Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сезікті мен айыпталушыдан жауап алу тактикасына қатысты либерализация мен гуманизациясының кейбір аспектілерінің мəселелері

 Жалпы либерализация дегеніміз бұл мемлекеттік бақылаудағы шектеулерді экономикалық субъектілерге қатысты əлсіздендіру немесе алып тастауды білдіреді.

Гуманизм ұғымына қатысты ғылымда біркелкі ұстанатын ой пікірлер жоқ. Бірқатар бағыттар бойынша ол моральдың сиппатамасын білдіреді, ал философиялық сөздіктерде ол адамдардың құқықтарына, қадір қасиеттеріне сыйластылықты білдіреді.

Этика бойынша сөздіктерінде гуманизм адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты ұғымдармен байланыстырады.

Жоғардағы мəселелерді қорытындылай отырып, жалпы либерализация мен гуманизацияны құқықтық қоғам құруға бағытталған саясатпен байланыстырамыз. Əрине қылмыстық  құқықтық саясат шегінде бұл мəселелер адамдардың құқықтарын, бостандықтарын жəне ар намысы мен абыройына қол сұғушылықтың орын алмауына бағытталған.

Аталған тұжырымдар барлық жағдайда орын таппайды, əсіресе мұндай кемшіліктер тəжірбиеде жиі орын алды. Қылмыстық істерді тергеу барысында, оның ішінде алуан түрлі тергеу əрекеттерін жүргізу барысында адамдардың қарапайым Конституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылады.

Аталған мəселе бойынша негізгі зерттеу объектісі ретінде сезіктілер мен айыпталушылардан жауап алу тактикасын алып отырмыз, өйткені бұл бірнеше себептер мен жағдайларға байланысты:

  • жауап алу бұл кез келген уақытта орын алатын алғашқы тергеу əрекеттерінің бірі жəне ең алдымен тергеуші мен сезікті, айыпталушы арасындағы қарым қатынас немесе басқаша айтқанда тергеуші аталған тұлғалармен тікелей контактіге түсу барысын айтамыз;
  • тергеуші сезіктімен (айыпталушымен) жауап алуы өте жиі қайшылықты   жағдайда өтеді   (куə,
  • жəбірленушімен салыстырғанда);
  • сезікті мен айыпкер жауап беруден бас тарта алады жəне жалған жауап бергені үшін немесе мүлдем жауап бермегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды ҚІЖК-нің 214бап.

Аталған мəселелер тергеуші  үшін  аталған  тұлғалардан  жауап  алу  процесін күрделендіреді.

Яғни, тергеліп отырған қылмысқа қатысты ақпараттарды алу мəселесін қиындатады.

Осыған байланысты Кеңес Одағы кезіндегі ҚІЖК-нің тарихына тоқталайық, атап айтсақ 30–50-жж. ҚІЖК де кінəсіздік презумпция түгел, оған ұқсас нормалардың болмауы, кеңес мемлекетінің адамдардың құқықтарына қысымшылық жасағандығын дəлелдейді, осындай идеологияға қатысты криминалистика ғылымыда дами бастады. Жауап алудың криминалистік тактикасы  айыпкердің кінəні мойындауға бағытталған.

1960 жылдары ҚІЖК-де «сезікті» деп аталатын процесуалдық тұлға пайда болды, бірақ крими- налистика 1923 жылғы ҚІЖК ке ұқсас айыпкер мен сезіктіден жауап алуға қатысты тактикалық тəсілдер қолдана берді. Осы жылғы ҚІЖК-нің алғашқы редакциясында кінəсіздік презумпциясы нормалары орын алмаған. Бұл норма кейіннен пайда болды.

ҚР ҚІЖК-нің 19 бабында кінəсіздік презумпциясы көзделген, яғни «ешкім өзінің кінəсіздігін дəлелдеуге міндетті емес». Бұл айыпталушы органның міндеті. Қазіргі таңда да ҚІЖЗ ның  құрылымын «ретроспективті» бағытта қабылдайды. Яғни, іздер табылады оларға дəлелдемелік мəртебе береді, солардың негізінде айып тағылады. Осыдан соң айыпкерден жауап алу процессі басталады. Криминалистика да криминалистік қызметтің маңызын «ретроспективті» түрде қабылдайды: ең алдымен қылмыстың нəтижесі ретіндегі іздер, содан соң қылмысты жасаудың əдісі, кейін қылмыс субъектісінің ниеті мен мақсатын анықтай отырып, айыпкерді өз кінəсін мойындауға түрткі етеді.

1960 жылдары қабылдаған ҚІЖК-ке қатысты П. М. Давыдовпен мынадай пікірі өте дұрыс айтылған: «тұлғаны айыпкер ретінде іске тарту барысында тергеу органдары оған қалыптасқан айыпқа қатысты жауап беру құқығын береді» [3, 200 б.]

