Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық саясаттың негізгі он мақсаты

Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған маңызды мəселенің бірі – мемлекеттің саяси бағытын қылмысқа қарсы күресте нақты анықтап, жеткілікті нəтижеге қол жеткізу болып  отырғандығы белгілі. Егемендік алғаннан соң, тəуелсіз мемлекет талаптарына сай қылмыстық саясаттың басқа түрдегі ұтымды бағыттарын анықтау мемлекеттік дəрежедегі қажеттілік екендігі байқалды. Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа жолдаулары, қолданыстағы заң актілері, азаматтардың құқықтық мемлекет құруға талпыныстары Қазақстан Республикасын шын мəніндегі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін мемлекетке айналдырары сөзсіз.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында бүкіл халықтық Референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыздың 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат  қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген Осы бап талаптарын көздей жүргізілген саясат мемлекет басшылығының қылмыстық саясатқа қатысты ұстанып отырған бағытын көрсетеді.

Жалпы саясат – мемлекет тағдырын шешуге қатысты саяси сипаттағы əрекеттердің жиынтығы десек, мемлекеттің қылмыстық саясатты ізгілендіру сипатында жасап отырғандығы мемлекеттің қылмыстық саясаттағы бағыты десек, онда қылмыстық саясат дегеніміз қылмысқа қарсы күресте оны жою мен жолын кесуге бағытталған əрекеттердің жиынтығы деген түсінікті ұсынамыз. Осы себепті де қылмыстық сақтандыру мəселелеріне қатысты ғылыми зерттеулердің өзектілігі байыпты көзқарас пен терең зерттеуді қажет етеді.

Қоғамдағы пікірлерге деген толеранттылықты жолға қою мен адамдардың өзара сыйласымдылық қатынастарын қалыптастырудағы мемлекеттің ролі əрқашанда ұйымдастыру сипатында болса, онда қылмыстық саясатты жүзеге асырушы құқық қорғау органдары мен басқа да құрылымдар жайлы кейінірек тоқталармыз. Сол сияқты бірқатар мəселелерді шешу жолдары да осы ғылыми жұмыста қарастырылатын болады. Тəуелсіздік алғаннан соң елімізде қалыптасқан ауыр криминогендік жағдай, қылмыстың өршуі, сыбайлас жемқорлықтың ерекше қарқынмен дамуы экономикалық дамуды кенжелетіп қана қоймай, мемлекеттің халықаралық қауымдастықтағы саяси беделінің дұрыс дəрежеде қалыптаспауына да əсер еткендігі ақиқат. Ұлттық құқықтық жүйеміздің қалыптасуына байланысты қоғамда қалыптасқан саяси, экономикалық, қылмыстық қатынастарды реттеуде жаңа заңнамаларды қабылдау қажеттілігі айқындалды. Осы мəселелерді шешу үшін көптеген заңдарды қабылдап, қолданысқа енгізу осы қажеттілікті қанағаттандыру тұрғысынан қажет еді.

Елбасы Н. Назарбаевтың қылмысқа қарсы күресте табанды позицияны ұстануы бірінші кезекте қылмыстың ауыздықталуына, сонымен қатар экономикалық өсуді бірқалыпты деңгейге қоюға қол жеткізгендігін қамтамасыз еткендігін айта кету керек. Жаңа Қазақстанның қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаты:  методологиялық, саяси, əлеуметтік, тарихи, ғылыми – жаратылыстану, заңдық, қылмыстық – құқықтық, криминологиялық аспектілерден тұратындығы анық. Көрсетілген бағыттың əрқайсысы – терең зерттеу мен талқылауды қажет етеді. Методологиялық тұрғыдағы – қылмыстық саясаттың методологиялық негіздері мен əлемдік таным жүйесін зерттеуді; саяси тұрғыда – қылмыстық саясаттың саяси мəні мен қағидалары, қағидалардың түсінігі мен өзектілігі, саяси басқа бағыттармен ара – қатынасын; əлеуметтік тұрғыда қылмыстық саясаттың əлеуметтік мəні мен тамырын;   тарихи тұрғыда – қылмыстық саясаттың даму кезеңдері мен пайда болу уақытын; жаратылыстық – ғылыми сипатта – қылмыстық саясаттың жаратылыстану ғылымының өзге салаларымен ара – қатынасын; заңдық сипатта – қылмыстық саясаттың пəнінің жүйелік, кешенді, салааралық ерекшелігін жəне оның заңдық табиғаты, қылмыстық саясаттың басты бағыты ретінде қылмыстан сақтандыру кезінде қолданылатын нормативті – құқықтық актілер мен олардың қайнар көздерін; қылмыстық – құқықтық тұрғыда – қылмысқа құқықтық баға беру мен қылмысқа қолданылатын жазалау жүйесін, қылмыстық заңды жетілдіру, криминологиялық тұрғыда – қылмыстың жасалу себептері мен жағдайларын, қылмыстылықтың деңгейін, қылмыстылыққа бақылау мен криминологиялық болжау жүргізуді талап етеді.

