған дəлел ата заңымызда көрсетіліп жазылған баптар құқықтық негізді құрайды. Мысалы меншік тең дəрежеде танылатын жəне қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті; адам жəне азамат құқықтарының кең ауқымды жəне біртұтас кешенін; отбасын, ана мен əке жəне баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық жəне саяси əр алуандылықты жəне тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын көрсете кетсе болады..
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, əлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде – мақсаты [1].
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің дербес ел, тəуелсіз республика ретінде қалыптасып жатқанының заңды көрінісі.
Конституция – азаматтық қоғамды қалыптастырушы, мемлекет тарапынан заң шығармашылық қызмет нəтижесінде халықтың мүддесін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік-құқықтық акт. Конституцияның баптарында құқықтық, зайырлы, əлеуметтік, демократиялық жəне азаматтық қоғам ретіндегі мемлекеттің дамуы мен азаматтарының құқықтары мен бостандықтары мазмұндалады. Онда: “Біз ортақ, тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік жəне татулық, мұраттарына берілген бейбітшілік азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”[2] – деп Қазақстанның азаматтары өз еріктерін білдіреді. Осы қабылданған құжат негізінде халқымыз алдына қойған бағыт бойынша қызмет етуде. Бұған дəлел – қазіргі таңдағы елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық-саяси, əлеуметтік-экономикалық реформалар.
Қазақстан Республикасының бүгінгі қолданыстағы Конституциясы елімізде азаматтық қоғамды орнатудың барлық құқықтық құрылымдарын орнықтыруға толығымен мүмкіндік береді.
Негізгі Заңда азаматтық қоғамның ерекше сипатын көрсететін идеологиялық əр алуандылық мəселесі, азаматтық қоғамның негізгі тірегі – үкіметтік емес ұйымдардың қалыптастырылу негіздері,отбасы жағдайы жəне жеке меншік мəселесі жеткілікті деңгейде көрініс тауып, өзінің мүмкіндігін əлі толықтай пайдалана қоймағандығын көрсетуде.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Республикада мемлекеттің билік тежемелік жəне тепе – теңдік жүйесін пайдалана отырып, оны заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі тармақтарына бөлу қағидаларыне сəйкес Конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылатындығын белгілеген.
Қазақстанның Ата заңы негізінде ұлттық жəне халықтық егемендіктің орнығуы, мемлекеттің демократиялануының көрінісі болып табылады.
Ұлттық егемендік, ұлттың өз тағдырына өз атына ие болуынан, мемлекеттік, экономикалық жəне рухани салаларда өзін-өзі тануынан көрінеді. Қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық егемендіктің өз ерекшелігі бар. Мəселе мынада, Қазақстанда бір ғана ұлт – сандаған жылдар бойы өз аумағында тұрып келе жатыр жəне осында ұлт ретінде қалыптасқан қазақ ұлты. Көптеген елде жəне бірнеше миллион қазақ диаспорасы тұрғанмен, əлемдегі ешбір елде қазақ ұлты жоқ. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы осы – “байырғы қазақ жерінде мемлекет құрып отырған” тарихи фактіні таныды жəне оны орнықтырды. Қазақстанда тұратын халықтың жартысынан астамын басқа ұлттың өкілдері құрайды.
Ұлттық егемендіктің діни салада алатын орны айрықша. Ұлттық егемендік көп ұлтты Қазақстан жағдайында қазақ ұлтына, барлық ұлттық топтарға қоғамдық жəне мемлекеттік өмірдің барлық салаларына белсенді араласуы арқылы өздерінің этникалық, мəдени, тілдік болмысын барынша айшықтай көрсетуге мүмкіндік жасалған [3, 20-25 бб.].
Азаматтық қоғамды қалыптастыру негізін салушы нормативтік құқықтық актілер қатары бірнеше. Атап айтқанда Қазақстанда тұратын ұлттық топтардың ұлттық болмысын қолдау идеясын айқындайтын 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған "Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы" декларацияда көрініс тапты. Қазақ ұлтының жəне Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың өзіндік мəдениетін, дəстүрін, тілін жаңғырту мен дамыту жəне ұлттық болмысын нығайту Қазақ КСР мемлекеттегінің ең маңызды міндіттерінің бірі болып табылады.
Қазіргі Қазақстан жағдайында тіл туралы мəселенің орны ерекше. Кеңес өкіметі кезінде қазақ тілі орыс тілімен бірге мемлекеттік тіл деп танылғаны мен, қазақ тілінің қолданылу аясы мүлдем дерлік тарылған. Мемлекеттік салада қолданудан шығып қалды десе де болады. Қазақ тілінің мəнін көтеру мақсатында ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Алайда, Парламентте, сондай – ақ бұқаралық ақпарат құралдарында орыс тілін мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру мəселесі де өткір қойылды. 1995 жылғы Конститция бұл мəселелерде елеулі келісімге жол ашты, орыс тілі мемлекеттік органдармен ұйымдарда жəне өзін - өзі басқару органында “қазақ тілімен бірдей” ресми тіл ретінде қолданылатын болды. Бұл мəселе “ Қазақстан Республикасының тіл туралы” заңында жан – жақты реттелді.
