Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық қорғау аясындағы тұлғаларға немесе ұйымдарға шабуыл жасау қылмыс құрамын саралау барысында объективтік жағының атқаратын рөлі

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, жаңа демократиялық дамушы ел қатарына қосылып, өзін танытуда, құқықтық мемлекеттігін айқындау үшін, құрылымы жағынан жаңару бағытын ұстады.

Мемлекеттік негіз болып табылатын заң жобаларының механизмін жүргізу үшін, Қазақстан Республика Президенті қабылдаған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы құрайды [1].

Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау қылмысы үшін, қылмыстық жауаптылық алғашқы рет 1973 жылғы 14 желтоқсанда қабылданған ''Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстардың алдын алу жəне ол үшін жаза қолдану'' туралы Конвенциясында бекітілген. Бұл Конвенцияның талаптарына сəйкес келесі əрекеттерді қылмыс деп белгілейді:

  1. халықаралық қорғау аясындағы адамдарды өлтіру, ұрлау немесе шабуыл жасау, бас бостандығынан айыру;
  2. халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтік немесе тұрғын үй-жайларына не көлік құралдарына шабуыл жасау;
  3. осындай шабуыл жасаймын деп қорқыту;
  4. осындай шабуыл жасауға кез келген оқталғандық;
  5. кез келген осындай шабуыл жасауға қатысушы ретіндегі əрекеттер[2].

Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасаудың обьективті жағы Қылмыстың объективті жағы – қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс-əрекеттің сыртқы көрінісінің жиынтығы. Олардың белгілері болып қоғамға кауіпті əрекет немесе əрекетсіздік, əрекет пен түскен зардаптың арасындағы себепті байланыс танылады. Ал, ҚазАССР-нің 1926 жылғы Қылмыстық кодексте шетел мелекекеттері немесе оның бөлек өкілімен контрреволюциялық мақсаттағы қатынас 583-бап ретінде белгіленген болатын. Мұндағы қылмыстың объективті жағы контрреволюциялық мақсатта жасалған қылмысты жан-жақты толығымен шет мемлекет пен оның өкілінің бір-бірімен қарым- қатынасын қамтыған болатын [3].

Бұл қылмыстың негізгі мақсаты – шет мемлекеттердің КСРО мемлекетінің істеріне араласу, ол мемлекетке қарсы соғыс ашу жəне тағы басқа əрекеттер жасау сонымен бірге, ҚК-нің 585-бабында қарстырылған болып табылған.

Жалпы қылмыстың объективті жағы келесідей қоғамға кауіпті əрекеттерден тұрады:

  1. шетелдік мемлекеттің өкіліне немесе халықаралық қорғау аясындағы халықаралық ұйымның қызметкеріне немесе сонымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне шабуыл жасау;
  2. халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтік немесе тұрғын үй жағдайларына не көлік құралдарына шабуыл жасау;
  3. осы адамдарды ұрлау немесе бас бостандығын күшпен айыру.

Жоғарыда көрсетілген əрекеттердің əрқайысына жеке тоқталып кеткен жөн:

Шабуыл жасау – бұл жəбірленушіге күш көрсету арқылы немесе шынайы күш қолдану кауіпін туғызу арқылы қылмыстық нəтижеге жетуге бағытталған əрекет.

Халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтік немесе тұрғын үй жағдайларына шабуыл жасау, қылмыскердің заңсыз түрде басып кіруі (дүрліктіру, əлдеқандай талаптар қою жəне т.б).

Көлік құралдарына шабуыл жасау – бұл көлікке заңсыз кіру, иеленіп алу немесе өз мақсатына байланысты пайдалануына кедергі келтіретін əрекеттерді жасау (мысалы, дөңғалағын тесу, терезелерін сындыру, қажетті бағытына қарай жылжуына кедергі жасау жəне т.б).

Ұрлау – мемлекеттік қорғау аясындағы адамды жасырын немесе ашық түрде не алдау арқылы тұтқындау, жүрген орнынан айыру (жұмыс, тұрғын үй-жайынан, емделу орнынан) жəне де оның еркінен тыс басқа орындарға əкету əрекеттері болып танылады.

