Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экономикалық қылмыстардың алдын алудың кейбір мәселелері

Экономикалық қылмыстың алдын алу жүйесін қалыптастырудың әдіснамалық негізін осы қылмысты туындатушы процестер мен әртүрлі әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын зерттеу құрайды. Ең алдымен, жүйелік тәсіл негізінде нарықтық реформалар кезеңіндегі экономикалық қылмыстың динамикасы мен жағдайын терең әрі жан-жақты бағалау қажет. Экономика саласындағы қылмы стың алдын алу әлеуметтік басқарудың ажырамас бөлігі болып саналады және қылмыс жасауға ықпал ететін факторлардың әсерін азайту мен құқық бұзушы тұлғаны түзетуге бағытталған тәрбиелеуші, құқықтық, техникалық, ұйымдастыру-өндірістік, экономикалық шаралар жүйесін жасауды білдіреді. Экономика саласындағы қылмысты болдырмау шараларының мәні мен маңызын сезіне отырып, әлеуметтік процестерге әсер етуші факторлар туралы қазір айта қою қиын екенін ескерген жөн. Бұл жағдайда экономикалық қылмыстың алдын алуға арналған арнайы криминологиялық шаралар айрықша мәнге ие болады. Бұл шаралар экономикалық қатынастарға кіретін азаматтар мен кәсіпорындарға қатысты жалпы  кримин  ологиялық шараларды жүзеге асыруға, қылмыс себептерін жоюға тікелей бағытталған. Аталған шараларды қылмыстың алдын алуға қатысып, оны жүзеге асырушы субъектілер қабылдайды.

Экономикалық қылмыстардың  алдын  алуда  жалпы  әлеуметтік  шаралардың  маңызы зор. Жалпы алдын алу шараларының мәні – өзін-өзі қаржыландыру, өзін-өзі басқару негізінде экономикалық процестердің өздігінен реттелуінің демократиялық қағидаларын енгізуде жатыр. Экономикалық қылмыстың алдын алу тұрғысында маңызды мәнге  өнеркәсіпті техникалық қаруландыру, кемелденген техника мен технологияны қолдана отырып, қарқынды даму жолына өту, ескірген жабдықтарды ауыстыру және автоматтандырылған кәсіпорындарды көбейту шаралары ие болуда. Экономикалық қылмыстыңалдыналудамемлекеттік,аудиторлық және ішкі шаруашылық бақылаулардың өкілдері, шаруашылық басқару органдары еңбек ұжымдары, акционерлік қоғамдар, кәсіпорындардың жауапты қызметкерлері мен жетекшілері елеулі рөл атқарады. Қазіргі жағдайларда табиғи ресурстарды пайдалану мен кәсіпорынның кешенді даму мәселесін шешіп беретін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының профилактикалық қызметі айрықша мәнге ие. Басқа да құқық қорғау және бақылау органдары секілді ішкі істер органдарының да қызметі әлеуметтік, экономикалық, саяси сипаттағы факторларды ескерсе ғана табысты болмақ.

Экономикалық қылмыстың алдын алуға арналған ішкі органдарының қызметі негізінде жатқан заңдық жүйе өзінің құрамына мемлекеттік билік пен органдар қабылдаған әртүрлі нормативтік құқықтық актілерді қамтиды. Оларға жататындар:

  • ҚР Конституциясы;
  • ҚР Заңдары мен кодекстері;
  • ҚР Президентінің жарлықтары;
  • ҚР Ішкі істер министрінің нұсқаулары мен ережелері, министрліктердің нормативтік актілері.

Экономикалық қылмыстардың алдын алу үшін кешенді түрде келесі шараларды қолдану қажет.

  1. Экономикалық шаралар – экономикалық саясаттың жекелеген бағыттары бойынша жасалған арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен нарыққа өтудің жалпы концепциясына енеді. Олардың қатарына: жер реформасы, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, мемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншіктеу бағдарламасы, банк жүйесін реформалау, көтерме сауданы өндіріс құралдарымен жабдықтау, бағалы қағаздар нарығын құру, тауар өндірушілердің ақпараттық қамтамасыз етілуін құру жатады.

Антикриминогендік әрекеттер кәсіпорындардың өзара қатынас тәртібіне жоспарды міндетті түрде орындау негізінде емес, әріптестерді еркін таңдау, тараптардың келісімі бойынша бағаны анықтаудың өзара тиімді келісім-шартын жасасу негізінде өзгерістер енгізеді.

Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру процесінде пайдақорлық қылмыстардың криминогендік белсенділігін төмендету үшін алдын ала сақтандыру шаралары азаматтар арасында мемлекеттік мүлікті орналастыру, олардың талаптілектерін қанағаттандыру, ұжым құқығының сақталу кепілдігін беруді қамтитын нақты ойластырылған бағдарлама құрады. Сондай-ақ, шамадан тыс пайдалануды, капиталды шексіз иемденуді шектейтін басқа да шаралар құрылуы қажет. Алдын алудың айрықша бағыттағы шаралары болып, нарықта доминанттық жағдай орнатушы кәсіпорындардың бағаны ұстап тұруы туралы бәсекелестердің келісіміне тыйым салатын жағдайлар табылады.

  1. Ұйымдастырушылық шаралар – мұнда жіберілген өнім сапасын, бағасын сақтауға арналған мамандандырылған бақылау, қаржылық бақылау органдарының кадрларын кәсіби дайындау мен іріктеу шаралары жатады. Сондай-ақ, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы секілді қоғамдық қалыптастыруларды функцияландыруға арналған сенімді жағдайлар туғызу шаралары да жатады.

