Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұлға қалыптастырудағы қылмыстық саясаттың ролі

Қазақстанның жаңа заманғы қылмыстық саясатының тарихы өте терең емес, əйтсе  де мемлекеттегі аса маңызды реформалар мен мазмұны терең саяси қадамдар қоғам мүшелерінің санасы мен қылмыстық саясатының мəніне күрделі сипат бергені белгілі. Қазақстан  мемлекетінің қылмыстық саясатының өзіндік даму ерекшеліктері мен негізгі факторлары бар жəне мемлекеттің даму кезеңіндегі күрделі жағдайларды да сипаттайтын тұстары жетерлік.

Қылмыстық саясат – адам құқын қорғаудың мемлекеттік механизмі. Адам құқының қорғалуы мен олардың өз құқықтарының қорғалуына деген шүбəсіз сенімділігін негіздеу – құқықтық мемлекеттің басты міндеті. Кез-келген əлеуметтік құбылыс табиғи-тарихи мазмұнға ие бола отырып, ескі құбылыстардың ең кілтті тұстарын қамтыған үрдіс ретінде бейнеленеді. Қылмыстық саясат əлеуметтік себеп пен салдар қатынастарын философиялық тұрғыдан бағаламаса да осыған қатысты мəн категориясын зерттеуге бағытталады.

Адамнан тұлға жасау – қоғамдық іс қана емес, парыз да. Барлығына кінəлі «адам» деген ұғымның өміршеңдігінің жоғалғанын қоршаған орта, киберқылмыстылық пен кибертерроризм əлдеқашан дəлелдеген. «Қоғам өміріндегі əлеуметтік мəн-жайлар мен адамның өз басының тауқыметі (жұмыссыздық, кедейшілік  жəне т.б.) психикаға тікелей əсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады)»  [1, 9 б.]. Бұл қылмыстық саясаттың қайнар көздері абстрактілі құбылыстар емес, қоғамдық өмір мен ортада «бар» кемшіліктер дегенді білдіреді. Қылмыстық саясаттың қайнар көздері ежелгі уақытқа көз жүгіртуді қажет етеді. Отандық қылмыстық саясат өз тамырын Қазақстан тарихымен  ғана емес, Батыс Еуропа елдерінен де алатын дербес күрделі жүйе. Еуропалық құқық пен оның институттарының қайнар көзі болып рим құқығы табылса, заңнамалар мен жазылған қайнар көздер мен түрлі құжаттар қылмыстық саясаттың қалыптасуы мен құрылуының, дамуының негізгі көрсеткіштері болып табылады. Адамның өмірі мен əрекеті жəне оның қоғамдық қатынастар субъектісі болуға деген ұмтылысы əр кезде де оңай болмаған. Соның бірі – мүддені қанағаттандырудың заңсыз нысаны қылмыс. Əділеттікке жету жолында «бүгінгі адамзат ( неге бүгінгі? өйткені, кешегі туралы мəлімет бар) өзінің үш мыңжылдық ғұмырында қуаныштар мен жақсылық сипаты жоқ жағдайларды қатар көріп келеді» [2, 4 б.]

Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат – мемлекеттің құрылған күнінен бастап қалыптасады. Қылмыстық саясаттың пайда болу себептеріне: қылмыстық ахуалдың ауырлауы, қоғамдағы бейберекетсіздік, т.б. жағдайлар жатады. Қылмыстық саясаттың идеологиялық  негіздерін – мемлекет қайраткерлерінің қоғамдық ахуалды сауықтыруға қатысты білдірген ой-тұжырымдары, пікірлері мен қылмыстық саясаттың теориялары – доктриналды негізін жасауға қатысқан ғалымдар еңбектері құрайды.

Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының негізгі бағытын – Қазақстан Республикасының Президентінің кезекті халыққа Жолдаулары мен құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам құруға қолданылатын заңнамалар жүйесін тыңғылықты зерттеуден көреміз. Құқықтық мемлекеттің қатынастарды қауіпсіздендірудегі басты қаруы – қылмыстық заң, қылмыстық құқық, қылмыстық саясат. «Ойлаудың шырқау шегін игерген адамның өзіне де қылмыстық құқығы жоқ мемлекетті елестету қиын болар еді» [3, 4 б.] Қылмыстық саясат – қоғамдық қатынастарды құқықтық тұрғыда реттейді, тəртіпке келтіреді. Қылмыстық саясат өз субъектілерінің қызметі жəне құралдары арқылы адамды тəрбиелейді, бұрын сотталған адамды дұрыс құқықтық бағытқа салады. Құқықтық сипаттағы қоғамдық қатынастарды мемлекет жасайды жəне осы қатынастар барысында туындаған мүдделер қақтығысында төрешілік функцияны мемлекеттің өзі атқарады жəне құқықтық- қоғамдық қатынастар билеушінің нұсқауымен емес, ерікті негіздегі еркін білдірген адамдардың қарама-қарсы мүдделерінің негізінде пайда болады жəне өмір сүреді. Негізі, қоғамның қылмыстылыққа деген көзқарасын одан ары дамыту мемлекеттен емес, қоғамның өзінен күтіледі. Себебі, «бүгінгі күні қылмыстылық мəселенің мазмұны жөнінен де, саны тұрғысынан да ауқымды сипатқа ие болып отыр» [4, 15 б.]. Сондықтан да мемлекеттің қатысуынсыз қоғамдық қатынастар өз бетімен реттелмейді жəне «мүдде» ұғымы да өмір сүрмейді.

Девиантты мінез-құқықтың аса қауіпті түрлерінің түбірін жоюға ұмтылыс –  ұлттық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін керек мемлекеттік қажеттіліктен туындайды. Қылмыстық құқықтық саясат пен қылмыстық саясат ұғымдарының арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Қылмыстық саясат – құқықтық саясаттың бір бөлігі жəне құқықтық саясаттың реттеу пəніне жататын қылмыспен күрес жəне оны алдын-алуды қамтамасыз етіп, жүзеге асыратын саясат түрі. Тарихтан белгілі, қоғамдық-экономикалық формациялар құлиеленушілік, феодалды, буржуазиялық  кезеңдерді бастан өткерді. Ал егер басқару нысанын негізге ала сөйлесек, қылмыстық саясаттың республикалық жəне монархиялық түрі - мемлекеттің саяси режимі ретіндегі қылмыстық саясаттың түрін де анықтайды. Саяси режимдерді жүйелеудің негізгі екі түрін өркениетті құқықтық теориясына сүйене отырып ашып көрсетуге болады. Олар:

а) мемлекеттің түрі мен құқықтық байланысын есепке ала отырып, əр түрге қатысты нақты саяси режимнің белгілерін бағалау арқылы жүйелеу;

ə) мемлекеттің түрімен байланысты емес, қарапайым негізде жүйелеу.

Адамзат дамуы мен қоғамдық-саналы төңкерістер тарих сахнасына: құлиеленушілік- авторитарлық, өкілді-сословиелік, феодалды-республикалық, абсолютті, либералды-буржуазиялық, тотаритарлық, фашистік, құлиеленушілік-демократиялық, демократиялық типтегі саяси режимдерді алып келді. Бұл саяси режимдердің əрқайсысы өзінің табиғатынан – ұсақ режимдерді жасап шығарғаны ақиқат. Мысалы: құлиеленушілік-авторитарлы саяси режим уақыт өзгерісінің заңды туындысы – шығыстық деспотияны саяси үдерістер айдынына шығарды.

Қылмыстық саясат – саяси режимді қорғай отырып, өзі де соның бір бөлшегі болып табылады жəне қылмысқа қарсы күресте саяси режимнің мақсаттарын жүзеге асырады. Отандық қылмыстық саясат ұлттық қылмыстық саясат түріне жатпайды, оған себеп саяси режимдердің (будандасуы), құқықтық жүйенің романдық-германдық сипатқа ие болуы, т.б.

Құқықтық мемлекетті құқықтық саясат жасайды, немесе керісінше. Құқықтық саясат – қылмыстық саясатты қалыптастыра отырып оған əлемдік қылмыстық саясаттың озық элементтерін енгізуге күш салады. Ортағасыр сословиелік - өкілді қылмыстық саясат түрін қалыптастырды, қылмыстық саясаттың бұл түрі – мемлекет пен феодалдардың жас тобын қорғаудың деңгейіне айтарлықтай айырмашылық əкелмеді.