Əлі күнге дейін жауап алудың тактикалық міндеттері айыпкердің айыпталуға қатыстылығын анықтауға бағытталған. Мəселен, криминалистика оқулықтарының көпшілігінде айыпталушыдан жауап алу тек оның өз кінəсін мойындатуға бағытталған. Ал шын мəнінде кез келген тактикалық міндет дəлелдеу базасын ұлғайтуға бағытталуы керек, яғни істің ақиқаттылығын анықтау.

Ендігі кезекте сезікті мен айыпталушыдан жауап алудың кейбір тактикалық мəселелеріне көңіл бөлейік. Жалпы олардан жауап алу тəртібі бір біріне ұқсас, айырмашылығы тек процессуалдық мəнінде жатыр. Сезіктіден жауап алудың тəртібі ҚІЖК-нің 132-138 бб. көзделген, ал айыпталушыдан жауап алудың процессуалдық жағдайы ҚІЖК ң 206-209, 212,213, 217-219 бб. көзделген.

Сезіктіден жауап алудың келесі тактикалық тəсілдері əдебиеттерде əдетте орын алады, олар:

  • қылмысқа қатысты білетін ақпараттарды қарапайым жай əңгіме ретінде айту (свободный рассказ);
  • психологиялық контакт орнату; көрсетпелерді нақтылау мен детальдау;
  • дəлелдемелерді өсу бағытына қарай ұсыну;
  • өз еркімен кінəсін мойындауға түрткі ету, осы арқылы оның қылмыстық жауапкершілігін женілдететіндігін түсіндіру;
  • тергеушінің жауап алушының кінəлігін дəлелдейтін заттар бар екендігін туралы көрсету; кеннетен тікелей сұрақ қою (лобовой вопрос) [4, 265 б.]т.с.с.

Айыпталушыдан жауап алудың тактикасы да осыған ұқсас жəне тергеу органдарымен көбінесе қайшылық жағдайда өтеді. Тек кейбір ерекшеліктерімен өзгешеленуі əдебиеттерде орын алады, атап айтсақ: жауап алу жоспарын дайындауға біршама уақыттың болуы, айыпталушының кінəлігіне қатысты дəлелдемелердің толық болуы, алдын ала тергеу кезінде айыпкермен психологиялық контакт орнатқандығы, алдында берген жауаптарының тексерілуі т.с.с.

Сондықтан сезіктіден алынбаған, қосымша тексерісті қажет ететін, алдын ала тергеу кезінде алынған ақпараттарды мұқият тексеруге қатысты мəселелерді айыпкерден жауап алу кезінде тергеуші анықтау қажет.

Осыған қатысты сезіктіден жауап алудың тактикалық міндеттері айыпкерден  жауап  алу тактикалық міндеттерінен өзара ерекшеленуі қажет. Осыдан айпкерден жауап алу тактикасының мазмұны өзара өзгереді.

Жоғардағы мəселелерді талқылай отырып, келесі қорытындыға келуге болады, яғни айыпкерден жауап алу барысында тактикалық тəсілдерді оның кінəсін мойындатуға бағыттамау, ал оның құқықтық белсенділігін арттыру қажет, өйткені кез келген тергеу тактикасының міндеті осыда болу қажет.

Кейбір тактикалық тəсілдерді қолдану кезінде тəжірбиеде мынадай кемшіліктер орын алады, мəселен көрсетпелерді нақтылау мен детальдау тəсілін қолдану барысында тергеушілер сезіктілер мен айыпкердің жауаптарын сұраққа айналдырады (наводящий вопрос). Мысалы, сізге жолды өтіп бара жатқан адамды көруге не кедергі болды? сезіктінің жолды өтіп бара жатқан адам мас күйінде жолға ойламаған жерден пайда болуы туралы түсіндірмесін тыңдамай, қайтадан сізге жолды өтіп бара жатқан адамды көруге не кедергі болды? деп бірнеше рет сұрақ қойғаннан кейін, сезіктінің еріксізден жауабы «ештене» деп айтуы хаттамаға түседі. Ал, заңда аталған сұрақтарды қоюға тыйым салынатындығы біз үшін мəлім.

Жай əңгіме ретінде жəне айыпкерді өзіне тарту үшін оның жан ұясы, жұмысы басқа да жеке өміріне қатысты сұрақтар қоя бастайды. Мұндай ақпарат кейбір жағдайларда ол адамға психологиялық қысым жасау мақсатында қолданылады. Мысалы, алғашқы жауап беру əрекеті аяқталғаннан кейін туыс тумалары оның ішінде аналары, жұбайылары кінəні мойындау туралы сұрай бастайды, өйткені оларға сезіктінің не айыпкердің жағдайлары кінəні мойындағаннан кейін дұрысталуына тергеушінің уəде беруімен байланысты. Мұныда сезікті мен айыпкердің құқықтарына нұқсан келтіретін психологиялық маневрге жатқызуға болады [5, 355б.].