Экономикалық қылмыспен күресте едәуір профилактикалық тиімділік – бақылау органдары әрекеттерін кемелдендіретін, олардың дамыған нарықтық экономикалы елдермен тәжірибе бөлісуін қамтамасыз ететін шаралар өткізуге қабілеттілік.

Бақылау органдарын жұмыстарының тиімділігі барынша дамыған бақылау әдістерін тәжірибеге енгізу шараларына байланысты. Экономикалық қылмыстың алдын алу мақсаттары ретінде өндірістік емес шығындарды есептеу, әлемдік экономикалық байланыстарға кіруге бағытталған, экономикалық  қатынастардың нарықтық тәртіп талаптарына жауап беретін тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау мен есептеу әдістерін кемелдендіру шаралары қызмет етеді. Сыртқы экономикалық зардаптардың алдын алу мен экономикалық қауіпсіздікті қорғау мақсатында банк, кеден және қаржы органдарының ұйымдасқан өзара әрекетіне негізделген сыртқы кеден-валюталық бақылаудың жаңа механизмін құру керек.

  1. Техникалық шаралар – экономикалық қылмыстың алдын алуға арналған техникалық шаралар тауар, шикізат тасымалдаудың барынша дамыған құралдарын жасауға, айрықша құнды шикізат және тауар ресурстарын сақтау орындарында сенімді құрылғылар орнатуға, тауарлар мен басқа да байлықтарды жымқыруға, ұрлауға мүмкіндік беретін жалған құжаттарды қолға түсіру әдістерін құқық қорғау және бақылау органдары тәжірибесіне ендіруге бағытталған.
  2. Құқықтық шаралар – экономикадағы қылмыстық әрекеттің алдын алуда,  әсіресе  қазіргі таңда айтарлықтай рөл атқарады, демек, құқықтық қамтамасыз ету механизмі шаруашылық тәжірибеден қалып барады.

Экономикалық қатынастарды реттеудің заңдық сипатын дамыту үшін:

  • Барлық шаруашылық субъектілер үшін нарықта жалпыға бірдей өзін-өзі ұстау ережелерін жасау қажет;
  • Тұтынушылардың талап-тілектеріне зиян келтіретін, шаруашылық заңдарды бұзатын тұлғаларға материалдық санкция жүйесін жасау;
  • Қоғамдық құндылыққа қол сұғатын, шаруашылық әрекеттің жалпыға міндетті ережелерін орындамау жағдайында әртүрлі қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартуды енгізу қажет.

Құнды қағаздармен жұмыс істеу ережелерін бұзу, кірісті жасырып қалу мақсатында бухгалтерлік есепті шатастыру, басқа шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындарды тіркеу кезінде мәліметтерді қасақана бұрмалау, т.б. секілді экономикалық әрекеттің қауіпті нысандары үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартуды енгізу зор мәнге ие.

Экономикалық қылмыстың алдын алу міндеттерін шешуде маңызды мәнге заңды қорғамауға бет алған әрекетті болдырмай, оның ерте кезеңінде тиісті шара қолдану хұзыретіне сот пен прокуратура ие.

  1. Тәрбиелік шаралар. Кәсіпкерлік-экономикалық қызметтің айрықша түрі және әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі бір тарихи және әлеуметтік ортада туындайды. Халықтың едәуір бөлігінде жеке табыс идеологиясы біздің қоғамның ұжымдық табиғатынан кем емес екендігімен санаспай кетуге болмайды, сонда экономикамен айналысатын адамдардың әрекеттері қалайша моральға жат болуы мүмкін.

Адамдарға жақсы өмір сүруге жағдай туғызуға және жақсы қоғамда өмір сүретіндігін мақтаныш тұтуға мүмкіндік бере алатын, оларға жақсы өмір сыйлауға қабілетті, тиімділігі жоғары қоғам құрудың тәрбиелік мәні болуының себебі міне осында.

Көлеңкелі ақша айналымы мен оны шетелге заңсыз шығару секілді нарық реформасы кезеңінде қалыптасқан экономикалық қылмыстың жаңа түрлерін кешенді зерттеу маңызды  мәнге ие. Нарықтық қатынастар жағдайындағы құқықтық және экономикалық жүйелердің өзара байланысының генезисін байытып, молайту криминологияның түйінді мәселелерін шешуге – экономикалық қылмысты жоятын негізгі себептер мен жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.

Себептік кешенге негізделе отырып,   нарықтық қатынастарға қылмыстың алдын алу әдіснамасын  қалыптастыруға  аяқ   басуға  болады. Анықталған өзара байланыстар есебінен профилактикалық әрекеттің объектілері мен субъектілерін анықтау қажет. Сондай-ақ профилактикалық әрекеттердің актуальды бағыттарын топтау және жүйелендіру қажет.

Нарықтық қатынастарды реттеу, құқықтық нормаларды дамыту туралы криминолог ғалымдардың да ұсыныстарының жаны бар. Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру – экономикалық қылмыс эскалациясынан қорғау шараларының параметрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, экономикалық қылмыстың криминологиялық алдын алуды басқарудың ұйымдасқан негізін дамытуды ғылыми тұрғыда ойластыру қажет.

Осылайша, экономикалық қылмыстың алдын алудың әдіснамалық жүйесін қалптастырудың жүйелі тәсілі – әлеуметтік-экономикалық процестерге тиімді әсер етуге мүмкіндік беретін экономикалық қылмыс профилактикасының жаңа заманғы жүйесін жасауға жол ашып береді.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.