Қазақстан Республикасында аймақтарда 165 бөлімшелері бар 30 – дан астам ұлттық орталықтар жұмыс істейді. Олар – орыс, неміс, ұйғыр, корей, тəжік, өзбек, татар, жəне тағы басқа ұлт өкілдерінің орталықтары.
Ұлттық егемендік туралы айту үшін, алдымен оның ұғымын түсініп алған жөн. Бұл ұғым əлемдегі көптеген елдердің конституцияларында кездеседі. Үлгі ретінде Франция республикасының 1958 жылғы 4 қазандағы Конституциясымен шектелетін, оның “Егемендік туралы” бөлімінде былай делінеді: “Ұлттық егемендік оны өздерінің өкілдері арқылы жəне тікелей референдуммен жүзеге асыратын халыққа берілген”. Мұның өзі халықтық егемендікті мемлекеттік егемендікпен шектейді, өйткені екіншісі біріншісінен бастау алады. Оның үстіне мемлекеттік егемендік орасан зор мемлекеттік механизм арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанда қазіргі “халық” ұғымы Қазақстан КСРО құрамында болған кездегі “халық” ұғымынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ол кезде Қазақстан халқы КСРО халқының құрамдас бір бөлігі болды. Сонымен бірге заңда Қазақстан халқы ұғымы да болды. Қазақ КСР -ының Конституциясында 1978 жылғы 2-ші бабында: “Қазақ КСР-ында бүкіл билік халық иелігінде. Халық кеңестері депутаттары арқылы мемлекет билігін халық жүзеге асырады”.
Бірнеше жылдан кейін, 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы” конституциялық заңы қабылданды. Онда қазақ ұлты бірінші рет тарихи, саяси аренаға көтерілді. “Қазақ ұлты республиканың ортақ тарихи тағдыры біріктірген барлық ұлттарының азаматтарымен бірге Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден – бір қолдаушысы жəне қайнар көзі болып табылатын біртұтас Қазақстан халқын құрады, мемлекеттік билікті тікелей, сонымен бірге өкілетті органдары арқылы жүзеге асырады” – деп жария еткен (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995. – 6 бап). Мұндай анықтаманың қазақ ұлтының тағдырында тарихи мəні бар. Заң 150 жылдан кейін бірінші рет бүкіл əлемнің алдында қазақ ұлтының егемендігі Қазақстан Республикасындағы халықтың егемендікке ие болуы негіз болып табылады.
Мемлекеттік нысаны туралы халықаралық қатынастарда ең маңызды мəселе қатрына айналған, бірақ аталған Ата заңымыздың баптарына сай мемлекетіміз қандай бағыттағы нысанды ұстанатынын айқындап алды. Яғни, бізге мəлім мемлекеттік нысанымыз республика, соның ішінде президенттік басқару [4, 35б.]. Бұл дегеніміз сайлану жəне сайлау құқығына ие болу арқылы демократиялық таңдау арқылы мүдделерімізді қорғау жəне қамтамсыз ету.
Егемен мемлекет – мемлекеттің өзінің ішкі жəне сыртқы қызметтерін, басқа мемлекеттің ықпалынсыз өз тəуелсіздігін жəне дербестігін сипаттайтындай қасиетке ие. Мемлекеттің егемендігінің басты белгісі мемлекеттік биліктің үстемдігі болып табылады. Бұл мемлекеттік биліктің үстемдігі шексіз деген сөз емес, оның аумағы Конституциямен, басқа да нормативтік-құқықтық актілермен жəне заңға сəйкес актілермен белгіленеді.
Əрине мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының белгілеуге жəне жүзеге асыруға смүмкіндік беретін белгілі атрибуттары болғанда ғана мемлекет дербес жəне егемен бола алады. Оның бірінші аумағы болу керек. Қазақстан аумағы ерте заманнан қалыптасты. Мемлекеттің Қазақстьан аумағындағы жоғары билігі, əлі қалыптасу үстіндегі мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл, əрине, егемендіктің сапасына, яғни ішкі сондай – ақ сыртқы саясатының қалыптасуы мен жүзеге асырылуына əсер етпей қоймайды. Мысалы ретінде заң шығару органы мен Президенттік биліктің қалыптасу процесін алалық. Қазақстан Республикасы заң шығару органының кеңестік нысаны – бірпалаталы жоғарғы кеңесті қабылдады. Соңғы жылдары Жоғарғы Кеңестің сайлау екі рет өтті. Алайда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі бірінші ретте 1993 жылдың соңында өкілеттік мерзімі аяқталмай – ақ өзін-өзі таратты. Жоғарғы Кеңеске екінші сайлау 1994 жылғы наурызда өтті жəне дəл бір жыл болған ол заңсыз деп танылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы бойынша Парламенттің Қазақстанның халықаралық шарттарын бекіту жəне олардың күшін жою құқығы бар. Жаңа Парламент екі Палатадан Мəжіліс жəне Сенаттан тұрады жəне оның Конституциялық өкілеттігі ішкі жəне сыртқы саясаттың аса маңызды мəселелерін заң қабылдау жолмен шешудің заңдық негізін жасайды.
