Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттық қауіпсіздікті қылмыстық құқықтық қорғау

Қоғамның қазіргі таңдағы дамуы ақпараттық процесстер мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне азаматтардың қызметін қамтамасыз етудің қажетті атрибутына айналғандығымен ерекшеленеді. Өзінің маңыздылығы бойынша ақпараттық ресурстар табиғи, қаржы, еңбек жəне өзге ресурстармен қатар мемлекеттің жəне қоғамның маңызды потенциалын құраушы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы ақпарат еркіндігін жариялай тұра (20-баптың 2-бөлігі) осы еркіндіктің шексіз емес екендігін көрсетіп отыр: 20-баптың 2-бөлігінде «Əркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тəсілмен еркін ақпарат алуға жəне таратуға құқығы бар» деп көрсетілген, оған қоса, Конституцияның 18-бабының 1-бөлігінде «Адамның жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің жəне отбасының құпиясының қорғалуына құқығы бар» деліген [1].

Осылайша, Конституция ақпаратты қорғауға алғышарт жасап отыр.

Кейбір ақпарат рұқсатсыз қосылудан құқықтық қорғаудың қажеттігі ең алдымен алғашында жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуымен отандық заң ғылымына жəне тəжірибесіне белгісіз болған жаңа қолсұғушылықтардың пайда болуымен түсіндірінділеді.

Мысалы, коммерциялық маңызы бар ақпаратты заңсыз алу жəне тарату жеке тұлғаларға да, ірі ұйымдарға да үлкен моральдық жəне материалдық шығындар келтіруі мүмкін. Азаматтардың жеке өмірі жəне мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді алу жəне тарату одан да озасан зор зардаптарға əкеп соғуы мүмкін.

1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексінде заңмен қорғалатын ақпарат аясындағы қоғамға қауіпті іс əрекеттер үшін жауапкершілік көздейтін бірқатар нормаларды қарастырған: 135, 165, 166, 172, 173, 200, 227, 322, 355, 356 баптар.

Ақпаратты оның төңірегінде қылмыстық əрекеттер жасалатын феномен ретіндегі мəні жəне қасиеттері жайлы нақты көрінісін бағалау қыин. Бұл əрекеттерді дұрыс түсіну, оларды қоғамға қауіпті əрекеттер ретінде саралау үшін, осындай əрекеттерді заңсыз жəне құқыққа қайшы деп саралайтын Қазақстандық заңнама нормаларының жиынтығын қажет етеді. Ақпараттық қатынастарды реттейтін нормаларды анық ұғынбай, құқық қорғау органдары дəлелдеуге жататын мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтай алмайды жəне ақпараттық қатынастар саласында анықталған қылмыстарға дəл құқықтық баға бере алмайды.

Осыған орай, заңмен қорғалатын ақпаратпен жұмыс жасаудың тəртібін сақтаудан туындайтын қоғамдық қатынастарды қылмыстық құқықтық қорғаудың механизмін зерттеу жəне жоғарыда айтылған ақпаратты қорғаудың проблемаларын анықтау, сонымен қатар заңнаманы жетілдірудің бағыттарын айқындау қажеттігі туындап отыр.

Қоғамда қатынастардың ерекше түрі бар – ол адамдар арасында ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану бойынша туындайтын ақпараттық қатынастар. Ақпарат –  ақпараттық қатынастардың заты болып табылады. Бірақ та осы ұғым қылмыстық құқықта өзіндік ерекшеліктерге ие.

Əдеттегідей қылмыс заты ретінде оған байланысты немесе оның себептерінен қылмыс жасалған материалдық зат танылады, сəйкесінше, «нақты шындықтың құбылыстары тікелей əсер ететін нақты материалдық объектілер, қылмыстық ықпал етудің заты болып табылады». [2]. Ақпарат зат болып табылмайды, осыған байланысты, қылмыс заты ретінде оның өзін немесе оның материалдық тасымалдағышын таныған дұрыс па деген сұрақ туындайды.

