Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық жауаптылықты жоятын мəн-жайлардың түрлері

Əрбір азаматтың конституциялық борышы-қоғамдық қатынастарды қылмыстық  жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-əрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың əрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-əректті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық жəне басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай əрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл əрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып танылмайды. Өйткені мұндай əрекеттер қылмыстың материалдық белгісі болып табылтын басты белгіқоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зин келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-əрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орнынды тəуекел; күштеу немесе психикалық мəжбүрлеу; бұйрықты немесе өкімді орындау əрекеттері жатады.

Осы аталған жағдайларда істелген əрекет немесе əрекетсіздік сырттай қылмыстық белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұлаталған институттар қоғамға пайдалы іс-əрекеттер қатарына жатады. Енді осы мəн-жайларға талдау жасайық.

Қажетті қорғану, қылмыстық құқықта ерекше орын алып отырған институт болуына байланысты оған сипаттама беруіміз қажет.

Қажетті қорғану əрбір адамның заңды жəне заңмен көтермеленетін əрекет болып табылады. Əлеуметтік мəні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қазақстан Респукбликасының Қылмыстық кодексінің 32-бабында:

«1. Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін жəне басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.

  1. Барлық адамдардың кəсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына жəне қызмет жағдайларына қарамастан тең дəрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.
  1. Нəтижесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мəжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дəрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқтырады.

Адам өміріне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға əрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды» [1,  11 б].

Елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық құқықтық саясаттың алға қойған мақсаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады. Қылмыстық заңның 32-бабында орын алып отырған қажетті қорғану заң нормасының негізгі мақсаты да азаматтардың өзінің немесе өзге де адамдардың құқықтары мен бостандықтарын жəне қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғандығы анық. Алайда осы заң нормалары қылмыстылықпен күресу, қылмыстылықтың алдын алу сияқты еліміздің құқықтық саясатымен қамтылады ма деген сұрақ туындайды. Қажетті қорғану тек азаматтардың өз құқықтарын қорғауға ғана бағытталған емес, ол сонымен қатар азаматтарды патриоттық сезімге тəрбиелеуге негізделген [2,  11 б].

Адам құқықтары мен бостандықтары – дүниежүзілік қоғамдастық игерген, мойындағын жəне тиісті халықаралық-құқықтық актілерде бекітілген, əлеуметтік жəне заңдық жағынан қамтамасыз етілген əрбір адамның құқы ретінде мойындалған, ешкімде еркін шектеп немесе тиым сала алмайды.  Адам өзінің табиға құқығы мен бостандығының қайнар көзі, сондықтан олардан шектетілмеуі тиіс. Қазақстан мемлекеті адам құқығы мен бостандығын оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді əрі қорғауйды.

Адам құқықтары мен бостандықтарының ара жігін ажырату жөніндегі бірнеше авторлардың пікіріне назар аударар болсақ олар келесідей түсіндірме береді: «Адам құқығы оның міндетімен байланысады, сондықтан олардың жүзеге асырылуы нақтылы жағдайларға қатысты: адамға берілген құқық оның мүмкін болған мінез-құлық түрімен өлшемімен сипат алады. Адам бостандықтары ешқандай жағдайларға байланысты болмайды, ол-оның еркінің нəтижесі.» [3, 77 б]. Адам құықтары мен бостандықтарын ажыратуға болады деген пікірдеміз. Алайда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабының 1-бөлігіндегі қажетті қорғану бойынша берілген ұғымда тек адамның құқықтары ғана қарастырылып, онда адам боатандықтары айқындалмаған. Осы жөніндегі бірқатар авторлардың қылмыстық заңда қарастырылған қажетті қорғану институты бойынша берілген түсініктерге шолу жасар болсақ олардың бірқатарлары адамның құқықтарын ғана қарастырып адам бостандықтары жөнінде қарастырмайды. Себебі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабында орын алып отырған «Қажетті қорғану» заң нормасында адам құқықтары мен қатар адам бостандықтары қарастырылмаған.

Мысалы, Д.Б. Бұғыбай қажетті қорғану бойынша өзінің келесідей: «Қылмыстық құқықта қажетті қорғану деп – қорғанушы өзінің немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін жəне басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қажетті қорғану шегінен орын алмаған жағдайда қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғауды қол сұғушы адамға зиян келтіре отырып жүзеге асыруды айтады» авторлық түсінігін берсе [4, 109 б].

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында қылмыстық əрекетке жатпайтын мəн жайлардың бірі болып саналатын қажеттті қорғануға: «Қажетті қорғану дегеніміз – қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жек учаскесін жəне басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру арқылы қорғау» деген

Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 37-абында қарастырылған қажетті  қорғану бойынша келесідей мағынадағы түсінігін береді. Олардың пікірінше қажетті қорғану əрбір азаматтың өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңмен тиым салынбаған барлық тəсілмен  қорғану құқығын жүзеге асыру құраланың ең жетілген жəне маңыздысы болып саналады. Олар адам құқықтары мен бостандықтарын қоса қамтып көрсаетеді [5, 34 б].

Қылмыстық кодексінің 37-бабында қарастырылған қажетті қорғануға назар аударар болсақ онда жеке адамды жəне құқықтырды қорғау қарастырылып онда да адам бостандықтары қарастырылмаған  [6,

118 б]. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 мамыр 2007 жылғы №2 «Қажетті қорғану жөніндегі заңдарды қолдану туралы» Нормативтік қаулысының 1-бабында «Қажетті қорғану  – əр адамның  өміріне,  денсаулығына,  мүлкіне,  тұрғын  үйіне,  меншігіне  жəне  басқа  да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конституциялық құқығы болып табылады» деп қарастырылған..