Бас бостандығынан күштеп айыру, мемлекеттік қорғау аясындағы адамның бостандығын шектеу, адамды əдеттегідей, күшпен еркінен тыс байлау, қамау арқылы ұстау арқылы жүзеге асырылады.

Заңсыз бас бостандығынан айыру мен адамды ұрлаудың айырмашылықтары бар. Адамды ұрлауда адамның бостандығы шектелуімен қатар оның ұсталып отырылуы бірге жүзеге асырылады, ал заңсыз бас бостандығын шектеуде ұстаудың белгілері болмайды, көрсетілген əрекеттердің біреуі жүзеге асырылса, яғни соғыстың пайда болуы немесе халықаралық жағдайдың шиеленісуіне қарамастан қылмыс аяқталған деп есептелінеді.

Қылмыс салдарының маңыздылық мəселесі тікелей қылмыс құрамдарын материалдық жəне формалдық саралау мəселелесімен байланысты.болады. Отандық заң ғылымдарында, өз кезегінде кеңес ғалымдарының арасында да осы мəселеге қатысты келіспеушіліктердің туындауын да. Қылмыс құрамының материалдық жəне формальдік жақтары əлі күнге дейін, даулы мəселе болып отыр. Кеңес ғалымдарының басым көпшілігі атап айтсақ: Н.М.Мурманов, М.Д.Шаргодский, А.А.Пинковский жəне т.б. аталған топтастыруды теориялық жəне тəжрибелік маңыздылығын дəлелдеп келген. Олар қылмыстық заңда объективті жағына тек ғана субъектінің əрекетін немесе əрекетсіздігін жатқызатын қылмыстың құрамдары бар екенін мойындайды. Аяқталған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық бұл жағдайда залал келтіру фактісіне қарамастан туындауы мүмкін [4].

Бұл формальді қылмыс құрамы. Қылмыстық заңда залал келтірген салдарды анықтауда объективті жағын ескеретін қылмыс құрамы бар. Мұнда тек аяқталған қылмыс үшін, қылмыстың салдары болған кезде ғана қылмыстық жауаптылық туындауы мүмкін. Бұл материалдық құрам болып табылады.

Кеңес ғалымдары А.Н.Трайнин, Н.Ф.Кузнецова, Б.С.Никифоров жəне т.б. қылмыс құрамын формальді жəне материалды деп бөлуге өз уақыттарында қарсылық білдірген. Бұл ғалымдар қылмыс құрамын формальді жəне материалды деп бөлу заңды құқықты емес деп тұжырымдайды.

Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасаудың субьективтік жағы Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  адамның  психикалық  іс-əрекетінің  қылмыс  істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады: кінə, себеп (түрткі), мақсат.

1926 жылғы Қылмыстық Кодекстің арнайы баптарының талаптарына сəйкес қылмыстың субъективті жағының негізгі белгісі – тікелей контрреволюциялық ниет қажет – яғни пролетариалдық диктатураны ойластыру немесе əлсірету мақсатына ие болған. Осы қарастырып жатқан қылмыслтық əрекет үшін қымыстық жауаптылық 582-бабыда көрсетілген. [3].

1959 жылғы ҚазақССР-нің Қылмыстық кодексте арнайы бап көрініс тапқан деуімізге болады. Қылмыстық заңдағы 53 бабында орын алған құқықққа қарсы əрекеттер: аса қауіпті қылмыстардың қатарына жатқызылған жəне ондағы шет мемелкеттердің өкілдеріне қарсы соғыс ұйымдастыру немесе халықаралық шиеленіс тудыру мақсатында шет елдік мемлекет өкілін өлтіру немесе оған қарсы ауыр дене жарақатын салу үшін террорлық акт жасағандығы үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Еліміздің 1997 жылғы Қылмыстың заңына сəйкес, қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Мұнда кінəлі адам халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасаудың кауіпті екендігін сезеді жəне оны жүзеге асыруды тілейді.