Орталықтану үрдісінің нəтижесінде монарх билігінің күшеюі – абсолютизмнің де ықпалының өсуіне əкелді. Феодалды-абсолюттік саяси режим өзіне тəн қылмыстық, саясатты қалыптастырды. Қылмыстық саясаттың бұл түрі – Ресейде Екатерина II-нің, Франция мемлекетінде Людовик XIV-нің, Англияда Генрих VIII-дің билігі кезінде ерекше мəртебеге ие болды. Ал мұсылман елдері – шығыс деспотиясының нақты бейнесін беретін – шариғат заңдарына негізделген қылмыстық саясат негізінде өмір сүруде. Бұл елдердің қылмыстық ахуалы діннің күштілігі мен дəстүрдің ықпалынан қалыпты деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар буржуазиялық биліктің құқықтық реттеу құралы ретіндегі қылмыстық саясаттың либералды-буржуазиялық түрінің негізгі қағидаларын Бэкон бастаған бірқатар ойшыл-қайраткерлер негіздеп бекітті. Ал Франциядағы ұлы революция кезіндегі қылмыстық- құқықтық көзқарастар либералды-демократиялық қылмыстық саясаттың əлеуметтік-құқықтық ретінде сипатталып, XVIII ғ. ағартушыларының еңбектерінде көрініс тапты.

Бұл еңбектер қылмыстық құқықтық классикалық мектебінің құқықтық-теориялы іргетасы ретінде белгілі. Оның ішіндегі ең айтулысы – сол заманның өте құнды құқықтық ескерткіші Чезаре Беккарияның «О преступлениях и наказаниях» деп аталатын трактаты. XX ғасырдағы əлеуметтік түрлі қақтығыстар өмірдің өңін мүлде басқа арнаға бұрды. 1917 жылы Қазан төңкерісінің төл туындысы – Кеңес мемлекетінің пайда болуы да тоталитарлық саяси жүйенің қалыптасуымен өзектес. Отарлық мүдденің қоздырушысы Кеңес Одағының 80 жылдық тарихы мемлекетті билеушілердің жеке əсірекөзқарастарын (амбиция) қанағаттандырып, халықты қылмыстық заң арқылы қорқытып отырды. Сталиндік кезеңнің қылмыстық-құқықтық құралдары мен заңдық құжаттары осы теріс үрдістер мен негізсіз қудалаудың құралына айналып, негізсіз заң актілері арқылы халықты жаншудың тарихи қасіретін қалдырып кетті. Бұл режиммен өзара бəсекелес фашистік режимнің қос əкесі – Гитлер мен Муссолинидің дербес қылмыстық саясаты фашистік қылмыстық саясат - Үшінші Рейхтің нəсілдік тазалығын қамтамасыз етумен, өзге ұлттарды екінші сыныпқа жылжыта отырып, қатыгездігі жағынан сталиндік режиммен қарайлас болды. Бұл да құқықтық реформалардың құралы ретіндегі қылмыстық саясаттардың күштеп сəйкестендірілген   «тарихи  сабақтастықтары».  Қатыгездігі   жағынан   адами  құндылықтардың  бас «жұтушысы» болған бұл режимнің екі ерекшелігі бар:

  • адамдық құндылықтарды жорықсыз қиратқандығы;
  • қолдан «таза ұлт» жасау идеясын қалыптастыру жолындағы «қанды үкімдер» трагедиясы.

Біз бұл жерде «қылмыстық-құқықтық саясат өзін қалыптастырған жүйенің мазмұны мен ерекшеліктерін көрсетеді» деген авторларға қосыламыз [5, 16 б.].