Осы ойлардан төмендегі қылмыстық саясаттың негізгі он мақсаты көрініс табады:

  1. Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат – құқықтық идеологияға негізделген экономикалық, саяси, рухани, əдістемелік, құқықтық, қылмыстық құқықтық, криминологиялық жəне баса факторлармен түсіндірілетін кешенді, əлеуметтік жəне құқықтық мəселе болып табылғанымен қатар, мемлекеттік саясаттың бір бөлігі.
  2. Құқықтық мемлекет құру үдерісінде Қазақстан қоғамын қылмыстылықтан қорғау жəне сақтандыру мақсатында қылмыстық саясатты жүзеге асыратын субъектілердің əрекеттерінің əдістері мен мазмұны жүйелі, саяси құқықтық қатынастарды, құқықтық нормалардың мəнін аша отырып, саяси құқықтық көзқарастар мен ойларды құрайды.
  3. Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаттың дамуы – тарихи, заңды үдеріс. Қазақстанның қылмыстан саясаты əлеуметтік жағдаймен, субъективті жəне объективті факторлармен, соның ішінде анықтаушы жəне шешуші рольге ие: экономикалық, құқықтық, саяси жəне кəсіпкерлік қатынастардың негізгі өзегі.
  4. Қылмыстық саясат – қоғамдық құндылықтарды, мемлекет пен адам арасындағы құқықтық қатынастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық басқарудың ерекше түрі ғана емес, сондайақ қылмыстардың себептерін, оны жасауға əсер ететін жағдайларды жоюға мақсатты түрде бағытталған əлеуметтік əсер ететін шаралар жүйесі.
  5. Қылмыстан сақтандыру шараларының түрге жəне жүйеге бөлінуінің негізінде қоғамдық ахуалдың жайы, сақтандыру шараларын қолданатын субъектілердің құқықтық мəртебесі жатыр. Қылмыстан сақтандыру шараларын бөлу мен жүйелеу дегеніміз – бұл шараларды мазмұны, субъектісі, əсер ету ауқымы мен қолдану тəртібі бойынша топтастыру. Бұл, белгілі-бір қоғамдық жағдайдың дұрыс, құқықтық реттелуі жəне қоғамдағы тұлғаның рөлін, мəртебесін анықтауға негіз болады. Қылмыстан сақтандыру шараларын жүйелеу үшін ең бастысы мына жағдайларды анықтауымыз керек: қылмыстық əрекеттің сипаты мен қоғамға қауіптілік дəрежесін; қылмыстан сақтандыру шараларын қолдану деңгейін; қылмыстан сақтандырудың əсер ету ауқымын; сақтандыру сипатындағы əсер етудің объектісін; қылмыстан сақтандыру қызметін жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мəртебесін; қылмыстан сақтандыру шараларының жүзеге асу уақытын.
  6. Қылмыстық саясат – қоғамдық қатынасты құқықтық реттеудің ғана емес, қоғам мүшелерінің əрекетінің мəні мен саналы ойлауының негізі болуы тиіс жəне құқықтық қағиданың негізгі қызметі əлеуметтік психологияны қалыптастыру ғана емес, оның қоғамға оң жəне теріс жақтарын да көрсету кезінде де көрініс табады.
  7. Қылмыстық саясат – құқықтық сана мен мəдениеттің бастауы жəне ол адамды мемлекеттік қызметтерге қатысуға белсендіретін, күрделі əлеуметтік үдерістердің кемеңгер қатысушысына айналдыратын рухани үгіттеулер мен шаралар, оңды ықпалдар, құқықтық кеңестер арқылы қалыптасады. Құқықтық тəрбие берудің басты мақсаты – қылмыстық саясат пен қылмыстан сақтандыру саласындағы реформалардың бағытын білетін, өз заңды мүдделерінің мəнін ұғынатын, олардың қорғауды өкілетті органдардан талап ете білетін, құқықтық сауатты, мемлекеттегі құқықтық реформаларға қатысты өз көзқарасы бар, құқықтық мемлекет құруға атсалысатын тұлға қалыптастыру.
  8. Қылмыстық саясат – бұл мемлекеттің қылмыстық заңымен жазаланатын, жүзеге асқан қылмыстардың жиынтығы ретінде əлеуметтік антогонизмдер. Қоғамдық қарама-қайшылықтың антогонистік сипаты, жасалған қылмыстардың жаппайлығы, олардың кеңістік пен уақыттағы ұзақтығы, қоғамға зиян келтірушінің айрықша əлеуметтік сипаты, оның əрекетіне мемлекет тарапынан берілген негативті, саяси-моральді баға беру, қылмыстың заңның нормаларымен сəйкестендіре қылмысты саралау, жасалған қылмыстың құрылымын сандық жəне сапалық белгілерін анықтау – құқық қорғау органдарының басты міндеті.
  9. Қылмыстық саясатты жүзеге асыру кезінде құқықтық тыйым салу мен мəжбүрлеу қатынастары тек қана құқық нормаларын өз еркімен орындауды қаламайтын тұлғаларға ғана емес құқық бұзушылыққа қарсылық білдірмеген тұлғаларға да қолданылуы мүмкіндігі əлі талқылауды қажет етеді.Қоғам мүшесін қылмыстан сақтандыратын күш – ол адамның қылмыстық жауаптылықты сезіне білуі. Қылмыстық жауаптылықты екі жақты түсінуге болады: біріншіден, қылмыстық жауаптылық – мемлекеттік мəжбүрлеу шарасын қолданудың негізі, яғни заңда белгіленген тиымдардың жүзеге асу мүмкіндігінің барлығы деп түсінген жөн; екіншіден, бұл адамның қылмыстық заң талаптарына, ұйғарымдарына бағыну міндетін дұрыс түсінуінің əсерінен оң құбылыс ретінде көрініс табуы;

Қылмыстық саясаттың мақсаты – тұлға, қоғам, мемлекеттің құқықтары мен еркіндігін, мүдделерін қорғау кезінде анық байқалады. Заң шығару жұмысын, құқық қорғау механизмін жетілдіру мақсатында қылмыстық заң баптарына, жобаларына, нормативтік құқықтық актілерге, құқық қорғау органдары шығарған құжаттарға мемлекеттік сараптама жүргізуді Үкімет деңгейінде реттеу керек.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.