Осы сұраққа жауап беру үшін материалдық тасымалдағыштың ұғымын жəне ақпараттың жалпы құқықтық мəртебесін анықтау қажет.

Заңнамада материалдық тасымалдағыштың ұғымы оның философиялық ұғымымен салыстырғанда шектеулі болып табылады. Материалдық тасымалдағыштың құқықтық ұғымы бір мағыналы  емес. Əдетте, материалдық тасымалдағыш деп ақпарат, символдар, бейнелер, техникалық шешімдер мен процесстер кейін оларды жинау, сақтау, тасымалдау жəне пайдалану мақсатында көрініс табатын материалдық объектілерді айтамыз. Бірақ та кейбір нормативтік-құқықтық актілерде бұл ұғым тар мағынада түсіндіріледі. Қазақстан Республкасының 2007 жылғы 11  қаңтардағы  «Ақпараттандыру туралы» №217 Заңы ақпараттың нақты сыныбына – материалдық тасымалдағышта тіркелген, өзін сəйкестендіруге мүмкіндік беретін реквизиттері бар құжатталған ақпаратқа ғана таралып қоймайды. Жоғарыда айтылған заңның мақсаттарының бірі болып «белгілі бір білім мен қатынастар жүйесі үшін оның қайнар көзін (авторын), жасалу уақытын, міндетін, мазмұнын жəне маңызын (құндылығын) анықтауға мүмкіндік беретін жəне стандартқа сəйкес келетін реквизиттері жазбаша немесе кез келген оқылатын нысанда ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін ақпарат иесінің міндеттерін анықтау» болып табылады. Құжатталған ақпарат: а) ақпараттың мазмұны; б) ақпараттың қайнар көзін, толықтығын, оның  дұрыстығының  дейгейін  жəне  өзге  көрсеткіштерін  анықтауға  мүмкіндік  беретін   реквизиттер; в) оның мазмұны мен реквизиттері бекітілген ақпараттың материалдық тасымалдағышы сияқты көрсет- кіштердің бірыңғай жиынтығы ретінде анықталатын ұйымдық нысан ретінде түсініледі. Құжатталған ақпарат құжаттың кең жəне тар мағынада қарастырылатын ұғымына теңестіріледі [3].

Философияда материалдық тасымалдағыш ретінде, адамдарды қоса алғандағы материалдық объектілер танылады. Адамдарды ақпаратты тасымалдағыштың ерекше түрі ретінде қарастырып, оның ақпаратты қабылдау, есте сақтау, өңдеу сияқты психилогиялық ерешеліктерін ескеру керек. Оның келісімінсіз оның жадынан ешқандай ақпарат алынуы мүмкін емес. Одан басқа ол өзінің жадындағы ақпараттың маңыздылығына баға бере алады. Ол қорғалатын ақпараттың кімге жəне қандай ақпаратты беру керектігін біледі. Адамды «материалдық тасымалдағыш» деп айту дұрыс емес. Сондықтан қандай-да бір ақпаратты тасымалдағышты, оның ішінде адамды белгілеу үшін «ақпарат көзі» деген ұғымды қолданған дұрыс.

Осылайша, философияда ақпаратты қандай-да бір материалдық негізсіз қарастыруға болмайды, ол материялық атрибут болып табылады жəне одан бөлінбейді. Ақпарат мазмұны бойынша идеалды нысаны бойышна материалды. Бірақ та осы жағдай ақпараттың режимін бекітуде көбіне ескерілмейді, ол өз кезегінде қылмыстық құқықтың бірқатар проблемаларын шешуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, ақпарат мүлік немесе мүлік емес болып қарастырылуына байланысты оған қарсы қоғамға қауіпті қол сұғушылықты дұрыс саралау мəселесі шешіледі.