Қарастырып жатқан қылмысты өзге ұқсас қылмыстармен салыстыра қарастыру қажет деп ойламын Еліміздің Қылмыстық заңнамасында халықаралық қорғау аясындағы адамдарға қылмыстар легіне баянды етілген. Соның бірі ҚР ҚК-нің 167 бап «Мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне  қастандық жасау»  5-тарау мемлекеттің конституциялық құрлысына жəне қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардің бірі.

Аталмыш қылмыстың тарихы 1959 жылғы Қылмыстық заңның 52 бабынан бастау алады.

Мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау – мемлекет немесе қоғамдық қайраткердің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге саяси қызметіне не нақ сол қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау террорлық акт деп танылады

Террор дегеніміз – бұл қорқыту саясаты, саяси құрлыстарын, оларды жойып жіберуге дейін күш қолдану шараларымен басу болып табыл айтамыз.

Қылмыстың топтық объектісіне – мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастырды қорғау жатады.

Еліміздің 1995 жылы қабылданған қолданымдағы Қазақстан Республикасының - конституциялық құрлысты, қоғамның ішкі жəне сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылғандықтан қауіпсіздігін, саяси жəне экономикалық жүйесінің қорғалуы жайлы баянды етілген. Аталмыш қылмыстың тікелей объектісі табылады.

Қосымша тікелей объектісін – мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмірі мен денсаулығы құрайды.

Қарастырып отырған қылмыстың жəбірленушісі ретінде тек ғана мемлекет немесе қоғам қайрат- кері, яғни өздерін қандай да қоғамдық немесе мемлекеттік қызметтке көрсеткен тұлғалар ғана бола алады. Мемлекеттік қайраткер дегеніміз – еліміздің тікелей басқару, экономикалық, саяси, əлеуметтік саясатымен тікелей айналысатын жауапты мемлекеттік өкімет билігін ұстанушы лауазымды адамдарын айтамыз. Оған жататындар: Республика Президенті, Парламент депутаттары, Премьер-Министр, Вице- премьерлер, Министрлер, Вице-министрлер, Жоғарғы  Сот  төрағасы, Жоғарғы Сот  мүшелері, Конституциялық Кеңестің төрағасы, оның мүшелері, Бас Прокуратураның, Ұлттық Қауіпсіздік комитеттінің, Қауіпсіздік Кеңестің жауапты қызметкерлері,қаланың жəне облыстың əкімдері жəне т.б.

Қоғам қайраткері ретінде - жетекшілік қызметпен айналысатын, саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, қорлардың, кəсіптік жəне өзге одақтардың жұмысына белсенді қатысатын, қызметі мемлекет саясатына қарсы келмейтін тұлғаны түсінуге болады.

Мемлекет немесе қоғам қайраткерінің жанұясының мүшесіне жəне жақын туысына қарсы жасалған қастандық, осындай қызмет үшін кек алу актісі көрсетілген жағдайда да бұл іс-əрекет террористік актіні құрамайды жəне Қылмыстық Кодекстің жеке адамға қарсы қылмыс бабына сəйкес сараланады

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 163 бабына сəйкес шетелдік мемлекеттің өкіліне халықаралық қорғау аясындағы халықаралық ұйымның қызметкерлеріне немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне, сондай-ақ халықаралық қорғау адамдардың қызметтік немесе тұрғын үй- жайларына не көлік құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы азаматтарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, егер осы əрекеттер соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіру мақсатында жасалса'' қылмыс деп саналады.

Аталғандарды салыстыра келе біз мынадай тұжырымға келдік: бұл екі бап біріне - бірі қарама- қарсыте келіспейді.

Қылмыстың объективтік жағынан мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өміріне қарсы жасалған қастандық əрекеттерін қамтиды

Өмірге қарсы қастандық дегеніміз - мемлекет не қоғам қайраткерін өлтіруге тікелей бағытталған іс- əрекетті жасауды (олардың белгілі бір нəтижеге жеткені немесе жетпегеніне қатыссыз). Білдіреді.