Тергеушілердің жауап алушыларға қатысты қарапайым тактіні сақтамауы криминалистика ғылымы ұсынып отырған психологиялық тактикалық тəсілдерді қолайлы қолдануына кедергі жасайды.

Мəселен, сезікті мен айыкерден жауап алу кезінде кенінен қолданылатын алғашқы тактикалық тəсілдердің бірі - психологиялық контактіні орнату болып табылады.

Психологиялық контакт - дегеніміз адамдардың бір бірімен сенімге кіру нəтижесіндегі ақпаратпен алмасу процесі орын алатын өзара қарым қатынас жасауын айтамыз. Бұл контакт бірден пайда болмайды, олар бірнеше процедурадан тұратын ұғым: адамның сөйлеген сөзіне жасаған қылықтарына эмоционалды баға беру жəне соның негізінде өзінің іс əрекеттерінің жолын анықтап алу.

Психологияда əр адам басқа адамды тек өзінің сана сезімінің дəрежесінің шегінде қабылдайды. Сондықтан ғалымдар тəжірбиелік қызметкерлерге жауап алуды жүргізген кезде асықпай жауап берушінің жауабын  мұқият тыңдауы керектігін айтады.

Психологиялық контактіні орнату үшін тергеуші тергеулік тактіні сақтау қажет. Тергеу тактінің мазмұның сөйлесіп отырған адамның ар намысына, қадір қасиетіне құрметеушілікпен қарауды айтамыз, іскерлік жəне эмоционалды қарым қатынас үзіліссіз орын алу нəтижесінде психологиялық барьер жойылады.

Тергеушінің тəжірбесі барысында оның əңгімелесу стилі де қалыптасады. Мəселен, психологиялық əдебиеттерде бұл мəселе туралы ой пікірлер көп. Атап айтсақ Г.Г.Досболдың пікірінше, қарапайым бос стиль бойынша жауап берушіден жауап алу - бұл дегеніміз жауап алу барысында тергеуші жауап берушімен жай əңгімелесу нысанында өтеді. Мұндай стиль қайшылық жағдайда қолайсыз деп есептеледі, өйткені тергеуші қажет жағдайларда шешім шығару үшін өзінің əлсіздігін көрсетеді [6, 77б.].

Келесі стиль ол тергеушінің жауап алушыға қатаңдығын көрсетуде жатыр. Мұндай жағдайда тергеуші жауап алушының индивидуалдық ерекшеліктеріне назар аудармайды, оны қайта - қайта жауап беру барысында ойын бөліп, өзінің көкіректігін көрсетеді, сөйтіп тергеу қатысушылармен психологиялық контакт орнатуға кедергі жасайды. Аталған стильді кей жағдайда авторитарды стиль деп атайды. Авторитарды стиль жауап алу кезінде қолайлы, қажетті нəтиже бермеуі мүмкін.

Алдын ала тергеу кезінде ең қолайлы стиль психологтардың айтулары бойынша бос-авторитарлы немесе аралас стиль. Бұл тергеушінің кейбір жағдайларда белсенді болуын жəне бір уақытта сыпайы, өз өзін ұстай білетін, керек болған жағдайда жауап берушіні орына қоя білетін, салмақты тұлғаны айтамыз.

Жоғардағыны қорытындылай келе, тергеуші сезікті, айыпкермен психологиялық контактіні орнату үшін аралас стильді тереулік такт ретінде қолданғаны дұрысырақ.

Жауап алу кезінде қолданылатын психологиялық тактикалық тəсілдердің өзара  қолдану шекаралары болу керек. Мысалы,   сезікті   мен   айыпкерден   жауап алу барысында тергеу немесе «психологиялық айла» деген тəсілдер қолданылады. Бұл тəсілдер адамдардың заңды құқықтарын бұзбау қажет, ар намысына, қадір қасиетіне нұқсан келтірмеу керек.

Тергеу этикасына сəйкес, тергеуші психологиялық əдіс-тəсілдерді адамдардың сана сезімдерін белсендіру, моральдық қасиеттерін арттыру мақсаттарында қолдану қажет. Мəселен,  тəжірбиеде тергеуші сезіктілер мен айыпкерлерге психологиялық əдіс-тəсілдерді қолдана тұра олардың теріс қасиеттерін атап айтсақ, эгоизмді, арамдықты белсендіреді.