Заңнамада жəне заң əдебиеттерінде ақпаратты жəне оны тасымалдағышты қарастыруда екі ұшқарылық бар екенін байқауға болады. Кейбір жағдайларда ақпараттық жəне материалдық тасымалдағыштың үзіліссіз байланысы идеалды ақпаратты оның материалдық тасымалдағышымен ұқсасып кетуіне əкеледі, нəтижесінде ақпарат материалдық объект (мүлік) болып саналады. Өзге жағдайларда, ақпарат материалдық тасымалдағышсыз идеалды түрде (оны ауызша таратқан кезде) көрініс табады. Осы екі ұшқарылықтан айырылуымыз керек. Жоғарыда айтылғандай, ақпараттық əрқашанда материалдық негізі, қайнар көзі болады, бірақ бұл ақпаратты материалдық əлемнің заты ретінде қарастыруды білдірмейді. Кейбірде, қандай да бір мəліметтер қандай тасымалдағышта тіркелгені маңызды емес болады, мұнда да ақпаратты дербес субстанция ретінде қарастыру керек.

Қылмыстық құқық теориясы ақпарат немесе оны тасымалдағыш қылмыс заты болып табылады ма деген сұрақты шешуде осы екі ұшқарылықтан айырылмады. Тек қана материалдық əлемнің заттары қылмыс заты болып табылуы мүмкін деген ереже, қағидат соңғы жылдары өзгеріске ұшырады. Мүлікке қарсы қылмыстардың заты болып тек қана заттар танылған. Зат ретінде сыртқы əлемнің материалдық объектілерін түсінеміз. Бірақ ғалымдардың көбісі қандай да бір затқа (мысалы, пəтерге)  құқықты алаяқтық қылмысының заты ретінде қарастырады, Қылмыстық кодекстің 181-бабында қорқытып алушылықтың заты ретінде мүлікке құқықтар, сонымен қатар мүліктік сипаттағы əрекеттер танылады. Осылайша, қылмыс затына заңи санаттар мен қызметтер, яғни материалдық емес объектілер жатады. Көптеген ресей авторлары қылмыс затына ақпаратты жатқызады.[4]. Əдеттегідей, заты бойынша шпиондықтың екі түрі ажыратылады.

Шпиондықтың бірінші түрінің заты болып мемлекеттік құпияны құрайтын мəліметтер жатады,ал екіншісінің заты болып – ҚР сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі үшін қолданылатын өзге мəліметтер танылады. Одан басқа, мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету (ҚР ҚК-нің 172-бабы) қылмысының заты болып мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтер танылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  142-бабында (жеке өмірге қол     сұғылмаушылықты бұзу) көрсетілген қылмыстың заты болып, жеке жəне отбасылық құпияны құрайтын кез  келген мəліметтер болуы мүмкін. Осы жағдайда ақпарат қылмыс заты болып саналады.

Осылайша, ақпаратты оның материалдық тасымалдағышының арасындағы үзіліссіз байланысты ескере отырып, қылмыс заты ретінде ақпарат тіркелген материалдық тасымалдағыш емес, материалдық тасымалдағышта тіркелген ақпаратты қарастыруымыз қажет.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құқықтық құралдарының бірі болып ақпараттық қауіпсіздіктің əртүрлі саласындағы қатынастарға қол сұғатын жəне оны жасағаны үшін санкция белгілейтін қылмыстық əрекеттерді анықтайтын қылмыстық заңнаманың нормалары болып табылады.