Кез - келген өркениетті мемлекет демократиялық негіздегі қылмыстық саясатқа ие жəне барлық қылмыстық-саяси қатынастарды демократия теориясына сай жүргізуге талаптанады. Демократиялық қылмыстық саясат – қоғам мүшелерінің құқықтық санасының қалыптасуының ғана емес, əр адамның заңды құрметтеуінің, «заң үстемдігі бəрінен үстем» деген ойдың адам санасында берік бекуінің алғышарттарын жасауымен де ерекшеленеді. Демократиялық саясаттың қанаттарын кең жаюына: биліктің жəне өкілді органдардың сайланбалылығы, өкілді органдардың құқық қорғау  органдарының кей басшыларын тағайындағанда келісім беруі, азаматтардың тең құқықтылығы, т.б. əлеуметтік қолайлы факторлар əсер етеді. Қазақстан мемлекетінің қылмыстық саясаты міне осы түрге жатады. Қазақстандағы криминологиялық жағдай отандық ғалымдардың ұдайы назарында болып отыр.

Қылмыстылықтың кең таралуы мен қылмыстық əрекеттің жастар өмірінің күнкөріс негізіне айналуы мемлекет пен қоғам үшін өзекті мəселенің қатарына жатып отыр. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, мемлекеттің əлеуметтік, саяси, экономикалық дамуына жағымсыз əсер ететін жəне кедергі келтіретін ең басты фактор – қылмыстылық. Мемлекеттің əлеуметтік потенциалының артуы, халықтың əлеуметтік жағдайының жақсаруы – қоғамдық криминологиялық мəдениеттің қозғаушы күші. Қоғам мүшесінің қылмысқа, əр қауіпті құбылысқа сауатты қарауы мен төзбеушілік танытуы – қоғамды «қоғамдық пікірмен» сақтау дегенді білдіреді. «Қылмыстылықтың алдын алу – азаматтарды қылмыс жасауынан тежеуіне бағытталған мемлекеттік жəне қоғамдық органдардың қызметі» деп жазады Қ.Б. Көшелеков [6, 91 б.].

Құқықтық мемлекетті құру – адам өмірі мен денсаулығына қол сұғатын, меншік құқығынан айыратын қауіпті əрекеттердің жолын көрсететін құқықтық құралдарды пайдалану  мен адам ресурсын игілікке пайдалануды қамтамасыз ету жолындағы үздіксіз қызметті білдіреді. Тұрақты нарықтық экономикасы, ашық сыртқы саясаты бар адамзаттық қоғам мен демократиялық мемлекет құру – құқықтық реформаның жетістігінің кепілі. Демократиялық, құқықтық мемлекет  қана Қазақстан халқының құқығы мен бостандығына, жайлы өміріне кепілдік бере алады жəне дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамның қылмысқа қарсы күрестегі белсенділігі аса зор маңызға ие. Азаматтық қоғамның заңдылық пен құқық тəртібін сақтау  мақсатында күшті қозғалыстар мен ұйымдар жасақтауы басты қажеттілік болып отыр.

Құқықтық мемлекет – адамдардың заңға сəйкес өмір сүруінің құқықтық тəртіппен қамсыздандырылған ортасы. Құқықтық мемлекетте игіліктер көшін – адам мен оның өмірі, денсаулығы бастайды. Біз игеруге тиіс маңызды қажеттілік – бұл заңға сəйкес əрекет жасауға, өмір сүрудің барлық шарттарына құқықтық сипат беруге, өз құқықтарымыз бен бостандықтарымызды заң арқылы қорғауға жəне міндеттерімізді мүлтіксіз орындауға, өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін құрметтеуге дағдылану.

 

Әдебиеттер

  1. Алауханов Е., Қарамырза Ж. Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез құлқы жəне оның алдын алу мəселелері: монография. – Алматы: ҚазАқпарат, 2008. - 254 б.
  2. Кайыржанов Е.И., Исимов С. А. Наркотическая преступность. Шымкент, 2006 - 296 с.
  3. Козаченко И. Уголовная метроправовая гносеология: понятие и содержание // Предупреждение преступности. –- №1 (25). - С. 4-7.
  4. Нарикбаев Т. Транснациональная преступность как угроза безопасности во всем мире // Предупреждение преступности. – 2006. - № 3 (15). – С. 15-16
  5. Фрис П.Л. Типы уголовно-правовой политики. Уголовное право: Стратегия развития в XXI веке (материалы 6-й международной научно-практической конференции). - М., 2009. – 592 с.
  6. Көшелеков Қ.Б. Экономикалық контрабандалық қылмыстардың алдын алу // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. – 2009. - № 4. – 91-97 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.