Мұнда заң бойынша террористің іс-əрекетін ерекше қауіптілік есебімен қылмыстың аяқталу сəті, оқталу сатысына ауыстырылғандай болып көрінеді. Көрсетілген тұлғалардың өміріне қастандық жасауға оқталудың немесе өлімнің болуы осы қылмыс құрамының белгілерін қамтиды жəне адам өлтіру (ҚР ҚК 96 - бабы), денсаулыққа қасақана зиян келтіру (ҚР ҚК 103-105 баптары), Қызметтік іс-əрекетін жүзеге асыруына немесе қоғамдық борышын орындауына байланыстықатардағы мемлекет қызметкерлерінің немесе қоғамдық ұйымның қатарындағы өкілінің өміріне қарсы жасалған қастандық, ауырлататын мəн- жайларда кісі өлтіру немесе қылмыстың осы түрін жасауға оқталу құрамын қамтиды (ҚР ҚК 96-бап 2-бөлігі «б» тармағы).

Ал, Қазақстандық ғалым А.Н Ағыбаевтың. пікірі бойынша: «Қастандық деп – мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмірін жою мақсатымен түрлі тəсілдерді қолдана отырып істелген оқталғандық əрекет немесе сондай адамды өлтіру» – деп көрсетеді [5].

Қастандық зардаптары: адам өлімінің болуы, денсаулыққа əр түрлі ауырлықтағы зиянның келтірілуі бола алады. Көрсетілген зардаптар, оқталу іске аспай қалған жағдайда болмауы да мүмкін (мысалы: террорист атып, оқталғанына, тигізе алмауы). Бұл жағдайлардың барлығында да террористік акт белгілері көрініп тұр. Қылмысты саралауға зиянды зардаптардың бар болуы немесе болмауы əсерін тигізбейді, ол тек жаза шараларын тағайындау кезінде ескеріледі. Сондай-ақ, кінəлінің пайдаланған құралдары мен тəсілдері тек жаза тағайындау барысында жеңілдететін жəне ауырлататын мəн-жайлар шеңберінде ғана ескерілуі мүмкін.

Қылмыс құрамы жағынан – келте қылмыс құрамына жатады. Қылмыс жəбірленушінің  өмірін жоюға бағытталған қастандық əрекетін жасаған уаққыттан бастап аяқталған деп есептелінеді. ҚР ҚК 167 бабында көрсетілген қылмысты істелуге даярланғандық үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-тармағында көрсетілген ережелерге сай жүзеге асырылады.

Мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің қатарына жатпайтын мемлекеттік қызметшілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің өміріне қастандық жасалғанда кінəлінің іс-əрекетінде басқа тұлға өлтірілген болса, мысалы: жəбірленушінің туысы, оның күзетші адам не жай бөтен адам ҚР ҚК 96 жəне 167 баптарымен сараланады. Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340-бап), сот төрелігін жүзеге асыруы немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету əрекеттері (341-бап) бойынша саралануы мүмкін.

Егер де, террористік актін жасау барысында, кінəлі өз іс-əрекетінде қаруды, жарылғыш заттарды жəне жару құрылғыларын заңсыз жасауды, сатып алуды не сақтауды қолданған болса, онда оның іс- əрекеті ҚР ҚК 251-252 баптарының жиынтығы бойынша сараланады. Шетел бауырларының тапсырмасы бойынша жасалған террористік акт, шетел мемлекетіне көмек көрсету түріндегі мемлекетке опасыздық жəне қылмыстың жиынтығы бойынша – террористік акт ретінде дəрежеленіуі тиіс.

Қылмыстың жиынтығы, осы қылмысты жасау нəтижесінде бөтеннің мүлкі жойылған жағдайда да көрінеді, мысалы, мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық көптеген адамның өмірі үшін қауіпті тəсіл- жарылыс арқылы жүзеге асырылған жағдайда.

 

 

Әдебиеттер

  1.  Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы 2012 жылғы 27 қаңтар
  2. 1973 жылғы 14 желтоқсандағы «Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарын алдын алу жəне ол үшін жаза қолдану туралы» Конвенция Қазақстан 1994 мүше болды
  3. Уголовный кодекс РСФСР – 22 ноября 1926 с изменением и дополнением до 1 июля - - С.24-27.
  4. Бекяшева К.А. Международное публичное право.: Учебник. – М., 1998. – Гл. С.608.
  5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (ерекше бөлімі). Алматы, Жеті- жарғы –2010ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.