Қазақстан Республикасының егемендігінің жүзеге асыруға Үкіметтің де қосатын белгілі бір үлесі бар. Ол республиканың əлеуметтік – экономикалық саясатының, қорғаныстық қабілетінің қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын əзірлейді, қоғамдық тəртіптің қамтамасыз етілуін жəне оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады, сыртқы саясатты жүргізу жөнінде шаралар əзірлейді. Республиканы қорғау үшін қарулы күштер, сондай – ақ шекара əскерлері құрылды, олардың қызметі арнаулы заңдарда белгіленді.
Тəжірибеде көрінгендей, Қазақстан Республикасын құқық жүйесі əлем елдерінің демократиялық даму тəжірибесін ескере отырып қалыптасуда. Қазақстан Республикасы 750 жуық халықаралық шартқа отырды 40 – тан астам мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты жəне 15 халықаралық ұйыммен тығыз байланыс жасайды.
Егемендіктің басты атрибуттарының бірі - өз азаматтығының болуы. Осыдан келіп 1991 жылғы 20 желтоқсанда егемендік алынысымен Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заң қабылданды. Əр мемлекет басқа мемлекетттің егемендігін құрметтеуге, оның ішкі ісіне араласпай өз аумағы шегінде оның құныны қорғап заң шығарушылық, атқарушылық билікті жəне сот билігін жүзеге асыруға міндетті. Бұл БҰҰ-ның 1970 жылғы 24 қазанындағы жарғысына сəйкес мемлекеттер арасындағы достық қатынаспен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларациядан туындайды.
Мемлекет пен азаматтық қоғамның байланысы ерікті сипатта болу керек, белгілі қарама- қайшылықтар туындай бастаған сəтте оларды екі жақты түрде, бір келісімге келіп шешу керек. Сонда ғана мемлекет пен азаматтық қоғам бір-бірімен өмір сүре алады деген тұжырымдамаға əкеліп тоқтатады.
Азаматтық қоғам мемлекеттегі саяси билік өкілдерімен өзара байланыс механизмі арқылы жүзеге асырылады. Өзара байланыс механизмі биліктің бөлінісімен, саяси плюрализммен, ресми оппозициямен, демократиялық заңдармен ұштаса əрекет жасайды [5].
Ықпалдасу мен əрекеттесу тең-теңдігін сақтаудың шарты биліктің бəсекелес, легитимді түрде болуын қалайды, азаматтық қоғам элементтерінің дамыған деңгейін жалғастыруды, билік пен қоғамның заңға тəуелділігін арттыра түсу жолдары жəне жеке адамның бұзылмайтын жəне дербес құқықтарының жиынтығы арқылы мемлекет билігінің шектелу жолдары шартты азаматтық қоғамға да, сонымен мемлекеттегі саяси билікке де əсер етеді.
Қазақстан Республикасының негізге алатын Конституциялық құрылысы, елдегі билікті күшпен шектеп кетпеуіне қоғам алдында кепілдік беретін іргетасы болып саналынады.
Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені оның бірден-бір бастауы Қазақстан халқы жəне мемлекеттің егемендігі. Əйтседе бұл билік өзінің бөліну қағидасына сəйкес заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында биліктің бөлінуі – Қазақстан қоғамында бірыңғай биліктің мəні жағынан, қызметі жағынан бөлінуін білдіреді. Бұл бөлініс билікті бүтіннен ажыратпайды бірақ жаңа тəуелсіз мемлекеттің саяси жəне заңдық тұрғыдан икемді болуына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бөлінуі мемлекеттік органдар мүмкіншіліктерінің жай ғана шектелуі, ара жігінің ашылуы емес. Мемлекет билігінің əрбір тарамдары жоғары дəрежеге ие болып, мемлекетте өз қызметтерін дербес түрде жүргізеді. Бірақ бұл олардың мемлекетте толық билікті жүргізетіндігін білдірмейді. Мемлекеттік биліктің əрбір тармағы бірін-бір толықтырып, өзара байланыста болғанымен, бірі екіншісінің қызметіне, міндетіне кедергі келтіріп, бірін-бірі ауыстырмауы қажет. Тек осы жағдайда ғана олар жеке бостандық пен қоғамдық қажеттілік арасындағы қатынасты бір қалыпта ұстап, олардың тұтас алғанда, жүйелі дамуына қызмет етеді.
Әдебиеттер
- Карл Поппер. Ашық қоғам жəне оның жаулары. 1 том. Платонның сиқырлы тартымдылығы. / Ауд. Т.Жандəулетов.– Алматы: “Үш Қиян”, 2004. –504 б.
- ҚР Конституциясы: 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған. - Алматы: Жеті жарғы,
- Сартаев С.С., Назарқұлова Л.Т. Қазақстан Республикасының қалыптасуы: проблемалары мен болашағы. – Алматы, 2005. – 464 б.
- Коваленко А.И. Правовое государство: концепции и реальность. – М., 1993. – 150 с.
- Баймаханов М.Т. Верховенство права как системообразующий признак понятия правового государства // Научные труды “Əділет”. – 2001. – № 1(9). – С. 36-46.