КСРО жаңа Конституциясының 7-бабында негізгі құқықтар мен міндеттермен қатар негізгі бостандықтар да қарастырлды. 1936 жылғы Кеңестік Социалистк Республикалар Одағының Конституциясында негізгі бостандықтар қарастырылмаған болатын. Осы негізгі бостандықтарға ғылыми, техникалық жəне мəнерлеу творчествосы (47-бап), сөйлеу еркіндігі, басылым, жиналу, митнингі өткізу, көше шеруі, демонстрация бостандықтары (52-бап) жататынғын атап өтеді. Осы бостандықтар жарияланып қана қоймай олардың жүзеге асуы кепілдендірілгендігін көрсетеді.

КСРО Конституциясына негізделе отырып, адам құқықтары мен қатар адам бостандықтары да конституциялық кепілдіктердің бірі ретінде танылатындығын айқындап отыр.

Қазақ ССР-нің əкімшілік право бұзушылық туралы кодексіндегі 18-бапта орын алған қажетті қорғану келесідей көрсетілген: «Осы кодексте жəне басқа нормативтік актілерде көзделген əрекетті жасағанымен, бірақ қажетті қорғану жағдайында, яғни мемлекеттік немесеқоғамдық тəртіпті, социалистік меншікті, азаматтардың праволары мен бостандықтарын, басқарудың белгіленген тəртібін, правоға қарсы қиянат жасаушылықтан қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен қорғалған кезде əрекет жасаған адам егер қажетті қорғану шегінен асып кетуге жол берілмеген болса, əкімшілік жауапты болмайды». Аталған заң нормасында қарастырылған қажетті қорғануда азаматтардың құқықтарымен қатар азаматтардың бостандықтары да өз орнын алған.

1978 жылғы Қазақ ССР-нің қылмыстық кодексінің 13-бабында қарастырлған қажетті қорғануды қарар болсақ ол келесідей көрсетілген: «Қажеттуі қорғану халінде, яғни Совет мемлекетінің мүдделерін, қоғамдық мүдделерді, қорғанушының немесе басқа адамның өз басын я құқықтарын қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғалған кезде, қол сұғушыға зиян келтіру жолымен істелген əрекет, егер бұл əрекетте қажетті қорғанудың шегінен асып кетпеушілік болмаса, қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық белгілері болғанмен, қылмыс болып танылмайды.

Қол сұғушылықтың қаупі мен түріне қорғанудың көрінеу сəйкес келмеушілігі қажетті қорғану шегінен асып кетушілік деп танылады». Аталған заң нормасында адамның құқықтары ғана қарастырылып адам бостандықтары белгленіп қорғануы кепілденбеген.

1978 жылғы Эстония ССР-нің қылмыстық кодексінің 13-бабында көрсетілген қажетті қорғануға назар салсақ онда да адам құқықтары ғана қарастырылып адам бостандықтары өз орнын  алмаған. Эстония ССР-нің қылмыстық заңдағы қажетті қорғану институты өзінің мағынасымен Қазақ ССР-нің сол кездегі қылмыстық заңындағы қажетті қорғанумен сай келеді деуге болады [9,  10 б].

1978 жылғы Ресейдің қылмыстық кодексінің 13-бабында қарастырылған қажетті қорғану заң нормасы өзінің мазмұны мен маңынасы жағынан Қазақ ССР-нің, Эстония ССР-нің қылмыстық заңдарында қарастырылған қажетті қорғану заң нормасымен сəйкес, яғн и онда да адамның құқықтары ғана қарастырылып адам бостандықтары қамтылмаған.

Еліміздің негізгі заңы Конституцияның талабына сай əркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тəсілдермен қорғауға хақылы болғандықтан Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 32-бабында қарастырылған қажетті қорғануды Конституцияға сəйкестендіру мақсатында өз нормасында адам құқықтары мен қатар адам бостандықтары да өз орнын алуы тиіс дегіміз келеді. Сонда адамдардың констиуциялық бостандықтары заңмен қамтылып олардың қорғалуна кепілдік беріледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 мамыр 2007 жылғы №2 «Қажетті қорғану жөніндегі заңдарды қолдану туралы» Нормативтік қаулысының 1бабында қажетті қорғануға берілген түсінікке назар аударар болсақ қажетті қорғану Қазақстан Республикасының қылмыстық заңындағы алып отырған қажетті қорғанудың мазмұнымен сəйкестенбейді. Себебі қажетті қорғану Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабының 1-бөлігінде тек өзінің өмірін, денсаулығын, мүлкін, тұрғын үйін, меншігін жəне басқа да заңмен қорғалатын құқықтарын қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау ғана қарасырылмай өзге бір адамның да өмірін, денсаулығын, мүлкін, тұрғын үйін, меншігін жəне басқа да заңмен қорғалатын құқықтарын қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау қарастырылған. Сондай-ақ, əрбір адам өзінің немесе өзге бір адамның құқықтарынан басқа қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау қарастырылған.

 

Әдебиеттер

  1.  «Қажетті  қорғану  жөніндегі  заңдарды  қолдану  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  11  мамыр 2007 жылғы №2 Нормативтік қаулысы // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені. 2007. №6. – бб. 16-21.
  2. Халиков К.Х. Необходимая оборона по советскому уголовному праву: автореф. дисс. ... к.ю.н. Алма-Ата, 1970. – 11 с.
  3. Турецкий Н.Н. Необходимая оборона по уголовному праву Республики Казахстан (проблемы пределов правомерной защиты): дисс. на соис. ученой степени к.ю.н. Алматы, – 7-111с.
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист. – 40
  5. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. – Алматы: Юрист, – 148 б.
  6. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім): Оқулық басылым. – Қарағагды: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды заң институты, – 240 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.