Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сөз бостандығы тұлғаның құқықтық мәртебесінің құрылымдық бөлшегі ретінде

Құқықтық әдебиеттерде «адам» мен «тұлға» ұғымдары синоним ретінде қолданылады. Демек адамға тән құқықтық құндылықтар тұлғаға да тиесілі болмақ. Адам құқығын шынайы табиғатына сәйкес жеке тұлғадан айыру мүмкін емес, адам құқығы – адамның құқықтары мен бостандықтарының қоғамдық өмірдегі іс-әрекеті, бұл тұлғаның өмірін қамтамасыз ететін шынайы мүкіншіліктері.

Азамат құқығы нақты нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі, оған мемлекеттік кепілдік беріледі. Олар адамды мемлекеттік ұйымдасқан бірлестіктің қатысушы ретінде көрсетеді, адамзат өкілі ретінде танытады және оның өмір сүруіне қажетті фактор болып табылады.  Міне, осы байланыстың негізі құқықтық мәртебе мәселесін туындатады.

Құқықтық мәртебе ұғымының негізіне үңіліп көрсек, бұл тұтас бір ауқымды жиынтық. Жалпы «мәртебе» сөзі латын тілінен аударғанда, жағдай, жай-күй деген мағынаны білдіреді, демек біз қарастырып отырған мәселеде тұлғаның жағдайы, жай-күйі. Құқықтық мәртебеге құқық теориясында тұлғаның мемлекетпен танылатын және кепілденетін құқықтары, бостандықтары, міндеттері және заңды мүдделерінің жиынтығы ретінде анықтама беріледі [1]. Конституциялық құқық теориясы тұрғысынан қарастырған ғалымдар құқықтық мәртебеге мемлекет пен тұлға арасындағы қалыптасатын қатынастарды  құқықтар, бостандықтар және міндеттер түріндегі заңи нысанда бекітіледі деп анықтама береді [2]. Бұл тұжырымдардан құқықтық мәртебе біріншіден, мемлекет пен тұлғаның арасындағы байланыс, екіншіден, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жиынтығы деген қорытындыға келуге болады.

Тұлғаның құқықтық жағдайы дегенде оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы түсініледі, демек құқықтық мәртебенің мазмұнын құқықтар мен бостандықтар жүйесі құрайды.

Тұлғаның құқықтық мәртебесінің мазмұнын құрайтын құқықтар мен бостандықтар жүйесін келесідей негізде жіктеуге болады:

  • Азаматтық, жеке құқықтар, яғни адамның жеке өміріндегі бостандықтарын айқындайды, оның заңсыз кедергілерден қорғалуының заңды негізін сипаттайды.
  • Саяси құқықтар, яғни мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару істеріне тұлғаның араласу мүмкіндіктерін сипаттайды.
  • Мәдени құқықтар, яғни адамның рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етумен сипатталады.
  • Әлеуметтік және экономикалық құқықтар, яғни адамның лайықы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етумен сипатталады.

Құқықтардың бұлайша категорияға жіктелуі шартты түрде деп танылады, өйткені нақты құқықты талдауда, сипаттауда ортақ белгілі бір тұжырымға келу оңай емес. Соның ішінде, біз қарастырып отырған сөз бостандығын азаматтық, яғни жеке құқықтар санатына да, саяси құқықтар санатына да жатқызуға болатын сияқты. Өйткені, бұл құқықтың аясының кеңдігі сонша, қолданылу салаларына қарай нақтылау қиындау. Осыдан да болар, қазақстандық заң ғылымында сөз бостандығына қатысты пікірлер әлі де әртүрлі болып келеді. Мысалы, заңгер-ғалымдар Л.Т. Жанузакова бұл субъективтік құқықты саяси құқықтар қатарына жатқызады [3, 31 б.], ал А.Н. Сагиндыкова болса сөз бен шығармашылық бостандығын азаматтық (жеке) құқықтар мен бостандықтар тобына жатқызады [4, 161-162 б.]. Сол сияқты Ө.Қ. Қопабаев та сөз бостандығын «өз еркімен көңіл білдіру бостандығы» ретінде азаматтық (жеке) құқықтарға жатқызады [5, 23 б.].

Жалпы алғанда сөз бостандығын тұтас жиынтық ретінде қарастырамыз. Біз осыдан бұрынғы мақалаларымызда сөз бостандығын тұтастық ретінде қарастырған болатынбыз. Өйткені, сөз бостандығын өз құрамына пікір мен ойды еркін жеткізу, баспасөзде еркін жарияланым жасау және еркін ақпарат алу құқықтарын топтастырады деген көзқарас тұрғысынан зерттеуге ұмтылған едік. Біз бұны жалпылама шартты түрдегі топтастыру деп қарастыратын болсақ, олардың толық мазмұнын сипаттау қандай құқықтар мен бостандықтарды біріктіретіндігін саралаумен ұштасады. Сөз бостандығы құқығының мазмұнын құрайтын әрбір топтаманы жіктейтін болсақ жоғарыда қарастырып өткен құқықтар мен бостандықтар жүйесімен түйісеміз. Ойымызды нақтылап көрелік.

Ой-пікірді еркін жеткізу құқығын жүзеге асыруда еркін меңгерген тілді таңдау мүмкіндігі берілген. Ойдың жеткізілуі ауызша немесе жазбаша нысанда да жүзеге асуы мүмкін. Еркін пікір алмасу, хат-хабар алмасу құқығы және оның құпиялылығының сақталу құқығы ҚР Конституциясының 18-бабында: «Әркiм өзiнiң ... жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар» [6] – деп бекітіліп, кепілдік берілген.

«Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар» [6] – деп Ата Заңның 19-бабының 2-тармағы әрбір азаматтың шығармашылық тілін еркін таңдап алу құқығының бекітілгендігін дәлелдейді. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың шығармашылығының нәтиже, түйін, байламдарын баспасөз басылымдарында еркін жарияланым жасауына мүмкіндік береді.

ҚР Конституциясының 18-бабында: «Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi» [6] – деп бекітілген. Бұл әрбір азаматтың еркін ақпарат алу құқығының негізі болып табылады.

Сонымен, біз талдап өткен құқықтар мен бостандықтарды жиынтық ретінде қарастырсақ сөз бостандығы құқығының тұтас сипатын қалыптастыратындығын байқаймыз. Осы құқықты толық негізде қолдану әрбір тұлғаның рухани тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл рухани тәуелсіздікті тұлғаның өзіндік сенімінің, болашаққа деген ұмтылысының, нақты бір саладағы жетістігінің  іс-әрекет  арқылы  көрінуіне түрткі болатын итермелеуші күш деуге болады. Тұлғаны осы рухани тәуелсіздігінен айыру оның құқықтық  мәртебесіне  қол  сұғушылық  болып табылады. Өйткені, құқықтық мәртебенің өзі заңи тұрғыда бекітілген құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Матузов Н.И., Малько А.В. Мемлекет және құқық теориясы / aуд. Б.Ө. Алтынбасов. – Алматы, 2013. – 583 б.
  2. Кемали М. Адам құқықтары және оларды қорғаудың тетіктері. – Алматы, 2012. – 396 б.
  3. Жанузакова Л.Т. Конституционное право Республики Казахстан: учебно-методическое пособие. – Алматы, 2008. – 216 с.
  4. Сагиндыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан. – Алматы, 1999. – 336 с.
  5. Қопабаев Ө.Қ. Шетелдердің конституциялық құқығы. – Алматы, 1998. – 160 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.