ҚР Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің əртүрлі тарауларында заңмен қорғалатын ақпаратқа қол сұғушылық үшін жауапкершілік көздейтін 13 бап қарастырылған. Қылмыстық кодексте олар келесідей нысанда көрініс тапқан:

2-тарау. Отбасына жəне кəмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

3-тарау. Адамның жəне азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзу

5-тарау. Мемлекеттiң конституциялық құрылысына жəне қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

165-бап. Мемлекеттiк опасыздық

166-бап. Шпионаж

172-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету

173-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту

7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар

200-бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мəлiметтердi заңсыз алу мен жария ету

227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану жəне тарату

14-тарау. Басқару тəртiбiне қарсы қылмыс

322-бап.  Жауапты  мемлекеттiк  лауазымды  иеленушi  лауазымды  адамға  атысты   қолданы- латын қауiпсiздiк шаралары туралы мəлiметтердi жария ету

15-тарау. Сот төрелiгiне жəне жазалардың орындалу тəртiбiне қарсы қылмыстар

355-бап. Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету

356-бап. Мемлекеттiк қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын  қауiпсiздiк  шара- лары туралы мəлiметтердi жария ету [5].

Жоғарыда көрсетілген қылмыстардың тікелей объектілерін анықтай келе, қылмыстық құқық доктринасы қылмыстық əрекет қол сұғатын қоғамдық қатынастарды, мүдделерді қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі ретінде таниды.

Қарастырылып жатқан əрекеттердің тікелей объектісі болып, заңмен қорғалатын ақпаратпен айналысудың бекітілген тəртібін сақтаудан туындайтын қоғамдық қатынастар танылады.

Ғылымның əртүрлі саласындағы ғалымдар «ақпарат» ұғымының мазмұны жайлы көптеген пікірлерін айтып кеткен болатын, бірақ оны зерттеуде ол ұғымның бірыңғай, əмбебап анықтамасы жоқ екендігін байқауға болады.

Ақпарат заттық емес табиғатқа ие жəне материалдық құндылықтардың есебінен заттанады.

Қазіргі қоғамда кез келген құқық объектісі секілді ақпаратта оған қандай да бір қол сұғушы- лықтардан қорғауды қажет етеді. Осыған байланысты «ақпарат қауіпсіздігі» деген ұғым пайда болды. Бір жағынан ақпараттық қауіпсіздігі оған қарсы құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан жəне əсер етулерден қорғалуының жай-күйі ретінде анықталады. Екінші жағынан ақпараттың қауіпсіздігі мазмұны бойынша ондағы адамның психикасына немесе өзге ақпаратқа жасырын ықпал  етулердің болмауымен сипатталады. Ақпараттық қауіпсіздік құқықтық режиміне байланысты оның жалпыға қол жетімдігі жəне қолжетімдігі шектеулі болып екі сыныпқа бөлінеді. Соңғысы құпия ақпараттар мен мемлекеттік құпиялардан тұрады.

Құпия мəліметтердің негізі болып – біздің қабылдауымыздан жəне түсінуімізден жасырылған объективті шындық аясы танылады.

Қол жетімдігі шектеулі ақпаратты құпияларды (мысалы, мемлекеттік құпияларды) қылмыстық құқықтық қорғау институты тиімді əрекет етіп жатыр. кейбір жағдайларда құпияларды қылмыстық құқықтық қорғау механизмдері сыр беріп жатады. Коммерциялық жəне банктік құпияларды қылмыстық құқықтық қорғау мəселесі толық шешілмеген. Қолжетімдігі шектеулі ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету аясында қылмыстық құқықтық базаның қалыптасуы осындай қол сұғушылықтарға қарсы тұруда шетел мемлекеттерінің тəжірибесіне жүгінуі тиіс.

Азаматтар, ұйымдар жəне мемлекет мүдделері үшін қоғамның ақпараттық аясын қорғайтын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін қалыптастыру тез арада шешім қабылдауды талап ететін кешенді проблема болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз (2007 жылғы 21 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулармен)
  2. Коржанский Н.И. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. – М., 1980. - С.98.
  3. Қазақстан Республкасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» №217 Заңы
  4. Уголовное право. Особенная часть: Учебник / Под ред. Н.И. Ветрова и Ю.И. Ляпунова. – С. 324
  5. 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексі

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.