Заң, жауап берушілерге қатысты қол тигізушілік қысымдармен қатар, психологиялық қысым- шылықтар жасауға да жол бермейді. Мысалы, тұлғаны қамауға алғаннан немесе ұстағаннан кейін (оларға əсер етуші шаралар ретінде) оларға қандай да бір жеңілдіктер жасауға уəде беретін тергеушілер кінəні мойындауға бағытталған жауаптарды алуға тырасады. Осындай жолмен алған жауаптарды бекіту мақсатында сезіктілер мен айыпкерлерден куəлардың қатысуымен олардан өз кінəларын мойындауын талап етеді, соған қатысты беттестіру т.с.с. қажеттілігі жоқ тергеу əрекеттерін жүргізеді. Мұның барлығы дəлелдемелік базаның көп екендігіне көз елестеушілік жасау үшін жасалады. Кез келген сезіктілер мен айыпкерлердің берген жауаптары басқа да дəлелдемелермен тексерілуі қажет. Осындай əрекетке тергеушінің қызметі бағытталуы керек.

Тəжірбиеде тергеу айласы алуан-түрлі қолданады, өйткені оны қолданудың нақты ережелері мен шекаралары əдебиеттерде біркелкі белгілен жоқ. Жалпы аталған ұғымға қатысты əдебиеттерде біркелкі ой пікірлер жоқ.

А.Н. Васильев пен Л.М. Карнееваның айтуынша: «тактикалық айла жауап берушінің психо- логиялық түрде қарусыз қалуын білдіреді» [5, 165 б.].

А.М.Лариннің пікірінше: «тергеу айласының мазмұны тергеушінің жауап берушілерді алдауында жатқан жоқ, ал дұрыс қолайлы түрде пайдалануында жатыр» [5, 165 б.].

Аталған көзқарасты көптеген авторлар қолдайды. Шын мəнінде тергеу айласы сезікті мен айыпкерлерді тергеушінің іске қатысты қандай ақпараттары бар екендігін білдірмеу жəне оларды тергеу үшін қолайлы қолдануын айтамыз.

Мұндай психологиялық əдіс тəсілдерді қолдану адамдарды алдауға бағытталмаған, ал қылмыстық істі шешуге қолайлығымен ерекшеленеді.

Қорытындылай келе, жоғарда аталған кез келген психологиялық əдіс-тəсілдер жауап алу процессінде кенінен қолдануы моральдық, этикалық нормаларды бұзбай, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуінде жəне қылмыстық істі шешу үшін қолайлы пайдалануында жатыр. Жауап алу барысында сезіктілер мен айыпкерлерден кінəні мойындауға қатысты заңға тыйым салынатын əдіс тəсілдері қолдану тəжірбиеде орын алады. Мəселен мұндай жағдайға «қинау» əрекеттері жатады. ҚР ҚК нің 347-1 бабына сəйкес «тергеушідің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшінші адамнан мəліметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған немесе жасады деп күдік келтірген іс-əрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мəжбүр ету мақсатымен əдейі тəн зардабын жəне психикалық зардап шектіруін айтамыз». ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика жəне арнайы есеп жүргізу Комитетінің мəліметтеріне қатысты 2010 жылы қинауға қатысты 13 қылмыстық із қозғалды. Тəжірбие көрсететіндей тергеуді заңсыз əдістерді қолдану арқылы жүргізуге қатысты қылмыстық істер қинау бабы бойынша емес, лауазымдық құзырет- тілігін арттыру бабыменде қозғалады. Аталған жағдайлардың туындауы көптеген себептерге байланысты.

Атап айтсақ, медициналық дəлелдемелердің орын алмауы (сот-медициналық сараптама тағайындау) арыз берушілердің арыздарына тексеру жүргізбеудің салдарынан олардың орын алуын жоққа шығару, тексеру барысында дəлелдемелерді дұрыс бағаламауында, мысалы тек полиция қызметкерлердің жауаптарын басшылыққа  алып,  ал  куəлардың  жауаптарына  қажетті  түрде  назар  аудармауында  жатыр. Аталған кемшіліктер тергеуді тез, объективті жəне сапалы түрде тергеу қағидаларын əдетте бұзады.

 

Әдебиеттер

  1. ҚР Конституциясы
  2. ҚР Қылмыстық Кодексі 1997ж. 16 шілде. 01.2011 ж. өзгертулер мен толықтырулар.
  3. Давыдов П. М. Обвинение в советском уголовном процессе: дис. … д-ра юрид. наук. Свердловск, С. 294.
  4. Курс криминалистики Учебник под. Ред Р.С. Белкин. – М., С.339
  5. Криминалистика под. общей ред. Нургалиева Караганда 2009 г.
  6. Г.Г.Досбол «Психология предварительного расследования» Алматы 2000. С.128

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.